ЕЖЕЛГІ КОНДИЦИОНЕРЛЕР

Бабалардан қалған сәнді-салтанатты тұрмыс

ЕЖЕЛГІ КОНДИЦИОНЕРЛЕР

Иранның Йезд қаласының орталығындағы бадгирлар / Photo by ATTA KENARE/AFP via Getty Images

Күн қатты қызып, қалың қабырғаларды да қыздырып, еріте бастағанда тас үйдің өзінде тұрғындар салқындап жата алмады. Бірақ біздің ата-бабаларымыз мәселеден жол табудың тәсілдерін білген. Мысалы, олар бадгир,«жел мұнараларын» тұрғызған, әрине, оны тек жағдайы жететіндер ғана жасайтын еді. Ежелгі бадгирлерді Сауд Арабиясынан, Араб Әмірлігінен, Ауғанстаннан, Пәкістаннан, Бахрейн мен Мысырдан (Мысырда ол «малькаф» деп аталады) кездестіруге болады. Бұл үйге тұтастай енетін ойығы бар биік мұнаралар (бұл ойықты ауа райы мен жел бағытына қарай қалқанмен ашуға немесе жабуға болады). Бадгирлер физика заңы бойынша жұмыс істейді, яғни жылы ауа жоғарыға көтеріліп, суық ауа төмендейді. Жел ұстайтын бадгирлер тас қабырғалардан жылуды сорып алатын сорғышқа айналады: олардың ішкі арналарына еніп, салқын самал төмен түсіп, бөлмеде жиналып қалған жылуды жоғарыға сыртқа қарай шығарады.