ЛАЛ, ЛАҒЫЛ МЕН БАСҚА ДА ЖАҚҰТТАР

Жалған тастар мен адамдар — махаббат пен араздықтың драмалық тарихы

ЛАЛ, ЛАҒЫЛ МЕН БАСҚА ДА ЖАҚҰТТАР

Парламенттің ашылуында Британ патшасының тәжі. 17 шілде, 2024 жыл/Jonathan Brady/WPA Pool/Getty Images

Сирек кездесетін, керемет сұлу тастар әртүрлі халықтарда әдемі әшекейлерге айналатын. Әр ұлттың өмір салты сан алуан болғанымен, асыл тастардың тартымдылығы мен бағасы бәрінде бірдей еді. Табиғатта жарқыраған, көздің жауын алатын кристалдарға тең келетін әдемілік сирек кездесетін. Тек гүлдер ғана онымен бәсекелесе алар ма еді, бірақ олардың ғұмыры тым қысқа ғой.

Мазмұн

Сондықтан асыл тастардың тарихы — өркениеттің тарихымен жасты деуге болады. Сонау палеолит дәуірінде, яғни ондаған мың жыл бұрын, адамдар тастан жасалған құралдармен өңдеуге болатын жұмсақ тастардан моншақ пен алқа жасауды үйренген. Бұл тастардың сұлулығы алғашқы аңшылар мен терімшілердің өзін сәндеуге деген тілегін оятатын. Палеолиттік зергерлер әсіресе жасыл дала шпаты, сары-қоңыр пирофиллит және мөлдір антигорит минералын ерекше көп пайдаланды.

Қазіргі уақытта бұл тастар зергерлердің назарын аудара бермейді, өйткені мыңжылдықтар бойы адамдар нақ сирек кездесетін асыл тастарды танып үйренді. Оған қоса, бүгінгі таңда өңдеу әдістері бұрынғы күңгірт әрі бейберекет тас бөлігінен нағыз жарқыраған ғажайыпты шығара алады, ал біздің арғы ата-бабамыз ол тасқа мән бермеген болар еді.

Мәселен, алмаздардың шынайы тарихы тек 13-14 ғасырларда басталды, сол кезде ғана бұл асыл тасты дұрыс қырлауды үйренген. Оған дейін алмаз сирек кездесетін, бірақ аса құнды деп саналмайтын тас еді.

Басқа көптеген асыл тастың да тарихы шырғалаңға толы еді. Бізге бұл туралы геммология саласының сарапшысы, ММУ-дің Геммологиялық орталығының білім беру бағдарламалары бойынша даму директоры Елена Новоселова айтып берді. Ол 2024 жылғы қыркүйектің соңында Астанаға Bvlgari үйі ұйымдастырған дәріске келген кезде біздің сұрақтарымызға жауап беруге келіскен болатын.

Bvlgari үйінің сирек кездесетін асыл тастарға деген ерекше ықыласы белгілі. Ол құрылған кезден бастап бір жарым ғасыр бойы оның шеберлері түрлі түсті тастарды бір туындыда үйлестіру арқылы қайталанбас әрі ерекше композициялар жасап келеді. Сондықтан Bvlgari дәстүрінде ең жақсы, сирек кездесетін тастарды іздеу бар. Жер қойнауынан жаңа, жарқыраған асыл тас табылғанда, оның жарыққа шығуына атсалысатындардың арасында міндетті түрде Bvlgari сарапшылары да болатынына күмән жоқ. Сол себепті бұл үйде асыл тастар туралы бәрін біледі.

1 / 8

Шпинель

16-17 ғасырларға дейін кез келген жарқыраған мөлдір қызыл тасты лағыл дейтін. Шындығында, «лағыл» (рубин) сөзі латын тілінде «қызыл» дегенді білдіреді. Сол дәуірде дағылдарды «лал», «яхонт» (жақұт), «карбункул», «сардис» деп те атаған. Тек химия мен минералогия дамыған кезде ғалымдар бұл әдемі қызыл тастардың құрамы мен құрылымы әртүрлі екенін түсіне бастады. Сол себепті оларды жеке-жеке жіктеп, әртүрлі тастар ретінде тану қажет болды. Осылайша патшалық қазыналардағы көптеген лағыл шын мәнінде гранат, турмалин және берилл болып шықты.

Түрлі түсті шпинельмен безендірілген алқа

Түрлі түсті шпинельмен безендірілген алқа

Көптеген жарқыраған тастар шпинель болып шықты. Бұл тастың атауы латын тіліндегі «spinella» — «тікенек» сөзінен алынған, себебі оның кристалдары үшкір бұрышты келеді. Бірақ қырланған шпинельді лағылдан тек мықты микроскоптар пайда болған кезде ғана ажырата бастады, өйткені бұл тастардың құрылымындағы айырмашылықты жай көзбен байқау мүмкін емес еді. Еуропа тарихындағы ең танымал «Қара ханзада лағылы» — Ұлыбританияның императорлық тәжі сәнделген — шынында, шпинель болып шықты. Сол сияқты Тимуридтер әулетіне ұзақ уақыт тиесілі болған атақты «Әмір Темір лағылы» да шпинель еді.

Аға Лукас Кранах. Анна Бюхнер. 1520/Getty Images

Аға Лукас Кранах. Анна Бюхнер. 1520/Getty Images

Бүгінде шпинель зергерлердің ең сүйікті тастарының бірі болып саналады және жақұт, алмаз, лағылмен қатар асыл тастардың бірінші санатына жатады. Құнды шпинель әртүрлі түсте болуы мүмкін — қызғылт сарыдан көкке дейін, бірақ қызыл түстегі, яғни қанық таңқурай, ал қызыл, қызғылт немесе шарап түсті шпинельдер ең жоғары сұранысқа ие. Шпинельдің бағасы, көлемі бірдей лағылмен салыстырғанда кейде төмен болуы мүмкін, бірақ сәндік жағынан ол әдетте лағылдан көп пайдаланылады, себебі оның түс палитрасы өте бай. Мысалы, Bvlgari үйінің коллекцияларында шпинель басқа асыл тастар арасында басым. Bvlgari үйінің ең қымбат әшекейлерінің бірі — Imperial Spinel алқасы. Тәжікстанда табылған салмағы 131,21 қарат болатын қанық қызыл шпинель бриллианттар мен зүбаржаттар шоғырымен қоршалған.

1 / 7

НЕГЕ Bvlgari шпинельді ұнатады?

«Түрлі-түсті тастарда біз ең алдымен олардың түсін бағалаймыз. Шпинель — табиғи түстердің кең палитрасымен ерекшеленетін ғажайып минерал. Шпинельдің түсі кемпірқосақтың барлық дерлік реңктерін қамтиды: қызыл, қызғылт сары, жасыл, көк, күлгін, сұр, қызғылт — мұның бәрі шпинельде бар!

Моос минералогиялық шкаласы бойынша шпинельдің қаттылығы — «8». Төзімділік жағынан шпинель тек корундқа (лағылдар мен жақұттарға) және бриллиантқа жол береді. Минералдың қаттылығы, біріншіден, оны өңдеудің ең жоғары сапасына қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл оның оптикалық қасиеттерін және жарқырай түсуіне қолайлы. Екіншіден, егер дұрыс қараса және мұқият пайдаланса, бұл тас иелерінің бірнеше буынына қызмет ете алады. Шпинель өзінің эстетикалық сипаттамалары, оптикалық қасиеттері және төзімділігі тұрғысынан тамаша үйлесімге ие.»

Бирмалық лағылмен безендірілген Үнді сарпеч (шәлдеге тағатын танамоншақ)/Wikimedia Commons

Бирмалық лағылмен безендірілген Үнді сарпеч (шәлдеге тағатын танамоншақ)/Wikimedia Commons

Зүбаржат

Зүбаржат — бериллдің ең құнды түрі. Алайда 1790 жылға дейін зүбаржат жеке тас ретінде қарастырылып, арзан бериллмен ешқандай байланысы жоқ деп есептелген. Француз химигі Луи Воклен бұл екі тастың химиялық құрамы бірдей екенін дәлелдегеннен кейін, зергерлер де, жұрт та бұл фактіні жүз жыл бойы мойындаудан бас тартты. Өйткені мыңдаған жылдар бойы жарқыраған жасыл түсті мөлдір зүбаржат асыл тастардың құндыларының бірі ретінде саналған, табиғат оны кемелдіктің символы ретінде жаратты деп қабылданған. Тасқа қырлаудың қажеті жоқ, аз ғана жылтыратып өңдесе болды, бойындағы жасыл реңкі тереңнен жайнап сала беретін. Зүбаржатты ежелгі патшалар рухтармен байланысу үшін қолданған, ал Киелі кітаптағы абыздар оны көкпен байланыс белгісі ретінде асатасына салған деген аңыздар да бар.

Үлкен замартаспен безендірілген Terra Mater Serpenti  алқасы. Bvlgari

Үлкен замартаспен безендірілген Terra Mater Serpenti алқасы. Bvlgari

Ал енді бериллді соның туысы ретінде дәлелдеп бағатындар шықты... Бериллден жасалған салтанатты батырмалар кез келген ұсақ дүкеншіде табылып жатқанда, зүбаржатты соларға теңестіру ақылға сыймас еді!

Дегенмен, бұл таңқаларлық ашылым зүбаржаттардың бағасына әсер еткен жоқ. Бүгінгі таңда да сапалы, мінсіз зүбаржаттың бағасы сол көлемдегі алмаздан жоғары тұрады.

Ашық түсті немесе қою түсті зүбаржаттардың қайсысы қымбат? Тасты сатып аларда не нәрсеге көңіл бөлген жөн?

«Алдымен терминологияны анықтап алайық. Геммологияда «түстің қанықтығы» ұғымы бар — бұл тастың түсінің концентрациясы, мысалы, зүбаржаттағы жасыл түстің мөлшері. Ереже қарапайым: түс неғұрлым қанық болса, тас соғұрлым қымбат — бұл геммологияның негізгі қағидаларының бірі және ол зүбаржатқа да қатысты.

Сонымен қатар, «жарықтық» ұғымы бар — бұл тастың жарықтан қараға дейінгі шкаладағы орналасуын білдіреді, яғни тастың жарық немесе қара түстің мөлшеріне байланысты өзгеретін көрсеткіші.

Ағылшын патшасы I Яков (1603-1625)/National Galleries Of Scotland/Getty Images

Ағылшын патшасы I Яков (1603-1625)/National Galleries Of Scotland/Getty Images

Ең қымбат зүбаржаттар — түсі барынша қанық, бірақ жарықтығы да оңтайлы деңгейде үйлескен тастар. Мұнда жасыл түстің ашықтығы маңызды, яғни максималды қанық жасыл түс, бірақ жарықтық тым ашық та, тым қара да болмауы керек. Әлемдік нарықта эталон ретінде Колумбиядағы Muzo кен орнының зүбаржаттары танылады.

Дегенмен, соңғы жылдары нарықта түсі әлсіз, ашық жасыл түсті зүбаржаттарға қызығушылық артып келеді. Бұл тастар саудада «mint emerald» — «жалбыз зүбаржат» деген атаумен белгілі және классикалық «эмеральд» қырында өте әдемі көрінеді әрі бағасы қолжетімдірек.

Зүбаржат сатып алғанда, олардың өте сирек таза, яғни қоспасыз болатынын естен шығармаған жөн: зүбаржатқа минералдық қоспалардың, газ-сұйықтық қоспаларының және ішкі жарықшақтар тән. Нарықта зүбаржаттың ішкі әлемін романтикалық түрде «Jardin» — «Бақ» деп атайды және осы керемет асыл тастың нағыз білгірлері қоспалар микрожүйесінен өзінің қайталанбас сұлулығын табады.»

Параиба

Турмалиндер — әрқашан жарқыраған, жиі мөлдір келетін асыл тастардың бірі. Ежелгі заманда олар негізінен Үндістаннан тапқан, әсіресе қызыл турмалиндер кеңінен таралды, алайда сол кезде оларды лағылдан ажырату мүмкін болмады. Сол себепті қызыл турмалиндер мен лағылдарды бір атаумен «лал» деп атаған. Тек ғылым дамыған соң ғана турмалиндерді дербес асыл тас ретінде қарастыра бастады. Түрлі зерттеулер барысында турмалиндердің әртүрлі түстері мен түрлері бар екені анықталды — кейбірі онша көріксіз, бозғылт сары, қоңыр-сұр түсті, мысалы, марганецті немесе темірлі турмалиндер. Соған байланысты турмалиндерді жартылай қымбат тастар санатына қосқан болатын. Дегенмен кейбір ірі, ерекше, көбінесе қызыл турмалиндер жоғары бағаланатын.

Параиба турмалиндерімен безеодірілген «Mosaic of Time» алқасы

Параиба турмалиндерімен безеодірілген «Mosaic of Time» алқасы

Бәрі 20 ғасырдың соңына қарай түбегейлі өзгерді. 1980 жылдары Бразилияның Параиба штатында ерекше мысқұрамды жасыл-көгілдір турмалиндер табылды. Бұл тастар лагунадағы күн сәулесімен жарықтанған мұхит суының түсіне ұқсап, таңғажайып әсемдігімен ерекшеленді. Параиба турмалині соншалықты көркем әрі сирек болғандықтан, небары бірнеше жылдың ішінде оның бағасы көптеген қымбат тастардан асып түсті. Бұл сұраныстың жоғары болуы Параибадағы кен орнының кішкентайлығымен де байланысты болды — кен тез арада сарқылды. Бразилиядағы кен орны сарқылған соң Нигерия мен Мозамбикте мысқұрамды турмалиндер табылды. Алайда мамандар Бразилиялық Параибаның сапасы мен әсемдігі африкалық турмалиндерден жоғары екенін айтады.

Дегенмен бұл айырмашылықты анықтау қиын, себебі оптикалық спектроскопия арқылы алынған мәліметтер ұқсас. Бразилиялық турмалиннің шыққан жері тек құжаттармен дәлелденуі мүмкін, ал құжаттарға қатысты да талас көп. Сол себепті зергерлер «Параиба» деп сапасы мен химиялық құрамы осы асыл тасқа сәйкес келетін кез келген турмалинді атай бастады. Себебі бұл тастың сұлулығы керемет. Bvlgari үйі өзінің жұлдызды туындыларының бірі болған Параиба құрметіне Omnia Paraiba атты хош иісін де шығарды.

Параиба түсінің нәзіктігі сонша, оны сақтау мен күтімінде ерекше нәрсе бар ма?

«Турмалиннің Параиба түсіне келетін болсақ, қазіргі нарықта бұл тастың түсі 99% өңдеу нәтижесінде алынғанын атап өту керек. Бұл зергерлік нарықта қалыпты тәжірибе саналады. Мысқұрамды турмалиндерді арнайы орташа температурада қыздырып, сол арқылы қажетті жасыл-көгілдір және қанық көгілдір реңктерге қол жеткізеді. Параиба турмалинінің сөзсіз артықшылығы — оның түсінің тұрақтылығы. Көптеген тастар күн сәулесіндегі ультракүлгін әсерінен түсін өзгертсе, Параиба турмалині сол әсерге төтеп беріп, түсін сақтап қалады. Түстің тұрақтылығы турмалиннің шыққан жеріне байланысты емес, сондықтан Бразилия немесе Африка Параибасының түсін визуалды түрде ажырату мүмкін емес. Сол себепті Параиба турмалинін сатып алғанда оның түсі уақыт өте келе өзгермейтініне сенімді бола аласыз.

Жалпы сақтау және пайдалану ұсыныстары барлық асыл тастарға ортақ: тастарды жабық қорапта сақтап, механикалық және соққы әсерлерінен қорғау қажет.»

Генри Боун. Виктория патшайым. 1843/Wikimedia Commons

Генри Боун. Виктория патшайым. 1843/Wikimedia Commons

Жақұт

«Жақұт — мыңдаған жылдарға созылған тарихы бар асыл тас — өзінің тарихымен де, түсімен де ерекше. Бастапқыда ежелгі еврейлер, гректер мен римдіктер жақұттарды ең керемет асыл тастар ретінде сипаттағанда, олар шын мәнінде лазуриттер туралы айтып жатқан еді. Лазурит — патшалардың, императорлардың, магтардың және дінбасылардың көк тасы, ол ежелгі әдебиетте жиі кездеседі. Жақұтты ұнтақтап, сурет өнерінде қанық көк түс алу үшін пайдаланатыны белгілі, бірақ жақұт осы функцияны атқара алмайды; көк пигментті тек ляпис-лазурь береді. Ал ежелгі парсылар, әлемге «сапфир» — «көк тас» сөзін сыйлаған халық, бәлкім, шынымен де жақұтты меңзеген шығар. Жақұт — Үндістанда өндірілетін қою көк корунд, оны әдетте, жарқырауын және мөлдірлігін көрсетету үшін өңдейді.

Жақұттармен бездірілген алқа. Bvlgari

Жақұттармен бездірілген алқа. Bvlgari

Шығыс мәдениетінде жақұтқа арналған даналық сөздер немесе сиқырлы белгілер гравюра жасау дәстүрі бар — бұл тас адамның рухани күштерін арттырады деп есептеледі. Жақұттың қою көк түсі көптеген мәдениеттерде тәңірлік даналық, білім, ерік-жігер және ақылмен байланысты болды.

Иван Крамской. Ресей императрицасының (Александр III-нің әйелі (1881-1894)) Мария Федоровнаның (1881-1894) портреті. Мойныңдағы әшекей гауһар тастар, інжу-маржан және жақұтпен безендірілген/Getty Images бар

Иван Крамской. Ресей императрицасының (Александр III-нің әйелі (1881-1894)) Мария Федоровнаның (1881-1894) портреті. Мойныңдағы әшекей гауһар тастар, інжу-маржан және жақұтпен безендірілген/Getty Images бар

Алайда минералогияның дамуымен жағдай өзгерді: бүгінде зергерлер жақұт деп қызыл корундтан басқа барлық корунд түрлерін атайды (қызыл корундты лағыл деп атайды). Жақұттар сары, жасыл және тіпті мөлдір болуы мүмкін. Бұл терминологияда шатасып кету ғажап емес, себебі «сапфир» деген сөз әлі де қою көк түсті білдіреді.»

Қазір қандай жақұттар бағалы?

«Қазіргі уақытта нарықта қызық жағдай қалыптасқан. Бір жағынан, ең сұранысқа ие жақұттар — табиғи, өңделмеген Royal Blue (Корольдік көк) түсіндегі тастар, бұл спектрлік таза көк түс, жоғары қанықтылықпен, қосымша сұр немесе жасыл реңк жоқ. Классикалық түс, ол тікелей күн сәулесінің астында өте әдемі ашылып, ғасырлар бойы бағаланып келеді.

Альберт Мур. Жақұт. 1877/Getty Images

Альберт Мур. Жақұт. 1877/Getty Images

Екінші жағынан, нарықта Падпараджа жақұтына деген қызығушылық артып келеді — қызғылт және апельсин түсінің тең пропорцияда үйлескен таңғажайып тас. Нағыз Падпараджа Цейлоннан шыққан болуы керек деп саналады, ал ланкиялықтар оның түсін лотос гүлімен немесе Цейлон күнінің батуымен салыстырады — міне, осындай романтикалық тарих! Бұл тас өте сирек, «дұрыс» Падпараджа Royal Blue-дан да сирек кездеседі. Қытай нарығы мен Таяу Шығыс нарығы бұл тасқа үлкен қызығушылық танытуда, бұл өз кезегінде оның әлемдік нарықтағы бағасының үнемі өсуіне әкеп соғады. Міне, осылайша жақұттар әлемінде «қызылт гүл» пайда болды.»

Padparadscha sapphire/Geology.com

Padparadscha sapphire/Geology.com