БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

41. Колибри — «Фудзи»

БАТЫСТАН ШЫҒЫСҚА ҚАРАЙ: ДЫБЫС ГЕОГРАФИЯСЫ

Колибри альбомының мұқабасы

Qalam сантүрлі мәдениеттердің өзара тоғысуын зерттеуге тырысады. Осыған орай музыка әртүрлі географиялық және идеологиялық кеңістіктер арасында бітімгер қызметін атқаратын плейлисттер сериясын бастауға шешім қабылдадық. Біздің алғашқы плейлистіміз «Батыстан Шығысқа — жүз үздік туынды» деп аталады. Ол аптасына бірнеше рет жаңартылып отырады, әрі Батыс поп-мәдениетінде музыкалық, географиялық, тұрмыс-салт яки саяси өзге де Шығысқа тән шындықтың қалай бейнеленгені туралы сөз ететін болады («Батыс» және «Шығыс» ұғымдарын бұл жағдайда мейлінше кең әрі шартты түрде түсінген жөн).

Топтың бірінші альбомындағы жалған жапондық музыкалық керемет «Мінез мәнері» деп аталады. «Колибри» осы күйтабақтың шығу сәтіндегі (1991) орыстың классикалық рок стилі дәуірінің сүйкімді эротикалық соңғы сөзі болды.

Агузарова Америкаға кетіп қалды сөйтіп, жергілікті әйелдердің инди сахнасында сыңғырлайтын жарқын дауыстар қалмады «Колибри» осы бос кеңістікті италиялық үстірт апломбысы бар өзінің питерлік пост-панктік фем-поп-кабаресімен толықтыруға тырысты. «Фудзи» әні «Аквариумның» бас гитарашысы (және осы жазбаның продюсері) Александр Титовтың орындауындағы еліктірмейтін бас сызығына салынған және ол жапон шыңына емес, соған сәйкес лақап атқа ие болған және шынымен, жапон әйеліне ұқсайтын «Лицедеи» тобындағы Вячеслав Полуниннің әйеліне арналған.