КІМНІҢ ҚАЛПАҒЫ?

Мәскеу патшасының тәжі расында Ордада жасалған ба?

КІМНІҢ ҚАЛПАҒЫ?

Мономах қалпағы «Кремльдегі тәж кидіру» көрмесінде ұсынылған © Владимир Астапкович/РИА Новости

Спойлер: мүмкін, бірақ факт емес. Тарихшылар тіпті Мономахтың баскиімінің баскиім екеніне сенімді емес. Кейбіреулер әуел баста оның элементтері тостаған немесе тұғыр сияқты заттарды безендірген дейді.

19 ғасырдың басынан бастап Кремльдің Қару-жарақ палатасының пайда болуына орай Мономахтың қалпағы Ресей империясының киелі регалиясы қатарында басты орында тұрды. Қару-жарақ палатасында қалпақтың 16–17 ғасырлардағы алты көшірмесі бар.11Иван Грозныйдыңi «Қазан қалпағы» патша қалпағы (1553), тұңғыш Романов Михаил Федоровичтің (1627) қалпағы, Петр І Мономахтың екінші қалпағы (1682), Иван V (Сібірлік) алтынбөз қалпағы, Иван мен Петр патшалардың (17 ғасырдың 80 жылдары) алмаз қалпақтары Әрі қарай тізімді император қалпақтары жалғастырады.

1 / 6

Пушкиннің Борис Годуновы22Борис Годуновi Иван Грозныйдың сүйіктісі, патша Федор Ивановичтің балдызы, патша (1598–1605). А.С. Пушкиннің «Борис Годунов» драмасының кейіпкері лепіре сөйлеп: «Мономахтың қалпағы ауырсың сен!» дейді. Бұл шын мәнінде поэтикалық әсірелеу. Аты аңызға айналған тәждің салмағы шамамен бір келі (993,66 грамм). Әрине, оны күнде кие бермейді, бірақ салмағы анау айтқандай ауыр емес. Ақтығында ежелгі биліктің нышаны саналған қалпақтың тарихи өткенінің қыр-сырын ұғыну әлдеқайда қиынырақ.

МОНОМАХ ДЕГЕН КІМ?

Киевтің ұлы князі Владимир Мономах (1053–1125) князь Всеволод Ярославичтің ұлы, Мономахтар отбасынан шыққан Византия ханшайымына үйленген. Бұл әулеттен Византия тағына патшайыммен қарым-қатынасының арқасында қол жеткізген ортаңқол билеуші Константин IX (1042–1055) еді. Кейбiр туыстарын Киев князіне үйлендiрген де сол. Біз оның атын да білмейміз (Мария немесе Анастасия).

15–16 ғасырлардың аяғында мәскеулік қаламгерлер өзінің ұлылығын ұлықтауға бейілді биліктің тапсырысымен болса керек, «Владимир княздері туралы хикая» жазып шығады. Онда олар Мәскеу князьдері Рим императоры Августан33Октавиан Августi Рим империясының негізін салушы (б.з.б 27 ж. – б.д 14 ж.) тарайтынын, ал Византия императоры Константин IX өзінің болжамды «немересі» Владимир Мономахқа император Августың шарапқа арналған ыдысын, айқышқа шегеленген Исаның бейнесі бар ағаштан жасалған күш-қуат беретін алқасы мен патша тәжін берген көрінеді. Басынан шешіп алып, алтын табаққа салыпты. «Еркін әрі өз еркі өзіңдегі патшалығыңның тағына отыру үшін осының бәрін ал қане!» депті. Содан бері бұл тәж Мономах деп аталады. Одан аспаса кем түспейтін басқа бір фантасмагориялық шығармада оны «Мономахтың қалпағы» деп атап, оны Вавилон патшасы Навуходоносордың

Киевтің ұлы князі Владимир Мономах/Alamy

Киевтің ұлы князі Владимир Мономах/Alamy

Тарихшылар 18–19 ғасырларда мұның ақылға сыймайтын бос қиял екенін дәлелдеген. Император IX Константин Владимир ұлы княздік үйдің билеушісі атанғанға дейін 50 жыл бұрын өмірден өткен. Ал император қайтыс болған жылы Владимир небәрі екі жаста болған. Бұл мәтіндерде бұдан өзге сандырақтар да жетіп артылады. Тағы бір атап өтерлігі Владимир Мономах деген лақап атпен кейінірек, яғни баскиім туралы сыбыстан кейін атала бастаған.

Оның әйелдің баскиімі екені рас па?

1328 жылы Мәскеудің Ұлы князі Иван Калитаның (1322/1325–1340) өсиетінде өзінің үлкен ұлы Семенге аманаттаған «алтын қалпақ» туралы айтылады. Кейін ол 14–15 ғасырлардағы басқа князьдердің кейбір өсиеттерінде сөз болады. Бұл тарихшылардың айтатын әртүрлі аңыз-әпсаналары мен батыл жорамалдарының ішіндегі Қалпақ туралы бірден-бір бұлтартпас деректер екені рас.

Әлгі қалпақты Иван Калита Алтын Орда ханы Өзбектен (1313–1341) алған дейді. Жұмсақ мінезді әрі елгезек Мәскеу князіне сондай сый-құрмет көрсеткен құдіретті билеушіден алмағанда мұндай сыйды басқа кімнен алады деген логика да жоқ емес.

Әмір Темір. Темір әулеті империясының негіздеушісі (1370-1405)/Wikimedia Commons

Әмір Темір. Темір әулеті империясының негіздеушісі (1370-1405)/Wikimedia Commons

Ал 16 ғасырдың аңызы одан қарағанда әлдеқайда романтикалық сипатқа ие. Қалпақ Византия басилевсініңiгрекше император атағы сыйы емес Византияға қарсы сәтті әскери жорық нәтижесінде тартып алынған деген дерек бар. Қала берді Владимир Мономахты 10 ғасырдағы Византиядағы Корсунға жасаған жорық нәтижесінде Византия ханшайымын әйел етіп алған Әулие Владимирмен шатастырады. Әлбетте, патша тәжі де бұл қатарда бар.

Тағы бір аңыз бойынша Владимир Мономах «алтын әбзелдерді» Кафадағы (Феодосия) генуез билеушісінен тартып алған. 11–12 ғасырларда Қырымда генуездіктердің болмағаны айдан анық. Қырым ордасы аумағында орналасқан Кафадағы сауда-саттық орнын генуездіктер 1266 жылы салады. Ал оның гүлденген кезі Сарайдағы Өзбек хан мен Мәскеудегі Иван Калитаның билік еткен тұсына дөп түседі. Теориялық тұрғыдан бұл аңыз Кафадағы Калитаның «алтын қалпақты» алғаны туралы естеліктерді сақтауға ат салысты деп болжауға болады. Князь ол кезде «табыскер» (сауда-саттыққа құмар адам) болғаны айдан анық. Бірақ бұл болжам ғана.

1 / 2

Профессор Г.Ф. Валеева-Сүлейменова одан әрі тереңдеп, баскиімнің әуел баста әйел адамға тиесілі болғанын, ал крестің орнына қауырсын немесе тұтас шашақпен безендірілгенін алға тартты. Ол Иван Калитаның үлкен ағасы князь Юрий Даниловичке тұрмысқа шыққан Өзбек ханның әпкесі Кончакаға тиесілі болған көрінеді. Айрықша қалпақ мәскеулік әулетке осылайша тап болыпты. Теориялық тұрғыда бұл әбден мүмкін, бірақ бұл жай ғана болжам.

Тайқазан, Қарнақ ауылы (Түркістаннан 25 шақырым жерде), 14 ғасыр/Shutterstock

Тайқазан, Қарнақ ауылы (Түркістаннан 25 шақырым жерде), 14 ғасыр/Shutterstock

Мүмкін бұл жай ғана тостаған немесе тұғыр шығар?

Мономахтың қалпағын алғаш зерттеушілердің бірі археолог — А.А. Спицын 20 ғасырдың басында қалпақ пішінінің ыңғайсыз әрі табиғи еместігіне назар аударған. Ол әдеттегі адамның басына тым үлкен, қас пен көзді жауып тастайтын (бұл үлкен мәселе емес: қалпақтың астында басқа баскиім болуы мүмкін) қыш құмыра іспетті. Сондай-ақ алтын тілімшелер бірін-бірі бекітуге арналмаған және экспозициялық тұрғыда ғана бір-біріне байланысып тұр.

Оны киіп көрудің де керегі шамалы, ырымшыл себептен ғана емес, баскиім сынып қалуы мүмкін. Осы негізде Спицын әлгі тілімшелер әуел баста қандай да бір стендті, тостағанды қаптауға арналғанын немесе металл болмаса ағаштан жасалған басқа қолөнерді безендіру үшін жасалған деген қорытындыға келді. Олай болуы да бек мүмкін, бірақ болжам екенін тағы еске саламыз.

Қару-жарақ палатасындағы сол қалпақ па?

Бастапқыда Ресейде жаңа князьді «үстелге отырғызып», таққа көтерген. Алғаш рет «алтын қалпақ» 1498 жылы Иван ІІІ55Владимир мен Мәскеудің ұлы князі Иван III i(1462–1505). Оның билігінің нәтижесінде Мәскеу төңірегіндегі орыс жерлері бірікті немересі және тең билеуші Дмитрий Ивановичті таққа отырғызу рәсімінде князьдің басына кигізілді. 16 ғасырдың бірінші ширегінде Мәскеуге барған Қасиетті Рим империясының елшісі Сигизмунд Герберштейн тәждің қандай екенін баяндайды. Герберштейннің баяны іш пыстырарлық әрі татымды емес, десе де сан түрлі қиял-ғажайыптың жанында мәтіннің ұстамдылығы бағалауға лайық. Қалпақ олардың тілінде schapka деп аталады i(1462–1505). Оның билігінің нәтижесінде Мәскеу төңірегіндегі орыс жерлері бірікті (1462–1505). Оның билігінің нәтижесінде Мәскеу төңірегіндегі орыс жерлері бірікті деп жазады Герберштейн. Әрі қарай ол Владимир Мономахты тілге тиек етеді, құнды регалияны егжей-тегжей баяндайды әрі ол бүгінде біз көріп отырған қалпаққа ұқсамайды. Баскиім асыл тастармен безендірілген және «ирелеңдеген жыландары бар айылбастармен әшекейленген». Басқа жазбасында Герберштейн жыландардың алтын сымға байланғанын жазады.

Бір қызығы, Қару-жарақ палатасында сақталған қалпақтың астыңғы алтын тілімшелерінің төменгі жағында бекітуге арналған саңылаулар матада бекітуге арналған саңылаулардан қарағанда әлдеқайда көп. Мүмкін оларда да ирек жыланның бейнелері болған шығар? Демек қозғалып қалса сайқымазақтың қалпағындай сыңғыр ете қалатын көпке сөз болған патшаның қалпағы осы ма? Кім біледі… Оның үстіне Герберштейн балама немесе резервте тұрған баскиімді көруі де бек мүмкін.

1498 Жылы ұлы князь Дмитрий Ивановичтің таққа отыруы. 16 ғасырдың миниатюрасы/Wikimedia commons

1498 Жылы ұлы князь Дмитрий Ивановичтің таққа отыруы. 16 ғасырдың миниатюрасы/Wikimedia commons

Барлық зерттеуші түкті жиегі мен крест орналасқан шұңқыр — баскиімнің ең бүлінбеген бөлігі екенін алға тартады, ал ортасында орналасқан жапырақ тілімшелер көнерген. Ресейдегі ақсүйектердің қалпағында түкті жиек болған. 17 ғасырдың басында орыс қызметіндегі француз офицері Жак Маржерет орыс қалпағын «аталған қалпақтардың жиегі жоқ, бірақ тұтқасысыз сорпа ішетін кеседей жасалған, аталған қалпақтың үстінде қара түлкіден тігілген баскиім бар», – деп айрықша суреттейді. «Тұтқасысыз сорпа ішетін кеседей» жиек Мономахтың баскиімінде де бұрын болған, бірақ оны Герберштейн байқамаған екен.

Федор Иванович. Иоанн Штенглиннің нақышы. 18 ғасыр/Wikimedia commons

Федор Иванович. Иоанн Штенглиннің нақышы. 18 ғасыр/Wikimedia commons

Ирек жыландардың тербелісіне тәнті болған ол қалпақтың төбесі туралы ештеңе жазбаған. Басқа баскиімдермен салыстыра отырып, тарихшылар бастапқыда сүйір төбе шошақ төбелі дулыға, әскери шлемдер іспетті ондағы үкіні немесе шашақты бекітуге арналған қылқан болуы мүмкін. Әрі қарай қиялдайтын болсақ, бастапқыда баскиімнің жиегінде түкті жиек емес, тоғын яки шеңбер болған, яғни қалпақ бастапқыда салтанатты князьдік шлем болуы бек мүмкін. Сонда мұндай кең баскиімнің баста қалай тұратыны және тілімшелердің қалай бекітілгені түсінікті болады.

Дулығалар. 12-14 ғ./Qalam редакциясы

Дулығалар. 12-14 ғ./Qalam редакциясы

Алайда, иконографияға назар салсақ, 16 ғасырдың ортасына қарай алтын қалпақтың түкті жиегі және алма пішіндес төбесі болған. Дәл осындай қалпақ 1547 жылы Иван Грозныйға патша билігінің нышаны ретінде кигізілген.

Қалпақты кім тікті?

Жазбаша деректердегі түсініксіз ақпараттар легінен тарихшыларға қалатыны — қалпақтың шығу тегі мен тігілген уақытын оның өзінен анықтау ғана.

Қалпақтың орталық тілімшелері дөңгелек бұрылыстар мен олардан созылып түсетін кішігірім бұйралары бар спираль іспетті, бұл өрнекке бай шығыс кілемдерін еске түсіреді. Тілімшелерді жасау кезінде дәстүрлі зергерлік техника — зер мен зерлеу қолданылған. Зер дегеніміз — металда дәнекерленген жіпке бекітілген алтын сымнан жасалған өрнек. Ал зерлеу дегеніміз — зерден алынған өрнекті дәнекерлейтін, негізгі суретке көлем беретін кішкентай түйіршектер немесе шарлар. Өрнектер кейде түсініксіз гүл суреттері мен гүл өрнектерін салады, ал тілімшелердің бірінде кенет могендовидке, яғни алты бұрышты иудей жұлдызына айналады. Мұнда сондай-ақ «араб гүлінің» бейнесі де бар — бастапқыда дала лалагүлі немесе лотос ассириялық «өмір ағашының» гүлінен бастау алуы мүмкін.

Тілімшелерге інжу, үлкен зүбаржат, лағыл мен қырмызы шпинельдер бекітіледі. Шын мәнінде тарихшылар арасында 20 ғасырдың басында екі негізгі нұсқа болған. Бұл не Византия, не Шығыс. Византияның қиындығы — ол Ежелгі Антика мәдениеті мен Шығыс мәдениеті арасындағы маңызды байланыс аймағы болды және Византияның қайда бітіп, Шығыстың қайдан басталатыны түсініксіз. Шығыста, әсіресе, моңғол басқыншылығынан кейін танымал болған «араб гүлінің» Византия өнерінде әйгілі лотос гүлімен ұқсастығы бар.

Мономах қалпақ тілімшелерінің бейнесі/Мәскеу Кремль мұражайы

Мономах қалпақ тілімшелерінің бейнесі/Мәскеу Кремль мұражайы

Басқа тарихшылар қалпақтың тілімшелерін Орданың орта азиялық қолөнер шеберлері, Орда немесе Қырым шеберлері, сириялықтар, тіпті мысырлықтар жасауы мүмкін деген көзқарасты алға тартады. Бұл қиял-ғажайып дақпырт емес. Орда мәмлүк Мысырмен тығыз одақтас қарым-қатынаста болған және ол жерден әртүрлі таңғажайыптарға тап болуы бек мүмкін.

Қалпақтың Ордадан шыққандығына сенетін Шығыс көзқарасын жақтаушылардың пікірі бұрыннан ғылымда басымдыққа ие. Бірақ бірде қалпақ 15 ғасырда Мәскеуде Фотийдің шеберханасында тігілген деген экзотикалық ой айтылды. Бұл ең кейінгі даталардың бірі. Оған дейін қалпақтың пайда болу уақыты 12 ғасыр мен 14 ғасыр аралығын қамтыды.

Қалай болғанда да Мәскеу князьдігі Алтын Орда ұлысынан пайда болды және көп жылдар бойы аты аңызға айналған баскиімнің шығу аймағы болуы ықтимал оның мәдени кеңістігінде дамыды. Кейін оның қайдан пайда болғаны ешкімді алаңдатпады, тіпті князь билігіне біраз байсалдылық үстегені де рас. Белгілі бір кезеңде 15 ғасырдың соңында, яғни Орда құлаған кезде Мәскеу төл легитимділігі үшін өзіне басқа тірек іздеп, Византия тарихына жүгінді. Алайда Шығыс Римдегі сабақтастық толықтай имитация болып қала берді. Ол кезде Мәскеуде ешкім грек тілін білмейтін (сирек келетін гректерді есепке алмағанда), ал қалпақ туралы қиялдарға назар салсақ, олар Византия тарихын мүлдем түсінбеген және басилевстердің диадемасының қандай болатынынан хабарсыз болған.

Византия императоры I Юстиниан (527-565) Сан-Витале Базиликасының мозаикасында. Равенна/Wikimedia Commons

Византия императоры I Юстиниан (527-565) Сан-Витале Базиликасының мозаикасында. Равенна/Wikimedia Commons

НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?

1. Валеева-Сулейманова Г.Ф. Короны русских царей — памятники татарской культуры. — Казань, Москва, Петербург., 1997.

2. Герберштейн Сигизмунд. Записки о Московии: В 2 тт. / Пер. А. И. Малеина, А. В. Назаренко. Под ред. А.Л.Хорошкевич. — М.: Изд-во «Памятники исторической мысли», 2008.

3. Жилина Н.В. Шапка Мономаха. Историко-культурное и технологическое исследование. — М., 2001.

4. Кондаков Н.П., Толстой И.И. Русские древности в памятниках искусства. — СПб., 1897. Вып. 5.

5. Спицын А.А. К вопросу о Мономаховой Шапке// Записки Отделения Русской и Славянской Археологии. — 1906. XVI–II, вып. 1.