MARK LANEGAN BAND – NIGHT FLIGHT TO KABUL

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

MARK LANEGAN BAND – NIGHT FLIGHT TO KABUL

Марк Ланеган / Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Кетамин, виски және елестердің әншісі марқұм америкалық өнер майталманы Марк Ленеган, Иосиф Бродский бірде «масақанада жалғыз жатып тыңдайтын ән» деп атаған жанрда өмір бақи тер төкті. Дегенмен оның 2019 жылы жарыққа шыққан соңғы альбомының біріне енген аталған композицияның тақырыбы Кабул орталығындағы ағашты және әнде айтылған түннен гөрі, Александр Прохановты еске түсіреді. Бұл тыңдарманның көңілінен шыққан ауыр әрі өзіндік идеясы бар жұп-жұмыр блюз-рок (ол шақта атақты рокн-ролл тыңдармандарының назары Ауғаныстанға ауған), мәселен, Пи Джей Харви онда документалды фильм түсірді. Дегенмен Ленеганның әнін саяси туынды деп айтуға келмейді – көбіне-көп түнгі Кабулдың аспанын көктей өткен ән қараңғылықтың шетіне жасаған абстрактілі саяхаттың символы ретінде көрініс берген. Әнде жанынан безген баритон «Кабулда алтын бар ма?» деген сөзді еліріп бірнеше мәрте қайталайды. Айтпақша, онда Бактрии алтыны бар. Ол алтын кені 1978 жылы жасалған совет-ауған экспедициясы тұсында ашылған.