ТЕКТІДЕН ТЕКТІ ТУАДЫ, ТЕКТІЛІК ТҰҚЫМ ҚУАДЫ

Город

Оглавление

Майдангердің ұрпағы: шөбересі Жанерке

Майдангердің ұрпағы: шөбересі Жанерке

Нұрғалиевтер әулеті

Нұрғалиевтер әулеті

Атамыз Самарқан Нұрғалиұлы

Атамыз Самарқан Нұрғалиұлы

Тұла бойың тұнған дарын жан-жақты,

Мейірімді, кейде қатал, салмақты.

Жүзің арай, көркіңізге сай екен,

Айжан ұстаз бар қырынан ардақты

Терең білім жинап бойға бекіткен,

Тәуекелді істерің тең ерлікпен.

Мектебіңнің әр ұстазын, шәкіртін,

Кемсітпейсің бір-бірінен теңдікпен.

Мектеп үшін жан беріп, жан аласың,

Қиын істің қисынын әйтеу табасың.

Үлгі ісің көп жаққан шамдай сәулелі,

Сен мен үшін зиялысың, дарасың.

Көңіл – қазы, көз – таразы емес пе,

Жалған емес бұлдырайтын елесте.

Көңіл сүйер қасиет көп бойыңда,

Көз – куәгер мұным дұрыс демеске.

Бастау керек, діңгек керек бәріне,

Қадам басар әркім қарап әліне.

Сіз бар кезде жарасады әрқашан,

Құс бейнелі мектебім өз сәніне.

Ақжарқын Қыдырханова, «Алтын белгі» иегері

Айжан Самарханқызының Білім саласының дамуына сіңірген еңбектері еленбей қалған жоқ:

  • Жарма аудандық білім бөлімінің бірнеше мәрте грамоталары.

  • Жарма ауданы әкімдерінің марапаттары, 2005, 2007, 2011–2013 жж.

  • «Әдіскер-директор» номинациясының иегері, 2009–2011 жж.

  • Облыстық білім басқармасы басшысы С. Ферхоның Құрмет грамотасы, 2005 ж.

  • Облыс әкімі Б. Сапарбаевтың Құрмет грамотасы, 2005 ж.

  • Облыстық кәсіподақ ұйымы және облыс әкімдерінің марапаттары мен жүлделері.

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Ж. Түймебаевтың Құрмет грамотасы, 2010 ж.

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру саласына қосқан үлесі үшін» медалі, 2011 ж.

  • Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің «Білім беру саласының құрметті қызметкері» медалі, 2013 ж.

Сондай-ақ, Жарма ауданының білім саласының дамуына қосқан үлесі ескеріліп, 2019 жылы Жарма ауданының 90 жылдық мерейтойына құрметті қонақ етіп шақырылып, «Жарма ауданына сіңірген ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды. 2023 жылы Қазақстан Республикасының ағарту министрі Ғани Бейсебаевтың Құрмет грамотасымен марапатталды.

Жанерке Айкешова

Все материалы автора