БІРЕУІ ҒАНА АМАН ҚАЛҒАН АДАМНЫҢ ҮШ ТҮРІ

3-дәріс. Ежелгі сапиенстер

Ежелгі адамдар үңгір қабырғаларына сурет салуда. 1920/Wikimedia Commons

Біздің түпкі ата-бабаларымыз және олардың туыстары туралы біліміміз 19–20 ғасырда қалыптасқан. Сол кезден бері енді ештеңе таңғалдырмайтында көрінген еді. Адамның бас сүйегі мен жағы, көбінесе саусақ-башпай сүйегінің бөліктері мен тісі музей қорын толықтырып, тек тиісті саладағы кәсіби баспасөзде аздаған адамды ғана елең еткізер мақала жариялауға түрткі болды. Алайда 2000 жылдары жаңа ғылым  палеогенетика түбегейлі өзгерістің бастауы болды. Ол ғасырлар бойы үнсіз жатқан сүйектерге тіл бітіріп, адамның осы күнге дейін беймәлім болып келген түрін тауып, кейде тек сүйегінің сынықтары ғана сақталып қалған адамдардың баяғы кездегі өмірінің жай-жапсарын, тіпті ойға да кіріп-шықпайтын дәлдікпен көруге мүмкіндік берді. Соңғы он-он бес жылда ашылған керемет жаңалықтар туралы профессор Александр Марков баяндайды.

Мазмұн

Осының алдындағы екі дәріс Еуразияның ежелгі тұрғындары, сапиенстердің алыс туыстары — неандерталдар мен денистіктерге арналған болатын. Енді біз адамзаттың Отаны Африкаға аттанамыз, ол жерде біз үшін әлдеқайда маңызды оқиғалар орын алып жатты: онда біздің түр — сапиенс немесе саналы адам қалыптасты.

ЖАСАМПАЗ САНАТ

Осыдан 300-ақ мың жыл бұрын біздің африкалық бабаларымыздің сыртқы келбеті бізге ұқсайтын және рәміздік ойлау белгілерін танытатын, яғни мәңгілік пен сұлулық туралы ойға шомып, өз ойларын көршілерімен бөлісетін. Олардың миының көлемі де неандерталдардың миы сияқты үлкейді, бірақ басқа бағытта дами бастады. Егер алғашқы сапиенстерде ми ортақ ата-бабаларға тән ұзынша пішінін сақтаса, ал кейінгі сапиенстерде ол төбе бөліктері мен мишықтың өсуі есебінен домалақтана бастады, ал неандерталдардың сол кезде желке бөлігі ұзарып келе жатты. Бұл өзгерістердің мағынасын ашу үшін біз әлі де өзіміздің домаланған, ғалымдар айтатындай, глобулярлық, яғни глобусты еске түсіретін миымызды біраз ашытуымыз керек.

Дивье Бабе сырнайы/Wikimedia commons

Неандерталдар қиындыққа шыдамды әрі суыққа төзімді аңшылар болған, ал сапиенстер әлеуметтік машықтары мен көркемдік талғамын жылдамырақ жетілдірген сияқты. Біздің білуімізше, неандерталдар 300 жыл да, 100 мың жыл да бұрын музыка туралы да, бояулар туралы да тіпті де ойланбаған. Олардың әлемі қатал әрі көңілсіз болатын. Дивье Бабеден11Дивье Бабе сыбызғысы. 1995 жылы Словениядағы Дивье Бабе археологиялық нысанынан табылған, үңгір аюының әр жерден тесілген саңылаулары бар ортан жілігі. Сыбызғы шамамен 43 мың жыл бұрын жасалған шыққан атақты неандертал «сырнайы» да бояуларды қолданудың алғашқы белгілері сияқты кейінірек пайда болады. Африкалық сапиенстер 300 мың жыл бұрын жосаны (қызыл бояу) пайдаланып, бағалы заттарды айырбастаған, ал 100 мың жыл бұрын құрамы күрделі бояуларды өндіру үшін арнайы аспаптарды қолданған. Басқаша айтсақ, сапиенстер әлемі о бастан-ақ неандерталдардың қарабайыр тұрмысына қарағанда әлдеқайда сәнді болған.

Алғашқы сапиенстердің түр-келбеті қандай болды?

Мароккодағы Джебель Ирхуд атты жер тау-кен жұмыстарын жүргізу кезінде кездейсоқ ашылды. 1961 жылы онда қазіргі заманғы (сапиенттік) белгілері бірқатар өте ежелгі нышандармен үйлесетін, жақсы сақталған 1-Ирхуд бас сүйегі табылды. Осы 1-Ирхудтың жүзі бізге едәуір ұқсайды, сәл дөрекілеу екендігі болмаса, тіпті тартымды болып көрінуі де мүмкін. Одан кейінгі қазба жұмыстары барысында 2-Ирхудтың жартылай сақталған бас сүйегі, екі адамның астыңғы жақ сүйегі, қаңқаның бөлшектері және африкалық орта тас дәуірге тән тас құралдар табылды.

Ирхуд 1 бас сүйегі/Wikimedia commons

Табылған заттардың жасын дәл анықтаудың ұзақ уақыт бойы сәті түспей қойды. Олардың болжамды жасы 40 мыңнан 160–170 мың жылға дейін өзгеріп отырды. Алайда, Джебель Ирхудтың адамдары әлдеқайда ертерек өмір сүрген еді, мұны антропологтардың халықаралық ұжымының зерттеуі сөзсіз дәлелдеп, оның нәтижелері 2017 жылы Nature журналында жарық көрді. Жаңа қазба жұмыстарының барысында адамның қолы тимеген археологиялық қабатта орналасқан, тағы бір сынған бас сүйек, тұтастай дерлік сақталған астыңғы жақ сүйек, үстіңгі жақ сүйек, қаңқаның бірнеше сүйегі мен толып жатқан тіс жатқан қосымша сүйек материалы табылды. Сол қабаттан отқа күйген тас құралдар табылды (Джебель Ирхудтың адамдарының отты қолдана білгені сөзсіз). Дәл осы құралдардың жасын термолюминесценттік әдіспенiтермолюминесценттік әдіс Ол сыналатын заттың соңғы рет қашан қатты қыздырылғанын түсінуге мүмкіндік береді анықтаудың сәті түсті де, 315 ± 34 мың жыл бұрын қолданыста болғаны дәлелденді.22Әлде сәл кейінірек пе? Осыған ұқсас нәтиже (286 ± 32 мың жыл) тістің біріне қолданудың сәті түскен уранды сериялар мен электрондық айналдыру резонансының аралас әдісі арқылы алынды (мұның сенімділігі толып жатқан кремний құралдардың жасын термолюминесценттік әдіспен анықтауға қарағанда біршама азырақ

Джебель Ирхудтан табылған тас құралдар/Wikimedia commons

Осылайша, Джебель Ирхуд адамдарының жасы ойлағаннан әлдеқайда — шамамен 150 мың жылға үлкен болып шықты. Бұл олардың қазіргі заманғы сипаттарына да, ежелгі сипаттарына да мүлде басқа мағына береді. Біздің алдымызда сапиенстердің жасы сенімді анықталған ең көне өкілдері тұр. Мароккоға барсаңыз, осы туралы ойланыңыз. Бәлкім, бәрі де осы жерде басталды ма екен...

Ирхудтың адамдарының бет-жүзі шынымен де қазіргі заманғы адамдарға әбден ұқсайды және бет-жүзі әлдеқайда ірі әрі сұрықсыз болған неандерталдар мен гейдельбергтерден айтарлықтай ерекшеленеді. Мидың пішініне келсек, Ирхуд адамдарында ол өте ежелгі заманға тән болып келеді және гейдельбергтер мен эректустарды көбірек еске салады: олардың миы алдыңғы-артқы бағытта ұзарған және сапиенстерге тән айқын білінетін домалақ (глобулярлық) пішіні жоқ. Осылайша, эволюция барысында біздің ата-бабаларымызда әуелі қазіргі заманғы бет-әлпеті, тек содан кейін ғана миының қазіргі заманғы пішіні қалыптасты, яғни алдымен сұлулық, содан кейін ақыл — өте қисынды.

Homo helmei (Иркут 1)/Реконструкцияны Олег Осипов арнайы антропогенез.ру порталы үшін жасаған

Тұтастай алғанда, жаңа деректер бойынша Ирхудтан шыққан адамдар соңғы кезге дейін ең ежелгі сапиенстер болып саналған эфиопиялық Омо мен Херто адамдарының ата-бабалары болып шығуы әбден мүмкін.iОмо мен Херто 1967 жылы Эфиопияның оңтүстігінде, Омо өзенінің жағасында I және II Омо адамдарының қалдықтары табылып, олардың жасы жамамен 200 жылдан асады деп танылды. Жастары Омо адамдарынан біршама кіші болған он адамның сүйегі Эфиопиядағы Херто ауылының атымен аталды Басқаша айтқанда, ирхудтарды гейдельбергтер мен ерте сапиенстердің арасындағы өтпелі пішін ретінде қарастыруға болады. Бұл орайда оларды сапиенс түріне немесе Homo helmeii 1932 жылы Оңтүстік Африкадағы Флорисбанд деген жерден табылған бас сүйек бойынша адамдардың өтпелі түрі осылай аталды ерекше аралық түріне жатқызуға болатын-болмайтыны — әркімнің талғамына байланысты. Біздің ата-бабаларымыздың эволюциясы бірте-бірте жүріп жатты, жалпы алғанда эволюция өзі солай жүреді. Дарвиннің «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу» кітабында осы тақырыпқа қатысты таңғаларлық дәл пікір бар:

«Қандай да бір маймыл тектес мақұлықтан қазіргі күйдегі адамға дейін бір-біріне байқалмай ауысып отыратын пішіндердің бірқатарында дәл осы пішіндердің қайсысына алғаш рет «адам» атауын беру керектігін көрсету мүмкін болмас еді. Бірақ бұл мәселенің маңызы аса үлкен емес».

Археологтар тапқан Омо-I жеке түрдің қалдықтары/Journal of Human Evolution, 2008

Қалай дегенде де, қандай да бір сүйектің қандай түрге жататыны туралы тоқтамайтын қызу дауларға қарасақ, бүгінгі күннің өзінде «бұл мәселенің маңызы аса үлкен емес» деген пікірмен антропологтардың бәрі бірдей келісе бермейді. Палеонтологиялық жылнамада көптеген олқылықтар болып тұрғанда, уақыт барысында бір-бірін алмастыратын түрлер арасында нақты шегара жүргізу оңай. Олқылықтар неғұрлым аз болса, өтпелі тұстар соғұрлым анық байқалмайды да, таксономистің жұмысы соғұрлым қиын болады әрі тиісті бағасын алмайды.iiТаксономия түрлі мақұлықтарды жіктеу қағидаттары туралы ілім

Ирхудтан шыққан адамдардың қай кезде тіршілік еткенін анықтаудың мәні, әрине, журналистер жария етуге асыққандай, «саналы адамның 100 000 жасқа есейгені» емес. Оның мәнісі мынада: біз енді неандертал ата-бабаларымыздан бөлініп шыққаннан кейінгі өзіміздің шыққан тегіміздің эволюциясын жақсырақ елестетеміз. Мысалы, біздің бет-әлпетіміздің қазіргі құрылымы миға қарағанда ертерек қалыптасты деп пайымдауға негіз бар. Сонымен қатар, қазіргі заманғы адамдардың қалыптасуы бұрын топшыланғандай міндетті түрде Шығыс Африкада, атап айтқанда Эфиопияда ғана орын алмағаны, оның Африка континентінің анағұрлым молырақ кеңістігін қамтығаны анық болды. Саналы адамның шыққан Отаны қазір Марокко деп саналады. Әрине, тағы бір жерден одан да көне сапиенс сүйегі табылғанша солай болмақ.

Джебель-Ирхудтан табылған Homo Sapiens. Реконструкция/Neanderthal-Museum, Mettmann/Wikimedia Commons

Мидың көлемінің ғана емес, пішінінің де маңызы бар

Қазіргі заманғы адамдардың миына тән домалақ пішін шарананың құрсақта дамуының соңғы айларында және туғаннан кейінгі алғашқы жылында пайда болады. Біздің миымыздың қалыптасуында адам тәріздес маймылдар мен неандерталдарда жоқ жұмырланудың немесе глобуляцияның ерекше сатысы бар.

Глобуляциядан кейін мидың көлемі тез өседі және нейрондық байланыстар жеделдете қалыптасады. Бәлкім, бізді адамдардың басқа түрлерінен өзгешелеп тұратын мидың маңызды құрылымдық және функциялық ерекшеліктері дәл сол кезде қалыптасатын шығар. Сондықтан біздің түрдің эволюциясын түсіну үшін ата-бабаларымыздың миының қалай және қашан жұмырлана бастағанын түсінудің маңызы зор.

Қазіргі адам (сол жақта) мен неандертальдың миы. Мидың пішінін талдау үшін қолданылатын триангуляция торы көрсетілген.

Джебель Ирхудтан табылған бас сүйектерді және сапиенстер мен неандерталдардың миының өсуін зерттеген Лейпциг Эволюциялық антропология институтының ғалымдары сапиенстің басының жұмырлануымен аяқталған эволюциялық оқиғалар тізбегін егжей-тегжейлі зерттеуді ұйғарды.

Джебель Ирхуд бойынша жаңа деректермен қатар бұл тақырыпқа сол институттың қызметкерлері — Сванте Пэабо бастаған палеогенетиктер ашқан жаңалықтар ерекше маңыз береді. Неандерталдық және денистік геномдарды зерттеу сапиенттік эволюциялық желіде мидың дамуы мен жұмысына әсер ететін көптеген геннің іріктеу әсерінен өзгергенін (бұдан 500 мың жыл бұрын неандерталдар мен денистіктердің ата-бабаларынан бөлініп шыққаннан кейін) көрсетті. Анатомиялық деңгейде бұл бас пен ми параметрлерінің өзгеруіне әкелуі мүмкін еді.

Зерттеушілер сапиенстердің эволюциялық желісіне жататын сегіз неандерталдың, екі гейдельберг адамының және сегіз эректустың түрлі жастағы жақсы сақталған 20 бас сүйегіндегі ми қуысының пішінін егжей-тегжейлі зерттеді. Салыстыру үшін әлемнің түкпір-түкпірінен қазіргі заманғы адамдардың 89 бас сүйегі алынды.

Сапиенстер желісінің (300–200 мың жыл бұрынғы) ең көне өкілдері миының пішіні жағынан эректустар мен неандерталдардың арасындағы орында тұрған, ал миының көлемі жағынан кейінгі саналы адамдардан кем түспеген. Бірақ 35–10 мың жыл бұрын өмір сүрген кейінгі палеолит дәуірінің сапиенстері ғана бізге толық ұқсайды. Бұл біздің ата-бабаларымыздың миының қазіргі пішіні шамамен 100 000–35 000 жыл бұрын қалыптасты дегенді білдіреді. Дәл сол кезде біздің басымыз домаланып, қалпақ пен құлақшын тігетін шеберлер қуанышқа бөленді.

Неандертальдықтар мен Homo Sapiens бас сүйектері/Ryhor Bruyeu/Alamy

Бастапқы күйден (шартты түрде айтқанда, джебель-ирхудтан) қазіргі күйге эволюциялық жолмен өту біртіндеп жүрді: бастың маңдай тұсы барған сайын тіктеле бастады, төбе сүйегінің шығыңқылығы артып, бүйір жақтары көбірек қатарлана түсті, желке тұсы дөңгеленіп, «салбыраңқылығы» азая бастады, мишық үлкейе берді. Бұл үрдістердің барлығы сапиенстер желісіне ғана тән.

Қалай болғанда да, мидың домалақ пішіні — кейінгі сапиенстерге ғана тән, бертіндегі эволюциялық жетістік. Жаһандану біртіндеп жүріп жатты: уақыт бойынша қазіргі заманға неғұрлым жақын болған сайын мидың пішіні қазіргі заманғы пішінге соғұрлым ұқсайды.

Бүгінгі таңда домалақтану сатысы шарананың құрсақта жетілуінің соңғы айларына және туғаннан кейінгі алғашқы жылына орайлас келеді. Мидың тек ересек адамдардағы пішіні өзгеріп қана қойған жоқ: ол нәрестелерде де басқаша өсе бастады.

Жаңа деректерге сүйенетін болсақ, кейінгі сапиенстерде басқа Homo адамдардан белгілі бір маңызды когнитивтіiяғни, танымға байланысты айырмашылықтар пайда болғаны туралы болжам шындыққа анағұрлым жақындай түседі. Оның үстіне, мидың домалақтануының уақыт бойынша аралығы — шамамен 100–200 мың жылдан 35 мың жыл бұрынға дейін — сапиенстің мәдени дамуының маңызды кезеңдерімен сәйкес келеді. Осы кезеңге Африкадағы «шынайы адами мәдениеттің» алғашқы айғақтары (қабыршақтан жасалған мойыналқалар, геометриялық ою-өрнек), сондай-ақ палеолит дәуірінің ғаламат мәдени революциясы тоқайлас келеді. Сол кезде адам тас құралдарды жетілдірумен қатар, сүйек пен мүйізді бағындырды, ілмекке балық аулауды үйренді, үңгірлерін басқа заттармен қатар «венерлермен» әшекейлеп бояйтын болды, көзі бар инемен киім тігуге, тіпті алғашқы қоныстарын тұрғызуға кірісіп, соған ұқсас басқа істермен айналысты. Бұл екі үрдіс бірте-бірте және қатарлас жүріп отырды: ми жұмырланған сайын біздің ата-бабаларымыздың мінез-құлқы «қазіргі заманғыға» көбірек ұқсай бастады. Бір сөзбен айтқанда, домалақ — демек ақылды.

Альтамира үңгірінен алынған суреттер. Жоғарғы палеолит. Репродукция/Wikimedia commons

БАС НЕЛІКТЕН ДОМАЛАҚ?

Жаһандану ми жұмысының қандай өзгерістерімен байланысты болуы мүмкін? Домалақтану барысындағы ең елеулі екі өзгеріс — төбе аумағының шығыңқылығы және мишықтың өсуі.

Төбе бөліктері қатысатын істерде сан жоқ: бағдардан, назар аударудан, құрал жасау ісі мен сезіммен түйсінудің түрлі қырларынан денемен сезіну мен иіс сезу органдары қабылдайтын ақпаратты және өзін де тұтас әлемнің бейнесімен біріктіруге, өзін-өзі санамен сезінуге, шұғыл және ұзақ мерзімді жадыға және сандармен атқарылатын жұмыстарға дейін.

Схемада мишық сызықтап белгіленген/Wikimedia Commons

Ал мишыққа келсек, оның адамдағы функциялары қимыл-қозғалысты үйлестірумен, тепе-теңдікпен және бұлшық ет ширығуымен шектелмейді (әйтсе де, бұлар оның бастапқы функциялары болуы мүмкін). Мишық бізде толып жатқан қателерді (бір кездері ойластырылған нәрсе алынған нәтижеге сәйкес келмейді) түзетуге маманданған көп функциялы борттық компьютерге айналды. Мишық сондай-ақ шұғыл жадының жұмысына, эмоцияларға, сөз сөйлеуге және әлеуметтік мінез-құлыққа қатысады. Адам баласы туғаннан кейінгі алғашқы үш айда оның мишығы мидың барлық басқа бөліктерінен жылдамырақ өседі де, 90 күн ішінде екі есе үлкейеді. Бәлкім, мұның бір мәнісі бар шығар.

Тұтастай алғанда, генетика мен археологияның жаңа деректері бертіндегі сапиенстердің басқа адамдарды ығыстырып, ғаламшардың қожасы болуына мүмкіндік берген артықшылықтары тек мәдени ғана емес, сонымен қатар қарабайыр биологиялық артықшылықтар да болғанын дәлелдейді. Біздің ата-бабаларымызда кейінгі палеолиттің басында дамыған сан алуан мәдени және генетикалық жаңа сипаттардың қоспасының бірегей болғаны соншалық, басқа қалған адамдарда ешқандай мүмкіншілік қалмаған сияқты.

БІЗ ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ТҮРІМІЗГЕ ҚАЛАЙ ЖЕТТІК?

Палеолит археологиясындағы маңызды межелердің бірі — бір жарым миллион жыл бойы қалжыратардай баяу дамып, эректустармен және гейдельберг адамдарымен байланысты болған ерте палеолиттегі ашель мәдениетіненiiАшель мәдениеті Ерте палеолит мәдениеті (1,76 млн–150/120 мың жыл бұрын кейінгі Homoлардың: неандерталдардың, сапиенстердің, денистіктердің әлдеқайда ілгерінді әрі серпінді дамыған орта палеолит мәдениеттеріне ауысуы.

Ашельдің орнына орта палеолит келді, ол 200 000–40 000 жыл бұрын болған кезеңде орын алды. Еуропада бұл неандерталдардың мустьерлік мәдениеті, Африкада — африкалық орта тас ғасыры деп аталатын мәдениет, оның деңгейі де сондай дерлік, бірақ оны сапиенстердің ертеректегі өкілдері құрған. Азиялық орта палеолитке келетін болсақ, оның құрылуына денистіктер араласқан деп топшылауға болады (әйтсе де неандерталдар да ат салысқан болуы мүмкін).

Ла Рош-Котар үңгіріндегі «Маска» маскасы. Орта палеолит. Мустье мәдениеті/Wikimedia commons

Жаңа технологиялық құралдардың жаңа, рәміздік мінез-құлықтың қалыптасуымен қаншалықты үйлесетінін түсінудің маңызы зор. Жоғарғы палеолит адамдарында рәміздік мінез-құлықтың толық дамыған жинағы бұрыннан болған: кескіндеме, фигуративті өнер (яғни геометриялық өрнектер мен басқа абстракциялардан өзгеше қандай да бір нақты заттардың суреттері), әшекейлер және салт бойынша жерлеу. Бірақ бұл мінез-құлық қайда және қашан қалыптасты? Бұл сұрақ тіпті тарихи да емес, бұл — философиялық мәселе.

Адамға тән шынайы немесе «қазіргі заманғы» деп аталатын мінез-құлық жоғарғы палеолитте бұдан 60–50 мың жыл бұрын, адамдар Африкадан шығып, Еуразияның байтақ кеңістігін игере бастаған кезде ғана пайда болды деп саналады. Дегенмен, сапиенстердің «қазіргі заманғы» өмір салтының жекелеген дағдыларын Африкада, орта палеолит дәуірінде иеленген болуы да ғажап емес.

Твин Риверз тұрағында табылған гематит. Қиық жиегі минералды, мүмкін «қарындаш» ретінде пайдаланғанын көрсетеді/Discovered by: Larry Barham

Твин Риверз (Замбия) тұрағындағы адамдарда күрделі технологиялық және мәдени дәстүрлердің болғанының дәлелдері бар. Тұрақтың жасы 300- 200 мың жыл арасын құрайды. Олар ағаш сапқа бекітілетін тас балғалар мен өткір ұштықтарды қашап, қалыпқа түсіре білген. Тұрақтан түрлі түсті табиғи бояулардың кесектері табылды, олардың кейбіреуі сол жерден алынған, ал басқалары алыстан жеткізілген. Қызыл бояу (гематит) теріні өңдеуге, құрал-саймандардың бөлшектерін бекітуге немесе тіпті құрт-құмырсқадан қорғауға қолдануға арналуы да, бірақ сонымен қатар белгілі рәміздік мақсаттарда қолданылуы да мүмкін еді. Оңтүстік Африка жағалауында шамамен 160 мың жыл бұрын болған деп саналатын Пиннакл Пойнт туралы да айтпай кетуге болмайды. Ол жерден қызыл бояудың алпысқа жуық кесегі табылған. Олардың кейбіреуі құрама құрал-сайманның бөлшектері болуы ықтимал заттардың жанында орналасқан. Твин Риверстегі сияқты бұл бояудың мақсаты іс-тәжірибеде қолдану болды ма, әлде рәміздік болды ма – ол жағы беймәлім. Сондай-ақ, Пиннакл Пойнтта теңіз ұлуларының пайдаланылғанының дәлелдері табылды.

Орта тас дәуірінің басында (200 мың жыл бұрынғыдан ертерек) күрделі мәдениет пен мінез-құлықтың болғанын көрсететін деректер өте мардымсыз әрі үзік-үзік. Бұл оңтүстік Кенияның Олоргесейли ауданындағы орта тас дәуірінің жер қаттарын егжей-тегжейлі зерттеген Смитсон институтының америкалық археологтары анықтаған жаңа фактілерге (2018 жыл) ерекше маңыз береді.

Олоргесейли қаттары 75 жыл бойы қазылып келеді, бірақ ғалымдар орта тас дәуірінің жаңа басталған кезіне, шамамен 320 - 295 мың жыл бұрынға жататын едәуір жас қаттарға тек бертінде ғана назар аударды. Бұл қаттардан орта тас дәуіріне сөзсіз жататын көптеген тас құралдар табылған.

Олоргесейли тас құралдары/Wikimedia commons

Олардың кейбіреуі базальттан жасалған, оны алу үшін ұсталардың алысқа баруының керегі жоқ еді: ол жердің бетіне небары 2–3 км қашықтықта шығып жататын. Дегенмен, адамдар базальттың аяқ астында жатқан алғашқы кесектеріне жармаспай, материалды екшеп алатын: оның ұсақ түйірлісін таңдайтын, себебі одан өлшемі шағын, ықшам құрал жасау оңай болатын. Сонымен қатар, археологтар обсидианнан жасалған көптеген құралдарды тапты, оларға арналған материал 25–50 км радиуста бірнеше жерден шығып жататын. Көптеген ұсақ сынықтарға және бір-біріне сәйкес келетін жаңқалар мен кесектерге қарағанда, обсидиан «шикі материал» түрінде әкелінген, ал құралдар одан сол жерде жасалған.

Қазіргі заманғы африкалық жинаушы-аңшылардың топтары (мысалы, Калахари шөлінде) әдетте 20 км-ден аспайтын радиуста көшіп жүреді, алайда тайпааралық айырбас құнды заттардың 100 км-ге дейінгі қашықтықта ауысуына мүмкіндік береді. Бәлкім, Олоргесейлидің ежелгі тұрғындары да осындай айырбасты қолданған шығар. Бұдан қоғамның құрылымы күрделi және әлеуметтiк машықтары жақсы дамыған деп топшылауға болады.

Сонымен қатар, ғалымдар Олоргесейлиде бояу өндірісінің айқын белгілерін тапты. Тас құралдардың жанынан жақын маңдағы басқа жерлерде кездеспейтін қара және қызыл минералдардың сынықтары табылды. Олар, сірә, шалғай бір жақтардан әкелінген және бояуыш жасау үшін олардың қырналып-жонылғаны анық. Айта кетерлік бір жайт, сол аудандағы олардан ескірек ашель тұрақтарында бояулар да, тастардың алысқа үнемі тасымалданғанының белгілері де жоқ: құрал-сайман әрқашан қолда бар заттардан жасалған.

Олоргесейлиде табылған обсидиан/Jay Reed/NPR

Сонымен, Кенияның осы түкпірінде қазіргі заманғы адамның ілгерінді үш мінез-құлық нышаны пайда болғаны ықтимал: түрлі түсті киім, әсіресе қызыл түсті киім кию, әрқашан өз жағдайын жақсартуға ұмтылу және алыс жерлерге барып сауда жасау. Олардың барлығы 500-жылдан кейін, бірақ 300 мың жылдан бұрын пайда болды.

Өкінішке қарай, Олоргесейлидегі орта тас дәуірінің қаттарынан адам сүйектері әлі табылған жоқ. Сондықтан, озық материалдық мәдениет іздерін Джебель Ирхуд немесе Омо адамдарына ұқсайтын ерте сапиенс өкілдері қалдырған деген қорытынды жасалғанда, әншейін «басқа кім болушы еді?» деген қағидатты ұстанамыз.

Осылайша, орта тас дәуірі енді ғана басталған тұста, 300 мың жыл бұрын, Африканың кейбір тұрғындарының мінез-құлқында «қазіргі заманғы» нышандар болған. Ендеше, бәлкім, біздің африкалық ата-бабаларымыздың мәдени ілгерілеуінің жеделдеуі олардың миының көлемі қазіргі заманғы деңгейге жеткеннен кейін бірден басталған шығар. Мидың пішінінің қазіргі заманға бейімделгені әлдеқайда кешірек орын алғаны біздің есімізде. Былай деп тұжырымдауға болады: мидың көлемі қазіргі заманғы мәндеріне жеткен кезде орта тас ғасыры басталды, ал мидың пішіні қазіргі заманға сәйкес келгенде, жоғарғы палеолит басталды. Мидың эволюциясындағы екі маңызды кезеңді мәдени дамудың негізгі кезеңдерімен байланыстыратын мұндай тәсіл қисынды әрі өзінің қарапайымдылығымен тартымды болып көрінеді. Әйтсе де бұдан арғы зерттеулер «іс жүзінде бәрінің әлдеқайда күрделі болғанын және бір мәнді емес екенін» міндетті түрде көрсетеді. Барлық әдемі теориялардың бұлтартпайтын тағдыры осындай. Алайда бұл олардың ғылымның дамуы үшін маңыздылығын мүлде кемітпейді. Ал әзірге осының бәрі бір қызықты көріністі қалыптастыруда.

Ежелгі адамның тұрағы. 1920/Wikimedia Commons

X АДАМДАР

Бүгінгі бізден айырмашылығы мүлде аз ерте сапиенстермен қатар Африканы мүлде басқа, бет-әлпеті ежелгі тіршілік иелеріне тән, түсініксіз адамдардың тайпалары кезіп жүрді: Homo naledi33Homo naledi (латынша Наледи адамы)i Адамдардың 2013 жылы Оңтүстік Африка Республикасында табылған түрі. Naledi сесото тілінде «жұлдыз» дегенді білдіреді. Бұл — осы адам табылған үңгірдің атауы миы хабилистікі сияқты44Homo habilis (лат. Епті адам) гоминидтердің бір түрі, жоғары дамыған австралопитек немесе бірінші homo және «родезиялық адамның» туыстары.iРодезиялық адам Сүйектері Солтүстік Родезиядағы (қазіргі Замбия) Брокен Хилл (қазіргі Кабве) қаласының жанындағы үңгірден табылған, адамдардың бір түрінің атауы

Homo Naledi келбетінің реконструкциясы/Mark Thiessen, National Geographic

Родезиялық адамның бас сүйегі — өте жақсы сақталғанымен ерекшеленетін, жаңадан табылған ең белгілі палеоантропологиялық дүниелердің бірі. Бұл бас сүйек бастапқыда жаңа Homo rhodesiensis түріне жатқызылған, бірақ қазір ол әдетте гейдельберг адамдарына жатқызылады. Homo тегінің эволюциялық ағашында родезиялық адамның орны ең әуелі жасының дәл анықталмауына байланысты ұзақ уақыт бойы даулы болып келді. 2020 жылы оның жасы 274 мыңнан 324 мың жылға дейінгі аралық деп анықталды, морфология бойынша ол да біздің неандерталдармен ортақ ата-бабаларымыз болуға жарар еді.

Родезиялық адамның бас сүйегінің көшірмесі/Wikimedia commons

Демек, Африкадағы адамдардың түр жағынан сан алуандығы сол кезде неандерталдар, денистіктер мен кейінгі эректустар (соңғы деректер бойынша эректустар Яваны 117–108 мың жыл бұрын мекендеген) өмір сүрген Еуразиядағы сан алуандықпен парапар болып шығады. Егер осы тізімге Флорес пен Лусон аралдарының «хоббиттерін»55Хоббиттер барi Хоббиттер деп Индонезияда табылған және не 13–95 мың жыл бұрын, не 60–100 мың жыл бұрын өмір сүрген деп саналатын ежелгі адамдарды бойының аласалығы үшін хоббиттер деп атайды. Ресми атауы — Homo Floresiensis қосатын болсақ, онда адамдардың бір мезгілде сегіз түрі қатар тіршілік еткен болып шығады! Олардың барлығы адамдардың қазіргі заманғы кез келген популяциясына қарағанда бір-бірінен көбірек ерекшеленетін. Сыртқы кескін-келбеті бойынша (ал палеогенетикалық деректер бар жерде генетика бойынша да) олардың әрқайсысына дербес түр деген мәртебе беруге әбден лайық. Әйтсе де, бұл романтикалық сипаттағы әлсін-әлсін түраралық байланыстарға кедергі келтірген жоқ.

Homo floresiensis қаңқасы/Natural History Museum in London, England/Emőke Dénes/Wikimedia Commons

Бұл жерде, алғашқы дәрістерде айтылған, кейбір африкалық халықтардың геномдарынан табылған жұмбақ қоспаларды еске түсірудің ыңғайы бар. Генетикалық деректерге қарасақ, осы қоспаларға себеп болған ежелгі африкалық адамдар сапиенстерден өте ертеде: бәлкім, сапиенстердің, неандерталдар мен денистіктердің желілері бөлінгенге дейін бөлініп шыққан. «Родезиялық адамның» ежелгі бет-бейнесі олардың ата-бабалары да біздің бабаларымыздан едәуір көп бұрын бөлініп шыққан деген гипотезаға сәйкес келеді. Жаңадан анықталған жасына сүйенсек, «родезиялық адамдар» ерте сапиенстермен кездескен болуы мүмкін. Демек, қазіргі африкалықтардың геномдарында өздерінің генетикалық ізін қалдыра алған. Сапиенстердің, неандерталдар мен денистіктердің осы ғаламшардағы жалғыз адамдар болмағанын түсінудің маңызы зор. Біз адамдардың алуан түрлерінің барлығын жеңгеннен кейін жалғыз түрге айналдық.

Александр Марков

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ

Көшірілді