ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ САЯСАТЫ

1. ШАРТТАРҒА КЕЛІСУ

1. https://www.qalam.global/ сайтына (бұдан әрі - «Сайт»), qalam.global мобильді қолданбаларына (бұдан әрі - «Қолданбалар»), әлеуметтік желілердегі qalam.global, месенджердегі qalam.global аккаунттарына (бұдан әрі - «Интернет ресурстары») кіріп, сіз автоматты түрде Компанияның Интернет ресурстарын Пайдаланушы боласыз және Сайтта, Қолданбаларда және Интернет ресурстарында қолжетімді бүкіл мазмұнды (бұдан әрі - «Контент») «Clover Street Production» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (бұдан әрі - «Компания») таратады.

2. Интернет-ресурсқа кіру дерегі сіздің Пайдаланушы ретінде Компанияның Интернет ресурстарын Компанияның және Пайдаланушы ретіндегі сіздің араңыздағы шарттық қатынасты белгілейтін осы Пайдаланушы келісімінің барлық шарттарына келіскеніңізді білдіреді.

3. Құпиялық туралы мәселелер біздің Сайтта және басқа Интернет ресурстарында жарияланған Құпиялық саясатында ашылып көрсетілген.

4. Компания Пайдаланушылардың немесе басқа үшінші тұлғалардың қандай да бір келісімінсіз кез келген уақытта осы Саясатты өзінің бастамасы және ұйғаруы бойынша өзгертуге немесе толықтыруға құқылы.

5. Компания кез келген өзгеріс туралы Пайдаланушыларды тиісті бөлімде хабарлау немесе соңғы жаңарту күнін өзгерту жолымен Пайдаланушы келісімінің мәтінінде тікелей хабардар ету үшін барлық қажетті шараларды қолданады. Сіз Пайдаланушы ретінде осымен Саясаттағы әр өзгеріс туралы қосымша хабарлама алу құқығынан бас тартатыныңызды растайсыз.

6. Компанияның Интернет ресурстары кез келген уақытта Пайдаланушыларға немесе басқа үшінші тұлғаларға хабарланбай және Компания үшін қандай да бір жауапкершілік туындатпай өзгертілуі, жаңартылуы, оларға қол жеткізу мүмкіндігі үзілуі немесе уақытша тоқтатылуы мүмкін.

7. Осы Саясаттың кез келген шарттарына келіспеген немесе оның шарттарын сақтау мүмкін болмайтын жағдайда Компанияның Интернет ресурстарын пайдаланудан бас тартуыңызды сұраймыз.

 

2. ПАЙДАЛАНУШЫ АККАУНТЫ

2.1.  Компанияның Интернет ресурстарының кейбір функциясын пайдалану үшін аккаунтты тіркеу қажет болған жағдайда сіздің Пайдаланушы ретінде тіркелу кезінде берілген сауалнамада өзіңіз туралы сенімді деректерді толтырып тиісті аккаунт жасауыңыз қажет, әйтпесе қызметтерге қол жеткізу мүмкін болмайды.

2.2. Аккаунтты тіркеу кезінде қойылатын міндетті шарт: (1) сенімді ақпаратты беру; (2) берілген ақпаратты тиісінше жаңартып отыру; (3) заңнама нормаларын және осы келісімді, сондай-ақ Компанияның саясатын сақтау.

2.3.  Осы келісімнің талаптарын немесе Компанияның саясатын бұзған жағдайда Компания кез келген аккаунтты немесе Компанияның Интернет ресурстарына қол жеткізуге рұқсатты ескертусіз тоқтата тұруға немесе бұғаттауға құқылы.

2.4. Пайдаланушы өзінің аккаунтына кіру үшін пайдаланылатын кез келген деректердің құпиялығының сақталуы үшін толық жауапкершілік көтереді.

2.5. Пайдаланушы өзінің аккаунтында жасалған әрекеттер үшін толық жауапкершілік көтереді.

2.6. Пайдаланушы өзінің аккаунтымен жасалған кез келген күдікті әрекет, оның рұқсатсыз пайдаланылуы, сондай-ақ есептік жазбаны дұрыс пайдаланбау туралы кез келген күдік, сол сияқты құпиялықты немесе аккаунтты қауіпсіз пайдалануды кез келген басқа да бұзушылық туралы Компанияға дереу хабарлауға міндетті.

2.7. Компания Пайдаланушының осы келісімді немесе Компанияның саясатын орындамауынан туындайтын қандай да бір нұқсан немесе залал үшін жауапкершілік көтермейді.

2.8.  Интернет ресурстарын пайдалана отырып, Пайдаланушы Компанияның сілтемелерін, хабарламаларын, жіберген жаңалығы мен ақпаратын алуға келіседі.

2.9. Пайдаланушы Интернет ресурстарына қол жеткізуге болатын құрылғының теңшелімінде жіберілімнен бас тарту және хабарлама алуды өшіру арқылы хабарлама алудан бас тартуға құқылы.

3. ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫ

3.1.  Интернет ресурстарды пайдалануды бастай отырып Пайдаланушы осымен бүкіл контент (соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей: сурет, мәтін, логотип, белгі, компиляция, дерек, бағдарламалық жасақтама және Компанияның Интернет ресурстарында көрсетілетін немесе Компания жұмыс үшін пайдаланатын басқа материалдар) біздің меншігіміз немесе үшінші тұлғалардың меншігі болып табылатынына келіседі.

3.2.  Компания барлық құқықтарды, соның ішінде жоғарыда аталғанның бәріне зияткерлік меншік құқығын өзіне қалдырады және оны иеліктен шығармайды, осы келісімде тікелей ескертілген жағдайларды қоспағанда, оны Компанияның тікелей жазбаша келісімінсіз кез келген пайдалануға, көшіруге, таратуға, аударуға, өңдеуге, талдампаздық материалдарда, жинақтарда, шолуларда көрсетуге, технологияларды қайта бөлуге, сатуға, қайта құрастыруға, көшіруге, бөлшектеуге және талдауға немесе басқаша пайдалануға қатаң тыйым салынған.

3.3. Пайдаланушылардың кез келгеніне Интернет ресурсын пайдалану құқығының берілуі қандай да бір алынған құқықтарды (соның ішінде зияткерлік меншік құқықтарын) кез келген үшінші тұлғаға кейіннен беру құқығын білдірмейді.

3.4.  Пайдаланушы Компанияға берген кез келген ақпарат, сондай-ақ Пайдаланушы ұсынатын кез келген деректер, мәтін және басқа материалдар Интернет ресурстарында («Пайдаланушы контенті») жариялануы мүмкін және Пайдаланушының зияткерлік меншігі болып қалады, осы орайда Пайдаланушы Интернет ресурсын пайдалана отырып, сол арқылы Компанияның кез келген ақпараттың және Пайдаланушы контентінің көшірмелерін сақтауға, сондай-ақ осындай ақпаратты және Пайдаланушы контентін пайдалануға құқылы екеніне келіседі.

3.5. Интернет ресурстарын пайдалана отырып, Пайдаланушы сол арқылы Компанияға оның Интернет ресурстарында Пайдаланушы контентін жариялауға, таратуға, көпшілікке көрсетуге және жаңғыртуға айрықша емес, басқаға табыстауға болатын, қайтарылмайтын, мерзімсіз, барлық елдер мен аумақтарға таралатын құқық береді.

3.6.  Осымен Компания Пайдаланушыға Интернет ресурстарын тек қана жеке, коммерциялық емес мақсатта тұтынушы ретінде пайдалануға басқаға табысталмайтын, айрықша емес лицензияны (қосалқы лицензиялау құқығынсыз) береді.

3.7.  Пайдаланушы осымен Компанияның Интернет ресурстарын пайдалану белгіленген ережелер мен шектеулерге сәйкес келетініне және заңнама нормаларын, жалпыға бірдей белгіленген мораль мен этика стандарттарын, кез келген басқа тұлғаның құқықтарын бұзбайтынына немесе қандай да бір шартты немесе кез келген үшінші тұлғалардың алдындағы міндеттемені бұзбайтынына келіседі, осыны мәлімдейді және кепілдік береді, ал осы қойылған шартты бұзған жағдайда Пайдаланушы жеке жауапкершілік көтереді және осындай бұзушылық үшін үшінші тұлғалардың кез келген талаптары мен қуыным-арыздарынан арашалайды. Осы орайда Пайдаланушы осы келісімнің шарттарын орындамаудың салдарынан туындаған барлық шығынды өтейді.

 

4. ТЕХНИКАЛЫҚ ШАРТТАР

4.1. Пайдаланушы Интернет ресурстарына қол жеткізу үшін қажетті өзінің жабдығының жұмысы мен оған көрсетілетін телекоммуникация қызметінің сапасы және осыған байланысты барлық шығын үшін толық жауапкершілік көтереді.

4.2.  Компания кез келген уақытта Интернет ресурстарына (тегін, сол сияқты ақылы функцияларға) кез келген өзгеріс енгізуге құқылы.

4.3. Компания Компанияның әртүрлі әрекеті Пайдаланушының Интернет ресурстарына қол жеткізуін белгілі бір уақыт кезеңіне немесе тұрақты негізде шектеуі мүмкін екенін ескертеді, ал Пайдаланушы Интернет ресурсын пайдалана отырып, Компанияның осындай әрекеттің салдары, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, қандай да бір Контенттің немесе қызметтің жойылуы немесе қолжетімді болмауы үшін жауапкершілік көтермейтініне келіседі.

4.4. Пайдаланушы Интернет ресурсын пайдалану үшін толық, жеке жауапкершілік көтереді.

4.5. Компания компьютерлік бағдарламаларға және/немесе жүйеге қандай да бір нұқсан немесе залалдың келуі, кез келген деректердің жоғалуы немесе Пайдаланушыға не үшінші тұлғаларға басқа да зиян келуі үшін, соның ішінде, бірақ мұнымен шектелмей, Интернет ресурстарында орналастырылған қандай да бір ақпараттың немесе ұсыныстың негізінде шешім қабылдаудың нәтижесінде туындаған зиян үшін жауапкершілік көтермейді.

4.6. Пайдаланушы Компанияны Пайдаланушыға қандай да бір клиентті қолдау қызметін көрсету міндетінен босатады. Компания өзінің ұйғаруы бойынша тұтынушыларға қолдау көрсетуге құқылы.

5. ҮШІНШІ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ ЖАРНАМАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАРЫ МЕН ЖАРИЯЛАНЫМДАРЫ

5.1.  Компания Компанияға тиесілі емес Интернет ресурстарында орналастырылған кез келген материалдар (басқа бұқаралық ақпарат құралдарының, авторлардың, блогерлердің, ғылыми, зерттеу және басқа да басылымдардың сілтемелері, жарияланымдары, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың, банктердің және т.б. ресми жарияланымдары) үшін, сондай-ақ үшінші тұлғаларға арналған немесе олар орналастырған жарнамалық хабарландыру үшін жауапкершілік көтермейді. Мұндай материалдар мен жарнама ыңғайлы болу үшін жарияланады. Компания мұны қарастырмайды, жеке немесе дара мақұлдамайды, мұндай материалдарды немесе жарнаманы қадағаламайды, ұсынбайды, оған кепілдік бермейді немесе ешқандай мәлімдеме жасамайды.

5.2. Бөтен сайтқа немесе жарнамасы Компанияның Интернет ресурстарында орналастырылған жарнама берушінің сайтына сілтемелер арқылы өту кезінде Пайдаланушы кіретін сайттың ережелері мен саясаты қолданылады.

5.3. Пайдаланушы Интернет ресурстарында үшінші тұлғалармен немесе үшінші тұлғалардың және/немесе жарнама берушілердің сайттарына сілтеме бойынша өтіп кез келген мәмілені өз бетінше және өзінің жауапкершілігімен жүзеге асырады. Компания Пайдаланушының үшінші тұлғалармен жасасқан мәмілелері үшін жауапкершілік көтермейді.

5.4. Әрбір Пайдаланушы өзінің кез келген жарияланымдары мен орналастырған контенті үшін жауапкершілік көтереді. Компания Пайдаланушылар жариялаған материал мен контент үшін жауапкершілік көтермейді және жарияланымдарға байланысты осындай контенттің сенімділігіне, дәлдігіне, өзектілігіне, жарамдылығына және сапасына кепілдік бермейді.

5.5. Интернет ресурстарындағы Пайдаланушылардың бір-бірімен кез келген қарым-қатынасы/өзара әрекеттесуі осындай Пайдаланушылардың қарым-қатынасы/өзара әрекеттесуі болып табылады және Компанияның қандай да бір құқықтары мен міндеттеріне әсер етпейді. Компания мұндай қарым-қатынас/өзара әрекеттесу үшін жауап бермейді, мұндай қарым-қатынас/өзара әрекеттесуден туындаған қандай да бір нұқсанды немесе шығынды өтемейді.

 

6. КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТІҢ ҚҰНЫ ЖӘНЕ ӨЗАРА ЕСЕП АЙЫРЫСУ

6.1.  Компанияның Интернет ресурстарында тиісті қызметтер болған жағдайда Пайдаланушы қосымша жарияланған шарттармен Компанияның тарифтерінде көрсетілген тариф бойынша Компанияның қызметіне жазылуға немесе қызметтерін сатып алуға құқылы.

6.2.  Компанияның қызметін сатып алу Компанияның бағдарламалық жасақтамасында рұқсат етілген заңды және Пайдаланушы үшін ыңғайлы кез келген жолмен жүзеге асырылуы мүмкін.

6.3.  Қызметтің төлемі тек Компания көрсететін қызметтер үшін жасалады, Компания үшінші тұлғалардың қызметтері, тауарлары немесе жұмыстары үшін қандай да бір төлем алмайды.

6.4. Пайдаланушы тауарларды, жұмыстарды немесе қызметтерді ұсыну шарттарын, сондай-ақ құны мен төлеу тәртібін мұқият оқып шығуға міндетті.

6.5.  Пайдаланушы Компанияның қызметінің, тауарларының немесе жұмыстарының ақысын төлеу арқылы сатып алудың барлық шарттарына келісетінін растайды. Компания ақысы төленген қызметтердің, тауарлар мен жұмыстардың құнын қайтармайды. Сатып алудың күшін жою мүмкін емес.

6.6. Пайдаланушы төлем жасау кезінде өзінің дербес деректерінің сақталуы үшін толық жауапкершілік көтереді.

6.7. Компания Компаниядан өзге тұлғаға жасалған төлемдер мен транзакциялар туралы деректердің сақталмауы үшін жауапкершілік көтермейді.

6.8. Компания кез келген дербес деректерді, соның ішінде банктік шоттар және кез келген құпия сөздер туралы мәліметті, аккаунттар мен басқа ақпаратты кез келген үшінші тұлғалардың ұрлағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

6.9. Пайдаланушы Компанияның Интернет ресурстарында сатып алынатын үшінші тұлғалардың қызметтері, тауарлары мен жұмыстары үшін төлемдерге қатысты өз транзакцияларының қауіпсіздігі үшін өзі жауапты.

7. ПАЙДАЛАНУШЫҒА ҚОЙЫЛАТЫН ТАЛАПТАР

7.1. Интернет ресурсын пайдалана отырып Пайдаланушы төмендегіні мәлімдейді және оған кепілдік береді:

1.  Ол әрекетті тұлға болып табылады және осы Пайдаланушы келісімінің шарттарын орындауға келіседі;

2. Компанияның Интернет ресурстарына автоматтандырылған, роботтандырылған құралдардың, кез келген бағдарламалық жасақтаманың көмегімен кірмейді;

3. Пайдаланушы Интернет ресурсын заңсыз немесе адамгершілікке жат, әдепсіз мақсатта пайдаланбайды.

 

7.2.  Интернет ресурстарын пайдалану нысаналы мақсатына сәйкес келуі керек. Компанияның тікелей жазбаша келісімінсіз Компанияның Интернет ресурстарын коммерциялық мақсатта пайдалануға тыйым салынған.

7.3.  Компанияның жазбаша келісімінсіз Пайдаланушының мынадай әрекет жасауына тыйым салынады:

- деректерді немесе басқа контентті жаңадан жасау немесе өңдеу үшін алу;

- Интернет ресурстарын кез келген рұқсат етілмеген жолмен пайдалану;

- Компанияның Интернет ресурстарының контентіне өзгеріс енгізу, бейімдеу, жақсарту, түрлендіру, жетілдіру, аудару немесе оның негізінде басқа материалдар немесе кез келген контент жасау;

- Интернет ресурстарын пайда алу, өз өнімін немесе контентін жасау, коммерциялық немесе коммерциялық емес жобасының мақсаты үшін немесе оның арналуынан өзге мақсатта пайдалану;

- бірнеше құрылғыға немесе Пайдаланушыға бір уақытта Интернет ресурстарына қол жеткізу мүмкіндігін беру;

- Компанияның Интернет ресурстарымен тікелей немесе жанама түрде бәсекелесетін немесе оны қандай да бір жолмен алмастыратын өнімді, қызметті немесе бағдарламалық жасақтаманы жасау үшін Компанияның Интернет-ресурстарын пайдалану;

- кез келген қолданбаларды, компьютерлік бағдарламаларды, керек-жарақтарды немесе құрылғыларды жобалау, әзірлеу, жасау, лицензиялау немесе тарату кезінде Компанияның кез келген құпия ақпаратын, интерфейсін немесе басқа зияткерлік меншігін пайдалану;

- Компанияның Интернет ресурстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін оның бағдарламалық жасақтамасын өшіру, айналып өту және оған басқа жолмен араласу;

- Компанияның Интернет ресурстарына, желілеріне, бағдарламалық немесе аппараттық жасақтамасына араласу, бұзу немесе шамадан тыс жүктеме түсіру;

- Компанияның кез келген бағдарламалық жасақтамасының шифрын ашу, қайта құрастыру, технологияларын көшіру;

- басқа компьютердің немесе құрылғының жұмысына зиян келтіруі мүмкін зиянды бағдарламалық жасақтамасы бар файлдарды жүктеп салу және тарату;

- Компанияның Интернет ресурстарына кіретін немесе авторландырылмаған бағдарламалық код, скрипт немесе басқа бағдарламалық жасақтаманы пайдаланатын немесе іске қосатын кез келген автоматтандырылған жүйені пайдалану, іске қосу, әзірлеу және тарату;

- Интернет ресурстарын қандай да бір сайтқа автоматты сұрау жіберу немесе кез келген қажетсіз электрондық хат, хабарлама жіберу үшін пайдалану;

- біреудің ар-намысына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне нұқсан келтіру немесе кез келген тұлғаға, соның ішінде Компанияға басқа жолмен зиян келтіру.

8. ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ ЖОҚҚА ШЫҒАРУ

8.1.  Интернет ресурстары нақты мақсатқа жарамды болуы жағынан қандай да бір кепілдіксіз беріледі.

Компания:

- Интернет ресурстарының қауіпсіз немесе кез келген уақытта немесе кез келген жерде қолжетімді болатынына;

- Интернет ресурстарындағы қате немесе ақаулықтың дереу түзетілетініне;

- Интернет ресурстарында зиянды бағдарламалық жасақтаманың болмайтынына кепілдік бермейді.

8.2.  Компания Пайдаланушыда немесе кез келген үшінші тұлғада Компанияның Интернет ресурстарын пайдалануға немесе пайдаланудың мүмкін болмауына байланысты, сондай-ақ үшінші тұлғалардың жарнамасына байланысты туындайтын кез келген залал, соның ішінде жіберіп ұтылған пайда үшін жауапкершілік көтермейді.

Егер осы Пайдаланушы келісімінің орындалмауы Компания жауап бермейтін жағдайларға байланысты болса, Компания осындай орындамау үшін жауапкершілік көтермейді. 

9. ТАРТЫСТЫ ЖАҒДАЙЛАРДЫ ШЕШУ ЖӘНЕ ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚ

9.1. Компания мен Пайдаланушылардың қарым-қатынасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.

9.2. Келісім бойынша тараптардың арасындағы барлық даулар келіссөз жолымен шешіледі. Дауды сотқа дейін шешу тәртібі міндетті.

9.3. Жазбаша кінәрат-талап келіп түскен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күннің ішінде Компания мен Пайдаланушы келісімге келе алмаған жағдайда, дауды қарау Компанияның орналасқан жері бойынша сотқа берілуге ​​тиіс.

10. Компанияның байланыс деректері

10.1. Осы Пайдаланушы келісіміне немесе Интернет ресурстарына қатысты шағымдар, сұрақтар мен ұсыныстар Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 5-қабат, 050000 мекенжайында, немесе пошта арқылы қабылданады: info@qalam.global.