FUTURE SOUND OF LONDON – PAPUA NEW GUINEA

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

FUTURE SOUND OF LONDON – PAPUA NEW GUINEA

«Музыкальные технологии» журналы. 1992 жыл.

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады. («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Британиялық FSOL дуэті тоқсаныншы жылдардың бірінші жартысындағы электрондық музыка бағытында ең жарқын әрі бірегей туындылар жасаған топ. Олар 1992 жылы шыққан, Папуа-Жаңа Гвинеяға тән мұхит аймағы образдарын елестететін синглі арқасында кеңінен танымал болды. Дегенмен осы ретте мәдени апроприация мен психоделиялық галлюцинацияны шатастырмаған абзал, сол заманда мұны экзотикаға қосарланған экзотика деп түсінген, өйткені «хаус», «техно», «эмбиент» деген су жаңа жанрлардың атауы о бастан-ақ өлең жүйесінде қолданылатын ямб, хорей, амфибрахий атты өлшемдерге ұқсас еді, ал музыкасы болса, Гумилевтің немесе Рембоның сол кезде-ақ отарлық сипатта екенін аңғартқан Африка тақырыбындағы өлеңдері іспетті әсер қалдыратын. Сол кезеңнің көптеген техно-хиттері сияқты (мысалы, қараңыз: Моби «Go»), бұл да жиынтық туынды, оның негізгі құрамдастары Dead Can Dance тобының сэмплы мен Meat Beat Manifesto әуендеріне тән бас партиясы. Аталмыш синглдің жарық көргеніне отыз жыл толды, осы уақыт аралығында электрондық музыка бағыты айтарлықтай өзгерістерге ұшырап, дыбыс түрлендіру үлгілерінің бәрін қамтыған сияқты. Сол трансформациялар тұрғысынан алып қарағанда Papua New Guinea қарабайыр көрінгенімен, әлі де шебер әрі тартымды туынды болып саналады.