ВИЗАНТИЯ ЖӘНЕ ТҮРКІЛЕР

6-дәріс. Селжұқтардың басып кіруі

Грек алауы. «Мадридтік Скилица» қолжазбасынан алынған миниатюра. 12 ғасыр / Wikimedia Commons

Византия түркілермен қалай танысты, қалай күресіп, татуласты және олардың қолынан қалай талқандалды? Византиятанушы, ирантанушы және түркітанушы Рустам Шукуровтың «Селжұқтардың басып кіруі» атты алтыншы дәрісі 14 ғасырда Византияның толықтай дерлік жоғалуына себеп болған Анадолыдағы селжұқ түрікілерінің шешуші шабуылына арналған.

1203–1204 жылдардағы оқиғалардан және кресшілердің соққысынан Константинополь құлағаннан кейін Византия өзара бәсекелес үш мемлекетке (Никей, Эпир және Трапезунд империялары) ыдырады. Сонымен қатар көп ұзамай армяндар Анадолының оңтүстік-шығысында өз патшалығын құрып, Армян Киликиясы11КиликияКиликия деп ежелгі грек мифінің кейіпкері Қиликтің құрметіне Кіші Азияның оңтүстік-шығысындағы аймақты атаған. Армяндар бұл аумаққа б.д.д. I ғасырда Ұлы Армения пайда болған кезде қоныстанған. Византиядан толық тәуелсіздік алды. Бұл Византия әлемінің түркілермен текетіресіндегі позициясын әлсіретуі керек еді. Алайда Византияның сүргінге ұшырауы грек-түркі текетіресінің барысына еш әсер еткен жоқ.

12–13 ғасырлар тоғысында мұсылман дінді Анадолыдағы ең қуатты мемлекет — Селжұқ сұлтандығы тұрақсыздық пен ішкі алауыздық кезеңіне аяқ басты. Құдыретті сұлтан ІІ Қылыч-Арслан өлерінен сәл бұрын көне түркі әдет-ғұрпы бойынша өзінің иелігін тоғыз ұлының, ағасы мен жиенінің еншісіне бөлді. Сұлтан түркі даласының көшпенділері ұстанған, атадан қалған, бірақ отырықшы қоғамға қолайсыз мұрагерлік заңдарына сәйкес жерлерді үлестірді, осылайша ол сұлтандықты көп жылға созылған ішкі алауыздыққа душар етті. Тұрақтылықтың белгілері тек 13 ғасырдың басында ғана оның ұлдарының бірі Рукн ад-Дін Сүлейман барлық дерлік енші жерлерді өз билігінде қайта біріктіре алған кезде ғана пайда болды. Алайда 1204 жылдың шілдесінде сұлтан Рукн ад-Дін Сүлейман күтпеген жерден қайтыс болғаннан кейін шонжарлардың қолдауына ие болмаған оның жас ұлы ІІІ Қылыч-Арслан алты айдан астам билік жүргізді. Сұлтандықтың жағдайы тек 1205 жылдан бастап, яғни II Қылыч-Арсланның ұлдарының бірі — I Гийас ад-Дін Кайхусрав (1205–1211) екінші рет билік құрған уақыттан бастап нығайды.

Никей империясында да, Трапезунд империясында да биліктің жедел шоғырландырылуы арқасында Анадолыдағы гректер өткен онжылдықтарда әлсіреген шекараны тұрақтандырып, нығайта алды және өз аумағына көшпенділердің дендеп шабуылдауына қуатты тосқауыл қойды. Алайда түркі көршілерімен және Византия билігінің екі орталығымен қарым-қатынас парадигмалары айтарлықтай ерекшеленді. Трапезунд империясы құрылған кезден бастап Селжұқ сұлтандығымен қақтығысып, сұлтандықтың Қара теңіздегі сауда және саяси мүдделерін қозғады. Ал никейлер, керісінше, көбіне-көп селжұқтармен одақтас болды. Никейлер мен селжұқтар арасындағы негізінен бейбіт қарым-қатынастың дамуына көп себеп болды, атап айтқанда, грек және селжұқ элитасы арасындағы жекелеген терең байланыстар, тіпті олардың арасында мәдени жақындық болды. Алайда Византия мен Селжұқ шонжарлары арасындағы достық қарым-қатынас 12 ғасырдың бірінші жартысындағыдай қарқынды болмаса да, шекаралас аймақтарда Византия жерлеріне тонаушылық шабуыл жасауды жалғастырған көшпенділердің жаугершілігін еш бәсеңдеткен жоқ. Көшпенділер Византия шекарасының қауіпсіздігі үшін басты мәселе болып қала берді.

Тинторетто. 1204 жылы Константинопольды қоршауға алған крестшілер. 1580 жыл / Alamy

Тинторетто. 1204 жылы Константинопольды қоршауға алған крестшілер. 1580 жыл / Alamy

Селжұқтардың порттарды басып алуы

Шекарадағы соғыс белсенділігінің айтарлықтай төмен болуына және жергілікті билік орталықтарының Никея мен Трапезундта сәтті шоғырландырылуына қарамастан, 13 ғасырдың алғашқы екі онжылдығында Анадолы түркілерінің стратегиялық жағдайында маңызды бетбұрыс болып, болашақта византиялықтардың Анадолыдан толық ығыстырылуын көбіне алдын ала белгіледі. Селжұқтар Жерорта теңізі мен Қара теңіз жағалауына бұзып-жарып өтіп, сонда бекініп алды. 1207 жылы I Ғийас ад-Дин Кайхусрав реніш білдірген саудагерлердің шағымдарын тыңдап, шамамен 1204 жылдан бастап эллиндік итальялық Альдобрандини әулетіне тиесілі Атталияны басып алды. АтталияныiҚазіргі Анталья жаулап алған селжұқтар Жерорта теңізіне жарып өтіп, сол арқылы Анадолының оңтүстігіндегі Киликия Армениясының гректері мен армяндары арасындағы байланысты біржолата жойды.

1214 жылы селжұқтар Оңтүстік Қара теңіз маңы аймағындағы стратегиялық маңызы бар Синоп әскери және сауда портын трапезундықтардан тартып алды. Синоптан айырылуының нәтижесінде Византия билігінің Анадолыдағы үстемдік аясы алғаш рет екіге: бір-бірінен оқшауланған екі аса үлкен анклав — Батыс Анадолы және ПонтiЕжелгі грек тілінде — Қара теңіз болып бөлінді. Бұдан кейін византиялықтар Анадолы үстіртіндегі мұсылман қалалық орталықтарына, яғни Конья, Кастамон, Гангра, Анкараға ешқашан қауіп төндіре алмайтын болды. Қайта керісінше, бұрынғы шекаралық аймақта 13 ғасырдың ортасында түркімен көшпенділерінің жаңа әмірліктері орнығып, Византия иеліктеріне қысымды күшейте түсті. Негізгі қала орталықтары бар Анадолы үстіртіне византиялықтардың мүлдем қолы жетпейтін болды. Осылайша Византия өркениетінің Батыс Анадолы және Шығыс Анадолы анклавтары түрікмен көшпенділерінің удждарымен мықтап жабылып қалды, ал гректер Анадолыны қайта жаулап алудың 12 ғасыр бойы шынайы болған мүмкіндігінен біржолата айырылды.

Нұхтың кемесі. Селжұқтар дәуіріндегі араб қолжазбасынан алынған миниатюра. 13 ғасыр / Alamy

Нұхтың кемесі. Селжұқтар дәуіріндегі араб қолжазбасынан алынған миниатюра. 13 ғасыр / Alamy

Миграцияның екінші толқыны

13 ғасырдың басына қарай көшпелі халық топтарының бірінші легінің жойқын зардабы бірте-бірте сейіле бастады — көшпенділердің көпшілігі отырықшылық өмірге көшті, басқалары Анадолының батысы мен солтүстігінде византиялықтармен, оңтүстікте армяндармен және солтүстік-шығыста грузиндермен, сондай-ақ материктік Анадолыдағы отырықшы аудандарда селжұқтардың өздерімен шайқаста ажал құшты. Алайда монғолдардың жаулап алуына байланысты шамамен 13 ғасырдың 30 жылдарында Анадолы аумағына көшпенділер миграциясының жаңа кезеңі басталды. Шығыс Түркістаннан, Орта Азиядан және Ираннан моңғолдар ығыстырған көптеген түрікмен және басқа да түркі тайпалары қайтадан Кіші Азияға ағылды. Олардың Кіші Азияға келуі егіншілік аймақтарындағы отырықшы мұсылмандар үшін де, жергілікті грек, армян мен грузиндер үшін де бірдей жойқын сипатта болды. Лек-легімен ағылып келген көшпелі тайпалар Анадолы жерінен шығыстан батысқа қарай өтіп, дәстүрлі өмір формаларын бұзып, бір ғасыр бұрын болғандай аумақтардың номадизациясына әкеп соқтырды. Көшпенділер XIII ғасырдың 50–60 жылдарында Селжұқ-Никея шекарасында өте жоғары шоғырлану дәрежесіне жетіп, мұнда «Анадолы дәлізінің» аяғына, Византия шекарасына тірелді деуге болады.

1230 жылдары Анадолының шығыс шекарасында моңғолдардың пайда болуы Никея-Селжұқ қатынастарын айтарлықтай өзгертті. Моңғолдар шабуылдап келе жатқан жағдайда екі держава жақындасты. 1243 жылы Никея отряды ирандық моңғолдармен Кёсе-Дагтағы шайқаста (1243 жылдың 26 маусымы) селжұқтар жағында қатысты, бірақ біріккен күштердің тас-талқаны шықты. Селжұқ сұлтандығы көп ұзамай ирандық моңғолдардың қуыршақ мемлекетіне айналып, олар 1256 жылы орталығы Солтүстік-Шығыс Иранда (Марага, Султания, Табриз) орналасқан Ильхандар Мемлекетін құрды. Мұндай жағдайда никеялықтар моңғолдармен байланыс жасаудан қашқақтамай, өздерінің иеліктері мен моңғолдық Иран арасындағы бөгет деп қарастырған Селжұқ сұлтандығына қолдау жасауын жалғастырды.

1243 жылы Кёсе-даг шайқасы. Гетум Патмичтың Шығыстағы елдерiнiң тарих бақшасы атты еңбектен алынған миниатюра. 14 ғасыр / Alamy

1243 жылы Кёсе-даг шайқасы. Гетум Патмичтың Шығыстағы елдерiнiң тарих бақшасы атты еңбектен алынған миниатюра. 14 ғасыр / Alamy

Византия-түркі қарым-қатынасындағы осынау жаңа үрдістер Византия саясатының басымдықтарының түбегейлі өзгеруімен тұспа-тұс келді. 1261 жылдың шілдесінде Никеяның көрнекті қолбасшысы кесарьiгр. Καῖσαρ, яғни цезарь. Византияда цезарь атағы империяның ең жоғары лауазым иелеріне берілді. Алексей Стратигопул византиялықтар мен «скифтердің» шағын отрядымен Константинопольге байқаусызда шабуыл жасап, қаланы басып алды. 1261 жылдың тамызында Никея императоры VIII Михаил Палеолог қалаға салтанатты түрде кірді, ал император сарайының шонжарларынан кейін ол жерге патриарх та оралды. Гректердің Константинопольге оралуы Византияның қалпына келтірілуі деп қабылданды.

Константинопольге оралғаннан кейін византиялықтар империяның Балқандағы позицияларын қалпына келтіруге, сондай-ақ Батыс Еуропа саясатындағы беделін қалпына келтіруге ұмтылып, империяның шығыс провинцияларына барған сайын аз назар аударатын болды. Анадолыға ағылып келіп, Византия шекара аймағында шоғырланған көшпенділер гректерге қысымды күшейтіп, Кіші Азияның батысындағы құнарлы алқаптарды басып алуға кірісті. Византиялықтар селжұқтармен және Иран моңғолдарымен одақтаса отырып, 13 ғасырдың 60 жылдарынан бастап удж көшпелілерінің сазайын тартқызу әрекетін жасады, бірақ бұл уақытша ғана нәтиже берді, — көшпелілердің саны барған сайын көбейіп, оларды жеңу қиындай түсті. 13 ғасырдың аяғы мен 14 ғасырдың басында Константинопольдің Батыс Анадолыдағы стратегиялық маңызды мекендерді ұрыспен қайтарып алу үшін кешігіп әрекет жасауы мүлдем сәтсіз аяқталды, 14 ғасырдың бірінші онжылдығында Византия шағын анклавтарды қоспағанда, Батыс Анадолыдан мүлде айырылды.

Qalam редакциясы

Qalam редакциясы

Селжұқ портреттері

Иран моңғолдары Селжұқтарды өздерінің қуыршағына айналдырды, ал Ираннан Анадолыға халықтың лек-легімен көшіп келуі демографияны және одан кейін Анадолы мәдениетін түбегейлі өзгертті. 13 ғасырдың соңғы онжылдықтарында Анадолы тарихындағы «селжұқтар» кезеңі аяқталды. Византиялықтар мен Анадолы түркілерінің арасындағы екі ғасырға жуық уақытқа жалғасқан қарым-қатынастың тарихы Византия дәстүрінде жарқын із қалдырды, атап айтқанда Византия өмірінде маңызды рөл атқарған Анадолы кейіпкерлерінің ұзын тізбегі, гректердің жоғары мәдениеті мен күнделікті өміріне әсері, грек тіліне ондаған «варвар» сөздердің кіруі. Біздің бүгінгі әңгімеміз бұл әсердің бәрін егжей-тегжейлі талдайтын орын емес, ол бөлек әңгіменің тақырыбы болуы тиіс. Мен тек қана тұлғалар типологиясын және маңызды байланыс феномендерін сипаттап, кейбір мысалдармен дәлелдеймін.

Византия жерлеріне барған Анадолы мұсылмандарының басшылары византиялықтарға елеулі әсер қалдырды.22Селжұқтардың василевслерге сапары1093 жылдың өзінде-ақ Никея астанасы болған, 1084-1096 жылдар аралығында Анадолының батыс және орталық бөліктерін басқарған қуатты және жауынгер селжұқ әмірі Әбу әл-Қасым Константинопольдегі I Алексей Комненостың қонағы болып шықты. Селжұқ сұлтаны Мәлікшах (1110-1116) I Алексиос Комненоспен бітімге келгеннен кейін Константинопольге барды. Ал келесі сұлтан I Масуд (1116-1155) саяси жер аударылғандар ретінде Константинопольге қашып кеткен мұсылман Анадолы билеушілерінің ұзын сапындағы алғашқысы болды. Сонау 1093 жылы Константинопольде I Алексей Комниннің қонағы, астанасы Никеяда орналасқан және 1084–1096 жылдар аралығында Анадолының батыс және орталық бөліктерін бақылауында ұстаған құдыретті және жауынгер селжұқ әмірі Әбу әл-Қасым болды. Селжұқ сұлтаны Мәлікшах (1110–1116) I Алексей Комнинмен бітімге келгеннен кейін Константинопольге барды. Ал одан кейінгі сұлтан I Масʿуд (1116–1155) саяси эмигрант ретінде Константинопольге қашып кеткен Анадолыдағы мұсылман билеушілерінің ұзын-сонар қатарының ішіндегі алғашқысы болды.

Византиялық тарихшылардың селжұқ сұлтаны II ʿИзз ад-Дін Кылыч-Арсланның және әсіресе оның император I Мануил Комниннің сарайына ресми сапарының жарқын сипаттамасы хрестоматиялық мысалға жатады. Византиялықтар сұлтанның жолы болғыш екенін және басқарушылық дарынын сөзсіз мойындап, оны өте қауіпті қарсылас деп бағалады. Бірақ Хониатi12-13 ғасырлардағы Византия тарихшысы оны бәрін ішінде сақтайтын, екіжүзді және жымысқы, өзінің патша туыстарына қатыгез, байлыққұмар және Византия жерлерін тонап, басып алуға мүдделі билеуші деп есептеді.

Сонымен 1161 жылы ʿИзз ад-Дін Кылыч-Арслан Константинопольге барып, василевс I Мануилмен ұзақ мерзімді бейбіт келісім жасасуға шешім қабылдады. Мануил оның сапарлап келуін империяның даңқын көтеруге әсер ететін өзінің үлкен табысы деп санады. Мануил мен Кылыч-Арслан әдетте Қала тұрғындарының барлығы дерлік қатысатын тамаша сән-салтанатты рәсімнің шеңберінде Константинопольге бірге кіреді деп ұйғарылған. Алайда жоспарланған сән-салтанатты рәсім өтпей қалды. Патриарх Лука Хрисоверг мұсылман сұлтанының рәсімге қатысуына қарсы болды, өйткені Византия сарайының ережесі бойынша онда христиандық рәміздер — әулиелер мен Мәсіхтің бейнелері, хоругвь – діни суретті жалаулар және т.б. болуы керек. Константинопольде салтанатты рәсім өтетін күннен біраз уақыт бұрын қуатты жер сілкінісінің болуы патриарх пікірінің дұрыстығының көкте расталуы сияқты болды және бұл жаман белгі ретінде қарастырылды. Византиялықтар сенім мәселесінде өте әсерленгіш болды, сондықтан мұсылманның қатысуымен салтанатты рәсім өткізуден бас тарту оларға тән еді.

Константинопольдағы Үлкен сарай мен Ипподромның көрінісі. Реконструкция / Antoine Helbert

Константинопольдағы Үлкен сарай мен Ипподромның көрінісі. Реконструкция / Antoine Helbert

Қалай болғанда да Константинопольде Қылыч-Арсланды қабылдау бұрын-соңды болмаған оқиғаға лайық ерекше сән-салтанатпен ұйымдастырылды. Мануил сұлтанды алғаш ресми қабылдаған кезде еденнен өте биік тұрған және әшекейленген асыл тастардың көптігінен жарқыраған сәнді алтын тақта отырды. Императордың өзі ашық қызыл түсті көйлек киді, ол көп лағыл және інжумен әсем безендірілген, кеудесінде мойнына таққан алтын шынжырға ілулі тұрған алманың көлеміндей асыл тас болды. Тақтың екі жағында салтанатты рәсімге арналған сәнді көйлек киінген мәртебелі адамдар дәрежесі бойынша қатар-қатар тізіліп тұрды. Византиялық бір автордың айтуынша, осынау асқан сән-салтанатқа таңғалған Қылыч-Арслан аласа отырғышқа жайғасуға ризашылық білдіріп, соның өзінде оған отыруға бата алмай біраз тұрыпты. Бұл бөлімде Мануил Византия патшаларының көптен бергі стратегиясын жалғастырды — бірінші аудиенция әрқашан ең маңызды болып саналды және сапармен келген шетелдіктерге сөзсіз психологиялық қысым жасауға бағытталды.

Екі патша Қаланың оңтүстік бөлігіндегі Үлкен Сарайда той тойлады, грек отымен33Грек отыВизантиялықтар теңіз шайқастарында және бекіністерге шабуыл жасау кезінде қолданатын жанғыш қоспасы. Грек отының жалыны сумен сөнген жоқ. Оның құрамы қазіргі таңда жоғалып кеткен. шағын қайықтарды жағып ермек етті, Константинополь ипподромында ат жарысы мен басқа да ойын-сауыққа әбден тоя көңіл көтерді. Айта кетерлігі ипподромға байланысты византиялықтардың таңғаларлық бір оқиғасы бар еді. Анадолыда тұратын бір мұсылман кісі үлкен биіктіктен секіремін деп жар салады. Ол үшін үстіне өте кең киім киіп, одан көптеген қатпар пайда болатындай етіп бірнеше жерінен талдан жасалған сақиналармен мықтап буады.
Оның ойынша, бұл киім оған ипподром аренасында (яғни, шамамен 400 м немесе одан да көп биіктікте) еркін қалықтауға мүмкіндік беруге тиіс еді. Ол қанат-киімінің (wingsuit) көмегімен ауада еркін қалықтайтындай сәтті мақсат еткені анық. Бұл кісі «агарян», яғни Исмаил пайғамбардың ұрпағы болатын, ол carceresiКарцер — екі дөңгелекті күйме ипподром алаңына кіретін бастапқы қақпа. үстіндегі Лисипптің «Квадригасымен» безендірілген мұнарадан, яғни ипподромның ең биік нүктелерінің бірінен секірді.

Бұл агарян қолайлы тараптан жел соғуын күтіп ұзақ тұрды, сосын үстіндегі алба-жұлба көйлектің қатпарларына жел жиналсын дегендей екі қолын көтерді. Көрермендер оның бұл ісіне үлкен сенімсіздікпен қарап, әзіл-қалжыңмен қағытып отырды, ал I Мануил болса қызметшілерін жіберіп қайсар мінезді адамды райынан қайтаруға тырысты. Ақырында, агарян қанатын кеңге сермеп биіктен құлдилай секіреді, ақырында ол ... бәрі ойлағандай сәтсіздікке ұшрап мерт болады.
Бірақ қазіргі заманғы қанат-киім киіп секіретін адамдардың тәжірибесіне қарап отырып бұл агарянның (егер ондай әрекет жасаған болса) ұшуға мүмкіндігі болды деп болжауға болады, әрі оның киімі мен заманауи wingsuit арасында айтарлықтай көп ұқсастық та бартын. Константинопольдің қатыгез халқы жолы болмаған бұл адамды ұзақ мазақ қылды және агарянның сәтсіздікке ұшырап ажал құшқанын сұлтанның нөкерлеріне қайта-қайта айтып келемеждеп еске алумен уақыт өткізді.

Әулие Марктың квадригасы. Мүсін. Қола. Б.з.д. 14 ғасыр /Wikimedia Commons

Әулие Марктың квадригасы. Мүсін. Қола. Б.з.д. 14 ғасыр /Wikimedia Commons

I Мануил осынау сән-салтанатпен сұлтанға қыр көрсетіп, психологиялық тұрғыда тұйыққа тіреуге тырысты. Сарайдың бір бөлмесін қымбат сыйлықтарға (қымбат мәнет, киім-кешек, ыдыс-аяқ) толтырып, сұлтанды сонда алып келіп, бұл байлықтан өзіне не қалайтынын сұрады. Сұлтан императордың берген нәрсесін қанағат тұтатынын айтып қарапайым жауап қайырды. Мануил қонағын келеке қылуды жалғастырып: «Егер Мануил осындай қазынаның бәрін жұмсап әскер жалдауға және оны жабдықтауға шешім қабылдаса, Рим империясына жаулардың ең болмағанда біреуі қарсы тұра ала ма?», – деп сұрады. Сұлтан бұл қазынаға ие болса, өзінің барлық жауларының сазайын тартқызатынын айтып таңдана жауап берді. Күткен жауабын естіген Мануил өктем сөйлеп, осы бөлмедегі қазынаның барлығын сұлтанға сыйлағанын жариялады. Ал Қылыч-Арслан василевске берген жауабында қулық жасамаған сияқты Константинопольден оралған соң, мүмкін, осы өте көп сыйлықтың арқасында да болар, сұлтан көп ұзамай Анадолыдағы мұсылман қарсыластарының сазайын тартқызып, Сириямен шекараға шықты және оның кең-байтақ аумақтарына билігін орнатып, өзінің қол астына біріктірді.

Константинополь тұрғындарының тілі өте өткір болды. Қылыч-Арсланның келуіне байланысты императордың немере інісі атап айтқанда ерекше аристократ, зияткер, жолы болғыш жауынгер, көп қыздың жүрегін жаулаған болашақ василевс — Андроник Комнин бәрінен асып түсті. Қылыч-Арсланның физикалық кемістігі бартын. Оның қол буындары қақсағандықтан ол үнемі ақсап жүретін. Андроник болса мұны келеке етіп, византиялық тілде «Клицаслан» деп айтылатын оның есімін «Куцаслан», яғни «Ақсақ Арслан» деп өзгертіп айтатын.

Византиялықтар бізге өзге селжұқ билеушілерінің оның ішінде Константинопольден саяси баспана тапқан екі сұлтан I Ғийас ад-Дін Кайхусрав (1196 жылдан бастап) пен оның шөбересі II ʿИзз ад-Дін Кайкавустың (1262 жылдан бастап) егжей-тегжейлі сипаттамасын қалдырды. I Ғийас ад-Дін Кайхусрав Византияға келгеннен кейін, оны император шоқындырады (немесе қайта шоқындырды) кейін ол Византия ақсүйегі Маврозомның қызына үйленеді. Ал, II ʿИзз ад-Дін Кайкавус Византияға бүкіл отбасымен және қол астындағы мыңдаған адамымен, соның ішінде көшпелі түркілермен бірге қоныс аударады. Константинопольде Кайкавустың жиі-жиі ішімдік ішуімен аты шыққан. Оның балалары (өзі де болса керек) шоқыну рәсімінен өтеді, үш баласы әкесі Алтын Ордаға қашқаннан кейін Византияда тұрақтап қалады. Тағы бір ұлы Масʿуд Селжұқ әулетінің соңғы сұлтандарының бірі атанады.

Гректер жағына өтіп кеткен және мен атап өткен «византиялық түркілерге» айналған көптеген ақсүйек мұсылмандар Византия қоғамына қосылды. Жау жағына өтіп кеткен осындай алғашқы ақсүйектердің бірі — Ұлы селжұқ сұлтаны Алып Арсланның күйеу баласы (ол оның қарындасының күйеуі болған), византиялықтар Хрисоскул деп атаған жоғары дәрежелі түркі әмірі Арисги еді. 1070 жылы Севастиядағы шайқаста ол Византия қолбасшысы куропалатiВизантиялық сарай лауазымы. Еуропалық камергерле ұқсас Мануил Комнинді, болашақ василевс I Алексей Комниннің ағасын тұтқынға алады. Алайда Арисги сұлтан мен Алып Арсланның арасында араздық болып, ол тұтқынға түскен Мануил Комниннің азғыруымен византиялықтар жағына өтіп кетеді. Арисги Мануилмен бірге Константинопольге барып, онда оны император қабылдайды және оған проэдрiПроэдр шені Константинополь сарайындағы ең жоғары лауазым иелеріне берілді және оның ешқандай әкімшілік функциялармен байланысы болмауы мүмкін еді. атағын береді. Оның сырт келбеті византиялықтардың қызығушылығын тудырды, — өзі жас, бойы пигмейдің бойы сияқты аласа еді, ал бет-әлпеті скифтерге ұқсайтын. Осыған қарамастан, ол византиялық өмірге оңай бейімделіп кетті. Кейінірек ол болашақ император Никифор Вотаниаттың 1077—1078 жылдардағы көтерілісіне қатысуымен танымал болды. Сол кездегі василевс VII Михаил көтерілісшілерге қарсы жалдамалы Анадолы түркілерін жіберді, ал Хризоскул олармен келіссөз жүргізіп, бұл іске араласпауға көндірді.

Грек алауы

Грек алауы

I Алексей тұсындағы жорықтардың бірінде, бірнеше әмір бірден византиялықтар жағына өтіп кетеді. Батыс Анадолыдағы маңызды бекіністерді басып алған әмір Ильхан (Ἐλχάνης) византиялықтардан оңбай жеңіліп, император жағына өтеді. Ильханға соншалық жомарттықпен сый-сияпат табысталғанын көрген оның төңірегіндегі басқа екі түркі әмірі де гректер жағына өтіп, сол үшін дәреже мен сыйапат алады. Скалиар есімді олардың бірі Византия қолбасшысы болып, көптеген жорыққа қатысқан болса, есімі сақталмаған екіншісі Византия провинциялық әкімшілігінде жоғары атақ алады. Скалиар императорға адал қызмет етті, бірақ 1108 жылы нормандар Диррахийді қоршауға алған кезде Таренттік Боэмунд нормандарының қолынан қаза табады.

13 ғасырда Византия қоғамының ең жоғарғы элитасына енген анадолылық ақсүйектердің бірнеше әулеті, атап айтқанда, Сұлтандар мен Меликтер пайда болды. Олар билік құрған Палеологтар үйімен және басқа да ақсүйек әулеттерімен туыстасты, кең-байтақ жерлерге иелік етті. Олар Анадолы Селжұқтарының сұлтандық әулетінен шыққандықтан Византия элитасына оңай кірді.

Бұл Византия қоғамында және атап өтетіні, Византия элитасына шетелдік ақсүйектердің бейімделгенін көрсететін бірнеше мысал ғана. Ақсүйек мұсылмандардың византиялықтар жағына өтіп кетуі сирек жағдай болмаған. Түркілер мен басқа да бөгде адамдар империяға келгенде қоғамда жоғары мәртебеге және онымен байланысты әл-ауқатқа ие болуға ғана емес, сонымен бірге «басқа», сәнді және талғампаз өмірге енуге ұмтылды. Осындай барлық жағдайда бөтен діндегілердің, яғни мейлі пұтқа табынушы, мейлі мұсылман болсын, бейімделуінің негізгі және бұлжымас шарты — христиан дініне өту болды.

Византия қоғамына сәтті бейімделген анадолылықтар арасында төменгі таптан шыққан адамдар көп болды. Мұның жарқын мысалы ретінде империя кезінде мастандыратын мансап жасаған бұрынғы құлдардың тағдырын келтіруге болады. Сірә, мұның ең көрнекті мысалы бала кезінде, яғни 1097 жылы византиялықтар мен кресшілер Никеяны басып алған кезде тұтқынға түскен, кейін атақты сарай қызметкері атанған — Иоанн Аксух (шамамен 1150 жылы қайтыс болған). I Алексей Аксухты өз үйіне орналастырып, өзінің ұлы және мұрагері Иоаннға серіктес етіп тағайындайды. II Иоанн тұсында Аксух Византия иерархиясының ең шыңына жетіп, севастi— Константинополь сарайындағы жоғары құрметті шендердің бірі мәртебесіне ие болды және бүкіл Шығыс пен Батыстың ұлы доместигіiЯғни Византияның бүкіл әскерінің бас қолбасшысы. болып тағайындалады және I Мануил тұсында да осы мәртебесін сақтап қалды. Иоанн Аксух өзін тәжірибелі саясаткер және империяның барлық дерлік шекарасында соғысқан және тіпті Сицилия мен Керкираға теңіз жорықтарын жасаған дарынды қолбасшы ретінде көрсетті. Ол зияткерлік өмірге де араласып, константинопольдік дін мамандарымен және риторлармен дос болды. Иоанн Аксухтың бірнеше мөрі сақталған, бұл оның ондаған жыл бойы империяда көрнекті лауазымдарда болғанына орай түсінікті. Мөрлерге қарағанда, Иоанның қамқоршысы әрқашан мөрдің бет жағында бейнеленген әулие Дмитрий болды. Ақсухтың барлық мөрлерінде бірдей жазулар бар: аверсте — «Әулие Дмитрий», ал реверсте — «Иоанн, севаст және бүкіл Шығыс пен Батыстың ұлы доместигі» делінген.

Иоанн Аксух Комниндердің билеуші ​​үйімен туыстасқан әйгілі ақсүйек Аксухтар әулетінің атасы болды. Оның протостраторiЯғни «бас атшы», XII ғасырда сарай маңындағы адам ретінде бас қолбасшыға берілген атақ. Алексей Аксух есімді ұлы I Мануилдің көрнекті қолбасшысы және ең жақын серігі болды. Бірақ неге екені белгісіз, ол өзінің үйін Қылыч-Арсланның соғыстағы жеңістеріне арналған суреттермен безендіріп, сол үшін жұртшылық тарапынан сынға ұшырады. Алексейдің ұлы Семіз Иоанн Комнин 1200 жылдың шілдесінде император III Алексей Ангелді тақтан тайдыруға шақ қалды. Бұл әулеттің айрықша болуының тағы бір себебі, Трапезунд империясының патшалары Ұлы Комниндер онымен қандас болды. Трапезунд империясының негізін қалаушы I Ұлы Алексей Комнин Семіз Иоанн Комниннің қызы немесе жиені Феодора Аксухқа үйленген, ал олардың үлкен ұлы Трапезунд императоры I Иоанды замандастары Аксух деп атады.

Фрит фарфорынан жасалған кесе. Иран. 12 ғасырдың соңы / David Collection Museum, Copenhagen

Фрит фарфорынан жасалған кесе. Иран. 12 ғасырдың соңы / David Collection Museum, Copenhagen

Бұрынғы Анадолы түркілерінің едәуір бөлігі орта буын офицерлері, сондай-ақ қатардағы сарбаздардың арасында кездеседі, атап өтетіні, олардан 13 ғасырда «парсы» деп аталатын арнайы бөлімшелер құрылды. Оның үстіне олардың кейбіреулері бірінші буын византиялық ақсүйек түркілердің немесе олардың ұрпақтарының басшылығымен қызмет етті. 11—12 ғасырларда Византия түркілері негізінен әскерилер болды. Олардың арасында зияткерлік және рухани саланы таңдағандар аз еді. Бұл олардың білім деңгейінің біршама төмен болғандығымен түсіндіріледі. Иммигранттар үшін жақсы білім алу қиынға соқты, сондай-ақ византиялықтар да оларға білім беруге аса мүдделі болмай, ой еңбегіне жатпайтын кәсіптерге бағыттаған сияқты.

13 ғасырда Византия қоғамына «парсылардың» ағылып келуі жалғасты. Көбіне-көп бұл византиялықтардан шен мен прония алған шонжарлар мен әскерилердің дәстүрлі санаттары болды. 13 ғасырда олардың арасынан зияткерлік кәсіптердің бірнеше өкілі шықты. 13–14 ғасырларда Византияның сән үлгісіне көптеген шығыс («парсы» және тіпті моңғол) элементтері кірді, бұл кафтан, шапан және әртүрлі бас киім — сәлде (парсы) және сарагуч (моңғол) болды.

Әрине, Анадолыға жер ауып келгендердің жалпы санында шонжарлар азшылықты құрады, ал қарапайым қоныстанушылардың саны басым болды. Дегенмен ғылымда, әсіресе 11–12 ғасырлар үшін ең аз зерттелген олар, былайша айтқанда, «үнсіз қалған көпшілік». Әдетте, Византия билігі ассимиляцияны тездету үшін атағы жоқ кірмелерді өзінің қалың бұқарасына таратып сіңдіруге тырысты. Алайда кейбір жағдайда Анадолыдан келген тұтқындар мен иммигранттар ықшам топ-топ болып немесе әлдебір шектеулі аймаққа қоныстандырылуы мүмкін еді. 12 ғасырға тән мұндай ықшам қоныстанудың хрестоматиялық үлгісі бар: Фессалоника аймағында шамамен 1178 жылы Анадолыдан келген «парсы әйелдердің» үлкен тобы өмір сүрді. Олар құлдыққа түсіп, мұсылмандық Анадолыдан әкетілген, белгілі бір кәсіппен айналысатын жұмыскер әйелдер болса керек. Жақшаның ішінде атап өтетіні, бейбіт халықты, ең алдымен балалар мен әйелдерді тұтқындау және әкету Византияда кең таралған тәжірибе болған. Бейбіт тұтқындар құлға айналдырылды және құл базарларында сатылды немесе иелеріне үй құлдары ретінде қызмет етті.

13 ғасырдың аяғынан бастап Анадолы иммигранттарының ықшам қоныстануы туралы мәлімет айтарлықтай көбірек. Оларды Македонияның жеке аймақтарына қоныстандырды. Бұл еркін шаруалар да, тәуелді парик шаруалар да және осы аймақта прония алған әскери адамдар да болуы мүмкін еді.

Сол жақта: Майда моншақтан жасалған бас киім киген адамның басы. Орталық Азия. 12-13 ғасырлар / Metropolitan Museum of Art, NY; Оң жақта: Төбесі үшкір қалпақ киген адамның басы. Орталық Азия. 12-13 ғасырлар / Alamy

Сол жақта: Майда моншақтан жасалған бас киім киген адамның басы. Орталық Азия. 12-13 ғасырлар / Metropolitan Museum of Art, NY; Оң жақта: Төбесі үшкір қалпақ киген адамның басы. Орталық Азия. 12-13 ғасырлар / Alamy

Мұсылмандардың шығыстан шапқыншылық жасауының ерекшеліктері

11–12 ғасырларда селжұқтардың Анадолыға жасаған шабуылы византиялықтарға бұрыннан белгілі болған варварларға тән әдеттегі жаулап алу парадигмасынан айтарлықтай ерекшеленді. Парсы және араб соғыстарының парадигмасы (4–10 ғғ.) византиялықтармен бір типтегі кәсіби әскері бар отырықшы жаулап алушылармен қақтығыс болды. Балқандағы варварлардың шапқыншылығы (гот, славян, авар, печенег пен половец және т.б. тайпалар) көшпенді және жартылай көшпенді халықтардың көшпелі жорықтары мен жаппай қоныс аударуы түрінде болды. Селжұқ түркілерімен соғыста Византия көшпенділердің көші-қоны мен отырықшыларға тән жаулап алу әдістерінің күрделі үйлесімімен бетпе-бет келді. Византияға қарсы тұрған «кәсіпқой жау әскері» дегеннен гөрі, жайылым мен олжа іздеп кең-байтақ аумақтарға еш бақылаусыз тараған көшпелі тайпалар деуге болады. Алайда түркілердің Анадолыға жасаған шапқыншылықтарын кәдімгі көшпелілердің жорықтарынан (мысалы, бұл Балқаннан белгілі) ерекше ететін маңызды белгі: селжұқтардың жаулап алуы құрылымдық тұрғыдан анағұрлым күрделі болды. Көшпенділер миграция толқыны элементтерінің бірі ғана еді. Анадолыға көшпенділерден басқа, ирандықтар, арабтар және отырықшы түркілер қосылып, қалаларға қоныстанды және олардың әлеуметтік және саяси өзін-өзі ұйымдастырудың айтарлықтай әлеуеті болды.

1096-1099 жж. бірінші крест жорығы / Alamy

1096-1099 жж. бірінші крест жорығы / Alamy

Шығыстан келген жаулап алушылар Балқандағы печенег, уз және половецтер сияқты қалалар мен қалалық өмірден еш қашқақтаған жоқ. 11 ғасырдың соңғы онжылдықтарының өзінде селжұқтар жаулап алынған қалалық орталықтарға сүйене отырып, Анадолыда мұсылмандық отырықшы мемлекеттілік құруға кірісті. Анадолыда мемлекет құраушы субстраттың мұсылмандық қалалық түрінің болуы византиялықтардың айырылып қалған жерлерді қайтарып алуын өте қиындатқаны күмәнсіз. Анадолыдағы отырықшы мұсылман мемлекеттері көшпенділердің жаулап алуына ерекше серпін беріп, көшпенділердің жаулап алу векторларының бағытын анықтады, отырықшы мемлекеттік құрылымдардың құрамына жаңа жерлерді қосу арқылы олардың қол жеткізген табысын бекітті. Түркілердің Анадолыға шапқыншылығының құрылымдық күрделілігін жете бағаламау Византияның Анадолыны қайтарып алу әрекетінің сәтсіздікке ұшырауының бір себебі болды.

Көшпенділер миграциясының бірінші толқыны 11 ғасырдың аяғында Анадолыны қамтыды және Анадолыдағы кең-байтақ аумақтардың, әсіресе Орталық Анадолы үстіртінің периметрі бойынша халықтың кемуіне, көшпелілерге айналуына және кейіннен түркіленуіне әкелді. Алайда 12 ғасырда Комниндер көшпенділердің экспансиясын тоқтатып, олардың басып алған көптеген жерлерін қайтарып алды.

Ұстаз бен оқушылар. Табақ. Иран, 12 ғасыр / Алам

Ұстаз бен оқушылар. Табақ. Иран, 12 ғасыр / Алам

Моңғолдардың жаулап алуымен басталған көшпенділер миграциясының екінші толқыны кезінде Анадолыға көшпенділердің қалың топтары да, қалаларға тұрақтаған отырықшы ирандықтар да жаңадан ағылып келді. Айта кететіні, көшпенділер өздерімен замандас отырықшы иммигранттардан ғана емес, Анадолыға 11 ғасырда келіп қосылған түркілерден саны жағынан басым болғанға ұқсайды. Көшпенділер өмірдің үйреншікті формаларын және ең бастысы, мұнда үстемдік еткен иран-грек симбиозын әп-сәтте жойып жіберген шырық бұзар күшті импульс әкелді. Осынау жойқын толқынға Иран моңғолдары шегіне жеткізіп әлсіреткен селжұқ билігі де, латындар Константинопольден қуылғаннан кейін империяны енді ғана қалпына келтіре бастаған Палеолог Византиясы да қарсы тұра алмады. 13 ғасырдың аяғынан бастап Анадолыда бұл кеңістік үшін мүлдем жаңа жағдай қалыптаса бастады, — кең-байтақ аумақтар кеше ғана көшпенді болған түркілер бастаған шағын және орта әмірліктер арасында бөлінді. Кіші Азия кең көлемде көшпенділіктің тарауы, экономикалық және мәдени регресс, бұрынғы этникалық және демографиялық парадигмалардың өзгеруі түрінде көрініс тапқан терең дағдарысты бастан кешірді. «Бейліктер дәуірі» деп аталатын кезең басталып, ақыр аяғында Анадолының басым бөлігін түркілендірді. Аймақтың тарихында қазіргі Түркияның негізін қалаған жаңа кезең басталды.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы