Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлистер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).
Томас Лир — сол замандағы даму талабының үдесінен шыққан қызықты әрі беделді шотландық музыкант. Ол Тэтчер дәуірінің басында индастриал мен пост-панктан бастады, ал сексенінші жылдарды сол кездегі әдетке сәйкес мейлінше синтетикалық поп әндерге ауысты. Олардың бірі — қытай гармониясына бой алдырған еді. Бір қызығы, дәл сол 85 жылы Майкл Чиминоның Микки Руркпен бірге «Айдаһар жылы» атты фильмі жарық көрді. Онда оқиға great minds think alike демекші Нью-Йорктағы қытай кварталында болады.