Өздерінің маңдайына жазылған ханына қол көтерген адамдарды тірі қалдыру кімнің ойына келер еді және ондай адамдардың достығы кімге керек?
Бағзы заманнан бері татарлар біздің аталарымыз бен әкелерімізді өлтіріп келген.
Мен жеті жасымда үлкен іс атқарып, әлемнің барлық елдерінде біртұтас билік орнаттым. Қандай да бір айбыным болғандықтан емес, гиньдердің билігі тұрақты болмағандықтан, Аспаннан көмек алып, таққа отырдым. Оңтүстікте — Сундар, солтүстікте — Хой хэ, шығыста — Ся, батыста — варварлар, бәрі менің билігімді мойындады. Бізде ежелгі заманнан бері мұндай патшалық болған емес.
Егер жаланың тісті жыланы іші күйгеннен бізді бір-бірімізге қарсы қоятын болса, біз жалаға сенбейміз. Кездесіп, түсініскенде ғана сенеміз. Егер ызаның азулы жыланы бізді бір-бірімізге қарсы қоятын болса, біз ызаланбаймыз, тек бір-бірімізбен сөйлескеннен кейін ғана сенеміз.
О, адамдар, сендер үлкен күнә жасағандарыңды және бұл күнәларды араларыңдағы үлкен адамдар жасағанын біліңдер. Егер осы сөздерге қандай дәлелім бар деп сұрасаңдар, оның себебі мен — Құдайдың жазасы деп жауап беремін. Егер сендер үлкен күнә жасамасаңдар, Құдай сендерге мен сияқты жазаны қолданбас еді.
Егер менен мирас алатын хандардың балаларына қызмет етіп жүрген ақсүйектер, батырлар мен қолбасылар Жасаны орындамаса, онда мемлекет ісі күйзеліске ұшырайды да, тоқтап қалады. Тағы да Шыңғысханды іздеуге мәжбүр болады, бірақ таба алмайды.
Алыс жолға шығуды ойлаған кезде, жауынгерлердің аттары әлі қажымай тұрғанда, оларды күтіп ұстаңдар. Жол азығы таусылмай тұрғанда оларды үнемдеңдер. Аттар жүріске жарамай қалғанда оларды күтіп ұстауға кеш; азық-түлік таусылғанда, оны үнемдеуге кеш. Жолда аң көп кездесетін болады. Болашақты әрірек ойлап, қызметші адамдарды аңды қаумалауға айдап салмаңдар. Аңның еті адамдардың азық-түлігіне қосып, оны жақсартуға жұмсалсын. Аңды өлшеусіз және мерзімсіз ауламаңдар. Аңды қазір қаумалауға қажет болмаса, жауынгер адамдарды атқа құйысқан өмілдірік кигізуге мәжбүрлемеңдер. Олар аттарын ауыздықтамастан жүре берсін. Әйтпесе жауынгер адамдарың атқа қалай шаба алады? Қажетті өкім бергеннен кейін тәртіп бұзушыларды дүреге соғып жазалаңыз. Ал біздің жарлығымызды бұзғандардың арасындағы бізге белгілі адамдарды бізге жіберіңдер, ал бізге белгісіздерін сол жерде жазаға тартыңдар. Арамызды тек өзен ғана бөліп тұрғандай әрекет етіңдер. Бірақ арамызды тау қырқалары бөліп тұрғандай («таулар мен жазықтардың ар жағында» тұрғандай) ойламаңдар. Біреуің бір басқа, екіншің екі басқа ойламаңдар.
Мемлекеттің бүкіл аумағында ұрлықтың тамырын шауып, алаяқтықты құртыңдар. Өлім жазасына тартылатын қылмыс жасағандарды өлтіріңдер, жазаға тартылатын немесе айыппұл салынатын қылмыс жасағандарды жазалаңдар.
Анамның ашуынан қорқамын да, ұяламын да.
Моңғолдар өз хандары мен асыл текті адамдарына басқа ұлттар, әсіресе Ислам дінін ұстанушылар сияқты толып жатқан асқақ есімдер мен атақтарды бермеуге тиіс. Ал патша тағында отырған адамның атына хан немесе каан деген бір есімді қосуы керек және оның аға-інілері, апа-қарындастары мен туысқандары ол туғанда берілген бірінші есімімен атауы тиіс.
Теңдік бар. Әрбір адам екінші адам сияқты жұмыс істейді, айырмашылығы жоқ. Байлығына немесе маңызына ешқандай назар аударылмайды.
Егер өз хандарың Тархутай Кирилтухқа қол көтеруге келсеңдер, онда сендер өз ханына қол көтерген малай болар едіңдер. Сонда мен сендердің де, бүкіл әулеттеріңнің де бастарын шабуға бұйрық берер едім. Сендер хандарыңды өлтіре алмадыңдар және де дұрыс істедіңдер!
Жауды басып-жанышқан кезде, олжа табу үшін тоқтамау керек. Жауды қырып тастағаннан кейін олжа да біздікі болады.
Егер жақсы жараған, жақсы шабатын ат жарамаған әрі арық кезінде де жақсы шабатын болса, оны жақсы ат деп атауға болады. Бірақ осы үш күйінің біреуінде ғана жақсы шабатын атты жақсы деп айтуға болмайды.
Ерлерінің жақсы екенін жақсы әйелдерін қарап танисың. Егер әйелі сұрықсыз және парықсыз, ақылы аз және ұқыпсыз болса, одан күйеуінің ақымақтығы да көрінеді.
Аспан Қытайдан шамадан тыс мақтанышы мен сән-салтанатын асырғаны үшін бас тартты. Ал мен болсам, солтүстіктің даласында қоныс тебе тұра, бұзық қылыққа бейім болған жоқпын; қарапайымдылықты және таза ниетті жақсы көремін; сән-салтанаттан бас тартамын және ұстамды болуға тырысамын; менің бір жейдем, бір тамағым бар; мен бақташылар мен жылқышылар киетін киімді киемін және солар жейтін тамақты жеймін; мен халыққа баладай қараймын; дарынды адамдарға аға-інілерімдей қамқорлық жасаймын; біз істі келісіп бастаймыз, біз бағзыдан бір-бірімізді жақсы көреміз; түмендердің оқуында мен елдің алдындамын; жауынгерлік шайқаста артқа шегінуді ойламаймын.
Атағым зор, міндетім маңызды, сондықтан басқаруымда бір нәрсе жетіспей ме деп қорқамын. Өзеннен жүзіп өту үшін кеме тұрғызып, ескек дайындайтыны сияқты ғаламды тыныштандыру үшін кемеңгерлерді шақырып, көмекшілерді сайлайды. Мен тақты мұраға алған кезден бері басшылық жұмыстармен ерінбей-жалықпай айналысып келемін, бірақ үш ғұн мен тоғыз циннің лауазымдарын атқаруға лайықты адамдарды әлі көрмедім.
НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?
1. Рашид әд-Дин. Жылнамалар жинағы. Моңғолдардың тарихы. Рашид әд-Диннің шығармасы. 1–6 б. СПб.: ИАН Баспаханасы, 1858–1888
2. Тартари шөлі / Басылымды құрастырып, дайындаған А.И.Куркчи – М.: ДИ-ДИК, 1993. – 280–378 б. – (Bibliotheca Gumilevica жинағы. Альманахтардың II топтамасы. «Тарих арабескалары». 2-шығарылым).
3. Сырға толы аңыз әңгіме. Mongrol-un Niruca tobciyan деп аталатын 1240 жылғы моңғол жылнамасы. Юань Чао Би Ши. Моңғолдың әдеттегі жинағы. М-Л. 1941
4. Tarikh-i Jahangushay (History of the World Conqueror) by 'Ala-ad-Din 'Ata-Malik Juvaini (ca. 1252-1260), trans. J.A. Boyle, Cambridge, 1958.