Жесір қалған француз жазушысы (Изабель Юппер) Осакаға ұшып келіп, жергілікті оқырмандармен кездесу легін өткізеді. Оны баспагер Кендзо (Цуеси Ихара) күтіп алады. Екеуінің арасында баяу бір махаббат ұшқыны пайда болады. Дегенмен оның көзіне жүк беретін жерде, шомылатын бөлмеде, кейде кітап дүкенінде қолтаңба беріп жатқанда бақилық болған күйеуі Антуанның елесі көрініп, ойға шомып іштей мазаланады. Елестің рөліндегі Аугуст Диль Патриарх көлшігіндегі сайтанның бейнесінен әлдеқайда жағымды көрінеді.
«Жапониядағы Сидониді» түсірген Элиз Жирардың бірінші фильмі «Бельвилль-Токио» деп аталады. Бірақ онда Токио синефил-кейіпкерлер жарқыраған кинофестиваль өтіп жатқан жер ретінде кадрдың сыртында қалған еді. Оның жаңа фильмінде Жапония тек сюжеттің аясы емес — картинаның түпкі мәні. Кейбіреуі Жапонияны «Сегун» деген көлемді сериал арқылы түсініп көргісі келеді, ал Элиз Жирар, менің ойымша, қарапайым материалмен-ақ әлдеқайда терең анықтама жасағандай көрінеді.
Фильмде бұл елге алғаш келген адамның сезімі өте анық көрінеді. Әуежайға баратын жол, қонақ үй, көлік жүрмейтін автомагистраль, бұтаққа қонған үкі, Киото метросындағы қызыл орындықтар, гүлдеген сакура аясындағы махаббат, бұл да ертегі мен елестер әлемінің арасындағы көпір секілді. Әр кадр хокку сияқты ешкім байқамайтын жапондық ерекшелікті дөп басады.
«Мен құдды басқа планетада жүрген сияқтымын, бәрі басқаша, мен де басқамын», – дейді кейіпкер Изабель Юппер. Жапония планетасында болған кез келген адам мұндай таптаурынның өзі таза шындық екенін растай алады.
Сидони баспагерге төсектес болғысы келетінін мойындағанда, ол оған Жапонияда бұлай айтпайды, тек істейді деп жауап береді. Бұл өлкетанулық ескертпе франциялық тағы бір автор Ролан Бартты1i1Ролан Барт (1915–1980)франциялық философ-струтуралист, жиырмасыншы ғасырда өзі не туралы жазса да, сән теориясы немесе Жапония туралы болса да, ең нәзік әрі нақты жазатындарды бірі және оның Жапония туралы «Белгілер империясы» деген кітабын еске түсіреді:
«Бұлай болатын себебі, онда дене өмір сүреді, ашылады, әрекет етеді, айқайсыз беріледі, нарцизмсіз өтеді, тек эротикалық әрекетке бағынады, бірақ оны өте сыпайы жасырып қояды. Әңгімеде көбіне дауыс емес (онымен біз тұлғаның «құқын» қатаңдатамыз; ол не білдіруі мүмкін? Біздің таза жанымызды ма? Біздің шынайылығымызды ма? Біздің беделімізді ме?), тұла бойы, (көз, күлкі, шаш, белгі, киім) қимылы сізге бірдеңе айтып тұрғандай».
Бұл киноны және жалпы Жапонияны түсіну үшін керек тағы бір Барттың сөзі бар. Бірақ сәл ұзақ, дәстүр бойынша қарапайым жапондық нәрселерді түсіндіру үшін көп сөз керек-ақ: «Егер жапон гүлшоғы, заттары, ағашы, гүлі, жүзі, бақтар, мәтіндер, заттар мен әдеті, бәрі бізге кішірейтілген күйде көрінеді (біздің мифологияда үлкен, кең, шексіз, ашық нәрселерді әспеттейді ғой). Бірақ бұл оның көлеміне байланысты емес, кез келген, тіпті ашық әрі нақты нәрселер мен белгілердің бәрі дөп жазылғандай әсер қалдырады. Миниатюра көлемімен емес, өзін анықтайтын, ұстап тұратын, аяқтап, бүтін бір дүниеге айналдыратын нақтылықпен көрінеді. Бұл нақтылықта ақыл не мораль жоқ: заттың тазалығы пуритандықпен (яғни, дақсыздықпен, шынайылықпен) емес, галлюцинациялық бір қосымша арқылы не болмаса нәрсенің айналасындағы мағыналық ореолын кесіп тастау арқылы, оның дүниедегі болмысынан, қашып құтылуынан арылу арқылы қол жеткізіледі. Осылайша, заттың шеңбері көрінбейді: жапон задының айналасында айқындалған сызық, түске, көлеңкеге немесе бояуға толтырылатын сурет жоқ; оның айналасы — ештеңе, оны қоршап тұрған бос кеңістік (ал біз үшін — бұл кеңістік оны сығымдап, кішірейтіп тұрғандай әсер береді).
Миякэ Хишоси деген зерттеуші «Жапон халқының діні» кітабында жапондық дәстүрге сай әртүрлі құдайлардан пана іздейді және пана табу үшін оларға сыйынады. Ал ешкім іздемейтіндері не табиғат құбыжығына, не адами елеске айналады. Сондықтан табунышысы көп құдай мен тысқары қалған елестің арасындағы шегара да тым нәзік. Сидони да «сіз жазушысыз ба?» деген сұраққа «иә деуге де, жоқ деуге де болады» деп жауап береді.
Күйеуінің елесі көзден ғайып болып, жоғала бастайды, ал оның ішкіш абориген-ғашығы Сидониге бұның қалыпты екенін, себебі ол оны көргісі келмейтінін айтады. Өз өміріңді жалғау үшін өлгендерді босату керек. Бұдан өтірік пен сатқындықты көруге болады. Бірақ Юппер үнемі әлгі «санасыздық пен моральдың жоқтығын» көзқарасымен тым жақсы көрсететін. Өтірікке келсек, бұл фильмде өтіріктен аяқ басып жүре алмайсың, оған мысал, мына сөз:
-
Біз Италиядағы Каприде жүргендейміз.
-
Жапондықтар көшірудің һас шебері.