КОФЕ ТҰНБАСЫМЕН ҚАЛАЙ БАЛ АШУҒА БОЛАДЫ?

Сәуегейлік жасаушылар мен өсекті жақсы көретіндерге пайдалы дағды

КОФЕ ТҰНБАСЫМЕН ҚАЛАЙ БАЛ АШУҒА БОЛАДЫ?

Гарри Герман Розеланд. Кофе ұнтағындағы сәуегейлік. 1906/New Britain Museum of American Art/Wikimedia Commons

Түркия мен Балканда кофе ішіп, артынан кофенің тұнбасымен бал ашу ежелден сүйікті уақыт өткізу әдісі болып келеді. Бал ашудың осы әдісі — тассеографияның бір түрі, яғни шай кесесінде шай жапырақтарынан немесе кофе не шарап тұнбасынана қалған өрнекті тәпсірлеу. Болашақты талқылау — ритуалдың бір бөлігі ғана, себебі ортақ кофе ішу дәстүрі ғасырлар бойы соңғы өсек-аяңды айту үшін қолданылып келеді. Бұл дәстүр 16 ғасырда сұлтан Сүлейменнің гаремінде мықтап орнықты. Сұлтанның әйелдері мен күңдері сарайдан шыға алмайтын, есесіне балшылар сарайға еркін кіре алатын. Кофе тұнбасын асықпай зерделеу уақыт өткізуге және соңғы оқиғаларды талқылауға көмектесетін: кеше ғана кімнің басын шапқанын, кімнің босану кезінде қайтыс болғанын, және кімнің австриялықтармен соғысқа жіберілгенін сөз етуге таптырмас мүмкіндік сыйлайтын.

Мазмұн

Не қажет болады?

Кофе тұнбасынан дұрыс бал ашу үшін дәстүрлі мыс ыдыс — джезведе түрікше дайындалған бір кесе кофе қажет. Кофе ұнтағы неғұрлым ұсақ тартылған болса, соғұрлым дәлірек болжам береді деп саналады. Кесе іші ақ, жарқыраған болуы қажет және тәрелкесі де әппақ болса құба-құп. Кофені түбіне дейін ішіп, оның тамақты қарып өтетін ащы дәмінен ләззат алыңыз. Кейде кофеге тәттілер беріледі. Асықпаңыз! Бұл — жиналғандармен ортақ таныстар жайында және танымал адамдардың өмірінде болып жатқан жағдайлар турасында әңгіме өрбітудің ең оңтайлы уақыты.

Фрэнсис Хэйман. Кофе ұнтағындағы балгерлік. 1748-60/Wikimedia Commons

Фрэнсис Хэйман. Кофе ұнтағындағы балгерлік. 1748-60/Wikimedia Commons

Дұрыс тұнбаны қалай аламыз?

Соңғы бірнеше жұтым кофені ішерде, сізді не нәрсе мазалап жүр — соған зейін қойыңыз. Мазалап жүрген қай сұраққа жауап алғыңыз келеді? Осы туралы ойлаңыз! Тілек тілеп, ішінде кофе тұнбасы қалған кесені тарелкемен жауып, оны сағат тілімен немесе қарсы бағытта үш рет айналдырыңыз, бұл енді Балқан мен Түркияда аналарынан қыздарына, әжелерінен немерелеріне берілетін отбасылық дәстүрлерге байланысты жасалады. Осыдан соң оны аударып, тарелкеге төңкеріп қойыңыз. Кесенің түбіне тиын немесе сақина қойыңыз. Бірінші жағдайда кофе сіздің бизнесіңіздің болашағын болжайды, ал екінші жағдайда — романтикалық қарым-қатынасыңызға ден қояды. Кейбір жағдайларда арнайы сиқырлы формуланы дауыстап айту керек. Мысалы, «Кофе маған барлығын: кім екенімді және кім болатынымды көрсет!».

Кофе ұнтағының қалдықтары бар шыныаяқ/Getty Images

Кофе ұнтағының қалдықтары бар шыныаяқ/Getty Images

Болашақты кім болжай алады?

Кофенің тұнбасына қарап, оның белгілерін оқуды сол кофені ішкен адам емес, басқа біреу жасауы керек. Түркияда мұны көбіне арнайы балшылар жасайды, оларды әсіресе туристік орталықтардағы кофеханалардан табуға болады. Kahve fali немесе жай ғана fal деп аталатын кофе арқылы бал ашу шеберлігі ол жерлерде кеңінен таралған. Еуропада балшылардың рөлін құрбылар немесе туыстар атқара береді, әйткенмен қасыңызда ешкім болмаса, кофе салған суреттердің символикасын зерттеп, болашақты өзіңіз болжап көріңіз. Дегенмен, мұның ең соңғы шешім болғаны жөн! Себебі бұл жағдайда сіз екі рөлді де: тілек білдіруші мен балшыны — өзіңіз атқарасыз, осылайша ритуалдың маңызды бөлігінен, яғни өсек-аяңды талқылаудан мақұрым қаласыз.

Исаак Крукшенк. Сәуегейлік негіздері немесе князьдік тағамдар. 1789/Wikimedia Commons

Исаак Крукшенк. Сәуегейлік негіздері немесе князьдік тағамдар. 1789/Wikimedia Commons

Кофенің өрнектерін қалай көруге болады?

Жаттықпаған болсаңыз шыныдағы тұнба көзіңізге түсініксіз қоспа болып көрінуі мүмкін.

«Таптым, - деді Рон. – Қарашы, Хәрри, кесемнен не көріп тұрсың?

– Қоңыр лай, - бөлмедегі ауыр тұншықтырар иістен көзіне ұйқы тығылып, Хәрри не болып жатқанын ұқпай тұрған.

– Басты істетіңдер, қымбатты, достарым. Көздеріңіз күнделікті өмірдің пердесін түріп тастап, терең сүңгуі қажет.

Трелонидің дауысы қою тұманның арасынан шығып жатқандай әсер қалдырды.

Хәрри барынша ден қоюға тырысты.

– Көріп тұрған сияқтымын, - деді ол ақыры. – Айқышқа ұқсайтын бірдеңе...”ii«Хәрри Поттер мен Азкабан тұтқыны», Жоан Роулинг

«Гарри Поттер және Азкабан» тұтқыны фильмінені көрініс /Ашық дереккөздерден

«Гарри Поттер және Азкабан» тұтқыны фильмінені көрініс /Ашық дереккөздерден

Кофенің тұнбасындағы өрнектер мен суреттер бірқатар жаттығудан кейін көріне бастайды. Сонымен қатар, кәсіби балшылар әрдайым кофе ішкен адаммен сөйлесіп, болшағы үшін не нәрсеге алаңдайтынын әрі не күтетінін сұрап әңгімелеседі. Осыдан кейін кофедегі паттерндер мен суреттерді байқау бұдан да оңай бола бастайды.

Өрнектің қандайын оқу керек?

Кофе өрнектерін тәпсірлеу әдетте, жағымды қалыпта жүреді. Ритуалдың танымал болуының себебі де сол — жағымды хабарлар әкеліп, адамды тыныштыққа бөлейді. Мысалы, егер кофе тұнбасының көп бөлігі кеседен тарелкеге төгілсе, мұнысы «уайым көп» дегенді білдіреді. Тарелкеге жиналған тұнбаның шағын төмпешігі «ақша келе жатыр» деген хабарды білдіреді. Егер кесе тарелкеде тегіс шеңбер қалдырса, онда ойлаған нәрсеңіз орындалады. Ал егер шеңбер бұзылған болса, ештеңе айқын емес, әрі қарай кеңес алу қажет.

Тағдырды болжау. 1766-1784 жылдар аралығында/Wikimedia Commons

Тағдырды болжау. 1766-1784 жылдар аралығында/Wikimedia Commons

Балшы тек кеседегі өрнектерді зерттеп, тарелкені ысырып қойса, онда өрнектердің орналасу мағынасы мынадай: кесенің түбі — өткен шақ, ортасы — қазіргі шақ, ал шеткірегі — болашақ.

Басқа жағдайларда, өткен шақты тарелкедегі өрнектерден біледі, ал кесеге қарап, балшы дәл қазіргі кез бен болашақтың жайын біледі. Бұл жағдайда, кесенің түбіндегі өрнектер адамның жан дүниесіндегі жағдайды көрсетеді, ал кесенің қабырғаларындағы өрнектер — өмірлік оқиғаларды сипаттайды.

Балшы кесені қолында ұстап, ұстайтын жерін бал аштырушы жанға бағыттай отырып ойша оны тік және көлденең сызықтармен бес бөлікке бөлетін күрделі әдістер де бар, бұл бес бөліктің әрбірінің өз мағынасы бар. Тұтқаның айналасындағы аймақ махаббат пен қарым-қатынасты бейнелейді, оған қарама-қарсы бөлік ақшамен байланысты. Тұтқаның сол жағында бал аштырушының қазіргі күйі көрсетіледі, ал оң жағындағы бөлік болашақты болжайды. Кесенің түбі үй мен отбасыға қатысты оқиғалардың талдауын береді.

Өрнектерді зерделеуді шеткі бөліктен бастау керек. Әрдайым бірінші кезекте болашақты зерделеген жөн.

Николас Джозеф Кроули. Ескі көріпкел жас әйелдің тағдырын болжайды. 1842/Wikimedia Commons

Николас Джозеф Кроули. Ескі көріпкел жас әйелдің тағдырын болжайды. 1842/Wikimedia Commons

Әдепкі өрнектер

Сызықтар

Тік сызықтар өмірлік мақсаттарды білдіреді. Сызық неғұрлым анық болса, нәтиже соғұрлым жақсы болады, ал егер сызық кесенің шетіне дейін жетсе, нәтижеге ендігі жақындап қалғаныңызды білдіреді. Кесенің ішінде түзу сызық немесе ашық түсті түзу жол ешқандай кедергінің жоқ екенін әрі ойға алған дүниеңіздің баршасының еш қиындықсыз жүзеге асатынын білдіреді. Көлденең сызықтар деңгейлес басқа өрнектермен бірге түсіндіріледі әрі әртүрлі уақыт кезеңдерін білдіреді.

Сызықтар/Qalam редакциясы

Сызықтар/Qalam редакциясы

Нүктелер

Ұсақ нүктелер — бұл ақша. Нүктелер неғұрлым көп болса, келешекте сізде соғұрлым көп ақша болады.

Нүктелер/Qalam редакциясы

Нүктелер/Qalam редакциясы

Шеңбер

Ойға алған ісіңізде табысқа жетесіз.

Шеңбер/Qalam редакциясы

Шеңбер/Qalam редакциясы

Үшбұрыш

Сізді өзгерістер күтіп тұр.

Шаршы

Тыныш, мамыражай өмірді күтіңіз.

Үшбұрыштар мен төртбұрыштар/Qalam редакциясы

Үшбұрыштар мен төртбұрыштар/Qalam редакциясы

Y

Жақында таңдау жасау қажет болады. Бұл белгі кейде жақын уақытта досыңыздан көмек алатыныңызды да білдіреді.

Y/Qalam редакциясы

Y/Qalam редакциясы

Леп белгісі!

Сізге қауіп төніп тұр немесе қатты қайғы күтіп тұр!

Леп белгісі!/Qalam редакциясы

Леп белгісі!/Qalam редакциясы

Екі нүкте

Екі нүктеден құралған композициядағы екі нүкте бір-бірінің үстіне орналасса, сәттілікті білдіреді.

Күннің шығуы (шеңберден таралатын сызықтар)

Армандарыңыз орындалады әрі бұл жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.

Екі нүкте және Күннің шығуы/Qalam редакциясы

Екі нүкте және Күннің шығуы/Qalam редакциясы

Тәспі тастары

Тәспіге ұқсайтын ірі нүктелерден құралған өрнек, ойлаған мақсатыңызға жету үшін күш-жігер мен құрбандық қажет екенін білдіреді.

Емен жаңғағы

Мұра алу. Қазына.

«Рон кесені аударды.

– Бұл енді дәл емен жаңғағы сияқты. Қане, мұның нені білдіретінін қарайық. – Ол ашылған беттерді сүзіп шықты.

– «Күтпеген қуаныш. Кенеттен аспаннан алтын жауады».

«Гарри Поттер мен Азкабан тұтқыны»iiЖоан Роулинг

Тәспі тастары мен Емен жаңғағы/Qalam редакциясы

Тәспі тастары мен Емен жаңғағы/Qalam редакциясы

Айқыш

Өлім қаупі, жасырын жау

Айқыш/Qalam редакциясы

Айқыш/Qalam редакциясы

Кофемен бал ашу идеясы қайдан шықты?

Қою сұйықтықтың тұнбасымен бал ашу — тассеография, түрік кофесі пайда болғаннан көп бұрын бар ежелгі практика. Ежелгі абыздар құрбандыққа шалынған жануардан шығатын қанның өрнектерін және ішкі ағзаларының күйін зерттейтін. Орта ғасырлардан бастап Еуропада қатып қалған балауыз немесе қорғасын өрнектеріне қарап бал ашу кең тарады. Түріктер мен моңғолдар отпен күйдірілген қойдың жауырын сүйегіндегі өрнектерді зерделейтін. Қытайда шай кесесінде қалған шай жапырақтарының өрнектерін зерттейтін.

Уақыт өткенімен, бал ашудың мәні мыңдаған жылдар бойы өзгеріссіз қалды. Тек әдіс пен медиум өзгерді. Ендігі жануарларды құрбандыққа шалып, олардың қаны мен ішкі ағзаларындағы өрнектерді зерттемейміз немесе күміс легенге балауыз құймаймыз. Есесіне, түрік балшысы кофенің тұнбасындағы өрнектерге үңілгенде, ол тысқары әлеммен байланысып жатыр деп есептеледі.

Chase & Sanborn компаниясының кофе мен шәйға арналған жарнамасы/Wikimedia Commons

Chase & Sanborn компаниясының кофе мен шәйға арналған жарнамасы/Wikimedia Commons

Нені оқуға кеңес беріледі?

«Қытай даналық кітабы» («Тун Син») — шәй жапырақтарына бал ашу мен тассеография жайында.

«Кофе тұнбасымен бал ашу» Джемма Уайт.

Александр Привалов

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ