СИЛЬФИЙ

Рим асханасының басты жұмбағы

СИЛЬФИЙ

Киренаикидан шыққан ежелгі тиын. Алдыңғы жағында-Зевс, артқы жағында-сильфий/coinarchives.com

Ежелгі гректер мен римдіктер сильфийдің ең дәмді көгөніс екенін жиі айтады. Геродот11Геродотiiежелгі грек тарихшысы әрі саяхатшы (б.з.д. 484–б.з.д. 425) оның дәмін керемет деп санады. Ботаник әрі агроном Теофраст та22Теофраст iiежелгі агроном (б.з.д. 370 – б.з.д. 285) сильфийді Киренаиканың негізгі экспорты дейді iқазіргі Ливиядағы көптеген грек колониялары орналасқан аймақ осылай аталды. Ал Катуллус болса, сильфийдің Керанаикада өскенін растаған33Катуллус iiРим ақыны (б.з.д. 87 –б.з.д. 54).

Лисбия!

Сильфий өскен шөл дала — Киренаика жерінде,

Құмның қанша түйіршігі бар болса, 

Сонша рет сен өртеп сүйсең ерінмен,

Басылар ма құмарым?!

Римдіктер сильфияны жақсы көргені сонша, ақыр соңында, оны тамырымен қоса жеп тынғанға ұқсайды. Әлде бұл өсімдік климаттың өзгеруінің немесе вирус эпидемиясының әсерінен жойылып кетті ме екен? Қалай болғанда да, бірде император Неронға 44Нерон iiРим императоры (б.з. 37–68) бір сильфияның сабағы айрықша патшаға арналған тарту есебінде сыйлаған. Содан кейін біздің заманымыздың екінші ғасыры аяқталысымен, сильфия туралы мүлде естімедік.

Өкінішке қарай, бірақ біздің замандастарымыз сильфияның дәмін татпақ түгілі, бұның қандай өсімдік екенінен де хабарсыз. Бізге жеткен суреттер мен сипаттамаларға сүйене отырып, бұл қолшатыр пішінді келген, балдырған мен сәбіз тұқымдас өсімдік болғанға ұқсайды. Тарихи білімі бар биологтар мен биологиядан хабары бар тарихшылар сильфийді осы текке жататын өсімдік я соның бір түрі деген мәліметтер ұсынады. Тинтиган феруласы немесе асафетида. Өкінішке қарай, осы уақытқа дейін ұсынылғандардың барлығының дәмі жағымсыз әрі мүлдем жеуге жарамсыз еді.