SCRITTI POLITTI — ASYLUMS IN JERUSALEM

Батыстан шығысқа: дыбыс географиясы

SCRITTI POLITTI  — ASYLUMS IN JERUSALEM

Scritti Politti. Промо фотосурет. 1982/Alamy

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Scritti Politti — британдық пост-панктың ішкі логикасы мен эстетикасын түсіну үшін өте маңызды топ. Ол жетпісінші жылдардың аяғында белгісіз әншілерден құрылып, арт-панк коммунасы ретінде жұмысын бастады, ал олардың Лондондағы сквотының қабырғасында орақ пен балға ілулі тұрған. Сексенінші жылдардың басында олар Марксті Жак Дерридамен алмастырды (тіпті оған аттас әнді де шырқады) және академиялық философия мен өте кең таралған поп-музыканың таңғаларлық үйлесімі арқасында чарттарда топ жарды. Олардың философияға терең үңілетін әрі паник шабуылдан зардап шегетін көшбасшысы — Грин Гартсайд регги мен фанкқа қызығушылық танытып, тіпті Энни Ленокспен бірге дауыс жазған. «Иерусалимдегі баспана» — олардың дебюттік пластинкасындағы ән. Бүгінде оның атауы тек әскери мағынаны еске салса да, ән бомбалау туралы емес. Альбом 1982 жылы бірінші Израиль-Ливан соғысы басталғаннан кейін бірден жарыққа шыққанымен, туынды әлдеқайда ертерек жазылған және Ницшенің Иерусалим маңындағы шөл даланы кезетін есінен адасқан пайғамбарларға арналған психиатриялық баспаналары туралы сөзіне сілтеме жасайды.