SLAPP HAPPY – CASABLANCA MOON

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

SLAPP HAPPY – CASABLANCA MOON

Slapp Happy альбомының мұқабасы/ашық дереккөзден

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгенін сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Slapp Happy — жетпісінші жылдардың аяғына қарай rock in opposition деп атала бастаған ескі еуропалық музыкалық қозғалыстың жаршысына айналған англо-немістік дара трио. Олар немістің бұлбұл үнді әншісі Дагмар Краузенің арқасында қалыптасқан прог-рок пен берлиндік кабаренің жан тебірентерлік қарапайым үні мен көпқабатты талғампаздығының мінсіз тепе-теңдігін сақтады.

Олар ұдайы Шығысқа құрметпен қарады. Оған Жапонияға жасаған гастрольдік туры мен «Тутанхамон» немесе «Heading to Kyoto» (Киотоға бағыт алдық) секілді әндері дәлел бола алады. Дегенмен шығысқа қарай жасаған ең үздік ым-ишарасы ретінде 1974 жылы жарық көрген екінші және мансаптарындағы ең маңызды күйтабағындағы (шығу жолы қиындыққа толы болған күйтабақ) басты әнді атасақ болады.

Аталған ишарат, құдды бір, Касабланкадағы соңғы танго іспеттес — бұл каббала, кокаин, шағылған айна мен тыңшылықтың басқа да айла-шарғысы сөз болған жағымсыз маракколық нуар.