Ай сөзі: свиф сілкінісі

Тейлор Свифттің өзі қолданбайтын сөз

Тейлор Свифт 2024 жылы 23 маусымда Лондонда, Англияда Уэмбли стадионында «Taylor Swift | The Eras Tour» кезінде сахнада өнер көрсетуде/Gareth Cattermole/TAS24 / Getty Images

Айына бір мәрте Qalam бізді қоршаған әлемді түсіну үшін маңызды сөзді таңдап, оның мағынасының қыр-сырына терең бойлауға тырысады.

Жалпы алғанда, аталған құбылыс Тейлор Свифтің өткен жаздағы Сиэттлдегі концерті кезінде байқалған, бірақ «свиф сілкінісі» деген сөздің өзі оның осы жылы маусым айында Шотландияға жасаған гастролдік сапары кезінде түбегейлі орныққан тәрізді. Оның Эдинбургтегі концерті кезінде жұрттың теңселгені сонша, Британияның Геологиялық қызметі бірнеше мәрте жердің аз-маз қозғалғанын анықтаған (бәлкім, бұл Еуропада оның The Eras Tour деп аталатын концерттік бағдарламасының билеттері АҚШ-қа қарағанда айтарлықтай арзан болып, осы бір баға айырымына байланысты кәрі құрлыққа келіп алған әншінің америкалық тыңдармандары асыра желпінгеніне байланысты туындаған қозғалыс болуы да бек-мүмкін).

Заманауи сөздік қор онсыз да жеткілікті дәрежеде свифтік таныммен толыққан. Айталық бұған дейін свифти, свифтономика, свифтомания, тей-кономи сынды түсініктер қалыптасып үлгерді. Осы айда тейлор-таун деген тағы бір соны түсінік туындады: Ливерпульде (The Bealtles-тың Отанында) оның гастрольдеріне орай, әнші қыздың мәдени феномен айналуының құрметіне Корольдік Алберт-Докта арнайы инсталляцияны шығарып, оны тыңдармандар Tay Day деп аталатын университеттік симпозиумға жеткізді.

Тейлор Свифт 2024 жылы 9 мамырда Парижде (Франция) La Defence-те «Taylor Swift | The Eras Tour» концертінде/Kevin Mazur / TAS24 / Getty Images

Тейлор Свифт 2024 жылы 9 мамырда Парижде (Франция) La Defence-те «Taylor Swift | The Eras Tour» концертінде/Kevin Mazur / TAS24 / Getty Images

Бірақ «Свифт сілкінісі» түсінігі орнап жатқан оқиғалардың табиғатын дәл ашқандықтан, сәтті шыққан термин деп есептейміз. Свифтің шамадан тыс жетістігі хаос теориясына ұқсап кетеді: қанат қаққан көбелек әлемнің басқа бөлігінде дауылды тудыруы мүмкін болғанындай (Тейлор Свифтің соңғы альбомында дауыл жөнінде бір ән бар), оның музыкасына деген жұрттың реакциясы, кішігірім әрекеттердің өзіне сезімтал болған детерминдік-хаостық жүйені еске салады.

Оның шектен тыс танымалдығы мен барлық кеңістікті толтырсам деген ұмтылысы — бұл да физика ғылымы арқылы түсіндірілетін құбылыс. Әрі Тейлор Свифтің өзі де тым ірі (бойы 180 см) және оның концерттері үш сағаттан асып кетеді (өзінен жасы кіші бәсекелесі Билли Айлиштен оза шабуға мүмкіндік берген фактордың бірі осы). Сондай-ақ ол альбомдарын бірінің артынан бірін топырлатып шығара береді: бүгін бір альбом жарық көрсе, ертесі өзге он бес жаңа ән жазылған басқасы шығады. Бірде ол құқыққа қатысты лейблымен керісіп қалып, алты бірдей альбомын қайта жазып, сатылымға шығарған. Тейлор Свифтің өзі қазіргі уақытта қанша ақша табатынын ешкім талқыламайды. Өйткені оның жеке табысы макроэномикалық көрсеткіштерге жетіп, АҚШ пен өзге мемлекеттердің ЖІӨ тікелей әсер етіп отыр. Соған қарағанда ол шынтуайтында шексіздік белгісінің құпиясын ашқан тәрізді.

Тейлор Свифт 2024 жылы 9 мамырда Парижде, Францияда La Defence-те "Taylor Swift | The Eras Tour" кезінде концертте/Kevin Mazur/TAS24/Getty Images

Тейлор Свифт 2024 жылы 9 мамырда Парижде, Францияда La Defence-те "Taylor Swift | The Eras Tour" кезінде концертте/Kevin Mazur/TAS24/Getty Images

Егер оның соңғы альбомын тыңдайтын болсаңыз, әндерінен көбелектің қанат қаққанын ести аласыз: ол әндерінде жараланған жүрек, космостық махаббат пен эмоциялық зорлық яғни миллиондаған адамды миллиард долларды жаратуға мәжбүр еткен (турдан түскен қаржы осыған жетеқабыл) сол бір кішігірім әсерлер жөнінде сөз етеді. Тейлор Свифт стильдермен және музыкалық шешімдермен жиі тәжірибе жасайды, тіптен оның тыңдарманы болмасаң да, айталық, «So Long, London» (Қош бол, Лондон) композициясы жақсы екеніне, ондағы «and my friends all smell like weed or little babies» (достарымның бәрінен шөптің я сәбидің иісі шығады) деген жолдың да қызықты екеніне көз жеткізе алады. Әрі оның әндерінің мәтінінде боқ-ауыз сөздер жетерлік, сондай-ақ ондағы суреттелген жағдаят кез келген адамның басына түсетін таныс оқиғалар — күйеуі жұбайының көзіне шөп салып, жоғалып кетсе, ал әйелі бір шөлмек шараппен ваннада жұрт көзінен тасаланып жатыр.

Аталған әннен қаласақ, көп дүниені сүзіп шығаруға болады. Одан тек — «Бұл қалай болды? Нақты не нәрсе маңызды болды?» деген сауалдарға ғана жауап табылмайды. Олай болса, неліктен мұндай норма рекордқа ұласып, арифметикалық орта мән нағыз гугоплекске айналып кетті?11Гуголплексосы ғаламда бізге белгілі болған барлық сандардан да үлкен, гуголдың он дәрежесіне тең сан

Тейлор Свифт 2024 жылы 23 маусымда Лондонда, Англияда Уэмбли стадионында «Taylor Swift | The Eras Tour» кезінде сахнада өнер көрсетуде/Gareth Cattermole/TAS24 / Getty Images for TAS Rights Management

Тейлор Свифт 2024 жылы 23 маусымда Лондонда, Англияда Уэмбли стадионында «Taylor Swift | The Eras Tour» кезінде сахнада өнер көрсетуде/Gareth Cattermole/TAS24 / Getty Images for TAS Rights Management

Тейлор Свифт жұрт сағынып үлгерген қайырымды адамның бейнесінде көрінгендіктен, осындай атаққа жетті деп те жорамалдауға болады. Мәселен, оның ескі жауы Канье Уэст (ол да әлемдік үстемдікке жетуге үмітті жан) Enfant terrible деп аталатын көне сүрлеумен жүреді және ол Гитлер, порнография, ессіздіктің туған сандырақтарға толы нарциссизмді сөз етеді.

Ал Тейлор Свифт болса оның жанында нағыз ханшайым және іштегі ібілістерін ауыздықтаған жеңімпаз ретінде көрінеді. Дегенмен, жұрт оның өзін де, кейде концерттерінде қолына 13 санын жазып алуына байланысты сатанизм, сондай-ақ иллюминаттардың сектасына қатысы бар деп айыптаған22Иллюминаттарбастапқыда 18 ғасырда құрылған бавариялық құпия ұйымның атауы болғанымен, соңғы жарты ғасыр ішінде әлемдік үстемдікке жеткісі келген және поп-мәдениетпен байланыс орнатқан кез келген құпия ұйымды осылай атау кең етек алды. Бұл түсінік көбіне-көп Роберт Антон Уилсон мен Роберт Шидің «Иллюминаиус!» деп аталатын өткен ғасырдың жетпісінші жылдары жарық көрген сатиралық романына байланысты орнықтыБірақ, біріншіден, эзотерикалық культтер оның табиғатына жат нәрсе: оның болмысы, негізінен, өзі бірде ол жөнінде ән салған Макиавеллилік танымға жақын. Екіншіден, қазіргі уақытта Свифт әрекеттерінің ауқымы кең болғаны сонша, оның атының өзі тарихтың қойнауына кеткен құпия қоғамдарды қайта тірілтіп, оларға жұрттың қызығушылығын оятатындай деңгейге жетіп, түрлі конспирологиялық теорияларды тудыруға жеткілікті.

Тейлор Свифт 2024 жылы 22 маусымда Лондонда, Англияда Уэмбли стадионында «Taylor Swift | The Eras Tour» кезінде сахнада өнер көрсетуде. Лондон, Англия/Kevin Mazur/TAS24 / Getty Images for TAS Rights Management

Тейлор Свифт 2024 жылы 22 маусымда Лондонда, Англияда Уэмбли стадионында «Taylor Swift | The Eras Tour» кезінде сахнада өнер көрсетуде. Лондон, Англия/Kevin Mazur/TAS24 / Getty Images for TAS Rights Management

Қалай болмасын, бірақ өткенді көксейтін қауым дәстүрлі құндылықтарды қайта жандырар символ ретінде Тейлорға үміт артып отыр (оның христиандық тәлім-тәрбиесі секілді, нәсілі де шешуші рөлге ие). Дегенмен оны қанша қаласақ та, консервативтік қауымның өкілдерінің қатарына жатқыза алмаймыз: свифтономиканың негізін қалаушы тұлға күн тәртібінде тұрған либералдық ұстанымдарды қолдайды және оған қажет болған түсік жасау, BLM сынды бастамаларға оң қарап, индивидуализмді қалыпты өмір нормасы ретінде санайды. Алайда жаһандық өркениеттік өлшем тұрғысынан алып қарастыратын болсақ, ол бет-әлпетіне опа жаққан әрі эмансипацияланған, бірақ архаикалық тұлғаның символына айналған жан. Атап айтқанда ол негізінен кантри әлемінен шыққан және музыкасынан көшірме әуендердің құдіретті күші байқалады. Айталық, Билли Айлиштің өзі онымен салыстырғанда, қазіргі тілмен айтқанда, нағыз альт мәдениетінің өкілі ретінде көрінеді. Бірақ Айлиш (айталық, Бейонс секілді қарапайым сылқым) классикалық орындаушы. Ал Свифтке келер болса, ол — күрделі құбылыс. Оны адамзаттың келешекте орнап қалуы ықтимал жасанды интеллекті және өзге де постгуманистік сана иелерімен күресте ұрыс салар жауынгер сұлу ретінде сипаттауға келетін тәрізді.

Мәселен, ол Парижде бордельдер болмаса да, париждік варьет рухындағы алқызыл корсет киіп өнер көрсеткенде — бұл әрекеті тамыры тереңге жайылған дәстүрлі сексуалдық таптаурындарға сілтейді. Жалпы алғанда Тейлор Свифттің сахналық образының сексуалдылығы трансгенерациялық құбылыс секілді көрінеді. Ол ұзақмерзімді салымдар бағдарламасы тәрізді, әртүрлі буындар арасында да өтімді. Айталық оны бумерлер де, зумерлер де тыңдай береді (жақында Guardian газетіне, Свифтің концертінде қызы мен құшақтасып көзіне жас алып тұрған ананың әрекеті сөз болған мақала шықты). Свифтің түрі жетпісінші жылдардағы халық музыкасының орындаушысына, сондай-ақ сексенінші жылдардағы нью-йорктік диско-сахнаның жұлдызына, тіптен Сопотадағы социалистік эстрада конкурсының шоқ жұлдызына да келе береді. Ол, нақтылап айтар болсақ, француздық өмір салты бейнеленген «Ищите женщину» (Әйелді іздеңіз;1982 жыл) деп аталатын телевизиялық комедияда, тартымды сексуалды хатшы әйелдің рөлін сомдаған Елена Денисоваға ұқсайды.

Актриса Елена Денисова  «Әйелді іздеңіз» фильмінде 1982 ж. / ашық дереккөздерден

Актриса Елена Денисова «Әйелді іздеңіз» фильмінде 1982 ж. / ашық дереккөздерден

Жүрек ісіне, жанның жарақаты және жеке өмірге қатысты өзге де мәселенің өзегінен орын алған ол, британдық тарихшы Нил Фергюсон 2019 жылы эмократия деп атаған ұғымның жаршысына айналды. Нилдің сөзінше: «Біз енді ешқандай да демократияда өмір сүрмейміз. Біз қазір эмоция мен сезімдер санаға қарағанда маңызды болған эмократияда ғұмыр кешеміз». Бірақ осы бір асып-тасыған сезімдерді басқаратын көшбасшының қажет екені айдан анық және Тейлер Свифт «жеке ісім — бұл саяси мәселе» деген феминистердің ескі ұранын толықтай дерлік жүзеге асырған, сондай жетекші тұлғаға айналып үлгерді.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы