
Америкада жасалған жаңа жылдық ашықхат, 1875 жыл/Alamy
Оқ-дәрі, компас, қағаз және кітап баспасы. Бұл — Қытайдың төрт ұлы өнертабысы. Мына тізімге сіріңке кірмей қалды, себебі ортағасырлық Қытайда сіріңкенің прототипі деп айтуға болатын затты ғана ойлап тапты. Бұл зат — күкірт жағылған қарағай жаңқасы. Онымен от тұтату мүмкін емес еді, дегенмен әлсіз жанып тұрған оттың өзін алаулатып жібере алатын қасиетке ие болатын.