1924 жылғы 12 маусымда КСРО Коммунистік партиясының басшылығы Орталық Азияда ұлттық-мемлекеттік межелеуді жүргізу туралы шешім қабылдады. Сол жылғы 24 қазанда кеңестік квазипарламент бұл шешімді заң жүзінде бекітті. Өзбекстан, Түркіменстан, Қырғызстан және Тәжікстан дүние жүзінің саяси картасында одақтас республика және автономия мәртебесінде пайда болды, міне, сол кезде бұған дейін құрылған Қазақ Кеңестік Республикасы өз шегарасын едәуір кеңейтті. Бүгін бұл жүзжылдық нені білдіреді?
ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҚАКСР-ГЕ БІРІККЕНІНЕ 100 ЖЫЛ
Тойлауға себеп бар ма?
12.06.2024