КОРОЛЬДІҢ ЖҮРЕГІН КІМ ЖЕДІ?

Тарихтағы ең ақжүрек каннибал

КОРОЛЬДІҢ ЖҮРЕГІН КІМ ЖЕДІ?

XIV Людовик және Мольер Версальда тамақ ішуде, суретші Жан-Огюст-Доминик Энгр. 1871 жылы Тюйлери сарайында жойылған "Мольердің Түскі асы" картинасының эскизі / Комедия-франсез кітапхана-мұражайы,Париж/Wikimedia Commons

XIV Людовик, «күн король», Францияны 72 жыл 110 күн бойы басқарған. Ол тарихта тақта ең ұзақ отырған адам болып қалды. Людовик 1715 жылы сарай қызметшілерінің арасында билікті уысында ұстаған күйі қайтыс болды. Денесін аса құрметпен бальзамдап, Сен-Денидегі мәңгілік мекеніне қойды. Корольдің өзі немесе оның мұрагерлері корольдік қалдықтардың тағдырын әлі білмеген сияқты.

Сол ғасырдың соңында, нақтырақ айтсақ, 1789 жылы Ұлы француз революциясы басталып кетті.

Жаппай наразылыққа шыққандар Сен-Дениде жерленгендердің зиратын күл-талқан етті. Корольдер мен патшайымдардың сүйектері далада шашылып қалды, көктастары сынды. «Күн корольдің» бальзамдалған жүрегін ұрлап кетті де, кейін ол коллекционерлердің қолында жүрді.

Юбер Робер. Сен-Дени патшалық қабірдің қорлануы, 1793 ж. қазан/Карнавале музейі/Wikimedia Commons

Юбер Робер. Сен-Дени патшалық қабірдің қорлануы, 1793 ж. қазан/Карнавале музейі/Wikimedia Commons

Людовиктің жүрегі бірнеше адамның қолында болған соң 1840 жылы британдық сарай қызметкері болған Харкорттар (Harcourt) отбасына бұйырды.

Сол уақытта әулие Уильям Бакленд те өмір сүрген, бұл кісі теолог та, оған қоса Вестминстерлік аббаттың декан қызметінде істеп жүрген, тағы бір қызығы, ойлап отырсақ ол тіпті динозаврларды зерттеген алғашқы палеонтологтардың бір де болған. Бакленд, мысалы, табылған меалозаврдың толық сипатын жазып шыққан.

Сэмюэл Казинс. Уильямв Баклендтің портреті. 1833/Wikimedia Commons

Сэмюэл Казинс. Уильямв Баклендтің портреті. 1833/Wikimedia Commons

Уильям Бакленд өз заманындағы ең құрметті ғалымдардың бірі болды, ол қазіргі палеонтологияны жасаған адамдардың бірі еді. Алайда ол тым эксцентрикалық адам болған. Мысалы, ол былайша айтқанда, аспаздық саласындағы эсперименттерімен де көзге түсіп тұратын. Тіпті оған диетологияны да қосыңыз. Бұл жерде бәрін ыңғайластырып түсіндіру мүмкін емес. Әулие Уильям Бакленд біртүрлі нәрселердің дәмін көруге құштар еді. Ол көртышқанды, тасты, құмды, шылаушынды, шыбынды да жейтін. Жаңа нәрсенің дәмін татып көргенде ол өзінің алғашқы сезімін айналасындағалардың бәріне қызық қылып айтып беретін. Дегенмен викториан дәуіріндегі Англияда жыныс пен жыныстық қатынасқа келгенде қатаң қағиданы ұстанса да, басқа кез келген нәрсеге еркіндік берілген еді. Егер джентельмен немесе ледиге өз үйінің төбесінде жұма күні джигу билеген ұнаса немесе қалпақтың орнына орамжапырақ киіп алса немесе шыбын жесе де — бұл джентельменнің немесе ледидің өзінің шаруасы еді, бұдан оның құрметі кеміп қалмайтын. Біртүрлі болу сән еді, «біртүрлі емес» адамдар керісінше шектелген, шеңбер ішіндегі пенде секілді көрініп, күмән туғызатын.

Сонымен әулие Бакленд қолына түскен небір нәрсенің дәмін татып жүрді. Ол Англияға әртүрлі аңдарды алдырып, олардың бір бөлігін (оның ішінде гиена да бар) жеке зообағында ұстаған. Жануарларды тек ғылыми зерттеу үшін немесе қызық көру үшін емес, тағам ретінде де пайдаланғаны тағы бар. Бірде ол өзінің танысына «жер басып жүрген барлық жануардың дәмін татып көру — мақсатым» деген екен.

1 / 2

1848 жылы Баклендті Харкорт лордтың үйіне түскі асқа шақырған. Түскі ас кезінде қонақтарға отбасылық коллекцияның ең бір әсерлі экспонаты болған ХІV Людовиктің бальзамдалған жүрегін көрсеткен. Сонда болғандар кейін сол жүректің әбден қурап, тас болып қатып, жаңғақтың көлеміндей болып қалғанын айтқан.

Сонда әлгі мумияланған жаңғаққа ұқсайтын қоңыр нәрсе салынған күміс алқа Баклендтің қолына түскенде ол: «Мен біртүрлі нәрселердің көбінің дәмін татып көрдім, бірақ ешқашан корольдің жүрегін жемеппін», – деген екен.

Осы сөзді айтып болғаны сол еді, корольдің жүрегін аузына салып, қылғытып салған.

Бакленд 1856 жылы дүниеден озды. Харкорттар коллекцияның экспонатын жеп қойғаны үшін ешқандай кінә артпаған, бірақ қонақтарына бұл оқиғаны айтып беруден жалықпаған. Осылайша бұл дәйек елге жайылып кетті, алайда ешқандай құжатпен расталмаған.

Вестминстерлік аббаттың бұрынғы деканы ретінде басқа да танымал британдықтарға қойған секілді ол жерде Баклендке де естелік бюст және тақтайша қойылған. Ал аббаттың сайтында оның ізгі істері мен ғылыми жетістіктерінен бөлек, корольдің жүрегін жегені туралы да ақпарат жазылған.

Оксфордтағы музей. Бакленд бюсті/Wikimedia commons

Оксфордтағы музей. Бакленд бюсті/Wikimedia commons

Француздар бұл «қайдағы-жоқ ағылшын ертегісіне» ұзақ уақыт бойы сенбей келген. Олар, әрине, қандықол монарх-басқыншының бейітін тас-талқан қылуы мүмкін, бірақ оны қайдағы-жоқ ағылшын топастарына тамақ ретінде пайдалану үшін істемеген. Ал XIV Людовик жүрегі әлі сол металмен қапталған Сен-Дени шіркеуінде сақталған, оны ешкімнің ашуына жол жоқ, себебі бұл ардан аттау деп есептейді.

Франция мен Наварра королі XIV Людовиктің қабірі (1638-1715). Basilique Saint-Denis, Париж, Франция/Alamy

Франция мен Наварра королі XIV Людовиктің қабірі (1638-1715). Basilique Saint-Denis, Париж, Франция/Alamy

Қалай дегенмен танымал тарихшы Жорж Ленотр өзінің «Корольдер дәуіріндегі Версальдің күнделікті өмірі» деген кітабында былай дейді: «Алайда аббат Дюперонның бастауымен болған зерттеу кезінде сақтау орнында тек домалақ қорап табылған, оның ішінде тек бірнеше заттың бөлігі бар, көбіне сүйекке ұқсайды», – деп жазады.

Олай болса, король — жүрексіз қалған. Егер бұл жүректі жеген адам туралы әңгімені растамаса да, оны жоққа шығармайтыны тағы бар.

Александр Привалов

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ