ТЕҢІЗ ТҮБІНЕН ТАБЫЛҒАН ҚАҺАРМАНДАР

Олар неге Венерадай әйгілі емес?

ТЕҢІЗ ТҮБІНЕН ТАБЫЛҒАН ҚАҺАРМАНДАР

Қалпына келтірілген ежелгі грек қола мүсіндері "Риаче жауынгерлері". Мүсін А оң жақта, мүсін В сол жақта. Берлин Ескі музейі/Alamy

Өнер туындыларының да өміршең болуы үшін жақсы жарнама мен сауатты маркетинг қажет. Айталық, бұл бірегей жұптық композиция Венера Милосскаядан кем түспейтіндей танымал болуы керек-ті. Бірақ олай болмады.

Серендипа қаласының үш ханзадасы туралы парсы халқының ертегісі бар. Ол үшеуінің кездейсоқ жағдайға жолыға беретін тылсым күші болған. Кейін осы ертегі негізінде британдық жазушы әрі саясаткер Хоратио Уолполдың қаламынан ағылшын тілінде қасиетті сипаттайтын serendipity деген сөз туды. Бұл қасиет әртүрлі ашылған жаңалық тарихында бірнеше рет маңызды рөл атқарды. Кездейсоқ, яғни мүлдем басқа зерттеу істері барысында қателіктерден целлофан, пенициллин, рентген, «Виагра», микротолқынды эффект, сиялы принтер, «Оземпик» препараты арқылы арықтау секілді дүниелер өмірге келді. Дәл осындай, Үндістанды іздеу кезінде табылған Америка ашылуы туралы өздеріңіз де білесіздер.

 Венера де Мило. Шамамен б.з.б. 130–100 жж. Лувр, Париж/Wikimedia Commons

Венера де Мило. Шамамен б.з.б. 130–100 жж. Лувр, Париж/Wikimedia Commons

Стефано Мариоттинидің ашқан жаңалығы да осы қатарда. Римдік фармацевт Мариоттини — археологияға, өнерге немесе тарихқа ешқандай қатысы жоқ адам. Бірақ ол балық аулағанды жаны сүйген. Мариоттини жаз сайын КалабрияғаiИталияның Апеннин түбегін алып жатқан аймақ қайын жұртына қыдырып келетін. Онда ол су астында жүріп балық аулаған. 1972 жылы 16 тамызда Риаче қаласының маңында су түбінде жүзіп бара жатып, шошайып шығып тұрған қолды көрді. Сонда Мариоттини бір кісі суға батып кеткен екен деп ойбай салыпты. Бірақ артынша мұқият қараса, қол металдан жасалған және құмның астында тереңірек мүсін екеніне көзі жетеді, онымен қоймай, жақын жерде тағы бір мүсінді табады. Дәл осы оқиғадан соң, римдік дәріханашының өмірі күрт өзгеріп, Риаче түбінен ғажайып мүсін тапқан Мариоттинидің жаңа өмірі басталады.

Стефано Марионттини мүсіндерді су астынан көтеру барысында/Ашық дереккөздерден

Стефано Марионттини мүсіндерді су астынан көтеру барысында/Ашық дереккөздерден

Риачеден табылған қос мүсін — ежелгі гректің қола мүсіні. Бұлар кеме апатының салдарынан теңіз түбінде қалып қойды ма деген болжам бар, бірақ жақын жерде апатқа ұшыраған кеменің қирандылары кезіккен жоқ. Аталмыш мүсіндер біздің дәуірімізге дейінгі 5 ғасырда — классикалық грек өнерінің гүлденген дәуірінде қашалған.iiЗерттеушілердің көбі ескерткіштерді түрлі авторларға теліп, жоқ дегенде ондаған жылдар айырмасындағы әртүрлі дәуірге жатады деп есептейді. Оларды Грециядан Италияға, нақтырақ айтсақ, Римдегі қандай да бір ірі шенеуніктің я бір император вилласына орнатуғаiмысалы, грек өнерінің қарақшылық импортын «дамытқан» Нерон мүсіні әкелсе керек. Екі мүсін де байсалды, бірақ сақадай-сай жауынгерлер сомдалған, олардың бірі ұстамды кейіпте болса, екіншісінің бет-әлпеті қорқынышты. Жауынгер мүсіндер өнер дәстүрінің талабы бойынша тәні жалаңаш қашалған. Олардың бірі басына дулыға киген және алғашында екеуінің де қолында қалқан мен найза болғанға ұқсайды, кейіннен қару-жарағы мұқалып, сынған. Олардың биіктігі адам бойындай, бірақ сәл асыра сілтелген (шамамен екі метр), натуралистік, бірақ ерекше күш сезімін тудыратындай. Мүсіндердің іші — қуыс. Ал тұтас денесін құрайтын бөліктерді бірегей технология арқылы қоладан бөлек-бөлек құйып алып, құрастырған.iмысалы, олардың табанының алдыңғы бөліктері, ортаңғы бақайы бөлек құйылады Көзінің қарашықтары алтын пастадан, еріндер мен емізіктері мыстан, тісі мен кірпігі (иә, кірпігіне дейін) күмістен жасалған.

1 / 4

Ежелгі грек заманынан бері ауқымы мен көркемдік құндылығы жағынан Риаче жауынгерлеріне ұқсас туынды жоқ. Монументалды қола мүсіндер мүлдем қалмады. Себебі оларды қола балқыту ісіне жаппай пайдаланып, жоқ қылды. Ал мәрмәрдан қашалған грек мүсіндерін біз негізінен римдік көшірмелері арқылы білеміз. 1981 жылы мүсіндер қалпына келтірілгенде (олар екі жарым мың жыл бойы су астында жатқан соң сыртын түгел қабықша басып қалған), олардың Рим мен Флоренция музейіне салтанатты сапары барлық журналдың мұқабаларында жарияланған ұлттық маңызы бар оқиға болды.

Риаче жауынгерлері. Б.з.б. 460-450 жж / Реджо-ди-Калабриядағы Ұлттық музейі/Photo by DeAgostini/Getty Images

Риаче жауынгерлері. Б.з.б. 460-450 жж / Реджо-ди-Калабриядағы Ұлттық музейі/Photo by DeAgostini/Getty Images

Бірақ бұл даңқ та ұзаққа созылмады. Риаче мүсіндері Реджо-ди-Калабрия қаласындағы Ұлы Грекия Ұлттық археологиялық музейінің жертөле қабатының жеке залында орналасқан және, әрине, музейдің ғана емес, бүкіл қаланың, егер аймақ болмаса, негізгі көрнекті жеріне айналды. Олардың суреттерін плакаттардан, футболкалардан, дүкен терезелерінен көруге болады. Бірақ Калабриядан өзге жерде олар туралы білетіндер аз. Мүмкін дұрыс жүргізілмен PR жұмысы кінәлі шығар. Ағылшын тілінде оларды әйтеуір «Риаче жауынгерлері»iRiace warriors деп атайды ғой, ал италиялықтар «Риаченің қола фигуралары»ibronzi di Riace деген сондай тартымсыз атау берген. Ең сорақысы, оларды жеке-жеке «А моделі» және «В моделі» деп атайды. Мұндай атаумен әлемге танылуы екіталай екені анық.

Риаче қаласындағы станциядағы мурал/Wikimedia Commons

Риаче қаласындағы станциядағы мурал/Wikimedia Commons

Бірақ мұндайды ғылыми адалдық дейміз. Себебі бұл фигуралар кімнің мүсіні екені, бұрын қайда тұрғанын, ескерткіштің не үшін қашалғаны, оларды кім жасағанын, олардың бір-бірімен байланысы бар-жоғын ешкім білмейді. Бірақ әйгілі Помпей фрескасы, онда қаламмен және жазуға арналған тақтайшалар ұстаған қыз бейнеленген, ол «Сапфо»iб. з. д. 630-570 — ежелгі грек ақыны және музыканты деп аталады ғой, десек те бұл Сапфоның өзі емесі екені белгілі. Сондай-ақ ежелгі Пестумдағы Гера ғибадатханасының да осы дәстүр бойынша қойылған Нептун храмы деген дардай аты бар, осы атпен ол туристік жолнұқсаулық мұқабалары мен қонақ үй логотиптерінде бейнеленіп жүр. Жалпы, жарнамаға келгенде «Риачелік жігіттердің» жолы болмады. Оларды тым құрығанда «Гектор мен Ахиллес» деп атасақ, мүсіндердің тағдыры бәлкім, басқаша болар ма еді…

Тақтайша мен стилус ұстап тұрған әйел (Сапфо). Помпей фрескасы. 55–79 жж./Неаполь, Ұлттық археология музейі/Wikimedia Commons

Тақтайша мен стилус ұстап тұрған әйел (Сапфо). Помпей фрескасы. 55–79 жж./Неаполь, Ұлттық археология музейі/Wikimedia Commons

Мүсіндердің «А моделі» мен «В моделі» тұрған залдың ауыз бөлмесінде табылған заттың тарихы егжей-тегжейлі сипатталған және тарихшылар мен археологтар осы күнге дейін жүргізіп келе жатқан мүсіндердің атрибуциясы мен шығу тегі туралы қызу пікірталастар толастаған емес. Ал Мариоттинидің есімі тіптен аталмайды, тек «әуесқой аквалангшы» дейді де, қояды. Бірақ ол кейінгі уақытқа дейін Калабрия археологиялық кеңесінің жұмысына белсенді қатысып, жыл сайын музейге өзі тапқан «қола қаһармандарына» барып тұрды. «Әлі күнге дейін сол кездегі сезім тұла бойымды кернейді, таң-тамаша күйге түсіп, өз-өзіме разы болғаным есімнен кетпейді» – деді ол бір сұхбатында.