ТАРИХ, САЯСАТ ПЕН ПОЭЗИЯДАҒЫ ТІС ШӨТКЕ

Ауыр тағдырды тазартушы құрал

ТАРИХ, САЯСАТ ПЕН ПОЭЗИЯДАҒЫ ТІС ШӨТКЕ

Colgate тіс пастасы жарнамасы. 1929 жыл / Alamy

Біз күнделікті қолданатын тіс щеткалары туралы сөз қозғалса, oral history терминінің мыңжылдықтардың тереңінен бастау алатынына көзіміз жетеді. Ауыз қуысын таза ұстау үшін адамзат ежелден бері сан түрлі бұтақтарды, сүйектерді, қауырсындарды қолданып келді. Ал әдемілікті сүйген жандар көрер көзге де сәнді, қолдануға да ыңғайлы кәдімгі кірпінің инелерін пайдаланған. Көне мысырлықтар болса жұмыртқа қабығынан, күл мен мирра (доланаға ұқсас, тікенді, хош иісті өсімдік) өсімдігінің қоспасын мүмкіндігінше ауыз қуысын тазалау үшін кәдеге жаратты. Ал былайғы уақытта тіс щеткасы қызметін кәдімгі қолдың саусағы атқарған. Қазірдің өзінде біз де таңертең оқыстан ояна сала, саусағын аузына еріксіз апармаған адам жоқ шығар?.. Осы біз бүгінгі күнге қарағанда өткен заманға жақынырақ сияқты көрінеміз кейде... (айтпақтай, фантаст Исаак Асимовтың «Роботтар мен империя» романында тісін саусақпен шұқылап тазалайтын әрекеттер суреттелген).

Римдіктер мен гректер тіс шұқығыштарды өте жиі пайдаланған. Ал Үндістанда тіс шұқығыш ним (үнділер «азадирахта» дейді) ағашының бұтақтарынан жасалатын. Ислам әлеміне келер болсақ, олар арак ағашынан жасалған шайнауға келетін таяқша мисуакпен (парсыша «сальвадор» деп аталады) тістерін, ауыз қуыстарын тазалаған. Әлгі таяқшаны шайнаған кезде тарам-тарам боп талшықтанып кәдімгі щеткаға айналып шыға келеді. 7 ғасырдан бастап аталмыш мисуакпен тіс тазалау рәсімі қасиетті мәнге ие болып, діни сипат ала бастады.

Тіс щеткасының қазіргі күні бізге таныс пішіні алғаш Қытайда жасалды. Кейбір деректерде бұл 1498 жылға тиесілі деседі. Дегенмен жапондық дзен шебері Догеннің айтуына сенсек, 1223 жылдың өзінде-ақ ол қытай монахтарының өгіз сүйегінің сабына аттың құйрық қылын бекітіп, тіс щеткасын жасап, соны пайдаланғанын көрген. 15 ғасырдағы қытай тіс щеткасының сабы бамбук ағашынан жасалып, оған сібір қабанының қылшықтары жапсырылған. Бір қызығы, осыған қарамастан, бұдан жиырма жыл бұрын BBC жаңалықтары жер бетіндегі жарты миллиард қытай тіс тазалау дегенді мүлде білмеген деп сенімді түрде ақпарат таратты.

Сөйтіп, 17 ғасырда Қытайда өндіріліген өнім Еуропаға жетті. Ал еуропалықтар щеткадағы шошқа қылшықтарының орнына жылқының жал қылын орнатып, бұрынғысына қарағанда ауызға салғанда әлдеқайда жұмсақ болатындай етіп алды. Сонымен бірге 17 ғасырда ағылшын тілінде toothbrush сөзі өзі пайда болды. Ол сөзді алғаш рет 17 ғасырдағы ағылшындық антиквар әрі тарихшы Энтони Вудт қолданды (бұл туралы Йен Пирстің «Перст указующий» романынан оқуға болады).

Жаппай өндіріс Уильям Эддис есімді тағы бір ағылшынның арқасында өркен жайды. Ульям 1770 жылы әлдебір бүлікке қатысты айыпталып, түрмеге түседі, сол кезде ол жерде отырып, тісіңді күнделікті тұзбен не басқамен шайып, тазалап отыруға мүмкіндік жоғын түсініп, тіске тұрып қалған тамақ қалдықтарын сүйектен және тәніне біткен түктен, қылшықтардан тиісті гигиеналық құрал жасап алады. Бостандыққа шыққаннан кейін, ол 1780 жылға қарай өндіріс ашып, табысқа жетті: арзан тіс тазалағыштарды жасауға ылғи қабан қылшықтарын қолданды, ал борсықты қымбат өнімдерге пайдаланды. Оның отбасылық бизнесі 1996 жылға дейін өркендеді. (Айтпақшы, әлемдік тіс щеткалары нарығы сол кезде шамамен 600 миллион долларға дейін бағаланған).

Тарихқа көз салсақ, әдеттегіше ағылшындар ойлап тапты, алайда америкалық дамытты. Тіс щеткасының алғашқы патенті 1857 жылы 7 қарашада Г.Н.Уордсворттың атына берілді (дегенмен жаппай өндіріс АҚШ-та 1885 жылдан бастап қана кең етек жайды). Бір таңғаларлығы, голливудтық күлкінің отанында күнделікті тіс тазалау үрдісін Екінші дүниежүзілік соғыстан оралған сарбаздар орнатты. Себебі майдан кезінде тіс тазалау тәртібі қатаң сақталған еді.

1938 жылы жануарлардың жүні, басқа да кемшіліктерін қоспағанда, бактерия тасымалдайтыны анықталып, оның орнына du pont de Nemours компаниясы шығарған нейлон келді. Бұл компанияның өндірмеген нәрсесі жоқ: бастапқыда олар ұнтақ өндірумен айналысты, кейін бизнесін химиялық және ядролық қару саласында жалғастырды. Ол команпия қоршаған ортаны ластау бойынша алдыңғы қатардағылардың бірі және оның лоббисті қазіргі АҚШ президенті Джо Байден болды. Олар алғашқы нейлон шөткелерін мақтанышпен doctor West's Miracle Toothbrush деп атады.

Толық электр тіс щеткасы («Броксодент» деп аталады) Швейцарияда 1954 жылы ойлап табылған (дегенмен бұл саладағы алғашқы тәжірибелер отыздан асады). Бастапқыда мұны өздігінен қимылдай алмайтын мүгедектерге арнап жасаған. Америкалық нарыққа бұл гаджет тек 1960 жылы ене бастады.

Тісін тазалаған Жапон әйелі, 1900 жыл / Photo by Buyenlarge/Getty Images

Тісін тазалаған Жапон әйелі, 1900 жыл / Photo by Buyenlarge/Getty Images

ТІС ЩЕТКАСЫНЫҢ ПОЭЗИЯДАҒЫ ЖӘНЕ БАСҚА ДА ДҮНИЕЛЕРДЕГІ ПОШЫМЫ

Әйгілі ақын Сильвия Платт 1962 жылы берген сұхбатында поэзияда тіс щеткасынан өзге барлық нәрсеге орын бар деп айтты. Дегенмен англо-саксондық поэтикалық дәстүрде Элиоттың «Желігі түнгі рапсодиясында» (1911 ж.) тіс щеткасы туралы тармақтар ұшырасады.

«Төсек жатыр жиналмай, тіс щеткам қабырғаға ілулі,

Аяқкиімді табалдырықтан әрі қой,

Ұйықтап ал бұзылғанша тыныштық...

Қамдан сосын тіршілікке алдағы»

Бұл тұрғыда тіс щеткасы — күнделікті тіршіліктің поэтикалық символы, өмір сүруге қамдану — мәңгіліктің бөлігі.

Бір қызығы, 20 ғасырдың поэтикалық контекстіндегі тіс щеткаларына идиосинкразия кем дегенде тағы бір рет пайда болды — Сергей Довлатовтың Евгений Евтушенко мен Анна Ахматованың келте кездесуін сипаттайтын деректі әзілінде былай делінеді: «Евтушенко сәнді жемпір мен шетелдік пенжек киген. Қаламсабы төс қалтасында жарқырап тұрды. Сонда Ахматова: «Сіздің тіс щеткаңыз қайда?» – дейді.

Платт 1963 жылы өз өмірін өзі қиды, Ахматова 65-жылы қайтыс болды, содан бері бізді қызықтыратын объект әлемдік поэтикалық контексте іс жүзінде кездеспеді.

Бірақ өткен ғасырдағы Орталық америкалық «Жар жағалаған жалғыз» (1951) әңгімесінде Холден Колфилд тістерін тазалап жатқан сәтте махаббатта жолы болған бақытты мектеп оқушысына шабуыл жасайтын эпизод бар: «Кенеттен оны тіс щеткасын көздеп тұрып, бар күшімен ұрып кеп жіберді. Әлгі тіс щеткасы тамағына кіріп кептеліп қалсын деп еді, алайда дәл тимей қалды».

Тіс щеткасы жасөспірімдердің жыныстық бәсекелестігінің осы көрінісінде болуы кездейсоқтық емес. Оның одан әрі эротикалық коннотациялары айқын: әйел адам (кей-кейде ер адам да) серігінің пәтерінде тіс щеткасын тастап кетеді, бұл құқықтық жақындықтың ерекше әсерін тудырады және сол арқылы шегараны белгілейді (бұл тақырыпта «Үлкен қаладағы секс» сериясында арнайы эпизод бар, бірақ электр тіс щеткаларының әртүрлі саптамалары бар). Бәлкім, Жан Бодрияр «Заттар жүйесі» атты классикалық еңбегінде (1968) мұны «либидиноздық аспаптық» деп ашық айтты. Қысқасы, либидинозды болсын-болмасын, сапты тіс щеткасының үй ішінде гендерлік шабуылдың символына айналғаны өтірік емес.

Крефельдтегі Мис ван дер Роэнің вилласына қарсы орналасқан тіс қылшағы ескерткіші / Alamy

Крефельдтегі Мис ван дер Роэнің вилласына қарсы орналасқан тіс қылшағы ескерткіші / Alamy

Көркемдік тұрғыдан алғанда, тіс щеткасын қолдану, мысалы, қызанақ сорпасы немесе Zippo оттығына қарағанда әлсіз әрі өте аз болды. Ол поп-мәдениет пантеонына кірмеді, мұнда Платтікі дұрыс болды (1963–1998 жылдар аралығында осы гигиеналық құрылғының әртүрлі модификацияларына 3000-ға жуық патент тіркелгеніне қарамастан 1983 жылы Германияның Крефельд қаласында Роберт Дженнингстің тіс щеткасына арналған екі метрлік ескерткіш орнатылды. Бірақ мұны табынатын орын деп атауға келмес. Кейінгі дизайнерлік жетістіктерді Филипп Старк пен оның күлгін түсті жалынға ұқсатып жасалған 1989 жылғы ең әдемі тіс щеткасын еске түсіру керек.

Ақырында, заманауи жапон суретшісі және мүсінші Такахиро Ивасаки тіс щеткаларынан әдемі архитектуралық өнер нысандарын жасады (айтпақшы, тіс щеткасының суретін 1981 жылы жапондық әйгілі Yellow magic Orchestra поп-тобы да қолданды). Оның out of Disorder сериясы алғашқы адамдар қауырсындарды, таяқтарды және кірпі инелерін аузына салған алғашқы аңғалдықты еске түсіруге арналған шығар.

 Такахиро Ивасакинің инсталляциясы / Artsy

 Такахиро Ивасакинің инсталляциясы / Artsy