НАПОЛЕОН ЖАЙЛЫ 10 ЖАЛҒАН СӨЗ

Наполеон тапал, тұсқағаз желімімен уланған және жуынбаған әйелдерді ұнатқандығы рас па?

НАПОЛЕОН ЖАЙЛЫ 10 ЖАЛҒАН СӨЗ

Наполеонның Эльба аралынан оралуы. 19 ғасыр / Getty Images

Ридли Скотт таспалаған көптен күткен шедевр — «Наполеон» фильмі ақыры үлкен экранға шықты. Әлбетте, бұл турасында тарихшылар сын-пікірлерін айтатыны сөзсіз; Себебі ең бір мінсіз жасалған тарихи фильмнің өзінен міндетті түрде анахронизмдер мен қателіктер шығатыны белгілі, себебі кино уақыт машинасы емес. Ол өткен дәуірді тірілте алмайды. Тек иллюзия жасай алады.

Оның үстіне, ұлы француз қолбасшысымен бір заманда өмір сүргендердің өзі оның өмірбаянын мифтер мен фантастикаға толтырғаны соншалық, тарихи тұлға халық санасында, тіпті көзі тірісінде-ақ, ертегі кейіпкеріндей болып қалды. Мысалы, дауылды түндердің бірінде Наполеон сайтанды ерттеп ап, Еуропа қалаларының үстімен ұшқан дегенге немесе тұяғы болғанына, оны ұзын қонышты етігімен жасырып жүргеніне бүгінде сенбейтініміз анық, бірақ біздің заманымызға дейін жеткен осы тақілеттес сан түрлі мәліметтер көптеп кездеседі.

Наполеонның бойы тапал болды дейді-міс

Тіпті аласа бойлы адамдарға қатысты «Наполеон комплексі» деген термин де қалыптасып үлгерді. Ал, шын мәнінде, әйгілі командир сол кездегі орта бойлы француздан үш сантиметрге биік еді, яғни 168 сантиметр бойы сұңғақ болмағанмен, тапал көрінбейтін-ді. Осы жалған мәліметтің пайда болуына, кемінде үш нәрсе әсер етті. Біріншісі — жас Наполеонға әріптестері берген «кішкентай капрал» деген лақапаты: негізінде бұл бойына емес, жасына қатысты айтылған. Себебі командирдің шені мен атағы жастайынан жедел өсе бастады. Екіншісі — метрикаларды аудару кезінде қателік: Француз дереккөздерінде болашақ императордың бойы француз дюймімен көрсетілген, яғни бұл ағылшын тіліндегі дюм өлшем бірлігінен артық (2,70–2,54 см). Кейін Наполеон қолбасшы атанып, төңірегі ылғи сұңғақ бойлы әскери ұландарға толды. Ал Наполеон олармен салыстырғанда ықшам көрінегені рас.

Наполеонның білімі таяз еді әрі сауатсыз жазды

Иә, Наполеоннан қалған хаттар мен жазбалардағы қателерден көз сүрінеді. Мұны тіпті француз мектеп оқушысының өзі аңғарар еді. Осы орайда болашақ императордың Корсикада туып-өскенін және тілі корсикалық итальян тілінде шыққанын біле жүріңіз. Ал француз тілін ол шет тілі ретінде көрді. Демек ол шет тілде сөйлеп, шет тілде жазған деген тұжырым шығады.

Мысырдағы сфинкстің мұрнын Наполеон қиратыпты дейді

Наполеонның Африкада жүріп атын шығаруы үшін Каирдағы Сфинксінің мұрнын зеңбіректен атып қиратуға бұйрық бергені туралы әңгімелер бар. Бұл қаңқу сөз Наполеонды зұлымдықтың бастауы болған және жер бетіне зиян келтірген корсикалық тәкаппар қолбасшы ретінде қарастырған жұртшылықты қуантқаны анық. Шындығында, сфинкс мұрнынан ертеректе айырылды. Бұны француз революциясынан әлдеқайда бұрынырақта оның мұрны жоқ екенін сипаттап жазған саяхатшылардың күнделіктерінен білеміз. Ал дат саяхатшысы Норденнің суреттерінен 1737 жылы салынған мұрынсыз Сфинксті дәлел ретінде алға тартамыз. Ол мұрын қашан, қалай жоғалғаны белгісіз. Оған табиғат құбылыстарының әсері болған болуы мүмкін. Сонымен бірге бұл мезгіл-мезгіл пұтқа табынушыларды жоюды көздеген ислам билеушілерінің дін жолындағы ісі болуы да ықтимал. Ал Наполеонның бұған, сөзсіз, еш қатысы жоқ.

1 / 2

Наполеонның өміріндегі маңызды сәттерінде қояншығы ұстап қала берген

Толстойдың «Соғыс пен бейбітшілік» кітабында Наполеонның «сол жақ балтырымның дірілдегені — ұлы белгі» деп қалай қобалжығаны егжей-тегжейлі жазылған. Орыс жазушысы тарихи құжаттарды мұқият зерттеген және, әрине, бұл сөзді аспаннан алмағаны да белгілі. Императордың жүйкесінде ақау болғанын, эпилепсиямен ауырғанын көптеген дереккөздерден кездестіреміз. Рас, бірде-бір дереккөзде эпилепсиямен ауыратын адамның әскери қызметке қалай жетуі мүмкін екені жазылмаған. Ал мұқият зерттеген кезде, барлық көздер Наполеондағы нағыз эпилепсиялық ұстаманы сипаттайтын Таллейрандтың 11Шарль-Морис де Талейран-Перигор (1754-1838) , французский политик, дипломат, министр иностранных дел, прославившийся своей любовью к интригам естеліктерінен үзінділерге сүйенеді. Онда аузынан көбік шығып, конвульсиялар және есінен айырғанын алға тартатыны бар. Бұл қауесетті бүкіл әлемге таратқан императорды жек көретін Таллейранд болғанға ұқсайды, бірақ оны Бонапартты жақсы білетін адамдар, мысалы, Джозефина Бохарнаның досы графиня де Ремузат, Наполеонның әйелдері үзілді-кесілді жоққа шығарды. Ол өзінің естеліктерінде императордың ұстамалары туралы қауесеттердің барлығы оның жек көретіндердің ақымақ және арам ойы екенін жазады (ол кезде эпилепсия қорқыныш пен жиіркеніш сияқты жанашырлықты тудырмағанын ұмытпайық, сондықтан жалпы қоғам қайраткерлерін ұстамаға шалдыққан деп айыптау жиі кездесті).

Гийом Гийон-Летьер. Жозефина де Богарне патшайым. 1807 жыл/Wikimedia Commons

Гийом Гийон-Летьер. Жозефина де Богарне патшайым. 1807 жыл/Wikimedia Commons

Наполеон қою көк түсті жақсы көргені соншалық, сол түске аты да берілген

«Наполеонның көк түсі» деп Наполеон дәуіріндегі француз армиясының кейбір әскерлерінің киімдерін атаған. Императорға бұл түс ұнады ма, жоқ па, білмейміз, бірақ «Наполеонның көк түсі» атауы 1848 жылғы Француз революциясынан кейін Наполеонның жиені президент болып сайланған кезде пайда болып, оның жақтастары орамал, галстук таға бастағанын білеміз. Бонапарттың әскери киімдерінің түсіндегі шарфтардың түсі көк еді.

Карл Верне. Францияның 2-карабинер полкі. 1812 / Alamy

Карл Верне. Францияның 2-карабинер полкі. 1812 / Alamy

Наполеон тауық етін жек көрген

Мифтің өзі осындай. Италиялық Маренгодағы австриялықтармен жеңісті шайқастан кейін жеткізу вагондары артта қалып, Бонапарттың штаб-пәтеріне тез жете алмағаны белгілі болды. Наполеонның аспазшысы Франсуа-Клод-Гинье Дюнан бүкіл қаланы тінтіп, бар тапқанынан кешкі ас дайындауға мәжбүр болды. Табылғаны тауық болды, бірақ аса қуанатындай емес еді, өйткені Наполеон тауық етін жек көретін. Содан кейін аспаз тауық етін пісіріп, терісі мен сүйектерін сылып алып, қазанға қызанақ, жұмыртқа, шаян, сарымсақ және бірнеше дәмдеуіштерді қосып, үстінен коньяк құйды. Бір сөзбен айтқанда, тауықтың иісін кетіру үшін ол қолына іліккенін қосып пісірді. Император кешкі асты құмарланып жеп болғаннан кейін ғана аспаз оның тауық екенін айтты, дегенмен командирге тағам ұнағаны сонша, одан үнемі «Тауық Маренго» дайындап беруін өтінді. Біз бұл мифті 19 ғасырдың аяғындағы көптеген аспаздық анықтамалық кітаптардан ғана таба аламыз. Замандастары мен мемуаристер әдетте Бонапарттың тамақтану әдеті туралы аз жазды, сондықтан бұл нағыз сарбаз асқа келгенге кірпияз, талғампаз болмаған деген қорытындыға келеміз.

Премьер-Министр Уильям Питт пен Наполеон Бонапарттың карикатурасы. 1802 жыл/ Getty Images

Премьер-Министр Уильям Питт пен Наполеон Бонапарттың карикатурасы. 1802 жыл/ Getty Images

Наполеон отты қара көзі бар, толқынды қара шашы бар адам болған

19 ғасырда ол көбіне осылай бейнеленген, өйткені суретшілер оның портретін қара және ақ гравюралар арқылы ғана салған және императордың корсикалық екенін еске түсіріп, оған италиялық келбет белгілерін қоса салған. Бірақ замандастарының естеліктерін оқысақ, Наполеонның шашы ақшыл және көзі де қара болмаған. Оны, мысалы, Денис Давыдов былай сипаттайды: 22Денис Давыдов (1784-1839) — российский военный и поэт, один из командиров партизанского движениия во время русско-французской войны 1812 года; «Оның шашы қара емес, қара аққұба, қас-кірпігі шашының түсіне қарағанда қаралау келген, ал көздері көк болатын» (Д. Давыдов «Тилсит 1807 ж»).

Ипполит-Пол Деларош. Наполеон Бонапарттың Портреті. 1814 жыл/Getty Images

Ипполит-Пол Деларош. Наполеон Бонапарттың Портреті. 1814 жыл/Getty Images

Наполеон жуынбаған әйелдерге есі кететін

Наполеонның «Джозефинаға жазған хаттарында»: «Жуынба, мен саған қарай жолға шықтым» және «Ваннаға түспе, үш күннен кейін жаныңда боламын» деген атақты нағыз жалған фразалар көптеп кездеседі. 1980 жылдан бері бұлар баспасөзде тұрақты түрде жариялана бастады, кейде тіпті танымал тарихи шығармаларға да арқау болды. Әйелі Джозефина Бохарнаиске жазған Наполоенның бірнеше хаттары сақталған; бұл құмарлық-ғашықтық хаттар еді, мұнда мөлдір сезімнен туған сөздер ғана бар. Ал тәни жақындасу, жуыну туралы бірде-бір сөз кездеспейді.

Наполеон әйелдер өнермен, саясатпен немесе ғылыммен айналыспау керек деп есептеді

Мынадай бір аңыз бар: Де Стаэль ханым 33Баронесса Анна-Луиза де Сталь(1766-1817) — французская писательница. «Сіз дүниедегі тірілерден және өлгендер арасынан бірінші әйел кім деп санайсыз?» деп сұрағанда, Наполеон: «Көп бала туған адам», – деп жауап беріпті-міс. Бұл аңыз екі тұлғаның да көзі тірісінде пайда болған және қазір оның растығын анықтау мүмкін емес. Бірақ Наполеон де Стаэль ханымға шыдай алмағаны тарихи расталған, даусыз шындық. Ол оның саяси қарсыласы болды, Таллейрандтың жақтасына жататын және Наполеонның шамына тиген шығармаларды жариялады, соңында оның бұйрығымен жазушы Парижден қуылып, оның соңғы кітабының таралымын жойды. Ал мұндай әңгіме шынында да орын алған болса, адал жар, жақсы ана болудан бөлек дарынымен елге танылған талай қаламгерге тұзақ болды деп болжауға болады. Негізінде, Наполеон көзі ашық, көкірегі ояу, зиялы әйелдерді жек көрмегені анық. Оның басынан өткен махаббат хикаяларының көпшілігі осындай ханымдармен, мысалы, Польшаның зиялы патшайымы Мария Валевскамен болған.

Луи Эдуард Дюбюф. Мария Валевскаяның Портреті. 1859 жыл/ Alamy

Луи Эдуард Дюбюф. Мария Валевскаяның Портреті. 1859 жыл/ Alamy

Наполеон тұсқағаздан улануып қайтыс болды

20 ғасырдың 60 жылдарында Наполеонның денесін эксгумациялау кезінде оның шашында шамадан артық мышьяк бары анықталды. Мышьяк қосылған бояулармен боялған тұсқағазды пайдаланудан (әдейі я кездейсоқ) улану туралы миф пайда болды. Жаңалық барлық БАҚ-қа тарап, абсолютті шындық ретінде қабылдана бастады. Бірақ жарты ғасырдан кейін императордың шашында сол дәуір үшін ерекше ештеңе болған жоқ деп сеніммен айта аламыз. Оның үстіне, бояулардың, сабындардың, тағы да басқа тұрмыста қолданатын заттардың құрамында мышьяк қоспасы болатын. Сол кездегі зерттелген денелердің көбінің құрамынан осы улы зат табылды. 2007 жылы императордың сүйегіне дәрігерлер қайта тексеру жүргізіп, сол кездегі дәрігерлердің диагнозын растады: олардың отбасындағы тұқым қуалайтын ауру асқазандағы қатерлі ісік еді. Наполеонның өзі де, әкесі де сол аурудан көз жұмған.

Жан Батист. Наполеонның Өлімі. 1841 жыл/Getty Images

Жан Батист. Наполеонның Өлімі. 1841 жыл/Getty Images