LÉO CLARENS ET SES RYTHMES ORIENTAUX - SHISH KEBAB

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

LÉO CLARENS ET SES RYTHMES ORIENTAUX - SHISH KEBAB

"Mohammed Ben Abd-El-Kader (Leo Clarens) et ses Rythmes Orientaux және оның шығыс ритмдері" винтажды винил күйтабағының мұқабасы / Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Born Bad деп аталатын Париждік лейбл (және Сенаның оң жағалауында орналасқан осы аттас дүкен) өткен ғасырдағы (сондай-ақ олардың каталогтарынан жаңа есімдер де табылады) алуан түрлі француздық өнімдерді жинақтап, жариялаумен айналысады. Төрт жыл бұрын олар алпысыншы жылдардың басындағы голлисттік Францияның көңіл-күйін паш ететін «Гаремдегі Ча-ча» деп аталатын кезекті бір жинақты жарыққа шығарды. 1963 жылы «Лоуренс Аравийский» жеті «Оскарды» алып, ал Омар Шарифтің мұрты «бабет» шаш үлгісі секілді сексуалдық фетишке айналған мезетте, Таяу Шығыстық мотив француз эстрадасын жаулады. Бір жағынан бұл сауық кешіне арналған кезекті коктейльдік экзотика саналғанымен, екінші жағынан — олардан Алжирдегі антиортарлық соғыстың көтерілістік рухын сезінуге болатын еді. Марсельдік кларнетист Лео Кларанс өзінің алғашқы оркестрін Екінші дүниежүзілік соғыс енді басталған тұста жинағанымен, олар Парижге, қала азат етілген соң ғана көшіп барды. Нәтижесінде ол Поль Мариа және Жан Жак Голдман сынды француз жұлдыздарымен бірге жұмыс істеді, ал олардың алпысыншы жылдардың басында жарық көрген туындылары сол шақтағы шығыс мәдениетіне, сондай-ақ гастрономиясына қызығушылықтың зор болғанын көрсетеді.