ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС ӨНЕРІ

1-дәріс. Уақыт пен жер

ОРТА ҒАСЫРЛАРДАҒЫ БАТЫС ӨНЕРІ

Мәриямға және құдайға айналуға арналған Шартр соборының солтүстік раушаны / Getty

«Батыс өнері» курсында тарихшы-медиевист Олег Воскобойников орта ғасырдағы көркем мәдениеттің маңызды әрі көпшілікке таңсық ескерткіштерін танытып, оларға орта ғасыр адамының көзімен қарауға жәрдем қылады. Ғалым алғашқы дәрісінде ортағасырлық өнердің хронологиялық және географиялық шеңберін сызады. 

Бәріңізге аян, тарихтың әр қадамы адам өмірінің әртүрлі салаларында сәйкес келе бермейді. Бұл бейнелеу өнеріне, сөз өнеріне, қоғам тарихына және саяси институттарға қатысты. Егер өркениет ретінде Орта ғасыр әдетте 5–15 ғасырлардың мың жылдығымен шектелсе, онда бұл өркениет тудырған өнер ертерек, христиан діні әлі Империяның ресми дініне айналмаған кезде, 3 ғасырда пайда болған. Итальялық Ренессанс, яғни Солтүстік Қайта Өрлеу өнері сәйкесінше 14 және 15 ғасырларда, соңғы Орта ғасырлардың кейінгі ширегінде басталды.11Қайта өрлеуiiii(фр. renaissance, ит. rinascimento) Бұл — Еуропа мәдениеті пен өнерінің дамуындағы жаңа бір дәуір. Ол суретшілер мен ойшылдардың мәдени, интеллектуалды және рухани жаңаруға деген ұмтылысымен сипатталды. Бұл кезеңге атау берген — өкілдері. Өйткені ежелгі Грекия мен Римнің орта ғасырларда ішінара ұмытылған мұрасы олардың шығармашылығына сілтеме ретінде қарастырылды. Қайта өрлеу (ренессанс) мәдениеті 14 ғасырда Италияда пайда болды және 16 ғасырда біртіндеп Батыс Еуропаға таралды. Қайта өрлеу дәуірі әртүрлі уақыт кезеңдері мен аймақтық өзгешеліктермен ерекшеленеді. Осыдан италиялық Ренессанс, Солтүстік Ренессанс, жоғары Ренессанс және т.б түрлі бағыттарға ыдырайды. Біз оларды медиевистіңiЕуропаның орта ғасырлар тарихшысы назарынан тыс қалдырамыз ба? Туындылардың сюжеттері, техникасы, тапсырыс берушілер мен шеберлердің арасындағы қарым-қатынас, туынды жасаудың әртүрлі формаларының не өзгеріссіз қалғанына немесе заман ағымына ілесе отырып, бірте-бірте өзгергеніне орай олай жасау негізді болмайды. Классикалық еуропалық кескіндеме өнерінің кез келген ірі мұражайына барсақ, бұл ойымыз расталады. Демек ортағасырлық өнерді 3–15 жүз жылдықтардағы ұлы мәдени құбылыс деп айту орынды.

3–5 ғасырларды біз Кейінгі Антика дәуірi22Антика дәуірi(лат. antiquitas — «ежелгi заман», «ескілік») Ежелгі Грек және Рим Ежелгі мәдениеттерін бiлдiредi. деп атаймыз, ал христиан дінінің тарихында бұл ерте христиандық кезең. Өнердің даму кезеңін дәл осы терминмен белгілеуге болады. Қайталанбас, ерекше белгілерінің тұтас қатарына ие ол Жаңа дәуірге дейінгі бергі ғасырлардағы дамудың барлық дерлік бағыттарын күнілгері белгілеген. Оның Орта ғасырлардан бөлінуі 476 жылы Батыс империясының33Батыс Рим империясыiiБатыс атауы — (негізінен роман тілінде сөйлейтіндер) 4–5 ғасырдың аяғындағы (немесе ортасында) Рим Империясының бөлігі. Енді бір бөлігі (негізінен грек тілінде сөйлейтіндер) Шығыс Рим империясы немесе Византия империясы деп аталды. әлсіреуі мен құлауы өнердің барлық монументалды түрлерінің сөзсіз құлдырауына ұласқанымен ғана негізделеді.

Ортағасырлық өнердің мың жылдық дамуы өзінің бізге үйреншікті «романтика», «готика», «проторенессанс»iОрта ғасырлардағы Еуропа өнерінiң бiр ағымы. болып әртүрлі кезеңдер мен стильдерге бөлінуі қазір қайта қарастырылып, сынға алынуда. Бұл терминдердің барлығы басымдықты белгілеу мақсатында әртүрлі уақытта пайда болған. 16 ғасырда Вазари44Джорджио Васари (1511–1574)iИталиялық суретші, сәулетші және «Ең атақты суретшілер, мүсіншілер және сәулетшілердiң өмірбаяндары» атты кітабының авторы, өнертану ғылымының негізін салушы. бүкіл ортағасырлық мұрадан үлкен құлдырау нышанын, әлдебір варварлық дүниені, gotico (сөзбе-сөз «готтық»)iiГоттар — ежелгi герман тайпалық одақтары (3–8 ғғ.). көрді, бірақ оның пікірше, қуанышқа орай, мұны Джотто бастаған және «құдай жіберген» Микеланджеломен аяқталатын флоренциялық шеберлер еңсере білді. Романтизм55Романтизмi18 ғасырдың екiншi жартысы мен 19 ғасырдағы Еуропа және Америкадағы өнер және көркемдік бағыт. Романтизм философиясы адамның ішкі жан дүниесіне ерекше назар аударған. дәуіріндегі француз және ағылшын ғұламалары үшкіл арка мен дөңгелек арканың арасындағы айырмашылықты рационалды түрде сезініп, екіншісін римдік аркаға ұқсас «романдық» деп атады, содан кейін «романдық өнер» туралы айтыла бастады (фр. тілінде art roman, ағылш. тілінде romanesque art). Каролингтік қайта өркендеу — мәдени тарихтың фактісі, бірақ ол Каролингтер66КаролингтерКорольдік және империялық әулет франк мемлекетінде, ал ол ыдырағаннан кейін Батыс франк Корольдігінде, Шығыс Франк Корольдігінде, Италияда және кейбір шағын мемлекеттерде болды. Әулет 751 жылдан 987 жылға дейін билік жүргізді. дәуіріндегі өнердің өміріндегі барлық нәрсені түсіндіре ме? Қалыптасқан терминологияны жою мүлдем жөн емес, бірақ оны белгілі бір ескерткішті түсіндіруде дәлел ретінде пайдалануға болмайды, әйтпесе кез келген, тіпті ең жақсы ойластырылған терминология затбелгіге айналады.

1 / 3

Терминологиялық күңгірттік шатастырады. Алайда хронология, «дәуірлер», «мектептер», «стильдер» болмаса, біздің зерттеуіміздің тақырыбы фактілер мұхитына, ал біз іздеп отырған, өзінің дүниетанымы және тарихи тұрғыда бірегей, заманының мәдениетіне байланысты қалыптасқан көркемдік ерік-жігері бар тарихи адамның Ескі Өсиеттегі Адамға, абстрактілі homo artisticus, жаратушы-адамға айналу қаупі бар. Біздің әртүрлі уақыт координаттары торына, бір саланың инерциясымен басқа аяның динамикасы мен жетістіктері қатар жүруі және оны өтеуі мүмкін болатын жүйеге айналатын тарихи уақыт туралы түсінік жасау бағытында жұмыс істеуіміз керек. Кез келген басқа өнер сияқты, ортағасырлық өнердің тарихында қарқынды ізденіс дәуірі тоқырау және енжар қиял, еліктеушілік және күнделікті қолөнер дәуірімен алмасып отырды.

Ортағасырлық өнер географиясы

Енді география туралы тақырыпқа ойысайық. Әңгімеміз ондаған тілде сөйлеген, бірақ Антика дәуірінен қалған діни койне тілі — латын тілінде өзара қарым-қатынас жасаған ортағасырлық Батыстың өркениеті туралы. Византия, Русь, Кавказ, Құнарлы жарты ай,88Құнарлы жарты айТигр мен Евфрат өзендерінің алабы және Сирия, Ливан, Палестина, Иордания және Ирактың жағалаудағы жерлері орналасқан Месопотамия мен Левантты қамтитын географиялық аймақ. Египет копттары,99Копттарi(еж. грек. Αἰγύπτιος — мысырлық) — христиан дінін ұстанушы мысырлықтар Эфиопия кіретін христиандық Шығыстың өнері осы азды-көпті біртұтас ортағасырлық Батыстың өнерінен қатты ерекшеленеді деген пікір айтарлықтай жиі кездеседі. Бұл негізінен дұрыс пікір, өйткені осы өркениеттердің барлығы христиан дінінің әртүрлі конфессияларына жатты және әлі де осылай. Бірақ көркемөнер формалары бұл шегараға әркез бағына бермейтін және көбіне-көп діни догматтармен,iДогмат — діннің негізгі қағида және ережелері. саяси доктриналармен немесе салық салу жүйелерімен салыстырғанда бір елден басқа елге әлдеқайда оңай көшкен. Айырмашылық әртүрлі кезде жойылып отырды, халықтар бір-біріне жақындай түсті, суретшілер бір елден екінші елге көшіп, кейде жаңа жерде өзінің өнердегі машығы мен бейнелерін ұсынды, ал кейде жергілікті ережелерді сақтады. Өнердің қалыпты тіршілігі, формалардың өмірі осындай. Кейде батыс елдерінің өнерінде еркіндік, дербестік пен тапқырлық көбірек деген пікір айтылып, оны көп жағдайда Византия дәстүріне тән иконографиялық шаблондылыққа, қатып қалғандыққа қарама-қарсы қояды.

Византия Римнің де, одан әлдеқайда ежелгі эллиндік өркениеттің де тікелей мұрагері болды. Ол 4 ғасырдың басынан бастап, Византийдің орнында Константинопольдің негізі қаланған кезден бастап, 1453 жылы астана құлағанға дейін, яғни іс жүзінде бізді қызықтыратын бүкіл кезеңде өмір сүрді. Алғашқы ғасырлардың өзінде ол латын Батысында қабыл алынуы мүмкін болмайтын күрделі үлгідегі дін ілімін дамытты, бұған, мысалы, Ғаламдық Соборлар дәуіріндегі дін іліміне қатысты үлкен дауларды ұқсатуға болады. Шығыс дәстүрінде мұның иконды қастерлеуді қалпына келтірумен аяқталуы кездейсоқ емес, ал Ұлы оразаның басында атап өтілетін Православие Жеңісі мерекесі иконға қарсы бағытпен күрестегі жеңістің салтанаты. Өнердегі дін ілімін 8–9 ғасырлардағы гректің ғұлама ойшылдары: әулие Иоанн Дамаскин, Феодор Студит, патриарх Никифор жасаған. Олар іс жүзінде сенімнің және иконды қастерлеудің арасына теңдік белгісін қойды. Батыс бастапқыда өзіне пұтқа табынушылық болып көрінген нәрсені білмеді және каролинг дін иелері тұсында мұны қабыл алмады, бірақ Ұлы Карлдың1010Ұлы Карл (768–814)Франк империясының королі және императоры. өмірбаяншысы Эйнхард өзінің шәкірті Ферьерлік Лупқа арнап керілген Мәсіхтің бейнесі бар кресті қалай қастерлеу керектігі туралы кішігірім нұсқаулық жазды. Көп жағдайда грек мәтіндеріндегі немесе тәжірибесіндегі не ол, не бұл ережені қабыл алмаған Батыс бейнелерді жасаудың және құрметтеудің өзіндік тәсілдерін іздеді.

Біріншіден, Бөлінбеген Шіркеу дәуіріндегі (I мыңжылдық) христиан дінінің бір жерден бастау алатыны оның бірыңғай негізін қалап, христиан өнерінің бар болуының дін іліміне сүйенген басты дәлелін: Ескі Өсиетте Құдайдың бейнесін салуға тыйым салған ереженің мағынасын жойған Құдайдың кейіпке енуі туралы догманы тұжырымдады. Екіншіден, барлық қарама-қайшылыққа, түсінбеушілікке, тіпті өшпенділікке қарамастан, сайып келгенде, Византия өркениеті үшін апатқа айналған IV Крест жорығына1212IV Крест жорығыiРим Папасы III Иннокентий ұйымдастырған (1202–1204). Өзінен бұрынғылар сияқты Иннокентий де еуропалық рыцарьларды Қасиетті жерді мұсылман билігінен азат етуге шақырды. Кресшілер әскерін Қасиетті жерге жеткізу үшін сол кездегі теңіз державасы — Венеция Республикасы иелік еткен флот қажет болды. Өз кезегінде Шығыспен саудада біріншілік үшін Византиямен дәстүрлі түрде бәсекеге түскен Венеция рыцарьларды, тақтан тайдырылған император II Исаак Періште жағында Византиядағы ішкі қақтығысқа тартты. II Исаак рыцарьлардың ақысын төлей алмағандықтан, кресшілер Константинопольды жаулап алып, үш күн бойы қаланы тонады. Византияның орнына Константинопольді, Фракияны және Грециядағы жерлерді басқарған және 1261 жылға дейін өмір сүрген Латын империясы құрылды. қарамастан, Византия көркемдік дәстүрі, хрониклерiiяғни орта ғасыр жылнамашылары, шежірешілері айтқандай, «грек шеберлігі» Батыс елдері үшін жалпы жұртшылықты таңдандыратын нәрсе, эталон, сюжетті және одан да үлкен дәрежеде бейнелеу формасын өз туындысының негізіне алған суретшілерге үнемі шабыт беретін дүние болып қала берді.

Мозаика сияқты, қасиетті кескіндеменің ерекше жанры ретінде икон әрқашанда Батыста христиандық Шығыспен байланыстырылған. Бұл дінге сенушілердің санасында қалыптасқан, икон шын мәнінде «көркем сурет емес», қандай да бір елес шындықтың көрінісі емес, ол бастапқы бейнеге қарап жасалған көшірме, «архетиптің» ізі: яғни Құдайдың анасы салынған икондар — Апостол Луканың1313Лука iХристиан әлемінің негізгі жәдігерлерінің бiрi, Иса Мәсіхтің апостолы. Лұқа Иса Мәсіхтің жердегі өмірі — Інжіл туралы жазған төрт адамның бірі. қылқаламынан шыққан «портреттен», Құтқарушының бейнелері — Иса Таудағы уағызын оқыған кезде бетін сүрткен сүлгіге басылған ғажайып бейнеден (mandylion) жасалған деген түсінікпен астасып кеткен. Бірқатар икондар толығымен немесе ішінара ғажайып, яғни адамның қолымен жасалмаған дүние ретінде құрметтелді. Третьяков галереясындағы гректің «Ғажайып Құтқарушысы», Папаның Ең Қасиетті капелласындағыiiКатолик шіркеуі «Латерандық Құтқарушы», Лан қаласының соборында бүгінгі күнге дейін құрметтелетін «Құтқарушы» осындай.

Айрықша құтқарушы. Икон. 14 ғасырдың аяғы, Нотр-Дам, Лан,Франция / Wikimedia Commons

Айрықша құтқарушы. Икон. 14 ғасырдың аяғы, Нотр-Дам, Лан,Франция / Wikimedia Commons

Ромейлер империясы сондай-ақ Римнің саяси және көркемдік дәстүрінің де тікелей мұрагері болды және Батыс қызғанышпен қараса да, бұл туралы ешқашан ұмытқан емес. Sacra vetustas, «қасиетті көнелік» ортағасырлық сана үшін ерекше маңызды мәртебе болды. Оның үстіне тек сол ғана шын мәнінде «беделді» болды және бұл әрқашан сөз өнерінде де, фигуративті өнерде де классикалық формалардың қайта жаңғыртылуына байланысты Батыстың өнерінде көптеген «ренессанстың» болғанын түсіндіреді. Шығыстың стиліне еліктеу болмағанда, 9–10 ғасырларда не каролингтік, не оттондық ренессанс, романтика да, готика да, италиялық Ренессанс та мүмкін болмас еді. 13 ғасырдың ұлы философы Аквинолық Фома халықта тараған пікірімен келісе отырып, гректерді схизматик деп есептеді, бірақ грек шіркеу әкелерінің1515Шіркеу әкелеріХристиан догматикасының дамуы мен қалыптасуында үлкен рөл ойнаған, шіркеудің құрметті де маңызды қайраткерлеріне берілетін атақ. мұрасына, әсіресе 5 ғасырдағы христиандық неоплатонизмнің ұлы ескерткіші «Ареопагитиктер» деп аталатын еңбектерге зор құрметпен қарады. Дәл осылай, бір ғасыр бұрын нормандық Отвилл әулетінен шыққан, яғни ата-тегі солтүстікті мекен еткен, Византияның дәуірлеп тұрған кезеңінде өзінің билігін нығайтқан бірінші сицилиялық король II Рожер Палермодағы Марторана шіркеуіндегі мозаикада Христос басына тәж кигізген, інжу тастарымен әшекейленген салмағы ауыр киім киген василевсiВизантияда император атауы. түрінде және Константинопольдің цезаропапистік саяси дәстүріне толық сәйкестікте бейнеленген.

Сицилиялық Роджер II Мәсіхтен тәжді қабыл алуда, Сан-Никола-деи-Гречи (Марторана) соборының нақышы, Палермо, 1150 жылдардың басы / Alamy

Сицилиялық Роджер II Мәсіхтен тәжді қабыл алуда, Сан-Никола-деи-Гречи (Марторана) соборының нақышы, Палермо, 1150 жылдардың басы / Alamy

Жерорта теңізінің жағасындағы христиан жерлеріне, Испания мен Сицилияға келген ислам алдымен жаулап алынған және көршілес халықтар мен елдердің көркемдік мұрасын, ең алдымен Рим мұрасын игеруді қолға алды. Бірақ Дамаскідегі Ұлы мешіт пен Иерусалимдегі Жартас Күмбезі — христиан шеберлерінің қатысуымен болса да, жаңадан іске асқан көркемдік ерік-жігердің ұлы туындылары. Ғасырлар бойындағы текетіреске және 11–13 ғасырлардағы крест жорықтарына қарамастан, суретшілердің арасындағы диалог жалғасып, формалар, әсіресе, әшекейлі оюлы формалар мыңдаған шақырым қашықтықты кесіп өтті. Мұндай байланыс ошақтары, әрине, ірі порттар, жәрмеңкелер, ал тетігі қолөнер бұйымдарының теңіз саудасы және билеушілер арасындағы дипломатиялық сыйлық алмасу болды. Ортағасырлық герцог немесе епископ1616ЭпископХристиан дінінде лауазымды діни қызметкерлердің жалпы атауы. пілдің сүйегінен немесе нақышталған күмістен жасалған арабтардың кейбір «ұсақ-түйек заттарын» жоғары бағалай білген, сондықтан біз олардың ортағасырлық коллекциялар сақталған еуропалық мұражайларда батыс әлеміне тән заттардың жанында тұрғанын жиі көреміз.

Олег Воскобойников

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ