QALAM жобасы туралы

БАХЫТ БАПИШЕВ Дух Горы
Еліміз бен Орталық Азия негізінен әралуан идеология мен діннің, мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысқан орны болды. Мұның бәрі ғасырлар бойы осы өлкенің топырағына, тағдыр талайына өшпес із қалдырды. Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасында дәнекер болған, түрлі ұлт, идея және тауар мидай араласқан Орталық Азия Үндістан, Иран және Қытайдан бастап ислам халифаттары, Осман империясы, Ресейге дейін көрші жатқан аймақтар мен мәдениеттерге айтарлықтай ықпал етті.
Тарихнама бір мезгілде әлемнің түрлі аймағында пайда болғанымен, тарих ғылымында ең алдымен Батыс Еуропаның деректеріне негізделіп әзірленген ұғым пен конструкциялар басымдық етеді. «Ұлттар», «этностар», «феодализм», «архаика», «Орта ғасыр», «модерн» сөзінің барлығы Қазақстанның, Жапонияның немесе Қытайдың өткенін баяндау үшін қаншалықты қолайлы? Әлемді сипаттайтын отарлық дискурс әлі күнге басым түсіп тұр. Күні бүгінге дейін Лондон, Париж немесе Мәскеуде қалыптасқан тарих Еуропа не АҚШ-та ғана емес, Азиядағы яки Африкадағы қалың бұқараның түсінігінде де үстемдік етеді.
Біз Қазақстандағы, сондай-ақ әлемдегі оқиғалар мен процестер контексінде өткенге үңілетін жаңа көзқарас ұсыну арқылы осы отаршылық призманы өзгертуге тырысамыз.
Біздің жобаға Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Сингапур, Қытай секілді түрлі елдің зерттеушілері қатысады. Жалпыға бірдей қабылданған барлық ғылыми стандартты сақтайтынымызға қарамастан, біз түрлі жанр мен формат тәсілін пайдаланып, тарихи хикаяларымызды тартымды етіп жазуға ұмтыламыз. Сайып келгенде, өткен шақтың қызықты әңгімесі ретінде пайда болған тарих эпостардың, күйлердің және аңыздардың арқасында ұзақ уақыт сақталды. Біз бұл дәстүрге құрметпен, түсіністікпен қараймыз. Өйткені тарих дегеніңіз — өте қызық.
Qalam-ды қазақ, ағылшын және орыс тілінде оқыңыз.

Тимур Турлов
Qalam жобасының негізін қалаушы
Қазақстандық кәсіпкер және қаржыгер, акциялары 2019 жылдан бері американдық NASDAQ қор биржасында саудаланатын Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және иесі. Қазақстандағы IT-стартаптарға қаржы құятын ең ірі инвестор. Гуманитарлық, қоғамдық және спорт саласындағы бірқатар қайырымдылық және әлеуметтік жобаға белсенді қолдау көрсетеді. 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан шахмат федерациясына басшылық етеді.
Әлемдік іскерлік басылымдарда қаржы-экономикалық мәселелерге тұрақты түрде түсініктеме береді, халықаралық конференцияларда баяндама жасап, дәріс оқиды.

Алёна Горбачёва
Редакциялық директор
Журналистика мен цифрлық медиада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған, сондай-ақ АҚШ-тағы Джорджия университетінде мультимедиялық журналистика бойынша кәсіби дайындықтан өткен. Көп жылдар бойы жетекші телекомпаниялардың редакцияларын басқарып, аудиториясы ондаған миллион көрерменді қамтитын ірі ақпараттық және деректі жобаларды жүзеге асырған.

Жар Зардыхан
Бас редактор
Түркия, Венгрия және Германия университеттерінде тарих, халықаралық қатынастар және әлеуметтік антропология мамандығы бойынша білім алған. 2007 жылы Осман империясының Ресей империясындағы түркі және мұсылман халқына қатысты Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі саясаты туралы докторлық (PhD) диссертация қорғады. 2008 жылдан 2020 жылға дейін КИМЭП университетінде сабақ берді.

Салтанат Асанова
Qalam редакторы
Тарих ғылымдарының кандидаты, қазақ халқының мәдениет тарихы мен этнологиясы саласы бойынша еңбектеніп келеді. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың тарих факультетін бітірген. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтында ғылыми еңбек жолын жалғастырып келеді.

Мақсат Мәліков
Қазақ бөлімінің шеф-редакторы

Артемий Шишов
Qalam шеф-редакторы

Виктория Шишова
Бильд-редактор

Даминика Вавулиди
Qalam.global контент-менеджері

Сергей Корняков
Digital департаментінің директоры және Qalam History жүргізушісі

Дамир Абуов
Digital департаменті директорының орынбасары

Данара Жұманова
Qalam History авторы және жүргізушісі

Роксана Сарсембекова
Digital-дизайнер

Бекзат Смадияр
Қазақ бөлімінің Digital-редакторы

Ләззат Шатаева
Qalam Global Digital редакторы

Вероника Боярова
Qalam Global редакторы және жүргізушісі

Қаракөз Кенжебаева
Qalam Balam шеф-редакторы және жүргізушісі

Сымбат Али
Qalam Balam атқарушы продюсері

Айдана Карибжанова
Qalam Balam редакторы

Әсел Тоянова
Маркетинг директоры

Гүлнар Жәнібекова
Коммерциялық бағыттың жетекшісі

Меруерт Макатаева
Әкімші


