АЛЬБРЕХТ ДЮРЕРДІҢ МҮЙІЗТҰМСЫҒЫ

Генда: мүйізтұмсық саяхатшысы

АЛЬБРЕХТ ДЮРЕРДІҢ МҮЙІЗТҰМСЫҒЫ

А. Дюрер. Мүйізтұмсық. 1515 жыл/ Wikimedia Commons

Билеушілерге сирек кездесетін жануарларды тарту ету дәстүрі сол дәуірге тән болатын. Генда сол жылы алыс Үндістаннан жеткен португал флотилиясының бортындағы жалғыз экзотикалық жануар емес еді. Сонымен қатар мүйізтұмсықтар сол заманда ғұмыр кешкен еуропалықтар үшін айдаһарлар туралы аңыздардан кем түспейтін әңгімелердің кейіпкері саналатын. Әрине, Генда Еуропа құрлығына аяқ басқан алғашқы мүйізтұмсық емес. Дегенмен мұнда мүйізтұмсықтар соңғы рет Рим империясы дәуірінде болған, әрі хайуандарды тоғытып ұстайтын жерлер мен гладиаторлық ареналарда жиі төбе көрсететін.

Бір қызығы, Рим авторларының еңбектерімен таныс португалдық билеуші антикалық тайталасты өз сарайында жаңғыртқысы келсе керек. Мануэльдің хайуандар үйіндегі пілге қарсы Генданы тайталастырғаны туралы деректер біздің күнге дейін жеткен. Алайда бұл тәжірибе орындалмай қалды, көптің шуынан қорыққан піл ұрыс даласынан қашып кетеді.

Мүйізтұмсықтардың Еуропаға екінші рет салтанатты түрде «аяқ басуы» тез арада халық арасына кең тарап, талқылана бастады. Португал монархының судай жаңа жануары туралы өсек-аяңдар әртүрлі елге тарап кетті, ал кей қызыққұмарлар тіпті Лиссабон сарайына қарай асықты. Дегенмен көпшілігі Генда туралы Еуропаға таралған сипаттамалар арқылы білді. Бір флоренциялық саяхатшы мүйізтұмсыққа тіпті жыр шумақтарын арнап, жұпыны суретін салуды да ұмытқан жоқ.

Бүгінде көпшілік Гендамен мүлдем басқа сурет — неміс суретшісі Альбрехт Дюрердің (1471–1528) гравюрасының арқасында таныс. Бір қызығы, Дюрер мүйізтұмсықты ешқашан көрмеген. Ол «портретті» Генда туралы жанама деректермен таныс болу арқылы салады, ол қатарда суреттер мен куәгерлердің хаттары бар. «Сынған телефон» іспетті ерекше көзге түскен Дюрердің туындысы әсте шынайы болып шықты, ал суретші жол берген анатомиялық дәлсіздіктер қарапайым адамның көзіне бірден түспейді. Айталық, неміс суретшісі Генданың арқа тұсына тағы бір мүйіз салған, ал денесі құдды қалқанмен жабылғандай аяғының тұсы мен тұтас тәнінде қабыршақтар бардай бейнелеген.

Бұған қарамастан, уақыт өте келе Дюрердің «Мүйізтұмсығы» оның физикалық прототипінен қарағанда кең танымалдыққа ие болды. Бірнеше ғасырлар бойы суретшінің жұмысы бірнеше көшірмемен басылып шықты, оның жартысы бүгінгі күнге дейін сақталған. Сайып келгенде, гравюраның танымал болғаны сонша, мүйізтұмсықтар туралы еуропалық көзқарастардың негізін құрады, тіпті оқулықтар мен ғылыми басылымдарда да жарық көрді. Бұл 18 ғасырға дейін жалғасты, артынша Еуропада мүйізтұмсықтардың саны көбейіп, адамдар неміс авторының жіберген қателіктеріне көз жеткізді.
Ал Генданың тағдыры қайғылы аяқталды. Өзінің жаңа «ойыншығымен» құмары қанғанша ойнаған Мануэль І мүйізтұмсықты Рим Папасы Леон Х беруді ұйғарды. Бұдан бір жыл бұрын понтифик португал билеушісі сыйға тартқан Ханно есімді ақ пілге дән риза болған еді.

Ал Генда бірнеше айдың ішінде екінші рет дипломатиялық рәсімнің нысанына айналды. Мүйізтұмсыққа асыл тастармен көмкерілген қарғыбау тағылып, өзінен бөлек өзге де құнды сыйлықтармен бірге Римге жол тартатын кемеге жайғастырылды. Алайда мүйізтұмсық діттеген жеріне жете алмады, кеме апатқа ұшырап, жануар қаза тапты. Атақты мүйізтұмсықтың денесіне қатысты әртүрлі деректер бар. Оның денесі жағаға шығарылып, терісін сыпырғандары, ал терісі Мәңгілік қалаға жеткізілгені немесе Португалияға қайта жіберілгені туралы баяндалады. Алайда Генда туралы естеліктер негізінен Альбрехт Дюрердің танымал гравюрасының арқасында бүгінгі күнге дейін жетті.

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

1. Брион М. Дюрер. М.: Молодая гвардия, 2006. (Жизнь замечательных людей).

2. Зарницкий С. Дюрер. М.: Молодая гвардия, 1984. (Жизнь замечательных людей).

3. Clarke, T.H. The Rhinoceros from Dürer to Stubbs: 1515–1799. London: Sotheby's Publications, 1986.

Сергей Никольский

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ