БІРЕУІ ҒАНА АМАН ҚАЛҒАН АДАМНЫҢ ҮШ ТҮРІ

3-дәріс. Ежелгі сапиенстер

БІРЕУІ ҒАНА АМАН ҚАЛҒАН АДАМНЫҢ ҮШ ТҮРІ

Ежелгі адамдар үңгір қабырғаларына сурет салуда. 1920/Wikimedia Commons

Біздің түпкі ата-бабаларымыз және олардың туыстары туралы біліміміз 19–20 ғасырда қалыптасқан. Сол кезден бері енді ештеңе таңғалдырмайтында көрінген еді. Адамның бас сүйегі мен жағы, көбінесе саусақ-башпай сүйегінің бөліктері мен тісі музей қорын толықтырып, тек тиісті саладағы кәсіби баспасөзде аздаған адамды ғана елең еткізер мақала жариялауға түрткі болды. Алайда 2000 жылдары жаңа ғылым  палеогенетика түбегейлі өзгерістің бастауы болды. Ол ғасырлар бойы үнсіз жатқан сүйектерге тіл бітіріп, адамның осы күнге дейін беймәлім болып келген түрін тауып, кейде тек сүйегінің сынықтары ғана сақталып қалған адамдардың баяғы кездегі өмірінің жай-жапсарын, тіпті ойға да кіріп-шықпайтын дәлдікпен көруге мүмкіндік берді. Соңғы он-он бес жылда ашылған керемет жаңалықтар туралы профессор Александр Марков баяндайды.

Александр Марков

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ