Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Барлық битлдардың ішінде Харрисон Шығысқа әсіре әуес болды, бірақ бұл жағдайда Гонконг тақырыбы оған ескі америкалық мәдениеттің бір көрінісіндей еді. Мұнда ол сексенінші жылдардың әуезінде Гонконгта апиынға тәуелді болып, үйіне қайта алмай жүрген америкалық туралы ән шырқайтын ұлы америкалық Хоги Кармайклдың ескі блюзін өзінше орындап шығады. Кармайкл оны «Ие болу және айрылу» (1944) фильмінде Хэмфри Богарт ерекше фуражка киіп алып, барға кіріп бара жатқан сахнада шырқайды.