МЕНІҢ ҚАЛАМЫМДАҒЫ ОТБАСЫ ТАРИХЫ...

Жетісай

Ұлу жылы. 2000 жылдың қараша айы. Күрең күздің айлары диқаншы егінін орып, бақташы жемісін жинап, терімші мақтасын теріп, нағыз қыстың қамына қамбасын толтыратын уақыт. Міне, осы кезде дүниенің төрт бұрышының оңтүстігінде, жүзге жуық түтіні бар «Қараөзек» деген ауылдың бір шаңырағында отау ішіне отау тігіліп, мәре-сәре қуанысып, азан-қазан шуласып, бақыттың базарына бусанған көріністің кейіпкерлері болған менің анам мен әкем шаңырақ көтерген бақытты бір күн. Менің отбасымның іргесі қаланған күн. Атамның айтуынша, әкем үйленбей жүріп алыпты. Ол кезде 25 жас деген үлкен жас болып көрінген бе, әлде үйдің кенже ұлы болғандықтан ба, әйтеуір, атам әкеме үйлен деп қоймапты. Солай әкем 25 жасында 21 жастағы Гүлшат деген анамды жар етіп алыпты. «Әр кезеңнің өз құбыласы бар» демекші, мен сол кездегі естелік суреттерді қарап отырып, сол уақыттың тойы мен қазіргі кездегі тойдың арасында жер мен көктей айырмашылық бар екенін ұқтым. Бұл да адам тарихында естелік болып қалатын құндылық қой.

Суретте: Әкем, анам, күйеу жолдас және қыз жолдас.  Әкем мен анамның үйлену тойындағы естелік сурет. 30 қараша  2000 жыл.

Суретте: Әкем, анам, күйеу жолдас және қыз жолдас. Әкем мен анамның үйлену тойындағы естелік сурет. 30 қараша 2000 жыл.

Осы әкем мен анам отау құрып, отбасылы болмағанда мен де дүниеге келмес едім дегенімдей, әкемнің дүниеге келуіне себепкер болған жандар туралы айтпасам, мүлдем болмайды. Ол жандар — атам мен әжем. Атам Алуадин «Тышқан» жылы 1936 жылы дүниеге келген, әжем Айдай «Жылан» жылы 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталған жылы дүниеге келген екен. Атам екі мамандық бітіріпті: бірі — мал дәрігері, екіншісі — орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі. Мал дәрігерлік мамандығы бойынша көп жұмыс жасамаған, ал орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып көп жылдар жасапты. Ол уақытта мұғалім тапшы болған ба білмеймін, әскери дайындық пәні мұғалімі болып та жұмыс жасапты. Ал әжем қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі болып жұмыс жасаған. Атам 2020 жылы кенеттен ауырып қалып, о дүниелік болды, ал әжем қазіргі таңда 83 жасқа қарады.

Суретте: Атам Алуадин, әжем Айдай. 2012 жыл.

Суретте: Атам Алуадин, әжем Айдай. 2012 жыл.

Әкем 1975 жылы қоян жылы көпбалалы, қарапайым отбасынан шыққан. Отбасында 6 қыз, 3 ұл. Алты қыздың төртеуі әкемнің апасы, екеуі қарындасы. Айнаш деген апасы 2017 жылы ауырып қайтыс болыпты. Әкемнің екі ағасы бар. Әкем қара шаңырақтың иесі. Әкем ата-анасының жолын қуып, қазіргі таңға дейін ұстаздық қызмет атқарып келеді. Ұстаздық қызметте — 30 жыл. Ал анамның отбасында 4 қыз, 2 ұл. Анашым 1979 жылы қой жылы дүниеге келген. Анам да жоғары білім алып, ұстаздық қызметте жүргеніне 16 жыл болыпты.

Суретте: әкем мен анам. Отбасылық мерекелік отырыс. Ақтау қаласындағы “Марокко” рестораны. 2023 жыл.

Суретте: әкем мен анам. Отбасылық мерекелік отырыс. Ақтау қаласындағы “Марокко” рестораны. 2023 жыл.

Отбасы — мызғымас берік шағын мемлекет. Мемлекет халықтан құралады. Халық қоғамнан құралады. Қоғам отбасыдан құрылады. Отбасы адамдардан құрылады. Сол секілді менің отбасым — шағын қоғам, мемлекет. Олай дейтінім, отбасындағы жандардың барлығы қоғамға, мемлекетке қызмет етеді ғой.

Отбасы бақытының кілті — отбасындағы жандарда. Отбасындағы әрбір жанның өзіндік орны, өзіндік қадір-қасиеті бар. Қазіргі таңда біздің отбасымызда 9 жан бар. Біздің отбасымыздың тұңғыш мүшесі 2001 жылдың 20 желтоқсанында дүние есігін ашқан Рамазан деген ағам. Рамазан ағам дүниеге келер уақытта дәрігерлер анамның денсаулығында кінарат бар деп бір ай ауруханаға жатқызып қойыпты. Бір айдан соң Рамазан ағам 3 кг, 700 грамм болып дүниеге келген. Ораза айында дүниеге келгендіктен, атам Рамазан деген есімді қойыпты.

Суретте: мені ұстап тұрған ортадағы Рамазан деген ағам 10 жаста және оң жағындағы Азамат деген ағам 4 жаста, сол жақтағы мен.  Бұл суретке түсірген уақыт жаздың шілдесі, яғни, мен үш айлық екенмін. Сурет ескі телефонмен түсірілген соң, сапалы  болмай қалған. 2012 жыл.

Отбасымыздың келесі мүшесі 2003 жылдың 20 қазанында дүниеге келген Ақжүніс деген апам. Апам 3 кг, 800 грамм болып дүниеге келген. Ақжүніс деген есімді анамның өзі қойыпты. Сол жылдары журналист Сәуле Әбелдинова «Ақжүніс» деген телебағдарламасын жүргізеді екен. Жақсы бағдарлама болса керек, анам соған байланысты Ақжүніс деп қойыпты. Ақжүніс апам мені кішкентайынан қарады. Азамат ағаммен арамыз 5 жас болғасын ба, кішкентай бөпе болмаған соң, бәрі мені қызықтап, таласып қарайды екен. Оны мына суреттен білуге де болады.

Суретте: Азамат ағам, Ақжүніс апам және әкемнің ағасының қызы Ақбота, мен бесікте жатырмын. Бір айлық кезім. 2012 жыл.

Суретте: Азамат ағам, Ақжүніс апам және әкемнің ағасының қызы Ақбота, мен бесікте жатырмын. Бір айлық кезім. 2012 жыл.

Ал 2007 жылы отбасымызға «Доңыз» жылы Азамат деген ағам дүниеге келіпті. Әкем Азамат ағамның туған кезін есіне түссе, қызық қылып айтып отырады. 25 ақпаннан 26 ақпанға қараған түні анам толғатып, түннің ортасында ауруханаға алып бара жатқан кезде қар борап жауған. Жолда көліктің терезе тазалағышы істен шығып қалып, жолда қиындық болған. Алланың қалауымен болар, таныс адамдар жолығып қалып, сол көліктің жарығымен әупірімдеп ауруханаға әрең жетіпті. Бір қызығы, Азамат ағамның салмағы 4 кг, 300 грамм болған соң «Алып бала» деген атпен туылыпты. Сондай-ақ оның маңдайында көрінер көрінбес «V» ағылшын әрібіне ұқсас белгі болыпты және желкесінде қызыл анары болған. Соған байланысты оны Анарбек деп айтып жүрген. Содан қызыл анары да, маңдайындағы белгі де жоғалып кетіпті. Шын есімі Азамат, оның атын атам Рамазан ағама қойдырыпты. Жоғарыдағы суретте ортада тұрған Азамат ағам.

2016 жылдың 9 қыркүйегінде «Мешін» жылы Арман деген інім отбасымыздың құрамын көбейтіп, көпбалалы отбасына айналдырды. Оның салмағы 3 кг, 500 грамм болыпты. Оның есімін анамның айтуынша, бір мұғалім қойыпты. Ол дүниеге келгенде мен 4 жаста едім. Арман үйдің еркесі. Арман інім дүниеге келместен бұрын анама мен былай деп айтады екенмін: - Бөпе келсе, мен сенің оң жағыңа жатамын, бөпе сол жағына жатады. Сосын мен бөпеге қараймын, тербетемін. Қызық, сонда менің ойым анамды қызғанғанмын ба?

Суретте Арман 7 айлық, мен 5 жастамын.  2017 жыл.

Суретте Арман 7 айлық, мен 5 жастамын. 2017 жыл.

Баяндап отырған әңгімемдегі басты кейіпкер өзім туралы айтсам, мен «Ұлу жылы» 2012 жылы сәуірдің 13 жұлдызында дүниеге келгенмін. Менің дүниеге келген кезімнің өзі бір қызық тарих. Оны бізге анам мен әкем қызықты етіп айтып берген. Әкем мектепте «Алғашқы әскери дайындық» деген пәннен сабақ беретін болғандықтан, жыл сайын 11-сыныптың ер балаларын 5-күндік оқу-жаттығу дала жиынына алып кетеді екен. 2012 жылдың сәуір айында сол жиынға кету керек болыпты. Анам мені 13 сәуірде толғатып ауруханаға түседі. Ал әкем болса 14 сәуір күні оқу-жаттығу жиынына оқушыларды алып кету керек. Сонымен мені анам толғатып жүрсе, әкем дәрігермен сөйлесіп, қалайда 13 сәуір күні туылуы керек деп өтініш айтыпты. Сонымен дәрігер өтінішін қабылдап, барлық амалын жасайды. Сонымен 13 сәуір күні 23:50 минутта асығыс дүниеге келіппін. Жалпы асықтырмағанда мүмкін туған күнім 14 сәуір болар ма еді? Мен үшін қызық.

Менің есімімді әжем Сабыр деп қойған. Неге Сабыр деп қойдыңыз деп сұрағанда түсімде аян берді деп жауап берді. Ал тегім Тайлан, неге атамның атында емес дегенімде, әкем арғы атаңның атын жаздырдым, арғы атаңның аты өшпесін деп қойған екен. Сонымен менің тегім менің бауырларымнан бөлек Тайлан Сабыр.

1 / 3

Мені кішкентай уақытта әкем мен анам жұмыста болғандықтан, көбіне әжем мен Ақжүніс апам қараған. Анам жұмыстан келіп үй шаруасымен айналысып, қолы босамайды екен. Кейде жұмыстан босағанда әкем қолына алып, қызықтайтын дейді анам. Ауылдағы 4 бөлмелі жер үйде тұрған екенбіз. Ол кезде ауылдың жағдайы жасалмаған сияқты. Үйді жылытатын көгілдір отын жоқ, үйді ағаш, көмір отынмен жылытатын болыпты. Сондағысы екі бөлмені ғана жылытады. Қуықтай екі бөлмеге бөлініп жатады екенбіз. Біз жататын бір бөлме бірнеше бөлменің қызметін атқарған бөлме дейді анам. Бірінші, ас-су ішетін бөлме, екінші, жатын бөлме, үшінші ата-анам жұмыс жасайтын бөлме.

Мына суретте әкем қолына алып мені ойнатып жатқан кезі. 2012 жылдың күз айы.

Мына суретте әкем қолына алып мені ойнатып жатқан кезі. 2012 жылдың күз айы.

Адамның басына нелер келіп, нелер кетпейді. Өмір сәттілік пен сәтсіздіктен, қуаныш пен қайғыдан, жеңілдік пен қиыннан, ақ пен қарадан тұрады дейді ғой адамдар. 2012 жылы 13 желтоқанда отбасымда ауыр жағдай болған екен. Әкем жол апатына түсіп, 6 ай төсекке таңылып, жұмысқа жарамсыз болыпты. Барлық ауыртпалық жүк анамның иығына артылып, бір жағы үйдің шаруасы, бір жағы балалардың қамы, бір жағы әкемді қарау, бір жағы мектептегі жұмысы — бәрін жасауға тырысып, ауыртпалыққа мойымай, төзімділікпен иықтағы жүктен арылыпты. Әкем 2013 жылы аяққа тұрып, отбасының тіршілігін қолына қайта алып, бұрынғы қалпымызға қайта келген екенбіз.

Суретте: анам мен мен. Бұл той менің әкемнің ағасының баласының үйлену тойы. Тойға әкем, анам және мен келгенбіз. Ол кезде мен 1 жас 6 айлық екенмін. Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, “Нұрсая” рестораны,  10 қазан 2013 жыл.

2014 жылы белгілі себепті жағдайлармен отбасымызбен бірге Маңғыстау облысына қоныс аудардық. Көшіп келген жылы мен 2 жаста болғанмын. Көшіп келген бойда мен 2 аптадан аса ауырып, бір күнде азып, тамақ жей алмай, ап-арық болып қалған екенмін. Кішкентай кездегі суреттерден қарасам, топ-томпақ болғанмын ғой. Маңғыстаудың ауа райының әсерінен бе білмеймін, содан бері арықпын.

Көшіп келген жылы бізде баспана болмаған, пәтер жалдап тұрған. Әкем де, анам да мұғалім болғандықтан, 2014 жылы Мұнайлы ауданына қарасты «Батыр» деген ауылдағы №10 мектепке жұмысқа қабылданған. Рамазан ағам 7-сынып, Ақжүніс апам 5-сынып, Азамат ағам 2-сыныпта оқиды, барлығы да бір мезгілде оқыған. Сонда 2 жасар мені қарайтын ешкім болмаған, жаңадан ашылған ауыл болған соң ба балабақша да ашылмаған. Анам не істерін білмей, ақыры танымаса да ауыл тұрғындарын аралап, бала қарайтын адам іздеген екен. Содан мені көрші тұратын бір апаға тапсырыпты. Мен сол үйдің өзімнен 2 жас үлкен баласымен (аты есімде жоқ) бірге ойнап, түске дейін сол үйде болады екенмін. Түстен кейін бірі жұмыстан, бірі сабақтан келіп, мені алып кетеді.

Әкем мен анам жұмыс жасап, неше жыл жинаған қаржысына үй салып, 2015 жылы өз үйімізге кірдік. Сол жылы қыста қар қалың жауды. «Өз үйім — өлең, төсегім» демекші, үйдің ауласында асыр салып ойнайтынбыз. Жан-жағымызда көршілеріміз болмаған соң, көбіне Азамат ағаммен бірге ойнайтынмын.

Суретте: Азамат ағам және мен. 2015 жылдың қыс айы, үйдің ауласы, аққала жасап, мәз болып суретке түскенбіз. 2015 жыл.

Суретте: Азамат ағам және мен. 2015 жылдың қыс айы, үйдің ауласы, аққала жасап, мәз болып суретке түскенбіз. 2015 жыл.

Менің әр күнім бір тарих сияқты. Әр сурет бір оқиғаны еске түсіреді. 2015 жылы қыста қар қалың жауған соң, 2016 жылы көктемде шөп жақсы шықты. Көктемде отбасымызбен бірге саңырауқұлақ теруге шыққан кезде, тасбақа тауып алып, соны үйге әкелгенбіз. Неге әкелдік, есімде жоқ.

Суреттегі мен. Мен бұл кезде 4 жастамын. Қолымда тасбақа. 2016 жыл.

Суреттегі мен. Мен бұл кезде 4 жастамын. Қолымда тасбақа. 2016 жыл.

Мен осылай жүріп, 6 жасқа толып, мектепке баратын жасқа да келгенімді білмей қалдым. Батыр ауылында ол кезде бір ғана мектеп бар еді. Сол мектепке 2018 жылы 1-сыныпқа қабылданып, оқушы атандым. Менің сынып жетекшім Қайыпова Рабиға апай болды. Оқуда зерек, алғыр болдым. Ата-анам, әсіресе, анам менің сабағыма көп көмектесетін. 1-сыныпты аяқтағанша сабағыма жәрдем беріп, жазуыма көмек берді. 2-сыныпқа көшкен уақытымда өзімнің алғырлығымнан болар, өзім оқитын болдым. Сөйтіп, 2-сыныпты үздік аяқтадым.

Суретте мектеп формасын, оқу құралдарын алып берген кезде түскен сурет және сабақта белсенді болып, суретті әңгімелеп айтып тұрған кезімдегі сурет.

Суретте мектеп формасын, оқу құралдарын алып берген кезде түскен сурет және сабақта белсенді болып, суретті әңгімелеп айтып тұрған кезімдегі сурет.

Сабақты үздік аяқтаған кезде мақтау қағазын алған кездегі сурет

Сабақты үздік аяқтаған кезде мақтау қағазын алған кездегі сурет

Санта Клаустың киімін киіп тұрған мен. Жаңа жылға дайын образ. Мына суреттегі киімді анам тігіп берген. Сынып жетекшім сынып жаңа жылдың ертеңгілігінде Санта клаустың киімін бірдей етіп киетін болған соң, анам базардан матасын өлшеп әкеліп, өзі тігіп берген. Менің анам шебер екен ғой. 2018 жыл.

Суретте мен ортада тұрмын.  Мына суретте сыныбым мен сынып жетекшім Рабиға апай бар. Мектептегі “Қамқорлық” акциясы өткізіліп жатыр. Әрқайсысы өздерінің үйінен қалаған нәрсесін пісіріп немесе дайын затты әкеледі. Мен осы кезде анам пісірген бәліштерді әкелгенмін.   Ақпан 2019 жыл

Ашық тәрбие сағатынан естелік сурет. Суретте бірінші қатардағы ең шетіндегі жасыл жакет киген менмін.  Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған. 2019 жыл.

Ашық тәрбие сағатынан естелік сурет. Суретте бірінші қатардағы ең шетіндегі жасыл жакет киген менмін. Наурыз мерекесіне орай ұйымдастырылған. 2019 жыл.

Мына кезде 5-сыныпты үздік бітірген кезде түскен сурет. Орта буында сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Юсупова Нұржамал деген мұғалім болды. 2022 жыл.

Мына кезде 5-сыныпты үздік бітірген кезде түскен сурет. Орта буында сынып жетекшісі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Юсупова Нұржамал деген мұғалім болды. 2022 жыл.

Бірінші суретте: Анам, Рамазан ағам және мен. Екінші суретте Әкем, анам, мен, Рамазан ағам және оның құрдастары.  Рамазан ағам оқудың І курсын бітіріп келген кезі. 2020 жылдың қаңтар айы.

Бірінші суретте: Анам, Рамазан ағам және мен. Екінші суретте Әкем, анам, мен, Рамазан ағам және оның құрдастары. Рамазан ағам оқудың І курсын бітіріп келген кезі. 2020 жылдың қаңтар айы.

Мына суретте “Жасыл планета” тақырыбында “Экология балалар көзімен” атты республикалық қолөнер және сурет сайысына дайындаған қолөнерім және орын алған дипломым. Мұны анам екеуміз бірлесіп жасадық.       2020 жыл.

Осы уақытқа дейін сабақта үздік болып келе жатырмын. Биыл 6-сыныпты үздік аяқтап, 7-сыныпқа көштім. Үздік болғанымның арқасында биылғы маусымда Ақтаудағы «Фламинго» лагеріне жолдама алып, жақында 10 күнге барып келдім. Лагерьде жан-жақтан келген балалармен танысып, араласып, уақытты жақсы өткіздім. Түрлі ойындар, шаралар өтті.

Суретте мен оң жақтағы шетте тұрмын. Ақтау қаласы, “Фламинго” лагері, 2024 жылдың маусым айы.

Суретте мен оң жақтағы шетте тұрмын. Ақтау қаласы, “Фламинго” лагері, 2024 жылдың маусым айы.

Менің үздік болуыма ата-анамның қолдауы әсер етті. Ата-анам, әсіресе, анам «жақсы оқы, уақытты текке өткізбе, білім ал, білімді болсаң, бәрін де жеңесің» деп үнемі айтып отырады. Ал әкем болса, бәрімізді еңбекке, адалдыққа, адамгершілікке баулуға тырысады. Сондай-ақ, «тынымсыз еңбек ететін құмырсқаның өзі біз үшін дос» дейді анам. Ал әкемнің айналада ұшып жүрген құстар су ішеді деп ыдысқа су құйып қоятынын жиі көремін. Не үшін бұлай жасайды десем, «олардың тілі жоқ айтатын, су берсең, сауапқа кенелесің» дейді. Мүмкін осындай тәрбиенің арқасында болар, ата-анамның айтуынша, мен жуас, көңілшек, мейірімді және үнемшіл екенмін. Өзім кішкентай болсам да, бәріне де жүрегім елжіреп тұрады. Қолымда бар болса, жоққа бергім келеді, көмектескім келеді. Бұл мен үшін өмір мектебі десем артық айтқаным емес.

2019 жылы көктем айында әкем бізді еңбек етуге икемдеу мақсатында болар, мүмкін уақытты босқа өткізбесін дегені шығар, асыл тұқымды сауын ешкі сатып алды. Келесі көктемде сол ешкі екі лақ төлдеді. Туған кезде күн салқын еді, оны анам үлкендеу картон қорапқа салып, үйге әкеліп қойды. Суықтап қалады дейді. Екеуі де аппақ әрі сүйкімді. Бірі — ер лақ, екіншісі — қыз лақ. Төлдеген кезде анасынан сүт шықпай ауырып қалды. Сонда анам сиыр сүтін жылытып, лақтарға бір айдай емізікпен берді. Арасында мен де қызығып беретінмін. Бір айдан асқан лақтарым кішкене отығып шөп күйсейін деді. Сонда мен Азамат деген ағаммен бірге бір мезгіл далаға шығарып жайып келеміз. Лақтардың секеңдеген жүрістері қызық. Бір күні қыз лағымыз іші кеуіп ауырып қалды. Оны анам байқап, дереу ветеринар дәрігерге апар деп әкемді жұмсады. Дәрігер бір дәрі жазып беріпті, соны ішкізді және анам мен әкем кезегімен ішін уқалап, аяғынан тұрғызды. Содан кейін қыз лаққа ерекше қарайтын болдық. Ал ер лақ тентектеу болды. Лақтарға 3-4 ай болғанда анасынан ажыратып, емізуді тоқтаттық. Аузы шөпке тиген соң, лақтар тез өседі екен. Ағам екеуміз жем-шөп, суын беріп, қарайтын болған соң ба, әйтеуір бізге үйренген. Бізді көрсе маңырап, азық берсеңші дегендей тыпыршып бір орнында тұрмайды. Ала жаздай осы лақтар мен ешкіні бағамыз. Бағатын уақытта лақтарды емізбеуге тырысамын. Еміп қойса, сүт аз шығады. Анам сүтті айран қылып бізге береді. Ешкінің айраны да тәтті болады екен. Сабақ басталар кезде үйде қорада болады. Екші малы көбейгіш келеді екен, қазіргі таңда 4 ешкі, 4 лақ бар. Бір ешкіні сатты, бір ешкіні Құрбан айт мерекесіне құрбандық етіп шалды. Енді екі ешкі мен төрт лақты қарау менің мойнымда. Арасында Арман деген інімді қасыма ертіп жүріп, бірге бағып келеміз.

Ес білгелі отбасымда көрген үлгі-өнегем — ата-анамның қанағатқа үйретуі, ысырапшыл болмауға тәрбиелеуі. Иә, «судың да сұрауы бар» дегендей, кез келген нәрсенің сұрауы болады. Өз басым ата-анам болсын, бауырларым болсын ақша, тиын берсе, оны беталды жұмсамаймын. Өзімнің қажетіме жұмсаймын да, артығын жинап қоямын. Себебі, ата-анам жұмыс жасап, біз үшін еңбек етіп, бізді киіндіріп, тамақтандырып, өсіріп-жеткізіп жатқаны үлкен бақыт. Оның қадіріне жете білуіміз керек. Еңбектің нанының тәттілігін тер төгіп еңбек еткенде ғана білесің ғой. Сол сияқты мен де қарап жүрмейін деп арасында еңбек етіп, қаржы таптым. Ең алғашқы табысымның қалай келгені де мен үшін үлкен тарих. Мен достарыммен бірге, кейде өзім жаз айында айналада жатқан темір, мыс, алюминий қалдықтарын жинап, өткізіп ақша таптым. Алғашқы тапқан табысымды жұмсамай, көтерме бағада доп сатып алдым. Доптарымның бағасына қосып сатқанымның пайдасы, ақшам екі еселенді. Осылай менің жеке қаржылық қалтам пайда болды. Қаржылық қалтамды қомақты ету өзімнің қолымда екенін, маңдай термен тапқан табыстың наны тәтті болатынын түсіндім. Мұның бәрі отбасымдағы тәрбиеге байланысты ғой.

Әкем: «Қай жерге барсаң да үлкендермен міндетті түрде амандас. Үлкендердің алғысына бөленесің», - дейтін. Сосын үйге қонақ келгенде қолдарына су құюды да үйретті. Үйге қонақ келгенде, мен үйде болсам міндетті мен қолға су құямын. Су құйғаным үшін үлкен кісілерден батасын алып, алғысын аламын. Бұл мені алға ұмтылуыма, мақсатыма жетуіме үлкен мүмкіндік береді ғой. Енді інім Арман да қолға су құй десең, мен құямын, қалай құяды, былай құя ма, олай құя ма деп анау-мынауларды сұрай береді. Негізі сұраған жақсы ғой. Қазір жай-жай інім де үйреніп қалды. Кейде мен үйде болмаған жағдайда сол ініме құйдырады екен.

2019 жылы Рамазан деген ағам Көкшетау қаласындағы М. Ғабдуллин атындағы төтенше жағдайлар институтына оқуға түсті. Сол жылдың күзінде «Ант қабылдау» рәсіміне әкем, анам, Арман деген інім және мен бірге барып қатысып келдік. Бір жағы Бурабайдың тамаша табиғатын тамашалап келдік. Ондағы «Жұмбақтас», «Оқжетпес», «Абылай тағы» секілді тарихы тереңде жатқан орындарды көріп, ой-танымымды кеңейттім десем болады. Әкем мен анам тарихи орындардың тарихы туралы естіген, оқыған аңыз желісін айтып берді. Осындай жерлерді өз көзіңмен көріп, шынайы сезінсең адам бойында ерекше бір патриоттық сезім пайда болады екен.

Суретте ағамның ант қабылдау рәсімінен өткеннен кейінгі кезде түскен суретіміз.  2019 жылдың қазан айы.

Суретте ағамның ант қабылдау рәсімінен өткеннен кейінгі кезде түскен суретіміз. 2019 жылдың қазан айы.

Сурет Бурабай жерінен естелік. Анам және мен. Бүркіт ұстап тұрмыз. Бүркіттің тырнақтары үлкен екен, қанатын жайса, адамның бойымен бірдей болады екен. Екінші суретте балбалтас (кимешек киген әженің мүсіні). 2019 жыл қазан айы.

Әкем отбасына көңіл бөлуді жақсы көреді. Кей уақытта біздерді ойын алаңдарына апарады, табиғат аясына серуендеуге шығамыз.

Мына суретте мен 5 жасқа қараған кезім. 2017 жылдың ақпан айы, теңізге аққулар келген кезі еді.

Мына суретте мен 5 жасқа қараған кезім. 2017 жылдың ақпан айы, теңізге аққулар келген кезі еді.

Ал мына суретте әкем мен анам Азамат ағамды, мені,  Арман інімді ойынға апарған сәті. Азамат ағам 10 жаста, інім 1 жасқа толған, мен 5 жастамын. 2017 жыл.

Ал мына суретте әкем мен анам Азамат ағамды, мені, Арман інімді ойынға апарған сәті. Азамат ағам 10 жаста, інім 1 жасқа толған, мен 5 жастамын. 2017 жыл.

Мына суретте Маңғыстауға жүрмелі зоопарк келген. Әкем жабайы аңдарды өз көзімен көрсін деп мені әкелген. 2018 жыл.

Мына суретте Маңғыстауға жүрмелі зоопарк келген. Әкем жабайы аңдарды өз көзімен көрсін деп мені әкелген. 2018 жыл.

Сонымен бірге біздің отбасымызда отбасылық мерекелер дәстүрлі түрде өткізіліп тұрады. Туған күн, атаулы мерекелерді атап өтеміз. Әкемнің туған күні 21 мамыр, анамның туған күні 14 ақпан, әжемнің туған күні 27 желтоқсан, Рамазан ағамның туған күні 20 желтоқсан, Ақжүніс апамдікі 20 қазан, Азамат ағамдікі 26 ақпан, Арман інімнің туған күні 9 қыркүйек. Біздің отбасында жазда дүниеге келген жан жоқ екен.

1 / 6
Отбасылық дастархан. Ақжүніс апам “Қызыл аттестат” алғанын және ҰБТ-дан 107 ұпай жинағанын атап өткен бақытты бір күн. 2021 жыл.

Отбасылық дастархан. Ақжүніс апам “Қызыл аттестат” алғанын және ҰБТ-дан 107 ұпай жинағанын атап өткен бақытты бір күн. 2021 жыл.

Біз Маңғыстауға көшіп кеткелі ауылға 7 жылдан бері бармаған екенбіз. 2021 жылы жазғы демалыста анам, Ақжүніс апам, Азамат ағам және інім Арманмен бірге ауылдағы үйге қыдырып барған кезіміз. Ауылдағы үйде әкемнен үлкен ағасы отбасымен бірге тұрады. Ауылдағы үйдің ауласы, күшті, жап-жасыл екен. Алайда екі жаста көшіп кеткен соң ешқайсысы есімде жоқ. Туған жерімді, туған үйімді көріп келдім. Ауылда уақыт тез өтіп кетті.

Суретте әжем, әкемнің ағасы, жеңгесі, анам, Ақжүніс апам, Азамат ағам, Арман інім және мен. 2021 жыл.

Суретте әжем, әкемнің ағасы, жеңгесі, анам, Ақжүніс апам, Азамат ағам, Арман інім және мен. 2021 жыл.

Ауылға барған жылы киелі Түркістанға да бардық. Түркістанға бармас бұрын алдымен Қожа Ахмет Яссауидің ұстазы болған Арыстан баб атаға зиярат ету керек екен, бірінші Арыстан бабқа зияраттап бардық. Сосын Түркістанға жол тарттық. Түркістанда ұлы ғұлама Қожа Ахмет Яссауидің кесенесін көрдім. Кесененің тарихы неше ғасырлық екен. Кесенеге жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқандықтан, оның ішіне кіру мүмкін болмады. Түркістан ескі қала болған, алайда жаңғыртып, жаңа Түркістан қалашығы құрылыпты. Бәрі де керемет екен. Жақсылықты, жаңалықты, игілікті көріп тамашалаудың өзі бір ғанибет қой. Солай біз 2021 жылдың жазын жақсы өткізіп келдік.

Суретте ортада отырған анам оның оң жағындағы мен, анамның екі жағындағы екі сіңлісі және олардың балалары, менің бөлелерім.Менің анамның сіңлілері, нағашы апаларым бізді Түркістанға апарып қыдыртып, таныстырып, суретке түсірген сәттен естелік сурет.  2021 жылдың шілдесі.

Мынау Шымкент қаласындағы зоопарк. Зоопаркте түрлі аңдар бар. Шынайы түрін көрген басқаша болады екен. Осы күні Ақтауға қайтуға билетіміз бар. Асығыс аралап, тамашаладық. 2021 жыл.

Мынау Шымкент қаласындағы зоопарк. Зоопаркте түрлі аңдар бар. Шынайы түрін көрген басқаша болады екен. Осы күні Ақтауға қайтуға билетіміз бар. Асығыс аралап, тамашаладық. 2021 жыл.

Маңғыстау — менің ата-бабамның кіндік қаны тамған жер. Маңғыстауда туылмасам да, оны туған жерімдей көремін. Жалпы Қазақстанның барлық жері мен үшін туған жер. Маңғыстауда тұрғаныма биыл 10 жыл болады екен. Маңғыстаудың керемет, киелі жерлері өте көп. Мен әлі бәрін көріп үлгермедім. Алдағы уақытта ретімен аралап, тамашалайтын боламын деген ойым бар.

Суретте Азамат деген ағам және мен. Маңғыстаудың керемет жерлерінің бірі - “Голубая бухта” деген  жер.  Бұл жерге отбасымызбен бірге келіп, табиғатта теңіз жағасында тамақтанып, бір күндік уақытымызды отбасымызға арнаған күн.    2021 жыл.

Мына сурет бір сәтімізді  Каспий теңізінің жағалауында өткізуді жөн көрген кезіміз. Осы жылы Ақжүніс апам 1-курсты аяқтап келген жылы. 2022 жыл.

Мына сурет бір сәтімізді Каспий теңізінің жағалауында өткізуді жөн көрген кезіміз. Осы жылы Ақжүніс апам 1-курсты аяқтап келген жылы. 2022 жыл.

Суретте: мен, нағашы әжем, анам, Ақжүніс апам, Арман інім  және анамның інісінің қызы Айсу. 2022 жылы жазда нағашы әжем келіп, әжемізді алып, Каспий теңізінің жағалауына  қыдыртып жүрген кезден естелік сурет.   2022 жыл.

2023 жылдың 26 ақпанында отбасымызға бір жан қосылды. Ол менің жеңгем — Динара. Жеңгемнің жасы 21-де. Рамазан ағам 2023 жылы 26 ақпанда отау құрып, шаңырақ көтерді. Жеңгем маған қазақтың дәстүрі бойынша «Еркебала» деген есім қойды. Қазақта мұны «Ат тергеу» немесе «табу» деп атаған.

Суретте: оңнан солға қарай тұрғандар Азамат ағам, Сабыр ағам, Рамазан ағам, Әкем, Анам, Жеңгем, Ақжүніс апам. Отырғандар: Әжем, інім Арман, нағашы әжем. Рамазан ағам мен жеңгемнің үйлену тойы. 2023 жыл 26 ақпан.

Отбасымыздың бір дәстүрі ретінде биыл әкем отбасылық сайыс, байқау ұйымдастыруды қолға алды. Осы жылдың мамыр айында сүйікті Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.а.у) салауат айтудан жарыс ұйымдастырды. Байқау шарты бойынша бір жұмаға дейін кім қанша салауат айтады, сол жеңімпаз болады. Сөйтіп отбасымыздан Арман мен Ақжүніс апамнан басқаларымыз қатыстық. Нәтижесінде бір аптаның ішінде көп салауат айтқан мен болдым. Менің айтқан салауатымның саны 38 мың 600 жүз болып ең көп айтқан мен болдым. Әкемнің өзінің ұйымдастыруымен өткен соң, қаржылай сыйлық берді. Мен бірінші орынға ие болып, 15 000 мың теңге ұтып алдым. Екінші орынды Азамат 10 000 мың теңгесімен ұтып алды. ІІІ орынға әкем мен Рамазан ағам ие болды. Барлығымызға қуаныш сыйлаған жақсы байқау болды. 2024 жыл.

Суреттерде: Мен, әкем және ағаларым. Отбасылық сайыстың марапаттау сәті. 2024 жыл.

Суреттерде: Мен, әкем және ағаларым. Отбасылық сайыстың марапаттау сәті. 2024 жыл.

Менің отбасым — менің бақыт мекенім! Оның тарихын ешқашан да ұмытпаймын. Жадымда мәңгілік сақталып, жаңғырып тұрады. Отбасыммен өткен уақыт, минут, секундтың өзі мен үшін, басқа үшін де сыйға берілген сарқылмас бақыт деп ойлаймын. Сол үшін біз уақытты тиімді өткізіп, бақыттың қадіріне жете білуіміз керек. Байқап отырсам, менің көп уақытым отбасыммен бірге өтеді екен. Отбасында өткізген жанның бәрі бақытты деп есептеймін, сондықтан да мен бақытты баламын. Менің қаламым отбасымның тарихын жазудан мұқалмасын деймін. Себебі отбасымның тарихы мұнымен тоқтамайды, әрі қарай жалғасатын табатын болады.

Мен өзімнің отбасым туралы бар білгенімді, есімде қалғандарын жаздым. Әлі талай естеліктердің, қуаныштың куәсі болған сәттерімді тарих етіп жазатын боламын.