THE B-52'S – MESOPOTAMIA

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

THE B-52'S – MESOPOTAMIA

The B-52s рок тобының мүшелері. Солдан оңға қарай: Кит Стрикленд, барабандар; Рикки Уилсон, гитара; Фред Шнайдер, вокал; Сэнди Уилсон, гитара және вокал; Кейт Пирсон, пернетақта және вокал/Lynn Goldsmith/Corbis/VCG via Getty Images

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

«Месопотамия» — америкалық жаңа толқынның ең есірік тобының және Джон Леннонның сүйікті командасының ең жақсы әндерінің бірі. Бұл әннің пульсі мен табиғаты белгілі бір студенттің таңғы алтыда түнгі клубтан шығып алып, көне тарих пәнінен емтиханға тартып бара жатқанындай әсер етеді. Хаммурапи заңдары және ежелгі өркениеттің басқа да іздері В-52-ге байланысты кеңінен жазылған комиссионка эстетикасында керемет көрініс табады. Бұл жазбаға Дэвид Бирн11Дэвид Бирн (1952 жылы туған)музыкант, композитор, жазушы, Talking Heads деген америкалық топтың жетекшісі продюссерлік етті ондағы түсірілген Нью-Йорк үнінің қайталанбастығы сол — сол замандағы шаһардың өзінше бір музыкалық Вавилондай болған кезін, ал кезіккен әлдебір орындаушы бір абыздай болған тұсын жазып алды. Сол мәдени дәуірдің жемістерін әлі күнге шейін жұрт мың қайта кеміріп, жаңа дүние жаратуға талпынып жатыр.