Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары

РЕМБРАНДТ НЕГЕ ШКАФТА ҰЙЫҚТАЙТЫН?

Жоқ, ол түнде қорқынышты нәрсе көрмеген

РЕМБРАНДТ НЕГЕ ШКАФТА ҰЙЫҚТАЙТЫН?

Рембрандт. Тавернадағы адасқан ұл (Рембрандт пен әйелі Саския екеуінің автопортреті). 1635/Getty Images

Ұлы суретші 20 жыл тұрған Амстердамдағы үйі қазір музейге айналған. Рембрандтың (1606–1669)  картиналары мен басқа суретшілердің жұмысынан бөлек, сақталып қалған немесе қайта қалпына келтірген өзі пайдаланған заттары да бар.

Музей қонақтары қылқалам шеберінің тікелей мағынасында есігі жоқ кереге қуысында, кішкентай баланың өзіне тарлық ететін шкафта ұйықтағанын өз көзімен көре алады.

Мұндай төсекте ыңғайланып, аяқ-қолын еркін созу үшін суретшінің бойы 140 сантиметрден аспауы керек. Ал замандастырының айтуынша, Рембранд орта бойлы мығым жігіт болған деседі.

Ал төсектің өлшемін түсіндіре кетсек, 19 ғасырдың басына дейін Нидерландта, тіпті Францияның кей аймағында созылып жату зиян деп келген. Олай тек шаруалар, сарбаздар, кедейлер ұйықтайтын. Ал ақсүйектер дәрігерлердің нұсқауына құлақ асып, отырған күйі шалқайып ұйықтауды әдетке айналдырған. Бұлай жату ас қорытуға септігін тигізеді деген пікір болған. Тіпті өкпеге ем, ұйқы кезінде «зиянды сұйықтық» басқа жиналмайды деп санаған. Ол ол ма, үлкен төсектің бас жағына бас пен иықты көтеріп тұратын жәшіктер жасалып, оның үстіне жастық қойған.

Амстердамдағы Рембрандт музейіндегі альков төсек/Wikimedia Commons

Амстердамдағы Рембрандт музейіндегі альков төсек/Wikimedia Commons

Шкафка ұқсайтын керегедегі мұндай қуыстардың формасы дәл осы Голландияға тән. Мысалы, орыс патшасы І Петр 1697 жылы осы елдегі Заандам деген жерде кеме жасаудағы ағаш шеберлігін үйреніп жүріп, өзінің аға шебері Геррит Кистің үйінде тұрған. Ол да сол шкафта ұйықтаған сияқты. Оны қазір де бұны осы күнге дейін сақталып қалған, көне үйден көруге болады. Петрдің бойы 2 м 4 см еді. Патша мұндай шкафты өзінің Петерборда салынып жатқан үйіне де қойғызған (әлі күнге дейін бар).

1 / 2

Өте ылғалды жердің тұрғындары, яғни голландиялықтар мұндай жабылатын төсек ылғалдан, көгеруден, түнімен арналардан шығатын зиянды «миазмалардан» сақтайды деп ойлаған. Оған қоса мұндай шкаф жеке кеңістік қалыптастырып, кеміргіштерден сақтаған.

Рембрандт өз төсегін жақсы көрген сонша, тіпті оны «Товиді күткен Сара» деген картинасында салған.

Рембрандт. Товиді күткен Сара. 1645/Wikimedia Commons

Рембрандт. Товиді күткен Сара. 1645/Wikimedia Commons