АЙТУЛЫ ТАРИХИ ОҚИҒА ОРТАСЫНДА ЖҮРГЕН АДАМ

Доскей ауылы

Мен — Қасым Аманжол. Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Доскей ауылында тұрамын. Жасым он бесте. Биыл тоғызыншы сыныпты аяқтадым.

«ӨЗІМІЗ» байқауына өзімнің әжем Қуанбаева Ақлима жайлы баяндадым. Әжем тоқсан алты жаста. Тыл ардагері, аштық нәубетіннің, сұрапыл соғыс жылдарында тылда ерінбей еңбек еткен жан. Жастайынан еңбекке араласқан. Аяулы әжем жайлы ақпараттармен бөлістім.