ХРИСТОФОР КОЛУМБ — ЕВРЕЙ МЕ?

Аталған сауалға испан ғалымдары жауап береді

ХРИСТОФОР КОЛУМБ — ЕВРЕЙ МЕ?

Джон Вандерлин. Колумбтың келуі. 1847/Wikimedia Commons

12 қазан күні жыл сайын тойланатын испан ұлтының ұлттық мерекесіне орай жергілікті RTVE телеарнасынан жаңа деректі фильм жарыққа шықты. Аталған деректі фильмде ұлы теңізшінің геніне жасалған сараптама оның «еврей» тегінен шыққанын көрсеткенін айтты. Осыдан кейін хабар тарататын агенттіктер бірден «Ғалымдар 500 жылдық құпияның сырын ашты: Колумб — испандық еврей» деген жаңалықтарды тарата бастады.

Мазмұн

Сомен, бұл жалған хабар ма?

Аталған хабарды жалған деп шорт кесіп тастауға да келмейді. Өйткені деректі фильмде Колумбтың геніне талдау жасаған зерттеу тобының басшысы, сондай-ақ Испаниядағы Гранада университеті жанындағы гендік зертхананың басшысы болған, үлкен ғалым Хосе Антонио Лоренте бой көрсеткен. Колумбтың қаңқасына зерттеу жасау жұмыстары сонау 2003 жылы, Севильяның кафедралдық соборында жатқан атақты теңізшінің мазары ашылғаннан кейін басталған. Бұл зерттеу басталғанда теңізшінің ата-тегін емес, мұнда жатқан Колумбтың өзі ме дегенді анықтау басты мақсат болған. Өйткені Колумб қайтыс болған соң оның мазары бірнеше мәрте ауысқан: алдымен Валядолидке қойып, сосын Севильяға жерлеп, одан соң Эспаньолға (аталған жерді Колумбтың өзі ашқан) ауыстырып, кейін Кубаға жерлеп, ақырында баласы Диегоның Севильядағы мазарының жанына әкеліп қойған. Дәл осы баласының ДНҚ-сы ұлы саяхатшының қаңқасын зерттеу барысында негізгі сүйенер дерек болған. Алайда осы бір мазарда жатқан ұлы саяхатшы ма, әлде басқа біреу ме деген сұраққа толыққанды жауап беру үшін деректер жеткіліксіз. Өйткені Лорентенің атынан ғылыми журналдарға «Колумбтың қаңқасына» қатысты жарияланған зерттеу материалдары жоқтың қасы. Алдымен ғалымдар академиялық қауымдастық соған қарап қорытынды шығаратындай ғылыми журналға мақала жариялауы қажет.

Христофор Колумбтың қабірі. Севилья соборы, Испания/Wikimedia Commons

Христофор Колумбтың қабірі. Севилья соборы, Испания/Wikimedia Commons

Колумбтың тегіне байланысты бәрі анық емес пе? Мектеп оқулықтарында оның Генуядан шыққаны жөнінде жазылған ғой!

Ғалымдардың басым бөлігі Колумб шын мәнінде Генуяда туып, сонда өскен деп санайды. Бұл деректі теңізшінің жеке жазбалары, оның отбасына қатысты сот құжаттары, баласы Фердинанд жазған биографиялық кітабы мен өзге де жанама ақпарлар растайды. Сондықтан Колумбтың тегіне қатысты бұл таласты тарихи тұлғаның абырой-беделін пайдаланып, соның төңірегінде дау-дамай тудырғысы келгендердің ойыны деп қабылдауға да болады. Өйткені әр кезеңде саяхатшының тегіне қатысты таластар дүркін-дүркін көтеріліп тұрған. Айталық, Колумб грек, поляк, украин, португал, шотландт я норвег дегендей тұспалдар айтылған. Бірақ аталған тұспалдардың бір де біреуі дәлелденген емес.

Христофор Колумб ескерткіші. Рамбла көшесі, Барселона/Хави Лопес/Getty Images

Христофор Колумб ескерткіші. Рамбла көшесі, Барселона/Хави Лопес/Getty Images

Колумбтың еврейлік шығу тегіне байланысты хатқа түскен деректер бар ма?

1940 жылы испандық бір тарихшы Колумб шыққан тегін құпияда ұстаған серфард (Испаниядағы иудейлерді солай атайды) я тіпті марран (шоқынған иудей) болған деген теориясын алға тартқан. Аталған теорияны өз кезегінде кей ғалымдар қолдай жөнелген. Бұл теория бірнеше жанама белгілерге байланысты туған болатын. Өзінің алғашқы жазбаларында Колумб еврейлердің қуғындалып жатқанын сөз еткен. Сондай-ақ ол өзінің баласына жазған хатында парақтың шетіне «BH» аббревиатураны қалдырған. Бұл таңба еврейлік бет-хей әріпі болып, ал өз кезегінде аталған екі әріптің қосындысы Бе-эзрат ха-шем (Құдайдың жәрдемімен) деген сөз тіркесінің қысқарған түрі болуы да мүмкін. Сондай-ақ саяхатшының өсиетнамасында формасы жағынан еврейлік Кадиш дұғасына ұқсайтын бірнеше әріптің жиынтығынан тұратын қолтаңба қалған. Сонымен қатар өсиетнамасында сөз болған оның екі тілегі — табысының оннан бір бөлігін кедей-кепшікке беру мен жағдайы жоқ қыздарға жасырын түрде жасауын төлеп беруді өтінуі еврейлік жоралғылардың бір бөлігі саналады. Ол сондай-ақ бірде Лиссабондағы еврей кварталдарының кіре-берісінде өмір сүрген еврей азаматына ақша беруді бұйырған. Аталған теорияны қуаттай түсетін тағы бір ілікті айтар болсақ, Колумб тарихи саяхатын 1492 жылы 2 тамызда бастаған (бұл Бірінші және Екінші Иерусалим ғибадатханасы бұзылған күн). Әлбетте, аталған іліктің бәрі конспирологиялық теорияға ұқсайды. Бірақ егер испан генетиктерінің мәлімдемелері ғылыми тұрғыдан дәлелденетін болса, онда Колумбтың атақты саяхаты мессиандық сипат алады.

Бенет Меркаде. Кристофер Колумб Санта-Мария де ла Рабида монастырының қақпасында. 1858/Wikimedia Commons

Бенет Меркаде. Кристофер Колумб Санта-Мария де ла Рабида монастырының қақпасында. 1858/Wikimedia Commons

Ал егер Колумб испандық еврей болса, онда Генуяда қайдан жүр?

Өткен ғасырдың ортасына қарай Испанияда еврейлік қауымдастық өте қуатты болып кетті. Ал 1469 жылы Испанияда христиан дініне жаппай кіргізу үрдісі белең алған болатын. Мұсылмандық Гранаданы қайтарып алу әрекеті басталып, осы арқылы Реконкиста аяқтап, Испанияны тек католиктік корольдікке айналдыру үшін еврейлер мен мұсылмандарды күштеп шоқындыру жұмыстары белең алды. Сондықтан қысымнан қорыққан Колумбтың отбасы шоқынып, сосын бәледен басын аулаққа салып Италияға қоныс аударған. Егер 1492 жылы Испанияда еврейлерді елден толықтай қуғындау туралы шешім түбегейлі қабылданған болса, онда Колумбтың Испанияны әлемдегі ең ауқымды отарлық империяға айналдырған жаңалықтары мессиандық әрекет ретінде ғана емес, нағыз ирония болып көрінері анық. Дегенмен сөз етіп отырған деректі фильмдегі бұл мәлімдеме туындыға сенсациялық сипат пен патриоттық ауан дарыту үшін жасалған болса керек.

 Христофор Колумбтың картасы болуы мүмкін. Лиссабон, Бартоломео мен Кристофер Колумбтың шеберханасы, шамамен 1490 ж/Wikimedia Commons

Христофор Колумбтың картасы болуы мүмкін. Лиссабон, Бартоломео мен Кристофер Колумбтың шеберханасы, шамамен 1490 ж/Wikimedia Commons