АҚПАРАТТЫ ПАЙДАЛАНУ

1. Жалпы ереже

1.1. Осы Ақпаратты пайдалану ережесі (бұдан былай – «Ереже») Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, соның ішінде (бірақ олармен шектелмей) ҚР Конституциясына, ҚР Азаматтық кодексіне, «Масс-медиа туралы» ҚР Заңына және зияткерлік меншік пен ақпарат саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес әзірленді.

1.2. Ереже https://qalam.global/ веб-сайтында (бұдан былай – «Сайт») жарияланған кез келген ақпараттық материалға қол жеткізу және оны пайдалану шарттарын реттейді. Бұл талаптар Сайттың ішкі домендері мен оған қатысты цифрлық платформаларға да жүреді.

1.3. Бұл Ережеде «Ақпарат» деген – Сайтта жарияланған мәтін, графика, аудиовизуал, мультимедиалық және өзге де (нақты материалға қатысты өзгеше талап тікелей көрсетілмесе, мысалы, үшінші тарап ұсынған материалдар) материал.

1.4. Өзгеше көрсетілмесе, Сайттағы Ақпараттың бәрі – «Media group «QALAM» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің (бұдан былай – «Құқық иесі») зияткерлік меншігі. Сайт пен оның мазмұнына қатысты құқықтардың бәрі қорғаулы.

1.5. Сайтқа қол жеткізетін және/немесе онда жарияланған Ақпаратты пайдаланатын кез келген тұлға (бұдан былай – «Қолданушы») осы Ережеге толық келіседі деп есептеледі.

2. Еркін пайдалану шарттары (дәйексөз келтіру)

2.1. Қолданушыларға Ақпаратты түпнұсқа тілінде немесе аударма түрінде жеке, ғылыми, білім беру, пікірталас, сыни не ақпараттық мақсатта дәйексөз ретінде ақысыз пайдалануға рұқсат етіледі, тек мына талаптар бір мезгілде сақталуы талап етіледі:

2.1.1. Көлемі: Дәйексөз көлемі оның мақсатына сай негізді болуға тиіс және бастапқы материалдың (мақала, сұхбат, шолу және т.б.) 30%-ынан (отыз пайызынан) аспауы керек. Қысқа жаңалықтар үшін рұқсат етілетін көлем – бір абзац немесе 500 (бес жүз) баспа таңбасына (бос орындарды қоса есептегенде) дейін.

2.1.2. Дереккөзді көрсету: әр дәйексөзге міндетті түрде дереккөзді нақты әрі айқын көрсету керек. Форматы:

Мәтін материалға: цитатаның басында не аяқ жағында: «Дереккөз: QALAM / qalam.global» деп көрсетіліп тұруы керек.

Графикалық, аудио- және видеоматериалға: материалдың тура жанында (суреттің астында, видео/аудио сипаттамасында) мәтін сілтеме немесе «Дереккөз: QALAM / qalam.global» деген жазу болуы керек.

2.1.3. Актив гиперсілтеме: Ақпарат цифрлық ортада (веб-сайттар, блогтар, әлеуметтік желілер, мессенджерлер) пайдаланған жағдайда, дереккөз актив гиперсілтеме түрінде берілуге тиіс. Ол https://qalam.global/ Сайттың бас бетіне немесе дәйексөз алынған нақты бетке апаруы керек.

2.1.4. Мағынаны бұрмалауға жол бермеу: Дәйексөз түпнұсқаның мазмұнын, контексін және бағытын бұрмаламауға тиіс. Айтылған ойдың мәнін өзгертетіндей материалды түзетуге, өзгертуге немесе қысқартуға болмайды.

2.2. Ақпаратты коммерциялық мақсатта пайдалану (соның ішінде жарнамада, маркетиңде, ақылы жинақтарда, корпоративтік басылымдарда, ақылы оқу курстарында және т.б.) еркін дәйексөз режиміне жатпайды және Құқық иесінен алдын ала жазбаша рұқсат алуды талап етеді.

3. Тыйым салынған пайдалану түрлері

3.1. Құқық иесінің тікелей жазбаша рұқсатынсыз:

• Сайт материалдарын толықтай немесе олардың елеулі бөлігін 2-бөлімде белгіленген шектеулерден тыс қайта өндіруге, көшіруге, жариялауға немесе таратуға;

• Сайт материалдарын жүйелі немесе тұрақты түрде көшіріп отырып бәсекелес немесе балама өнім жасауға;

• Материалдарды өзгертуге, аударуға, туынды шығарма жасауға немесе өзгеше өңдеуге;

• QALAM тауар белгілерін, логотипін, Сайт дизайнын, фирмалық стилін рұқсатсыз пайдалануға;

• Ақпаратты жаппай жинау үшін робот, парсер, скрепер және өзге автомат құралдарды қолдануға;

• Материалдарды Құқық иесінің немесе оның серіктестерінің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін тәсілмен пайдалануға немесе авторлыққа, дереккөзге не демеушілікке қатысты жаңсақ пікір қалыптастыруға тыйым салынады.

4. Материалдарды аударуға қатысты арнайы талаптар

4.1. Сайтта жарияланған мәтін, аудио немесе видеоматериалдарды кез келген басқа тілге аудару зияткерлік меншік заңнамасы тұрғысынан өңдеу (туынды шығарма жасау) саналады және Құқық иесінің алдын ала жазбаша рұқсатынсыз қатаң тыйым салынады.

4.2. Сайт материалдарын:

4.2.1. толықтай немесе елеулі бөлігін аударып, кейін жариялауға, таратуға немесе өзгеше пайдалануға;

4.2.2. өз атынан немесе бастапқы авторды және дереккөзді айқын көрсетпей аударып жариялауға;

4.2.3. Құқық иесімен келіспей көптілді параллель ресурстар жасауға тыйым салынады.

4.3. Ерекше жағдай (аудармадан адал дәйексөз келтіру):

Өз түпнұсқа материалына (мысалы, шолу, талдау, ғылыми жұмыс) аударылған қысқа үзіндіні қосуға болады, тек мына шарттардың бәрі бір мезгілде сақталуға тиіс:

Аударылған үзіндінің көлемі 2.1-тармақта белгіленген шектен аспайды;

• qalam.global сайтындағы түпнұсқа дереккөз (орысша/қазақша/ағылшынша) нақты көрсетіледі;

• Аударманың жанында түпнұсқа тіліндегі дәйексөз немесе түпнұсқаға апаратын актив гиперсілтеме беріледі;

Мәтінде аударманы жаңа материалдың авторы жасағаны нақты көрсетіледі (мысалы: «(бұдан былайғы аударма – автордікі)»).

4.4. Материалдардың аудармасын өзге түрде тек Құқық иесімен арадағы жеке жазбаша лицензиялық шартқа сүйеніп қана пайдалануға болады. Мұндай мүмкіндік алу үшін 7-бөлімде көрсетілген байланыс деректеріне хабарласу керек.

5. Үшінші тараптардың ақпараты

5.1. Сайтта құқығы үшінші тарапқа тиесілі материалдар (мысалы, фотосток суреттері, серіктестер материалдары, қонақ авторлардың бағандары) жариялануы мүмкін. Әдетте мұндай материалдарға тиісті белгі салынады. Оларды пайдалану, соның ішінде дәйексөз келтіргендегі заңдылығына қатысты жауапкершілік Қолданушыға жүктеледі. Қолданушы тиісті құқық иелерінің талаптарын басшылыққа алуға тиіс.

6. Жауапкершілік және дауларды шешу реті

6.1. Құқық иесі Сайттағы Ақпараттың дәлдігі мен нақтылығына сеп болуға бар күшін салады, алайда оны пайдалану салдарынан туындаған тікелей немесе жанама залалға жауап бермейді.

6.2. Осы Ережені бұзып Ақпаратты пайдалану – Құқық иесінің айрықша құқықтарын және зияткерлік меншік туралы заңнаманы бұзған болады.

6.3. Құқық иесі бұзылған құқықтарын қорғау және келтірілген залалды өндіріп алу үшін Қазақстан Республикасының сот органдарына жүгінуге құқылы.

6.4. Осы Ережені қолданудан туындайтын даулардың бәрі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Құқық иесінің орналасқан жерінде қаралады.

7. Қорытынды ереже

7.1. Құқық иесі осы Ережені Қолданушыларға алдын ала хабарламай, біржақты тәртіппен өзгертуге немесе толықтыруға құқылы. Ереженің нақты нұсқасы әрдайым мына тұрақты сілтемеде жарияланып тұрады: https://qalam.global/kk/info/terms-use.

7.2. Ереже өзгергеннен кейін Қолданушы Сайтты және оның Ақпаратын пайдалана берсе, оның жаңа редакцияға сөзсіз келіскені деген сөз.

7.3. Осы Ереженің қандай да бір тармағы жарамсыз деп танылса, ол өзге тармақтардың күшіне әсер етпейді.

Материалдарды пайдалану жөнінде сұратым жолдайтын байланыс дерегі:

«Media group «QALAM» ЖШС

Құқық жағынан сұратымға E-mail: legal@qalam.global