QALAM жобасы туралы

БАХЫТ БАПИШЕВ Дух Горы
Еліміз бен Орталық Азия негізінен әралуан идеология мен діннің, мәдениеттер мен өркениеттердің тоғысқан орны болды. Мұның бәрі ғасырлар бойы осы өлкенің топырағына, тағдыр талайына өшпес із қалдырды. Батыс пен Шығыстың, Солтүстік пен Оңтүстіктің арасында дәнекер болған, түрлі ұлт, идея және тауар мидай араласқан Орталық Азия Үндістан, Иран және Қытайдан бастап ислам халифаттары, Осман империясы, Ресейге дейін көрші жатқан аймақтар мен мәдениеттерге айтарлықтай ықпал етті.
Тарихнама бір мезгілде әлемнің түрлі аймағында пайда болғанымен, тарих ғылымында ең алдымен Батыс Еуропаның деректеріне негізделіп әзірленген ұғым пен конструкциялар басымдық етеді. «Ұлттар», «этностар», «феодализм», «архаика», «Орта ғасыр», «модерн» сөзінің барлығы Қазақстанның, Жапонияның немесе Қытайдың өткенін баяндау үшін қаншалықты қолайлы? Әлемді сипаттайтын отарлық дискурс әлі күнге басым түсіп тұр. Күні бүгінге дейін Лондон, Париж немесе Мәскеуде қалыптасқан тарих Еуропа не АҚШ-та ғана емес, Азиядағы яки Африкадағы қалың бұқараның түсінігінде де үстемдік етеді.
Біз Қазақстандағы, сондай-ақ әлемдегі оқиғалар мен процестер контексінде өткенге үңілетін жаңа көзқарас ұсыну арқылы осы отаршылық призманы өзгертуге тырысамыз.
Біздің жобаға Қазақстан, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Сингапур, Қытай секілді түрлі елдің зерттеушілері қатысады. Жалпыға бірдей қабылданған барлық ғылыми стандартты сақтайтынымызға қарамастан, біз түрлі жанр мен формат тәсілін пайдаланып, тарихи хикаяларымызды тартымды етіп жазуға ұмтыламыз. Сайып келгенде, өткен шақтың қызықты әңгімесі ретінде пайда болған тарих эпостардың, күйлердің және аңыздардың арқасында ұзақ уақыт сақталды. Біз бұл дәстүрге құрметпен, түсіністікпен қараймыз. Өйткені тарих дегеніңіз — өте қызық.
Qalam-ды қазақ, ағылшын және орыс тілінде оқыңыз.

Тимур Турлов
Qalam жобасының негізін қалаушы
Қазақстандық кәсіпкер және қаржыгер, акциялары 2019 жылдан бері американдық NASDAQ қор биржасында саудаланатын Freedom Holding Corp. компаниясының негізін қалаушы және иесі. Қазақстандағы IT-стартаптарға қаржы құятын ең ірі инвестор. Гуманитарлық, қоғамдық және спорт саласындағы бірқатар қайырымдылық және әлеуметтік жобаға белсенді қолдау көрсетеді. 2023 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан шахмат федерациясына басшылық етеді.
Әлемдік іскерлік басылымдарда қаржы-экономикалық мәселелерге тұрақты түрде түсініктеме береді, халықаралық конференцияларда баяндама жасап, дәріс оқиды.

Алёна Горбачёва
Qalam бас редакторы
Журналистика мен цифрлық медиада 20 жылдан астам тәжірибесі бар. Еуразия ұлттық университетін тәмамдаған, сондай-ақ АҚШ-тағы Джорджия университетінде мультимедиялық журналистика бойынша кәсіби дайындықтан өткен. Көп жылдар бойы жетекші телекомпаниялардың редакцияларын басқарып, аудиториясы ондаған миллион көрерменді қамтитын ірі ақпараттық және деректі жобаларды жүзеге асырған.

Жар Зардыхан
Бас редактор
Түркия, Венгрия және Германия университеттерінде тарих, халықаралық қатынастар және әлеуметтік антропология мамандығы бойынша білім алған. 2007 жылы Осман империясының Ресей империясындағы түркі және мұсылман халқына қатысты Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі саясаты туралы докторлық (PhD) диссертация қорғады. 2008 жылдан 2020 жылға дейін КИМЭП университетінде сабақ берді.

Әділ Қожықов
Редакция алқасының төрағасы
2000 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін саясаттану мамандығы бойынша бітірген. 20 жылдан астам уақыт мемлекеттік және тәуелсіз аналитика құрылымдарында, мемлекеттік басқару жүйесінде әртүрлі лауазымдар атқарды. 2022 жылдан «Freedom Finance Global PLC» Қоғамдық компаниясының коммуникация жөніндегі кеңесшісі.

Әсел Тоянова
Маркетинг директоры

Гүлнар Жәнібекова
Коммерциялық бағыттың жетекшісі

Мақсат Мәліков
Қазақ бөлімінің шеф-редакторы

Әсел Әлмұратова
Шығарушы редактор

Виктория Шишова
Бильд-редактор

Даминика Вавулиди
Qalam.global контент-менеджері

Сергей Корняков
Digital шеф-редакторы және Qalam History жүргізушісі

Дамир Абуов
Digital шеф-редакторының орынбасары

Данара Жұманова
Qalam History авторы және жүргізушісі

Роксана Сарсембекова
Digital-дизайнер

Ләззат Шатаева
Ағылшын бөлімінің Digital-редакторы

Бекзат Смадияр
Қазақ бөлімінің Digital-редакторы

Сымбат Али
QalamBalam атқарушы продюсері

Артемий Шишов
QalamBalam шеф-редакторы

Айдана Карибжанова
QalamBalam редакторы

Қаракөз Кенжебаева
QalamBalam авторы және жүргізушісі

Вероника Боярова
QalamBalam авторы және жүргізушісі

Меруерт Макатаева
Әкімші


