Ұланбатырды ойлап тапқан қазақ

Тұрар Рысқұлов Моңғолия астанасында

Гандантэгченлин монастырындағы Бодхисаттва Авалокитешвара ғибадатханасы/Alamy

2022 жылы қыркүйек айында, ертеректе Нұр-Сұлтан болып өзгерген ел ордаға бұрынғы Астана атауы қайтарылды. Ал дәл осы шақта Моңғолияның конституциясына өзгеріс енгізу үшін құралған партия аралық комиссия, ел астанасының депутаттарының Ұланбатыр қаласын «Батыр» iМоңғолша "Баатар"деп өзгертейік деген ұсынысын қарастырып жатқан болатын. Ел астанасының атауын өзгерту жөніндегі ұсыныс Моңғолияның ақпараттық әлемінде дүркін-дүркін көтеріліп тұрады. Бұл жолғы талқы қызу өрбігеніне қарамастан, қала атауы өзгеріссіз қалды. Дегенмен оған таңғалудың қажеті жоқ, өйткені Ұланбатыр мен Астана қалалары — бұл тек әлемдегі ең суық қана емес, сондай-ақ бауырлас қалалар. 

Мазмұны

АТЫМДЫ МЕНІҢ ДҰРЫС АЙТ

Әлбетте, тұрғындардың бәріне дей алмаймыз, дегенмен басым жұртқа ел астанасының алғашқы бөлігі ұнамайды («Улаан», яғни моңғол тілінен «қызыл» деп аударылады). Әрі бұған жазықты жан — қазақтың қара домалақ баласы. Өз кезегінде Моңғол елінің астанасының атауын 26 жасында Түркістан АСКР Орталық атқарушы комитетінің төрағасы сайланған, қазақ баласы Тұрар Рұсқұлов қойған болатын.

Тұрар Рысқұлов/Wikimedia commons

Жас кезінде мансап жолымен көз ілеспес жылдамдықпен жоғары өрлеп, Кеңес одағында елеулі қызметтерді атқарған Т. Рысқұлов, 1924–1925 жылдары Моңғол Халық Республикасының Коминтерніне Өкілетті өкіл болып тағайындалды. Сол жылдары ол ел астанасының атауын «Ұланбатыр» деп өзгерткен, ал егер нақтылар болсақ — «Улаанбаатар» болады (моңғол тілінен аударғанда «Қызыл батыр» деген сөз).

Моңғолия, Ұлан-Батырдағы совет ескерткіші/Wikimedia Commons

ҚЫЗЫЛҒА БОЯЛҒАН ӘЛЕМ

1992 жылы постсоциалистік Моңғолияда жаңа конституцияны талқылау кезінде (кез келген мемлекеттің астанасы конституция арқылы бекітіледі) Ұлы мемлекеттің хуралдың (Моңғолияның жоғары заң шығарушы органы яғни парламент) бір депутаты ел астанасының атауын өзгерту жөнінде ұсыныс білдірген. Оның сөзінше, Ұланбатыр деген атаудан коммунизмнің лебі еседі. Сөйтсек аталған депутаттың өз есімі Улаанхүү екен, яғни «Қызыл бала». Жиылғандар оған алдымен өз атын ауыстыру керегін ымдағанда, оның аузына құм құйылып, бастама осымен аяқсыз қалған.

Еңбегін қанаған бай-бағландарға қарсы күреске шыққан қызыл шаруалардың құрметіне қала атауларына «қызыл» деген сөзді қосу, шынтуайтында, коммунистердің тірлігі болатын. Сондықтан 1920 жылдардан бастап қала атаулары бірінен кейін бірі «қызыл» деп алмастырыла бастады. Айталық, Қазақ автономды республикасының астанасы 1925 жылы Қызылорда (қызыл Астана деген сөз) болып өзгерді. Алайда тарихтан белгілі болғандай аталған қала ежелден Ақмешіт деп аталып келген. Сонымен қатар 1926 жылы Алтайлық Белоцарс деген «ақ» қала да Қызыл деген жаңа атауға ие болған (тува. Қызыл). Ал буряттардың астанасы Верхнеудинск — Улан-Удэ (бураят. Улаан-Үдэ — Қызыл Уда) деп өзгерген.

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласындағы Боғдо Ханның қысқы сарайы/Alamy

Осы бір арты артынан жалғасқан толқынға еріп, сол шақтарда Дүниежүзілік коммунистік интернационалдың төрағасы болған қазақ баласы Рысқұлов та Моңғолия астанасына қызыл түс жамаған. Алайда, айтуларға қарағанда, жергілікті халық қаланың атауын жай ғана «Баатар» (орыс тіліне «богатырь», ал парсы тіліне «бахадүр» деп енген моңғолдың көне сөзі) деп қойғысы келген. Таңдауда жалғыз «Баатар» деген атау ғана болмаған және моңғолдың көрнекті қайраткерлерінің әрқайсысы өз нұсқасын ұсынып баққан. Айталық, «Мәңгілік қала» (Мөнхжин), «Қасиетті тау» (Хан Уул) деген атауларда айтылған. Бірақ бәрі бір ауыздан «батыр» деген сөзге тоқтаған. 1924 жылы өткен осы бір талқыға жалындаған жас қазақ араласып, қала атауына революцияға қарсылықтың символына айналған түсті қосарлаған. Осы тұста, Рысқұлов мырзаның аты айқайлап тұратын атауларды сәтті қолдана білгенін тілге тиек еткен жөн. Мәселен, ол Моңғолия даласына жасаған сапары барысында «Қазақбай» деген ақсүйектерге тән лақап атпен жүрген.

БӨТЕННІҢ ТІРЛІГІНЕ АРАЛАСПА, СОНДА СЕНІҢ ІСІҢЕ ЕШКІМ БАС СҰҚПАЙДЫ

Егер Моңғолия мен Қазақстан астаналарының ортақтастыратын дүниелер тек Тұрар Рысқұлов пен ең суық қыс дегенмен ғана бітеді деп ойласаңыз, қатты қателесесіз. Екі қаланың ең алғашқы ортақтығы, өз тарихында Ұланбатыр мен Астана атаулары бес мәрте өзгертілген және екі қалада бір кездері жай ғана «астана» деп аталған. Дәл Сеул мен Бейжің деген секілді.

Моңғол суретшісі Джугдер. Урганың панорамасы. 1913/Wikimedia Commons

1639 жылы іргесі қаланған Моңғолия астанасы бастапқы да Өргөөiмоңғ. Сарай деп аталса, кейін Номын хүрээiмоңғ. Білім шеңбері деп өзгертілген. Сосын Их хүрээ,iмоңғ. Ұлы шеңбер артынша Богдын хүрээiмоңғ. Құдіретті шеңбер және Нийслэл хүрээiiмоңғ. Астана я Домалақ дастарқан деп өзгертілген. Осы бір атаулардағы шеңберді, өз кезегінде Рысқұлов бұзған.

Н.К.Рерих. Ұлы шабандоз. Ригден-Жапо - Шамбаланың Елшісі/Wikoo.org

Дегенмен «Ұланбатыр» деген атаудағы түсті моңғолдардың діни жоралғыларымен және қаһармандық таным-түсінігімен сәтті қабыстырып, тарихи ізді көре білгендер де табылған. Айталық орыстың атақты суретшісі Николай Рерих (Моңғолия тарихының білгірі әрі буддашы) 1927 жылы «Қызыл жауынгер» деген атпен белгілі «Ұлы жауынгер» деген туындысын салып, Моңғол үкіметіне сыйға тартқан. Дәстүрлі моңғол стильінде салынған аталған туындыда буддалық қызыл реңк басым. Туындыда бейнеленген жауынгерді моңғолша, «Улаан баатар», яғни «Ұлы қызыл батыр» я «Ұлы Улан-Батыр» деп те атауға болады. Олай деуде тұрған еш сөкеттік жоқ, өйткені туындыда тек қызыл түсті батыр ғана емес, сондай-ақ моңғолдар үшін маңызы зор сол бір сарай, ғибадатхана және, әлбетте, қасиетті таулар да бейнеленген болатын.

Көшірілді