«Смог» — ағылшынның екі сөзінен тұратын неологизм, олар түтін және тұман дегенді білдіреді — smoke және fog. Бұл ұғым сонау 19 ғасырда Англияда пайда болды, ол кезде көпшілік оны «Тұманды Альбион» деп атауға құмар болатын-ды. Британияны кезінде ежелгі гректер Альбион деп атайтын-ды. Бұл елдің Тұманды атануына әдетте, отты біреудің қолымен көсейтін британдық дипломаттардың сіңірген еңбегі зор. Дегенмен тұман ежелден ағылшындар өмірінің ажырамас бөлігі саналатын-ды. Уақыт өте келе, әлемдегі ондаған қалаларды, оның ішінде, Алматыны да тұманды деп атауға болатыны белгілі болды.
ТҮТІННІҢ БҮКІЛӘЛЕМДІК ТАРИХЫ
1-бөлім. Альбион неліктен тұманды?
01.08.2024