BRIGITTE FONTAINE — LE NOUGAT

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

BRIGITTE FONTAINE — LE NOUGAT

Areski & Brigitte Fontaine - Le bonheur. Винил альбомының /Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Брижитт Фонтен — өткен ғасырдың соңғы музыкалық авангардист авантюристерінің бірі. Сонымен қатар, ол актриса, жазушы, жарты ғасырлық тәжірибесі бар саяси белсенді және мүлдем өзгеше, ерекше мінезді тұлға, қазіргі кезде мұндай адамдар сирек кездеседі. Өзі Францияның солтүстігінде туғанымен, оның көпжылдық әріптесі әрі сүйіктісі Арески берберлік тектен тараған, сондықтан оның музыкасында Алжир және кеңінен алғанда шығыстық мотивтер маңызды рөл атқарады (мысалы, керемет «La Femme a barbe» әнін еске алуға болады). Сол сияқты, оның ең танымал әндерінің бірі — «Le Nougat». Бұл ән тіпті 90 жылдардың басында MTV арнасынан шырқалған, бұл оның ерекше өнері үшін өте сирек құбылыс. Әнде лирикалық кейіпкер ваннада шомылып жатып, піл тауып алады, ал піл қыздан шығыс тәттісін сұрайды. Егер бұл қызық болса, қазан айында 85 жастағы Фонтеннің «Pick-Up» деп аталатын жан сергітер жаңа альбомы шығады. Алғашқылардың бірі болып тыңдаңыз!