АҚ ТУЛЫ СІРГЕЛІ ЖАБАЙ БАТЫР

Сарыағаш

Ешбір дәуірді оның ұлы адамдары туралы білмей түсіну мүмкін емес. Өйткені, біз адам тағдыры арқылы тарихты көріп қана қоймай, сол тарихтың рухына бөленеміз. Ешбір халық өткен тарихы мен бүгінінен сабақ алмай кемел келешек күтпейтіндігі анық. Қазақ халқында “Жеті атасын білген ер жеті рулы елдің қамын жер” деген аталы сөзіміз бар. Ал, жеті атада үлкен сыр мен мән бар. “Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады”-деп дана халқымыз тегін айтаған.

Менің де қолыма қалам алып, осы мақаланы жазуым текті бабамыз, тарихымызда есімі қалған Сіргелі Жабай батыр бабамыз жайлы болмақ.

Бұл жарық дүниеде кездейсоқ ештеңе болмайтын сияқты. Әсіресе, ұлы тұлғалардың өмірінен, тағдырынан сондай жағдаятты байқаймыз. Жабай бабамыздың дүниеге келуінің өзі кездейсоқтық емес, Алланың құдыреті мен бұйрығы деуге болады.

Жабай бабамызыдың әкесі Қазыбек жас кезінде палуан,қайратты, кейін елге данышпандығымен танымал, қажы кісі болған екен. Оның Жабайдың болашақ анасы Қырбас сұлудың үйіне келіп, екеуінің танысуы, үйленуі туралы деректе былай деп өрледі: Қазақтың салты бойынша қызды жеңгелері әкеліп көрсетеді. Қандай жігіттің қалыңдықты көруге барғанда қамшымен ұрғаны бар? Қазыбек атамыз бірінші рет көріп тұрғанына қарамай қызды қамшымен тартып жібереді. “Қыздың төркіні: “Қызды бермейміз, үйленбей жатып қызымызды қамшылап жатр, үйленген соң не болады?”- деп қызды бергілері келмейді.

Сонда Қырбас сұлу айтқан екен: “Қамшыны екінші рет сілтегенде қолынан бекер ұстадыңдар, мен бұл кісіден екі бірдей әулие перзентті болатын едім, енді бір-ақ әулие ұл көретін болып қалдым. Мені осы кісіге ұзатыңдар”- деген екен. Төркіндері қыздың айтқанына көніп, Қазыбек атамызға қосады”

Қалай айтсақ та қазақта қасиет қадірімен, киелі құдыретімен халықтың құрметіне бөленген ереше тұлғалар жетерлік. Солардың арасынан тепсе темір үзетін шағында батыр Жабай, кісілік келбетін тапқан кезінде әулие Жабай атанған тұлғаның орны бөлек. Мұндай тұлғалар туралы айтарда алдымен ата-бабамыздан тәберік болып қалған “Екі дүниеңді берсін” немесе “Екі дүниең жарық болсын” деген астары терең сөздерді еске алғанымыз жөн болар. Сіргелі Жабай Қазыбекұлы ұрпақтары таратқан шежіре мен тарихи деректерге сүйенсек, ол 1728 жылы өмірге келіп, 1810 жылы бақилық болған. Жабай батырдың кіндік қаны Сарыағаш ауданына қарасты Әлімтау елді мекеніне тамған.

Сіргелі Жабай атаның көзі трісінде тумалары мен туыстары, ағайын-бауырлары оның бетіне келмейді екен. Әулиенін киесінен сескенсе керек. Ол өзінін бақилық боларын үш күн бұрын болжап, әулеттерін алдына жиып, олармен қоштасыпты. Сонан соң: “Сендар мына менің балаларымдай болып кеткен Қыдырбай, Асыр, Қызылды бөле жарып карамаңдар, көз алартушы болмаңдар. Осы шартымды бұзсандар сендерді менің кием ұрады” депті. Аты аталғандар түрлі жағдаймен атаға келіп паналаған басқа елдің адамдары екен. Кейін олардың ұрпактары: “Біздер Жабай атаның төртінші айеліненбіз” деп әулиеден тарайтын әулетке сіңісіп кетіпті.

Жоғарырыда айтып кеткеніміздей Сіргелі Жабай әулие өзінің бақилық боларын алдын ала болжап біліпті. Сөйтіп, ағайын-туыс, жақын тумаларын жинап, өзінің үш күннен кейін мәңгілік мекеніне барып, жаны жай табатынын айтыпты. Кіндігінен тараған балалары әкелерін арулап шығарып салудың қамына кірісіп кетіпті.

Ерген Махатбайұлының кітабында былай деп өрлейді: “Ол кісі кектемде Сыр бойындағы қыстауынан көктемдегі жайлауына көшіп келеді. Қазіргі кесене тұрған жерге келгенде, Ата көшті тоқтатып: “Мен үш күнге рұхсат сұрап едім. Онша ұзай алмадык, енді үй тігіңдер. Мен осы жерде Алланың аманатын тапсырамын. Мен дүниеден өткен соң Биесимасқа, Жанкел ақының, жанына қойыңдар, не болмаса дәл осы мен дүниеден өткен жерге қойыңдар. Бірақ, ишандар, ел басшылары мені Ташкенттегі ишандар мазары Көкшеге қоятын болса, онда менің рухым Ташкентте болмайды, келешекте мені іздегендер осы мені жуған жерден іздесін. Ең болмаганда ылаңдаған мал мен бедеу әйелдерге пайдам тиер” деген екен.

Жабай ата жан тәсілім етер алдында кенже ұлы Шоңғарды шақыртып аузына түкірген екен. Үш-төрт жасар бала түкірікті құсып тастапты. Сонда атаның бәйбішесі құсықты жалап-жұктап қойған екен. Әулие кісі баласы түкірікті: “Жұтты ма, жұтты ма?” - деп сурай берген екен. Сонда сол жерде отырғандар: “Құсықты бәйбіше бала құсып тастаған соң, жалап-жұқтап қойды”, - дегенде, Ата: “Ойпырмай, өзім бермесем де билікті тартып алыпты ғой, билік жеті атаға дейін баратын болды ғой. Шоңғарым ақсақ болып калдың ғой, арам жақпайтын болды. Таза жүрсең несібеңе өзім қарыздармын. Ертең Айша, Шоңғардың лайға батып жатқан лағын айдап шығарған адамды да қолдармын” деген екен.

Бәйбіше балаларына:

- Кез-келген дау-дамайға барғанда қорланбай Шоңғардан бата алып барыңдар, олай етпеген күнде жолдарың бола қоймайды, - деген екен.

Шоңғар атамыз билікпен ісі жоқ, тура сөйлейтін, өзі тірі кезінде әулие атанды. Ол кісінің кереметтерін көрген біраз кісілер ауыздарынын су құрып әнгімелейді. Жабай ата Шоңғарға «Сенде әулиелік қалды. Адал жүрсең, несібеңе өзім қарыздармын» деген екен. Шеңгелді станциясынан Оңтүстік батыста 7 шақырым жерде, Шоңғар ата басына ескерткіш қойылған. Жабай атаға бара алмағандар Шоңғар атаға барып зиярат етеді. Шоңғар атаның баласы Ысмайылұлы, Айтбайлар түрлі ауруларды дұға оқып жазатын болған. Бұлардың тақиясын беріп жіберсе, мартулап жатқан әйелдер аман-есен босанады екен. Айтбайұлы Махатбай, Ысмайылұлы Сарқұл, кейін Төребек иттенген балаларды дұға оқып, оларды түкіріп жүрді. Саркұл атамыздың оқуы әр уақытта ем болатын. Атаға көрші тұратын қожалар: - Сіз кұлхуат сүресін 10 рет қайталап оқып жібересіз. Сіздікі калай ем болады?, - дегенде атамыз: - Ем ететін Алланын құдіреті, бабамыз Жабайдың қолдауы, - деп жауап береді екен.

Кейін көршілерінің бұған көздері жетеді.

Бәйбішеден таралған ұрпак жеті атаға дейін ел билеу ісіне араласып келеді. Деулетиярдың ұрпақтары бек, болыс, датқа, ояз болды. Атап айтканда: Бекмурат - Бек, Қоқан ханының Мыңбасы, Бекмұраттын баласы Қалшабек болыс.

Біз Жабай атаның көзі тірісінде адамдарға жасаған қызметінің ел аузындағы бірең-саранын айттық. Енді оның бақилық болған соң адамдарға тигізген шарапатына көпшіліктің назарына ұсынайық.

Қасиетті баба қайтыс болғанда, оның ел билеген, әскер басқарган қолбасшылығын, атақ-даңқын қастерлеген қалын жұрт Ташкенттегі үлкен зираттардың біріне апарып коюды жөн көріпті. Сөйтіп Әлімтау даласында дүниеден өткен әулие бабанын мәйті көз жұмған жерінде жуылып, сол арадан бір күншілік жердегі шаһарға апарып жерлеуге алып кетіпті. Мәйітшілер жолда Сарыжылға өзенінің бойына түнейді. Олар таңертең ертерек тұрып қараса мәйт қойылған жерге бір тамшы қан тамып қалыпты дейді. Мейітшілер сол жерге белгі қойып кетеді. Келер жылы сол араға соққан адамдар бір тұп ақ шенгелдің өсіп тұрғанын көреді. Сонымен бабадан Әлімтау даласында екі белгі калады. Біреуі оның мәйті жуылған жер, екіншісі оны жерлеуге алып бара жатқанда түнеген орнында бір тамшы қаны тамған жер. Бұрынырақ ел осы екі жерге де сиынып, зиярат жасайтын болган. Бұл тұстан өткен жолаушылар әулиелі орынға тоқтап, құран оқып аттанған.Дегенмен уақыт өте келе бір түп шенгел өскен орындағы белгі жойылып кетіп, ол жердің анық қай орын екендігін анық білетін кісілердің көзі қалмаған. Сондықтан бүгінде қасиетті бабаға сиынатын жұрт оның денесі жуылған “Жабай белгісіне” барып тәу етеді.

Тылсым құдірет қонған бұл жерден әлі күнге жыл маусымының барлық мезгілінде де адам аяты үзілмейді.Көбіне сәрсенбі, бейсенбі күндері зиярат етуге келіп, мал сойып, қан ағызып, құрбандық береді. Көптің айтуына қарағанда “Жабай белгісінің” басына түнеп, тәу еткен адамға әулие баба аян беріп, керемет құдіретімен оларға шапағат нұрын тигізіп жатады. Мұндай ғажайып ғаламаттарды басынан өткерген замандастарымыздың сол бір сиқырлы қасиетті таңқаларлық жыр етіп айтқанын өзіміз де есітіп, біліп жүрміз.

Қасиетті бабаның нұры қалған сол орынға бүгінгі ұрпақ зәулім ғимарат салып, Самарканның, көк тасымен сән салтанатын сәулеттендірді. Қазіргі кезде мұнда келушілер қатары көбейген. Шындығында атеизм асқынып, тіпті аспандап тұрган кеңес дәуірінде де Жабай атаның жуғысына келіп тәу етіп жүргендерді көргендердің біразының көзі тірі. “Жабай әулие” атанған жерге Қазақстанның түкпір-түкпірінен, Өзбекстаннан, Қарақалпақстаннан, Қыргызстаннан, Түрікменстаннан, Алтай өнірінен, Моңғолстаннан, Ресейдегі мұсылман жұртынан адамдар келіп тәу етіп жататын.

КЕСЕНЕНІҢ ІШКІ КӨРІНІСІ

КЕСЕНЕНІҢ ІШКІ КӨРІНІСІ

Ұлы би Төле бидің билік құрып тұрған кезеңдер болса керек. Көрегендік қасиеті бар Төле бидің назары әкесі Қазыбекке еріп келген жасөспірімге түсіп, оның болмысынан, көз жанарынан киесі барын аңғарады. Бұл оқиғаны Жабай атаның ұрпағы марқұм Сарқұл Ысмайылұлы ақсақалдың айтуы бойынша Төле би бала Жабайға ойлана қарап тұрып: “Мына баланың несібесі артық жаралған екен. Алла қаласа, қасиетті кісі болады. Екеуміздің қабіріміз Ташкентте болар. Бұл баланы бәле-жаладан, тіл көзден аман сақтаңдар” деп бата жасаған көрінеді.

Қазіргі уақытта Жабай бабаның жерленген жері Ташкент қаласы Төле бидің жанына жерленген.

Жабай бабаның кесенесі 1995 жылы басталып, 1996 жылы аяқталады. Жер-жерлерде жиындар өткізіліп, қасиетті әулиенің аруағына бас иетіндер бір қолдың саласындай бірігіп қаржылар жнады. Осылайша бір жылдан астам уақыт жүргізілген құрылыс, көз қарықтырып, міне елдің игілігіне тәу етіп сыйынатын киелі орынға айналды. Кесененің ашылу салтанатына жан-жақтан, Қазақстанның түкпір-түкпірінен адамдар ағылып келді.

1996 ЖЫЛЫ САЛЫНҒАН КЕСЕНЕ

1996 ЖЫЛЫ САЛЫНҒАН КЕСЕНЕ

Қазіргі таңда Жабай атаның есімі Сарыағаш ауданындағы шаруа қожалығына берілген және де Шымкент қаласында Самал-2 мөлтек ауданында Жабай атаның есімі берілген көше бар.

“ЖАБАЙ АТА” ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ

“ЖАБАЙ АТА” ШАРУА ҚОЖАЛЫҒЫ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің айтулы “Ұлы даланың жеті қыры” атты мақаласында: “Үшіншіден, еліміздің тарихи кезеңдерін кеңінен қамти отырып, “Ұлы Дала тұлғалары” атты ғылыми серияларды шығарып, тарату жұмыстарын жүйелендіру және жандандыру қажет” деп атап көрсетті. “Ұлы Дала тұлғалары” қатарында Жабай атаның да өзіндік орны бар деп білеміз. Бәрімізге Алланың нұры жауып, Жабай атаның аруағы қолдай берсін.

Алтынай Бердікұлы

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ