«Қазақ» газетіндегі жарнама:

Кітаптан бастап, шөп оратын машинаға дейін

«Қазақ» газеті. №9. 1913.

19 ғасырдың соңы мен 20 ғасырдың басында қазақ зиялылары ағарту ісін қолға алып, газет-журнал шығара бастады. Алайда ағарту ісімен қатар, сол заманның өзінде іскерлік, саяси-қоғамдық, әзіл-оспақ, өнер тақырыбында қалам тербеген басылымдар, тіпті қолжазба газет-журналдар да болған. Qalam сіздерге сол заманда қазақ баспасөзінде қандай мәселе қозғалғанын, халықтың тұрмысы қандай болғанын көрсететін, тарихшы Абай Мырзағали жинаған үзінділерді ұсынамыз.

«Қазақ» газетінің басқа басылымдардан артықшылығы маркетинг жүргізумен айналысып, қазақ тілінде алғаш жарнама жариялап, сату, сатып алу, түрлі тауарларды тарату конторасына айналды. Ең алғашқы санынан бастап кездесетін кітап жарнамасы газеттің соңғы санына дейін үзіліссіз жарияланып отырды.

«Жақын арада басылып шыққан һәм шығатын кітаптар» атауымен Ахмет Байтұрсынұлының «Оқу құралы» атты сериясымен шығатын үш кітабының жарнамасы газеттің 1913 жылғы №9 сандарында басылды:

«Әліфба». Қазақ тілінен басқа, мысалы: түркі, араб, парсы сөздеріне жазылатын қаріптерді үйретуге арналған бірінші «Әліфбадан» соң оқылатын екінші кітап; Бұл кітапта балалар қаріптерді оқи білгеннен кейін оқу тәсілдерін меңгеруге ыңғайлап жазған қазақша мақалдар, жұмбақтар, баталар, өлеңдер, ұсақ-ұсақ қара сөздер бар. Басылып шықты, бағасы пошта ақысымен 15 тиын.

«Қазақ» газеті. №9. 1913.

Сонымен қатар газет беттерінде әртүрлі техникаға арналған жарнамалар да кездеседі. Шөп машинасынан бастап, сүттен май айыратын машина, Альфа-Нобель мен «Зеңгір» тігін машинасы жарнамаланды. Аталған тауарлардың көбін несиеге алуға болатын.

«Қазақ» газеті. №18. 1913. Альфа-Нобель серіктігінің жарнамасы.

«Қазақ» газетінің жалпы 266 нөмірі жарық көрді. Алғашқы саны 2-ақпанда (ескі календарь бойынша) басылды. Қазіргі зерттеушілер қолына түскен соңғы №266 саны – 1918 жылы 26- қыркүйекте (жаңа календарь бойынша) жарық көрген. Таралымы алғашқы жылы — 3000 тираждан асса, шарықтау шегінде — 8000 тиражға жетті.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді