ШЫҒЫСТЫҢ ҰЛЫ РЕЖИССЕРЛЕРІ

3-шығарылым: Ким Ки Дук

«Пьета» (Ким Ки Дук, 2012)/Alamy

Qalam әртүрлі жылдары еңбек еткен азиялық алпауыт кинорежиссерлер жөніндегі очерктер сериясын шығаруды қолға алды. Аталған очерктерді редакциямыздың тұрақты авторы — кинотанушы Алексей Васильев жазатын болады. Осы бір сериямыздың үшінші санын атақты корей режиссері Ким Ки Дукқа арнадық. 

1-шығарылым: Болатбек Шамшиев. 

2-шығарылым: Мохсен Махмальбаф.

Мазмұны

Оның дүние салғанына төрт жыл өтіп кетсе де, Ким Ки Дук әлемдік мәдениеттегі қасиетті әрі құрмет тұтатын есім ретінде қалып отыр. Оның атын айтқанда біреулер жерініп түкірсе, басқалары толқынысын баса алмайды. Ол жаңа ғасыр бастала сала корей киносын әлемдік кино фестивальдер сайысына қосып, қаржылай тұрғыдан да елеулі жетістікке жетті (Корейдің мақтанышына әрі ұятқа қалдырған масқарасына да айналды). Ким Ки Дуктың атағы дүркіреп бір әйел өзінің «күн тимесін» қармақтың ілмегімен қыршып, азаптаған фильмнен кейін шықты, сосын садистік бастаудың жоғалмайтыны жөнінде баян еткен буддалық тәмсіл арқылы кино әлемінен ойып тұрып өз орнын алды. Ақырында анасы жыныс мүшесін кесіп алған, ал әкесі болса өзінің мүшесін тігіп беруге ұмтылған жігіттің оқиғасы таспаланған фильм арқылы атына қара күйе жақты. Ол өз-өзін азаптап, соның бәрін камераға түсірді және үш жылға ішкілікке салынған соң, ақырында айығып Корейдің тарихындағы алғашқы халықаралық жүлдені алу үшін кино әлеміне қайта оралды.iiКим Ки Дуктың «Пьета» деп аталатын фильмі 2012 жылы 69-Венеция кинофестивалінде «Алтын арыстан» жүлдесін жеңіп алдыОсыдан кейін кино әлеміне сіңісіп кеткені сонша, тіптен оның туындыларын корейлік ең шебер деген режиссерлермен шатастырып алуға да болатын еді. Ақыры ол өмірінің соңында Кореядан қуғындалды (фильмдері үшін емес, сексуалдық құмарлығы үшін). Оны елден қуып жібергенімен, Ким Ки Дук бұрынғы КСРО құрамында болған елдердің кино әлемінде болашағы зор деп мәлімдеп, сол жақтан пана тапқандай болды. Осы жақта жүріп қайтадан кино түсіруді қолға алды. Бірақ Ким Ки Дукты нағыз туындыгер ретінде санайтын Қазақстанда қоғамдық тегін дәретхана қабырғасына қолға түскен бояумен «Мұнда Ким Ку Дук болған» деген секілді із қалдырғандай, өте қарадүрсін бір фильмді түсіріп кетті. Эпидемия өршіген кезде, жұрттың бәрі үйінде оқшауланып жатқанда ковид жұқтырып, Рига ауруханасында бұралқы ит секілді көз жұмды. Дегенмен ол осы арқылы кезбелердің патшасы секілді өлім құшты: тіпті Жененің өзі11Жан Жене (1910–1982)француз жазушысы әрі ақын, ұрылардың әншісі, қылмыскер және басқа қоғам құптамаған элементтердің жақтаушысы — өлім сәтінде теңдіктің жақтаушысы ретінде тәубеге келген, тіптен атақты Фассбиндер де11Райнер Вернер Фассбиндер (1945–1982)неміс режиссері, әлемдік киноматографияның нағыз ерке, шолжаңбайы атанған туындыгерөз төсегінде жатып есірткіні шамадан тыс қолданғаннан қаза тапқан еді.

Ким Ки Дук 2013 жылғы 1 қыркүйек, 70-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі. The Hollywood Reporter/Fabrizio Maltese/Contour/Getty Images

Ким Ки Дук 2013 жылғы 1 қыркүйек, 70-ші Халықаралық Венеция кинофестивалі. The Hollywood Reporter/Fabrizio Maltese/Contour/Getty Images

Альмодовар және корейше Pet Shop Boys

Ким Ки Дукті Жене мен Фассбиндермен ұрылардың тақырыбы жақындастырды: астыртын қылмыс жасаған түрмедегілер, рецидивистер, ұры-қарылар, елдің қарызын күштеп тартып алатын сотқарлар, сутенерлер мен олардың жезөкшелері (оның фильмдеріндегі негізгі кейіпкерлер осылар). Шулы жарқыл, зүбәржат бағанға шашылған су, қолшамның жарығымен толқынды түнгі өзенге таңырқай қараған үш еркектің жүзі (шал, жас бала мен қырынған жігіт): Ким Дуктың алғашқы фильмінің алғашқы кадры осылайша жер сілкінгендей дірілдеп басталады. Фильм шырқау шегіне жақындағанда порно фильмнің саундтрегі ойнайды және оған дәл «Динозавр жөніндегі аңыздағыдай» дыңғырлаған фанк гитара қосылады. Аталған фильм «Қолтырауын» (1996) деп аталады. Фильм басында әлгі қырынған жігіт алкогольді сусын құйылған құтыны аузына тістеп, үстіндегі киім мен теңбіл шалбарын шешіп, шыныққан шымыр денесі мен құйрығын көпір астында жарқ етіп көрсетеді.

Қолтырауын 1996/Ашық дереккөздерден

Қолтырауын 1996/Ашық дереккөздерден

Бұл камерада жарқ еткен Чо Чжэ Хён есімді актердің құйрығы болатын және ол осыдан кейін бес жыл бойына еш тынбастан Ким Ки Дуктың фильмдерінде түсіп, тер төкті. Бірде ол әйелдердің бөксесінен шапалақпен тартса, бірде «Жаман жігіт» (2001) фильмінде қараңғы түнде еркектерді тестостеронға арнап ескерткіш қоюға келіскенше қайрап жатады. Чо Чжэ Хён «Жаман жігіт» (2001) фильмінде сүйіп алғаны үшін шапалақпен бір тартқан қызды, жезөкшеге айналдырып, өзін ақыры сүюге мәжбүр еткен сутенердің рөлін сомдаған. Байлап қойып, өзіне ғашық болғанша қызды сабау — аталған мотивті Ким Педро Алмодовардың «Мені байла!» (1989) деп аталатын фильмінен алған. Ким Ки Дуктың бастапқы фильмдеріндегі Чо Чжэ Хёның сомдаған кейіпкерлері Алмодовардың «Қалау заңы» (1986), «Құмарлық шырғалаңы» (1982) сынды фильмдеріндегі Бандерас сомдаған кейіпкерлердің дәлме-дәл көшірмесі іспеттес: олардың «қалаймын» мен «істейміннің» арасындағы сәтте мүлде ойланбайды, олар бірден сілекейі ағып, аңсары ауған жемтігіне аш қасқыр секілді тұра ұмтылады. Ким Ки Дуктің «Жабайы жануарлар» (1997) деп аталатын екінші туындысында, Чо сомдаған кейіпкер өнер мектебіндегі сабақ кезінде өзімен-өзі отырып сурет салған досына жұдырық ала жүгіріп, тұмсығын бұзып тынады. Досының мұрнынан қан шапшып суретке атқылағанда, ол қылқаламды алып қанға батырып, туындыны әрмен қарай салуға отырады: аталған кикілжің, о баста Чо досына келіп, суретке қызыл бояу жетіспейді деп туындыны сынағаннан басталған болатын. Оны желкелеп мектептен қуып шыққан соң, Чо дәлізде тұрып қанап қалған жұдырығын ұзақ уақыт уқалап тұрады: студенттердің дәлізде ілінген суреттерін көріп, ол бәрін құшағына жинап, сату үшін Монмартрға қарай мәз болып аттанып кетеді.

1 / 4

Дәл солай Жаман жігітте де, фильмнің беташар сахнасында кадр сыртындағы гитара әуені мен ысқырықтың сүйемелдеуімен қала халқының арасында паңдана қадам басқан Чо, көк шыттан тігілген көйлегіндегі ақ бұршақ құмарлығын оятқаны үшін ғана жолынан бұрылып, бейтаныс қызды күштеп сүйіп алады. Қолтырауын фильмінде де Чо өз жөнімен кетіп бара жатқан бикешті ұстап алып, дәл көшеде зорлай бастайды. Өйткені бұл туынды өзеннің құбыжығы, үйсіз-күйсіз жүрген бұзақы біреу жайында. Оның ессіз әрі бұзақы болғаны соншалық, тіптен жергілікті гангстерлердің өзін үркітіп, Қолтырауын деген лақап атқа иемденген. Қолтырауын — бұл сорақы адамның шегі: ол өзіне қол салатындар келіп секіретін көпірдің астында тұрады және суға батқан адамдардың қалтасындағы барын полиция қызметкерлері келіп жағаға шығарғанға дейін тонау үшін торуылдап жүреді. Ол сондай-ақ нағыз қарақшы әрі құзғын. Бірде көпір үстінен сұлу қыз секіргенде, Чо әлгі қыздан әмияннан да зор бір байлықты алуға болатынын ойлап, судан алып шығады. Сосын қызды кір басқан төсегіне жатқызып, жеке қуыршағына айналдырады.

Сол шақта атағы дүркіреген жұлдыздар Pet Shop Boys тобының «We’re lying in the gutter, but we’re looking at the stars» (Біз арықтың астында жатсақ та, есесіне жұлдызды тамашалап жатырмыз) деген өлең жолы Ким Ки Дуктың әлемін дәл сипаттайды. Төсекке қыз құсып тастаған, бірақ дәл сол жерден Қонақ үйдің келгіншілеріне көрінбейтін қызылды-жасылды жарқыраған жарығы керемет көрінеді. Фильм барысында көпір астындағы қарақшы Қолтырауынның өмірі мен ұстанымдарын бағамдап үлгерген қыз, оған еш қасарыспай, өз еркімен етегін көтерген ұзақ әрі анық таспаланған, құрылымы өте күрделі төсек сахнасын, Серж Генсбурдың мелодиясына ұқсас әйел орындаушының салған әні сүйемелдейді. Ким Ки Дук өнер жолын — Х буынының үлгі аларлық романтигі ретінде бастаған.

Корей режиссері Ким Ки Дук 2004 жылы 11 наурызда Батыс Францияның Довиль қаласында өткен Азия кинофестивалі кезінде жағажайда. Оның фильмі " Көктем, Жаз, Күз, Қыс... тағы да көктем " фестивальді ашады./Jean-pierre muller/Afp/ Getty Images

Корей режиссері Ким Ки Дук 2004 жылы 11 наурызда Батыс Францияның Довиль қаласында өткен Азия кинофестивалі кезінде жағажайда. Оның фильмі " Көктем, Жаз, Күз, Қыс... тағы да көктем " фестивальді ашады./Jean-pierre muller/Afp/ Getty Images

Алайда Ким Ки Дук кино фестивальдерді аралауға Миллениум буыны өскен мезетте (Х буынның қолын бір сілтей салатын дәурені өткеннің еншісінде қалғанда) кірісті. Өткен мен ностальгия аяқ-асты бір уақытта бұрқ ете қалды — 2000 жылдары еуропа көрермені үшін қазіргі уақытта үйреншікті болған дәуірлер мен буынның қарқынды алмасуы тосын дүние болатын. Олардың жас кезінде сүйікті болған өмір салтын Батыс үшін жаңалық болған әрі олардың көзқарасы бойынша, артта қалып кеткен корейліктердің сомдауы, Ким Ки Дуктың фильмдеріне қызығушылықты арттырды. Батыс көрермені ол уақытта Альмодовар мен Караксқа ескі сүрлеуге түскенін кешіре алмайтындай күйге жеткен болатын. Бірақ азиялықтар сомдаған ол өмірді, батыс көрермені кәрі қойдың етін, жас қозының етіне айналғандай тұшына қабылдады. Бандерастың мұндай қылығына ендігәрі төзбейтін жұрт, Чо Чжэ Хённың әрекетін қапысыз құптады. Альмодовар, Каракс, Pet Shop Boys — олардың жастық шағының жарқын естелігі. Ендігі кезде олардың әндері мен фильмдерінің көрермені болған замандастары өсіп жетілді: 30 жасқа келгенде қосалқы қиял, симуляция қажет болды.

Ким Ки Дуктың өзі болса, 1980 жылдардағы оқшаулыққа, фабулаларды төмендеткен иронияға, сексуалдық өліп-өшудің анайы, қарапайым (гүлдің аталық-аналығынан бүр жаруы секілді қарапайым) ғажайыбына, жыныстық қатынасқа еліткен постмодернге еліктейтінін еш жасырған емес. Сондықтан ол Парижде түсірген екінші фильміне Француз постмодерінінің атақты актерлерін шақырған: Каракстың бойтұмарына айналған Дени Лаван мен осы бір бағыттың басында тұрған Жан-Жака Бенекстің қараусыз қалған үйлер, азиялық және африкалық кейіпкерлер, криминалды сюжет пен алғаш рет музыкалық таспаның копирайтының төңірегіндегі өрбіген «Бикеш» (1981) фильмінің актері Ришар Боринж шақырту алған. Дегенмен Ким Ки Дук постмодерн жөнінде тек 1990 жылдары ғана білген. Бұл — Ким Ки Дук 1988 жылы Кореяда өткен жазғы Олимпиадаға дейін өзінің азиялық ортасында қалыптасты деген сөз.

1 / 2

Париждің теңіз әскерінің сарбазы және балықтар мен иттердің көзқарасы бойынша таспаланған кино

1980 жылдардың алғашқы жартысында Ким Ки Дук теңіз әскерінде әскери борышын өтеген және осыдан алған тәжірибесін ол «Жағалау күзеті» (2002) деп аталатын туындысында іске жаратты. Сосын ол монахтық жолға түсу жөнінде терең ойға батып, екі жылдай ғибадатхана жанында өмір сүрді. Әлемдік көрермен үшін оның көруге ең ыңғайлы туындысы саналатын «Көктем, жаз, күз, қыс... және тағы да көктем» (2003) фильмінің шынайы шыққаны да сондықтан. Тек 1990 жылы ғана ол кескін өнерін зерттеу үшін Францияға аттанғанымен, іс жүзінде үш жылдай уақыт Парижде, ал туристер қаптайтын маусымда — жағалау маңайында өзінің суреттерін сатып күн баққан. Қарындашпен сурет нобайын салудан еш қолы босамайтын кейіпкерлер оның тырнақ алды туындысы «Қолтырауыннан» бастап, Қазақстанда түсірілген «Сіңіп кету» (2019) деп аталатын фильміне дейін қайталанатын мотив болып келді. Қазақстанда таспаланған фильмде Динара Жұмағұлова сомдаған бас кейіпкер манга салуға жай әуестеніп қана қоймайды, сондай-ақ аталған фильмнің түсірілу идеясына мұрындық болған сол бір 2011 жылы Алматыда мастер-класс кезінде Киммен танысқан актрисаның өзі де, шын мәнінде жоғары оқу орнында анимация мамандығында оқыған.

1 / 2

Жыл бойына бейресми хиттерді үздіксіз көрсеткен 1990 жылдардың басындағы Парижде жүріп Ким, жинақталып қалған 1980 жылдардағы Еуропаның барлық кереметімен бірден танысты. Оның тәжірибесі кейінгі постсоветтік танымға жақын; сондықтан да оның осы бір кеңістікке өтімді болып, Батысқа қарағанда режиссерді жоғары бағалағанына таңданудың қажеті жоқ. Ким Ки Дуктың аты Еуропа төрінде шықпай тұрған кезде және кейін жұрт одан теріс айналған мезетте, ол мәскеулік кино конкурстарға қатысып жүрді және MeToo қозғалысының өкілдері оны батысқа бағдарланған аймақтан желкелеп қуып шыққан соң, Ким шығармашылық жолын бұрынғы КСРО құрамында болған елдерде жалғастырып, осы аймақтан пана тапты. Дегенмен төрелігін айтар болсақ, Мәскеу 1981 жылы аты шулы «Бикеш» фильмі үшін де алғашқы фестивальдік алаң болған еді. Аталған фильм дәл осы қалада прокатқа шығып, советтік қалыптан шыққан жастардың сүйікті туындысына айналды.

Алайда тұтастай бір елдің кино туындылары үздіксіз айналымда болған «А» санатына жататын кино фестивальдерге енгізу үшін, мейлі жаңаша көзқараспен өрілген болса да, тек қана ностальгия жеткіліксіз. Сондықтан Ким фестивальдік жолының бастауында тұрған (қазіргі корей кино серпілісінің бастауын дәл осы туындымен байланыстыруға да болады) ««Құс торы» қонақ үйі» (1998) деп аталатын үшінші фильмінде бұзақы романспен бір қатарда тұратын «теңіз ертегісі» деп аталатын жаңа жанрды бастап берді. Келешекте дәл осы айрықшалығы оның басты қаруына айналатын болады. Аталған жанрдағы туындылардың сюжеті теңізде өрбиді. Мәселен, «Құс торы» фильмінде негізгі оқиға теңізде өтеді. Сондай-ақ Ким Ки Дуктың «Арал» (2001) туындысы да балықшылардың жылжымалы ауыл көрінісін берсе, ал «Керілген арқан» (2007) фильмінің сюжеті қалалықтар катермен балық аулауға келетін, ешқашан жағалауға тоқтамаған, қабырғасы тот басқан кемеде өрбиді.

1 / 3

Тек аталған жанр ғана емес, сондай-ақ стильдің өзі (самарқау музыка, махаббат үштігі, ұзақ қарау, қатаң әрекеттер мен қан төгуге алып келетін қатігездіктер, жартылай мистикалық элементтер, сәуегейлік, бал ашу және т.б. дүниелер) Азия және Тынық мұхиты аймағының халықтары үшін жаңалық емес. Айталық, КСРО көрермендерінің зор ықыласына бөленген «Адалдықтан аттағандар» (Choo, 1972, режиссер Пиак Постер) деп аталатын тайлық туынды жоғарыда келтірген сипаттамаға толықтай сай келеді. Алайда француз кино гурмандары аталған туындыны өткен онжылдық та ғана тауып алып, қайта қалпына келтіріп, лайықты бағасын енді беріп отыр: 1970 жылдардағы мәдени алмасуға келер болсақ, алуан түрлі бағытты қамти алған Совет үкіметінен француздар қалыс қалғаны анық. Сондықтан Парижде жүріп постмодернге қанық болған Ким, «Құс торы» фильмінде өзінің тамырына қайта оралады. Түпкі тамырға оралу, әдеттегідей, оған бәріне түсінікті әрі жағымды автор атануға септесті.

«Адалдықтан аттағандар» (Choo, 1972, режиссер Пиак Постер)/Тай кино мұрағатының рұқсатымен

«Адалдықтан аттағандар» (Choo, 1972, режиссер Пиак Постер)/Тай кино мұрағатының рұқсатымен

«Құс торы» фильмінде жезөкше мұздай болған өз қолымен Пхохан жағалауынан кішігірім күрке салып алып, теңбіл шалбар киген ау тазалаушы балықшы жігітпен теңіз ортасындағы мұнараның бір тұғырында отырып жыныстық қатынасқа түседі. Аталған ау тазартушы балықшы бірде жезөкшенің сутенерінің мұрнын бұзса, ал жезөкшенің өзі онымен бірге тесік кемеде отырып толқындар жөніндегі әңгіме өрбітеді. Ким камерасын жартылай суға орнатып, осы арқылы тропикалық жаннатты Ихтиандр я Орки-киттің жауы көзқарасы тұрғысынан тамашалауға тырысады.

Венецияда өткен «Арал» фильмінің көрсетілімінде бикештер есінен танып жатты: су үстіндегі балықшылар айлағының қараушы әйелі өзінің сүйіктісін ұстап қалу үшін, екі бұтының арасындағы «күн тимесін» қармақтың ілмегімен қыршып тастайды, ал, өз кезегінде оның сүйіктісі жарты сағат бұрын қармақтың ілмегін тамағына салып, осылайша өзіне қол салмақ болады. Дегенмен Кимнің бұл кейіпкері көп сөйлемейтінін тілге тиек еткен жөн болар. Әрі осы бір әдіс Ким Ки Дуктың көп кейіпкерлерін айрықшалайтын ерекшелікке айналды. Айталық, Жаман жігіттегі кейіпкер де, өлім жазасына кесілген камераға қамалған «Дем» (2007) фильмінің кейіпкері де солай жасауға тырысады. Дегенмен «Демдегі» осы бір тәсіл, әлемге 1990 жылдардың соңында Вонг Кар Вайдың «Бірге бақыттымыз» және Анг Лидің «Мысық табандап келген жолбарыс, демін ішіне тартқан айдаһар» секілді культке айналған фильмдер арқылы танымал болған тайуандық жұлдыз Чан Чэннің көзқарасын өткірлей түседі.

1 / 4

Кимнің «Бос үй» (2004, Венеция кино фестивалінде ең үздік режиссерлік жұмыс деген сыйлыққа ие болды) деп аталатын ең үйлесімді фильмінде күйеуімен ұрыс-керістен шаршаған әйел, Юрий Шатунов секілді шаш үлгісін қойған, Корей еліндегі ең ұзаққа созылған «Мектеп» деп аталатын сериалда басты рөлді сомдаған, түсі суық әрі көп сөйлемейтін Ли Хун Кёнмен үнсіз жүре беруге (бас кейіпкер иелері демалысқа кетіп қалған қараусыз қалған бос үйлерге тығылып кіріп тұрғандықтан, «үйде ешкім жоқ» болғандай кейіп танытуы қажет) қуана-қуана келіседі.

1 / 4

Режиссерлердің арасында Эрик Ромен секілді әңгіме жанрының нағыз мамандары жетерлік, бірақ Ким Ки Дук үшін кейіпкерлердің тілдесуі — бұл әрекетті кейінге қалдырып, фильмді сағызша созатын басы артық дүние. «Арал» фильмінде бас кейіпкер әйел сөйлеу үшін емес, ішімдікті қылғытып салу үшін ғана аузын ашқанды жөн көреді, ал ондағы еркек кейіпкер фильмнің ортасынан бастап мүлдем сөйлей алмай қалады. Жалпы алғанда осы арқылы Ким Ки Дук бертін келе корей дорамаларына тән болған ерекше тәсілді паш етті: екі адам бір-біріне байлануы үшін, оның біреуі екіншісіне кіріптар болған күйге түсіп, ал екіншісі соған бар мейірімін төгуі қажет («Мурим мектебі», «Қызғаныштың көрінісі», «Нағыз сұлулық»). Алайда Ким Ки Дуктың кейіпкерлері бұл заңдылықты білгендіктен, әдетте кіріптар күйге өз еркімен түсуге тырысып жатады: «Арал» фильмінде қыз өзін әдейі жарымжан күйге түсіреді, ал Жаман жігіт ұнап қалған қызды әдейі қарызға батырып, бұл жолдан жезөкше болу арқылы ғана құтылатындай жағдайды жасайды (осындай тәсіл аты шулы «Мектеп 2013» дорамасында да көрініс тапқан). «Арал» фильміне жазылған ең көркем интерпретацияны, бәлкім, кино режиссер Михаил Брашинский жазса керек. Оның тұжыруынша аталған туынды балықтардың көзқарасымен таспаланған. Шынтуайтында, «Арал» протагонистер жүрген, сөзі аз ғана фильм емес. Мұнда Ким «Құс торы» туындысының соңында камераны жартылай суға батырып түсірген, жаңа форма жасаушы, негізгі ракурсты көп қолданған. Адамдардың шын мәнінде болмысында бар көлеңкелі тұстарын жарыққа шығарған тым жабайы әрі оғаш қарым-қатынасы (тірі қалу, қуғыншылардан аман алып қалу, симбиоз) — балықтардың көзқарасы бойынша, дәл адамдардағыдай, оқиғаны құдды бір, диктор кереметтің бәрі аман қалудың заңдылықтары мен бейімделудің арқасында орын алғанын түсіндіріп бақпаған, су асты әлемі жөніндегі танымдық бағдарлама секілді көрінеді. Балықтар үшін адамдардың жабайы аң екенін фильмдегі бір ғаламат сахна паш етеді. Айталық, онда бір еркек балықты аулап, оның бүйірінен ет кесіп алып, құрбысына ауыз тигізеді де, балықты суға жібере салады. Сол бір жаралы балық сүйегі көрінген күйі фильмнің қалған жартысында бас кейіпкер қайта қармаққа ілгенше жүзіп жүреді.

1 / 2

Егер «Арал» — бұл балықтардың көзқарасы бойынша өрілген кино болса, онда «Белгісіз мекенжай» (2001) — иттер таспалаған фильм. Онда Чо Чжэ Хён Ит көзді деген лақап аты бар кейіпкерді сомдайды: итті өлтіріп, етін турап, жергілікті дәмханаға жеткізеді. Аталған фильмде адамдар иттер үшін дәл «Аралдағы» балықтардағыдай, қаныпезерлер ғана. Фильмнің сюжеті бойынша, оқиға 1970 жылы күзде, жанында америкалықтардың әскери базасы орналасқан ауылда өрбиді. Ол ауыл тұрғындарының өмірі мен сарбаздардың өмірі жақсы сериалдағыдай әдемі өрілген. Фильмнің кіріспесінде әр кейіпкердің таңертең ұйқыдан оянған сәті қысқаша көрсетілген және ауылдағы тұрмысы жақсы, ағаштан соғылған үйде тұратын жалғыз отбасы бейнеленген сахнада еденге орнатылған камера бір орында қозғалмай тұрады. Мұндай түсірілім «Одзу ракурсы» деп аталады (1930–1950 жылдары еңбек еткен атақты жапон режиссері камераны осылай қойғанды жақсы көрген). Алайда оқиғаны алдыңғы екі аяғына тұмсығын төсеп жатқан ит дәл осы ракурстан тамашалауы да бек мүмкін әрі ол отбасының солай жасауы ықтимал болған иті де бар.

«Белгісіз мекенжай» (Ким Ки Дук, 2001)/Ашық дереккөздерден

«Белгісіз мекенжай» (Ким Ки Дук, 2001)/Ашық дереккөздерден

Ал фильм оқиғасы қарқынды өрбігені соншалық, кейіпкерлердің әрекеттерінде рефлексия жоқтың қасы. Олардың көзге көрінген қимылдары мен оқиға болған орын (кейіпкерлер бір-бірінің соңынан жүреді де қояды) — бәрі де бүкіл ауылды тінтіп, мұрнының астындағы заттың бәрін иіскеп, әлдебіреуге бұлғаңдап, еркелеуі керек иттің тынымсыз мінез-құлқына ұқсайды. Америкада оқып келген момын бір жігітті жергілікті бұзақылар тепкінің астына алады. Осы бір оқиғаның үстінен түскен алып денелі әкесі америкалық кейіпкер әлгі бұзақылардың бірін ұстап алып, керісінше, оны момын жігітке ұрғызады. Момын жігіт өмірінде алғаш рет кісі баласына қол көтереді, бірақ ашуға булыққаны сонша, алпауыт жігітке оны ажыратып алуға тура келеді. Бұл мәселені шешкен алпауыт, жұмыста әмиянды ұрладың деп айыпталып, бәріне қолын бір сілтеп кетіп қалады. Жол бойы бақшаға ұрлыққа түсіп, қожайынға ұсталып қалған өзінің шешесін кезіктіреді. Ақыры бұл ұрыстың соңы төбелеске ұласып, енді алпауыт жігітке шешесіне араша түсуге тура келеді. Жігіт анасын қара түсті сарбаз әкесінен қалған, сонда тұратын америкалық қызыл автобусқа сүйреп әкеліп, тепкінің астына алады. Төбелес барысында оның төсі ашылып қалып, әйел сол күйінде қашып шығып, автобустың үсіне шығып алып, сол жерде тұрып ұлын тілдей бастайды. Алпауыт жігітке рақметін айтуға келген әлгі момын жігіт осы бір даудың үстінен түсіп, досын сүйрелей жөнеледі. Осы тұста анасының көңілдесі болып жүрген Ит көзді дөкей келіп қалып, алпауыт жігітті мотоциклмен қуалап, жетіп алып тепкілеп тастайды. Сосын көңілдесін жұбату үшін автобусқа кері оралғанда, әйел «Ұлыма саусағыңның ұшын тигізуші болма!» деп айқайлай жөнеледі. «Жақсылығы» елеусіз қалған Ит көзді дөкей кезекті бір итін атуға аттанып кетеді. Бірақ тығылып тұрған алпауыт жігіт керемет мүмкіндіктің туғанын аңдап, оны қапияда басып қалады. Сосын тапаншасын тартып алып, оны темір торға салып алып, жіпке буындырып өлтіреді. Осыдан кейін алпауыт жігіт мотоциклге мініп алып, жүйткіп жүріп жолдан шығып кетіп басымен дымқыл жерге қадалып, тек екі ағы ғана көрінген күйінде мерт болады. Оның мәйітін жапонның атақты режиссері Сэйси Ёкомидзоның «Ингами кланы» (1951) деп аталатын детективіндегідей, аяғы ғана көрінген күйінде тауып алады.

Хичкокқа қасақана

Ким Ки Дуктың кейіпкерлері әрекетке көшкенде бір сәтке де дамылдап тұрмайды. Жаман жігіт фильмінде Қолтырауын көзіне бір көрінген қызды бас салып сүйе бастағанда, қыздың жанында тұрған жігіт еш ойланбастан бұзақының басынан ұруға кірісіп кетеді. Осы бір сайқымазақтың әрекеті іспеттес, еш ойланып жатпастан әрекетке көшу күлкі тудырады. Бірақ бұл сондай-ақ Кимге, елеусіз әрі кісі қарасы аз оқиғаның өзінде іш пыстырарлық режиссер болмауға мүмкіндік береді. Бірде Француа Трюффо Хичкоктан сұхбат алғанда, Хичкок сол кезден бері ережеге айналып кеткен кино драматургияның әдістерін түсіндірген. Мәселен, жігіт қыздың үйіне келіп, есігін қаққанда, оған есікті қыздың ашқан сахнаны түсіруге болмайды. Жігіт келгенде қыз міндетті түрде үйінде болмауға тиіс, сосын ол есік алдындағы күзетшімен жолығып қалып, ол өз кезегінде, жігітке қызды үш күн көрмегенін айтса тіптен керемет. Сонда алаңдай бастаған жігіт темекі тұтатып, көшеде көзіне ілінген күдікті жігіттерге тесіле қарап тұрғанда, байқаусызда үйіне сән үшін қоятын қандай да бір мүлікті базарда іздеп жүрген қызын көзі шалып қалады. Ким Ки Дук осы бір ережелердің бәрін қоқысқа тастайды. Ким Ки Дуктың тәсілдері бұған толықтай кереғар. Мұның жарқын мысалы ретінде, оның «Жабайы жануарлар» деп аталатын фильміндегі әкесі қызынан ақша сұрауға барған сахнасын айтсақ болады. Қыз ол кезде Дени Лаван есімді жігітпен көңіл көтеріп жатады: әлгі жігіт қыздың жейдесінің астына басын тығып алған. Есік қоңырауы басылғанда, қыз жейдесінің астына тығылып ойнаған Лаванмен бірге есік ашуға келеді. Әкесі қызынан ақша сұраған мезетте, жейде астынан Лаван «Кет те кет» деп келген кісіні қумақ болып айғайлап атып шығады. «Әкесі қызына келді, ал жатын бөлмеден бөтен еркек шықты». Ешқандай да ымдайтын ишара жоқтың-қасы: иә, қызы үйінде, еркек бәрін естіді және оның әкесіне айқайлап беруінің орнына, жай ғана қыздың жейдесін түрткілесе болғаны, әкесі қызының жігіті пайда болғанын әрі оның өте ашушаң екенін бірден түсіне қояды. Сондықтан үш кейіпкерге де араларында нендей жағдай орнап жатқаны түсінікті. Жоғарыда сөз еткеніміздей, бұл (еш маңызы болмаса да) өте күлкілі жәйт.

«Белгісіз мекенжай» фильмінде аталған әдісті Ким көпқабатты ностальгиялық мелодрамаға қолданған (екі сағатқа созылған фильмнен бас алу еш мүмкін емес). «Белгісіз мекенжайдан» кейін ол осы бір сүрлеуді қаз қалпында қайталауға тырысып, кейіпкерлерді оттың ортасына тастайды. Алайда «Жаман жігіт» фильмінде, дәл «Құс торы», «Бос үй», «Керілген арқан» туындыларындағыдай аз-маз бұл қарқынды басуға тырысқан. Осы арқылы ол ұдайы басын қатырған бөліністе тепе-теңдік тапқандай көрінді: дененің айқындалып қойған биологиясы мен рухани серпілістен (өкінішке қарай жасы ұлғая келе Ким Ки Дук сарсаңға түсіп, биологиялық детерминизмді аңғара бастады), сондай-ақ еркектік пен әйелдік бөліністен. Ким Ки Дуктың теңіз үстінде өтететін фильмдерінде, әдетте әйелдер протагонист болады, ал өз кезегінде еркектер өзенге байланған бұзақы романстың кейіпкерлері: Қолтырауын Ханган өзеніндегі көпір астында өмір сүріп, сонда қылмыстық әрекеттерін жасаса, ал Чо Чжэ Хён сомдаған «Жабайы жануарлар» фильміндегі кейіпкер кемеде тұрғаны былай тұрсын, баспанасын сақтап қалу үшін сонда кісі өлтіреді. Осы тұста Ким Ки Дуктың юнгиандық мифтерден де көне осы бір символизмді (еркек-өзен, әйел-теңіз) әдейі тудырды деп сенімді түрде айта алмаймыз. Дегенмен осы бір аңғал символизмнің өзі Ким Ки Дукқа жараса кетеді. Қанша шеберлігін шыңдап, үлкен автор ретінде қалыптасқанына қарамастан, Ким Ки Дук режиссер ретінде де Монмартрда суреттерін сатқан көше туындыгерінен асып кете алмады.

«Керілген арқан» (Ким Ки Дук, 2005)/Alamy

«Керілген арқан» (Ким Ки Дук, 2005)/Alamy

«Жаман жігіт» фильмінде көшедегі қақтығыстан кейін даусын жоғалтып алған бұзақы, тек бір мәрте ғана күлкі шақыру үшін қарлыққан даусымен махаббат жөнінде бірдеңені міңгірлегендей болады (Чо Чжэ Хён өзінің ұлы концертін қояды: кең шалбар киіп ап талтайып, темекі тұтқылын лақтырып, жабайы болғаны сонша, қасқыр үйірінің абаданы болуға жарап қалған, бірақ түн ортасында қожасына ұқсас сұлбаға үмітпен қараған, иесіз қалған төбеттей тесіле қарап тұрады). Осы бір сахнаны сүйемелдеп тұрған Сеул, Кимнің кейінгі туындыларында бұлайша жарқырап сұлу болып көрінбейді: кейіпкерге сабылысқан жұрттың арасынан жаңбыр астында қолыңа қолшатыр ұстап, шатыр үстіне бұрылып кетіп, достарыңмен бірге күріштен жасалған арақты ішіп, қызылды-жасылды айна артындағы арбайтын бағытқа кез келген сәтте бұрылып кетуге болады. Ал ол жақта жігітті күн сайын жер бетінде ең ғажап үш ләззат күтіп тұр (ақша, секс және шынайы достық). Аталған фильмдегі қыз көп жігіттің сырын біліп, өзін қарайлап жүрген жалғыз жанашырынан айырылып қалуға сәл-ақ қалғанын ұғынып, оған құшағын ашқанда, жігіт оны теңізге алып кетеді. Олар Ким Ки Дуктың алғашқы теңіз ертегісі «Тордағы құс» фильміндегі жезөкше мен балықтың ауын тазалаушы жігіт жыныстық қатынасқа түскен дәл сол бір тот басқан мұнара орналасқан теңізге жол салады. Қала мен теңіз арасын жалғаған осы бір жағалауда, фильм соңындағы жыныстық қатынас болған сахна орын алады.

Аталған туындысында Ким Ки Дук еуропалық постмодерннің арбайтын ықпалынан толықтай құтылған және оның техникасы үлкен фестивальдердің көрермендерін жыныс мүшесін қармақтың ілмегімен қыршып алған әйел жөніндегі сахнаны ғана емес, сондай-ақ өзіндік жаңа қолтаңбасының қалыптаса бастағанын сөз етуге мәжбүрледі. Ол ендігі дихатомияны емес, барлық дүниенің екі жағы бар екенін көретін қабілетке ие. Ал «Көктем, жаз, күз, қыс... және тағы да көктем» деп аталатын псевдо буддалық баянын ол ақымақтар үшін жапондық стильдегі төрт құбыласы тең туынды ретінде ұсынады. Бірақ осы бір айла арқылы режиссер ішкі жан дүниесін ақтарады. 2004 жылы Ким Ки Дук өнер жолындағы ең дегдар екі туындысын сайысқа қосып, екі бірдей маңызды фестивальде (Берлин және Венеция) үздік режиссер атанады.

Оңтүстік кореялық режиссер Ким Ки Дук 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Венеция Лидода өткен 69-шы Венеция кинофестивалінде кезінде суретке түседі/TIZIANA FABI/AFP/GettyImages

Оңтүстік кореялық режиссер Ким Ки Дук 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Венеция Лидода өткен 69-шы Венеция кинофестивалінде кезінде суретке түседі/TIZIANA FABI/AFP/GettyImages

«Мейірімді қыз» — фильмінде ол үштен бір бөлігі аяқталған соң протагонисті өзгертіп жібереді және осыдан кейін режиссердің өзі де өзгеріп кетті. Аталған қағидат кино саласына жаңалық емес. Бұған дейін бұл әдісті Хичкок «Психозда» (1960) қолданған. Бірақ жаңа ғасырдың басында барлық кино мамандарының осы бір әдіске қызығушылығы қайта оянды. Алайда бұл әдісті Ким Ки Дук секілді шырқау шегіне жеткізген ешкім жоқ. Әлбетте көрермен ретінде оқу жылы басталғанда сары дақтар көрінген, мойнына зүбәржат түстегі галстук таққан, бірі Еуропаға баруға ақша жинаған, ал екіншісі жезөкше болған оқушы қыздар жөніндегі аңғал кино-манганың екінші жартысы орта ғасырлық мораль үйреткіш өсиетнамаға айналып кеткенін байқамай қаласыз. Аталған фильмнің «Әлемде бәрі бар» деген даналықты өсиет еткеннен өзге мағынасы жоқ. Ал фильмді тамашалаған кез келген ересек адам бұдан жалпы адамзаттың заңдар деп қабылдаған оқиғаға жасалған айқын аллегорияны міндетті түрді тауып алады.

1 / 3

Дәл сол жылдың қыркүйек айында Венецияда үздік режиссер сыйлығын алған «Бос үй» фильмі — адамдардың әрекеттерін автоматты түрде қайталайтын әлемде өмір сүретін жігіт жөніндегі баян. Ол жігіт қожайындары демалысқа кетіп қалған үйлерге кіріп алып, бірнеше күн бойына олардың заттарын пайдаланып, пластинкаларын жеке меншігіне айналдырады. Осы әрекеті үшін түрмеге тоғытылған соң, ол жаңа бір айланы ойлап тауып, әбден машығады: басқалардың артынан көлеңкесі ретінде қалмай жүретіні соншалық, олар бұның бар екенін де байқамайды. Түрмеден шыққаннан кейінгі оның өмірі осылай өзгереді әрі өз өмірін кешіп, өз бетінше таңдау жасағаннан гөрі оған осылай жүру оңайға соғады. Алдында жүрген адамның қимыл-қозғалысын дәл салу — оның өмірдегі ең басты мәселесі айналады. Ким Ки Дук аталған фильм үшін өте жеңіл әрі байсалды форманы таңдаған. Аталған фильм оның ең үздік шығармасы және кино тарихындағы ең мықты туындылардың бірі деуге негіз бар. Өйткені бұл туынды сізге бір сағат жиырма минутқа жеңілдеп алуға мүмкіндік береді (санаңызды тұмшалаған ойлардан, әрекеттер мен сөздерден босатады).

Ким Ки Дук осыдан кейін жаздың шуақты таңындағы тап-таза терезе секілді, айқын әрі бақытқа толы «Керілген арқан» (2005) туындысын түсірді. Аталған туындысында режиссер мансабында алғаш рет жайдарлы жүзді Со Чжи Сокты басты кейіпкер етті. Ким Ки Дук бұл кейіпкерді еркектік құмарлықтардан ада етіп, еркін қылды. Өйткені Кимнің өзі де шығармашылық тұрғыдан, сондай-ақ ішкі әлемінде еркіндіктің жоғары дәрежесіне жетіп, жаңа бір деңгейге көтерілу қажет екенін сезді. Алайда ол нәтижесінде шабыты келген болса Франсуа Озон33Франсуа Озон (1967 туған) заманауи буржуазия жөніндегі көптеген сатиралық фильмдерді түсірген француз режиссерітопырлатып түсіре алатын біртоға (актерлердің шебер ойыны мен фильм жақсы қойылғанына қарамастан) туындыларды жарыққа шығарды. Айталық бос әңгімеге құрылған «Уақыт» және пластикалық ота мен қызғаныш төңірегіндегі таза әйелдердің мәселесін қаузаған, өлім жазасына кесілген қылмыскерлердің түрмедегі оқиғалары баяндалған «Дем» (2007) фильмдері жоғарыдағы сипаттамаға сай келеді.

1 / 2

Әрмен қарай Ким 1970 жылдардағы еуропалық шеберлер түсірген, сананы дүр сілкіндірген новелла-фильмдерден гөрі, фестивальдерде көрсетілетін жақсы мәнерді үлгі ететін туындыларды түсірді. Қалай болмасын, осы бір туындылар сериясының үшінші фильмі «Арман» (2008) туындысында, ол өлгенше шебер сөйлету қолынан келмеген тақырыпқа (шынайы әлем мен түсті үйлестіру) ойысты. Осыдан кейін режиссер сәтсіздігін ашық мойындап, үш жылға кино әлемінен жоғалып кетті.

«Арман» (Ким Ки Дук, 2008)/Alamy

«Арман» (Ким Ки Дук, 2008)/Alamy

Сіңіп кету

Бәрі де 2011 жылы мамыр айында Канн фестивалінде, оның арзан цифрлық камераға түсірген «Ариран» деп аталатын 16-фильмі жарыққа шыққанда белгілі болды. Ким Ки Дук өзінің 50 жасын пеші жоқ қашықтағы қыстақтағы қараусыз үйде қарсы алды. Жылыну үшін ол үлкен бөлменің ортасына шатыр тігіп қойды. Денесін жылыту үшін Кимнің иттің консервіге салынған тамағын тіске басып, қанша шөлмек соджуды қылғытқаны да белгісіз. Ұзақ уақыт шатырдың ішінде ішкілікке салынған ол киносына атау болған жота жөніндегі әнді (Алла Пугачеваның «Как тревожен этот путь» деп аталатын әніне ұқсас) ара-тұра салып, жақсылығымен жамандағы қатар келген өмір тосқан қиындықтарға төтеп бере алмады. Осы бір әнді беріле орындағанда оның ісіп кеткен көзінен ыстық жас төгіліп тұрды және 50 деген жастан асқан адамдар оның неліктен бұлайша қылық шығарғанын жақсы білсе керек.

«Ариран» (Ким Ки Дук, 2011)/Alamy

«Ариран» (Ким Ки Дук, 2011)/Alamy

Түрлі сылтауларды ойдан құрап, қайқыға батқан режиссер (Ким Ки Дуктың өмір жолындағы осындай келеңсіз оқиғалар қызықты көрінген оқырман жоғарыда сөз еткен «Ариран» фильмін көріп, шындықты оның өз аузынан естісе де болады) 15 жылдық тынымсыз еңбектен кейін... енді, кем дегенде, маңызды халықаралық кинофестивальдердің бірінен басты сыйлықты алған алғашқы корейлік болғысы келгенін мойындаған. Оның осы бір қалауын ортаға салып, балаша аңғалдығын танытқаннан кейін, аталған туындысы Канн фестивалінде «Айрықша көзқарас» бағдарламасы бойынша көрсетіліп, жүлде иеленді. Ал бір жылдан кейін «Пьета» туындысы үшін Венецияда «Алтын арыстан» сыйлығын алды.

1 / 2

Тіптен, «Пьета» фильмі түкке тұрғысыз туынды болған күннің өзінде, әділқазылардың шешімі (Ким Ки Дуктың жан айқайын ести алғаны) қол соғуға тұрарлық. Олар «Ариранда» шынайы, тек жақын адамдарымызға ғана айта алатын жан түкпіріміздегі сырды бүкпесіз баян еткен Ким Ки Дукты түсінді. «Пьета» фильмінде Ким жаман жігіттегі образға қайта оралып (Ким Ки Дук туындысына қатысты шынайы пікір білдірер болсақ) анасы мен баласы арасындағы (анасының қатерлі дертке шалдығуы ішкілікке салынып, оқшауланып қалған Кимнің жұрт арасына қайта оралып, қалыпты өмірге оралуына сеп болды) қарым-қатынас жөніндегі қатерлі әрі сусымалы тақырыпты көтерді. Ал келесі «Мебиус» туындысына аталған тақырыпқа тереңдеп еніп, радикалды түрде буржуаз отбасыларының жүйесін паш етті. Жараның бетін ашқан Ким, оның ем-домын жасай алмады. Сондықтан оның бұл қылығы көпшілікке ұнамай қалды. Оның үстіне әйелдер қауымы жас жігіттің жыныс мүшесін кесіп тастайтын болса, оған не боларын түсінбегендіктен, аталған фильмнің рейтингі тым төмен болды. Әйелінің көзіне шөп салып, ашуланған әйелі қарымта ретінде баласының жыныс мүшесін кесіп тастаған бұл фильмде әкенің рөліне Ким 11 жылға созылған үзілістен кейін, өзінің алғашқы «жаман жігіті» Чо Чжэ Хёнді шақырды және көп етпей екеуі де фильмдегі актрисаларды оргиялық сахналарға түсуге мәжбүр етті деген желеумен MeToo қозғалысының құрбанына айналды. Осыдан кейін Ким қайтадан өзгенің сүрлеуіне түсті. Мәселен «Ау» (2016) деп аталатын туындысында ол Солтүстік және Оңтүстік Кореядағы жансыздар жөнідегі оқиғалар қарқынды өрбитін фильмді түсірді. Бірақ бұл көп режиссер таспалай алатын ортаңқол туынды болып шықты. Ақыры MeToo қозғалысының қуғыны үдеп, оған анасының қазасы қосылғандықтан, Ким Ки Дукты Кореяда ұстап тұратын ешқандай да себеп қалмады. Сондықтан ол «Ариранда» айтқан «өзін жақсы көретін әр елге барып, сонда кемінде бір жыл тұрып, бір жақсы фильм түсірсем» деген арманын орындауға аттанды.

Ол іздеген ел КСРО құрамында болған мемлекеттердің арасынан табылды. Аталған елдерді киноматографиялық тың аймағы деу арқылы, Ким нысанаға дөп тиді: мұндағы әрбір елдің архиктектураға, жоспарлауға және кеңістіктегі мінез-құлқына қатысты өзіндік айрықшалығы бар, егер өтірік бөспей, турасын айтар болсақ, КСРО ыдырағаннан соң Кира Муратовадан басқа ешкім, қазіргі өміріміздегі (1991 жылдан кейінгі) прогрестерді (дегенмен тәуір фильмдерде түсірілді) түсірген жоқ.

Ең алдымен Ким Қазақстанға аттанды: Алматы оны кинопленэр ретінде 2011 жылы таңдандырған әрі сол кезде оның туындысына продюсер болуға дайын (Динара Жұмағалиева) екенін жеткізген адам да табыла кетті. Оған сол бір саяхаты кезінде тау ішіндегі арқанжолға бастаған Медеудің жолдары ұнаған болса керек. Өйткені бұл жолда оның ең үздің туындыларының бірі саналатын «Көктем, жаз, күз, қыс... және тағы да көктем» фильміндегі Кимнің өзі сомдаған кейіпкер Будданың мүсінін көру үшін тау басына шығып, өзен үстінде суға жүзген ғибадатханасын тамашалағандағыдай керемет көрініс ашылады. Алайда ол Қазақстанда таспалаған «Сіңіп кету» (2019) деп аталатын туындысында аталған рефренді саналы түрде қоспады.

«Сіңіп кету» (Ким Ки Дук, 2019)/Ашық дереккөздерден

«Сіңіп кету» (Ким Ки Дук, 2019)/Ашық дереккөздерден

Оның орнына Ким болып жатқан оқиғаларға сіңіп, жоғалып кеткен тәрізді (бұлыңғыр кадрлар, тазартылмаған бөгде дыбыстар және Жұмағалиеваның актерлік ойынан қарап фильмді құдды бір әуесқой режиссер түсіргендей әсер қалады). Дегенмен бір-біріне қатты ұқсайтын екі адамның рөлін сомдаған Жұмағалиева екінші кейіпкерін (анасы мен ағасының қатал тәрбиесін алған мектеп оқушысы, сағат сайын оларға қоңырау шалып, кешкі астың уақытында міндетті түрде үйінде болуға тиіс) нанымды сомдаған. Осы бір ойындағы ала-құлалық, қалаға жаңа келген туристпен, осында орныққан адамға екі түрлі келбетін паш ететін Алматының образымен сәтті үйлеседі. Алайда аталған фильмнің сюжеті мен кейбір тәсілдері 1972 жылы жарыққа шыққан, жалпы КСРО да дүркіреген және Қазақстанда атақты болғаны сонша, фильмнің сюжеті халық ертегісі секілді қасиетті туындыға айналып үлгерген бомбейлік хит «Гита мен Зитадан» алынған. Өзін камера алдында қалай ұстау керегін жақсы білетін, нағыз еркектік сұлулық бойында бар Санжар Мадиевтің үлпілдек шашы, оған жергілікті Men’s Health-дің басты бетінде жарқырап тұруға мүмкіндік берді. Оның үстіндегі алқызыл гүлді жейдесі, қалың тақиясы мен қымбат тоны, сондай-ақ бақуаттылықты паш ететін паң бейнесі, 1970 жылдардағы Үнділік кино жұлдызы Винод Кханды еске салады. Алайда арқанжолда түсірілген сахналарда фактура мен камера қарама-қайшы емес өзіндік өмірін сүруді бастайды: қыстың жұмыс күндерінің біріндегі Шымбұлаққа жасаған серуеннің шикілігі, сондай-ақ арқанжолмен жоғары қарай өрлеген кабинкадағы және қабырғалары ағашпен жабындалған қонақ үй ішіндегі тәнді жылытар секс сахнасының шикілігі оғаш бір сезім сыйлайды. Дегенмен көрермен фильм соңында «бәрі тура өмірдегідей», «бұл мен жайлы баян» дегенді айтып жатқанда ғана киноның асқақ деңгейі пайда болады. Айтпақшы, бұл Ким Ки Дук тума киногматографистік қасиеттін паш еткен алғашқы жағдай емес. Ол көрерменді жеріндіретін, оғаш күйде қалдыратын тәсілдерді сенімді түрде қолданып, осы бір фильм барысында жиналып қалған қолайсыздық ақыры төртінші бір өлшемнің есігін ашып береді. Аталған техника секспен ғана пара пар. Ал Ким Ки Дук болса, әлбетте, нағыз еркек әрі нағыз туындыгер.

«Сіңіп кету» Ким Ки Дуктың соңына дейін жеткізген ақырғы туындысы болып қалды. Оның Бішкекте жүріп түсірген «Құдайдың үні» (2022) фильмін, мезгілсіз қазасынан кейін Артур Вебер есімді эстондық продюсер монтаждап аяқтады (Кимнің келесі тұрақтайтын елі дәл осы Эстония болуға тиіс еді). Дегенмен түсірілген материалға қарап-ақ, Кимнің аталған фильмге ерекше шабытпен кіріскенін көруге болады: Бішкек мұнда мүлдем өзге қырынан түсірілген. Осы бір фильмде Ким Ки Дуктың таңдап алған қара-ақ түсі көздің жауын алады; үстіне әсем көйлектерді киген Жанел Серғазина 1960–1970 жылдардағы қала құрылыстары мен сән қуған қыздар көрініс тапқан қырғыз киносының дүркіреген уақыттардың рухын жандандырады.

«Ариранг» фильмінің режиссері Ким Ки Дук 2011 жылы 18 мамырда Францияның Канн қаласында өткен 64-ші жыл сайынғы Канн кинофестивалінде «Ерекше назар» сыйлығын жеңіп алды/ Laurent Koffel/Gamma-Rapho/Getty Images

«Ариранг» фильмінің режиссері Ким Ки Дук 2011 жылы 18 мамырда Францияның Канн қаласында өткен 64-ші жыл сайынғы Канн кинофестивалінде «Ерекше назар» сыйлығын жеңіп алды/ Laurent Koffel/Gamma-Rapho/Getty Images

Ким Ки Дуктың басқа фильмдеріндегі («Уақыт», «Арман») кейіпкерлер секілді, «Құдай үні» туындысындағы жас кейіпкерлер бүр жара бастаған сезімдерін қызғанышпен, қажеттілікпен тұншықтырып, оның орына жол бойына өз махаббатын дәлелдеуді талап етеді. Вебер Венеция фестиваліне жіберген нұсқасында, эпиграф ретінде Ким Ки Дуктың: «Жас ұлғайған сайын жастық кезіңдегі естеліктерге жиі қайтып ораласың. Қазір қайтып айналып сол шаққа түссем, көп дүниені өзгертер едім. Соған қарамастан ол бір ғажап кезең» деген сөзін алған болатын. Фильмде кейіпкер қыз еркектің телефонға жіберген хабарламасының даусынан бірнеше мәрте оянып кетеді: «Сен көрген түс, шын өмірде қайталанады». Фильмнің соңында кейіпкер қара-ақ түстен, түрлі-түсті фильмге ойысып кетіп, дәл сол сәнді көйлекпен далаға шығып, дәл түсінде көрген жағдайда жас жігітпен танысады. Сол жігіттің рөлін сомдаған Абылай Маратов Венецияда берген сұхбатында: «Түсінде қыз махаббат майданында қалай әрекет етуге болмайтынын, сол үшін азап шегетінін көргендіктен, ол түсіндегі оқиғадан сабақ шығарып, әрмен қарайғы өмірі жақсы өрбиді» деген болатын.

Фильмнің соңғы кадрында Ким Ки Дук кейіпкерге бұлыңғыр түсінен, өзі ойлап тапқан туындының сұмдығынан оянып кетуге мүмкіндік береді. Содан кейін ол бақилық болды. Кейде қазанамаларда: «Мәңгілік ұйқыға кетті» деп жазып жатады. Ким Ки Дуктың осы бір жоспарланбаған өсиеті, атақты Клеопатра фильміндегі улы жылан шаққан патшайымның өлім алдындағы: «Мен бүкіл өмірімді бөтендердің түсінде өткіздім. Енді міне, өзімнің түсім басталды» деген соңғы сөзін еске түсіреді.

Оңтүстік кореялық режиссер Ким Ки Дук 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Венеция Лидода өткен 69-шы Венеция кинофестивалінде кезінде суретке түседі/Tiziana Fabi/AFP/GettyImages

Оңтүстік кореялық режиссер Ким Ки Дук 2012 жылдың 5 қыркүйегінде Венеция Лидода өткен 69-шы Венеция кинофестивалінде кезінде суретке түседі/Tiziana Fabi/AFP/GettyImages

Ким Ки Дуктың қырларын ашып көрсеткен фильмдер

Үздік режиссер ретінде танытқан туындылары: «Бос үй» 2004, фильмі үшін Венецияда үздік режиссер сыйлығын алды. Көлеңке ретінде (тура мағынасында) өмір сүретін, сол үшін бақытты адамдар туралы өте әсерлі әрі қысқа фильм. Сондай-ақ: «Мейірімді қыз» фильмі үшін 2004 жылы Берлинде үздік режиссер атанды. Бұл Ким Ки Дуктың протагонисті фильмнің екінші бөлігінде антагониске айналған, эмоциялық және мағыналық мазмұны таразының екінші басына ауған жалғыз туындысы.

 «Мейірімді қыз» (Ким Ки Дук, 2004)/Alamy

«Мейірімді қыз» (Ким Ки Дук, 2004)/Alamy

Ойшыл ретінде танытқан туындылары: «Көктем, жаз, күз, қыс... және тағы да көктем» (2003) көпшілік ең жылы қабылдаған фильм. Ким Ки Дук аталған фильмінде алғашқы әрі соңғы рет актер ретінде ойнайды. Бұл буддалық монах пен өзіне-өзі тамсанған (жаттығу кезінде ол денесін жарқыратып шығады) шәкірті жөніндегі баян. Сондай-ақ: христиандық догмаларды қақпақылап, ара-тұра инцест сахнасын ойнатқан «Пьета» (2012) үшін Ким Венецияда «Алтын арыстан» сыйлығын иеленді.

1 / 2

Азамат ретінде танытқан фильмдері: «Жағалау күзеті» (2002) әрекеттерден тек өз адамдары ғана жапа шеккен (екеуі қайтыс болса, екеуі есінен адасады), «Біртұтас Кореяның болашағы үшін дұға етеміз» деген жазбамен аяқталған теңіз шекарасындағы әскери бекет жөніндегі туынды. Сондай-ақ: «Ау», 2016 фильмінде: солтүстік кореялық балықшы мен оңтүстік Корея мемлекетінің қауіпсіздік органының қызметкері екі тараптың да сатқындықтары мен төмен әрекеттеріне қарамай, Біріккен Кореяда бір-бірін кездесуге шақырады.

«Жағалау күзеті» (Ким Ки Дук, 2002)/Alamy

«Жағалау күзеті» (Ким Ки Дук, 2002)/Alamy

Еркек ретінде танытқан фильм: «Жаман жігіт», 2001. Бірақ ол тек жылы құшақта ұйықтағысы келеді.

Адам ретінде көрсеткен фильм: «Ариран», 2001, Канн фестивалінде «Айрықша көзқарас» сыйлығын алған туынды. Үш жылға созылған шығармашылық дағдарыс кезінде Ким Ки Дуктың өз-өзінен алған бір жарым сағаттық сұхбаты. Ол аталған туындысында шатырға қадалып алып, ішкілікке салынады. Сондай-ақ: «Белгісіз мекенжай», 2001. Ким Ки Дук 1970 жылдарға тұспа-тұс келген жастық шағын дорама мәнеріне салып баян етеді. Осы бір баяндаудың арқасында аталған туынды кешке диванға жатып көрсеңіз, өтімді болады.

1 / 2

Провокатор ретінде танытқан фильм: «Арал», 2000 — нағыз сұлу әрі тартыс тудыратын туынды: бұл фильмді көрген әйелдер қауымы есінен талып қап жатады, бірақ соған қарамастан бір бокал шарап ішіп отырып ол жөнінде сөз еткенді ұнатады. Сондай-ақ: «Мёбиус», 2013 — бүкпесіз шындық және ол ақылды адамның кейпінде әңгіме өрбіткен келмейді: бұл қорқынышты тек еркектер ғана түсінеді, ал еркектер мұндай жағдай жөнінде сөз еткен былай тұрсын, ойлаудың өзінен шошиды.

1-шығарылым: Болатбек Шамшиев.

2-шығарылым: Мохсен Махмальбаф.

Оңтүстік кореялық режиссер Ким Ки Дук 2013 жылдың 30 тамызында Сеулде өткен «Мебиус» фильмінің тұсаукесері кезінде журналистердің сұрақтарына жауап береді. Фильм Оңтүстік Корея экрандарында 2013 жылдың 5 қыркүйегінен бастап көрсетіледі/Legion-Media

Оңтүстік кореялық режиссер Ким Ки Дук 2013 жылдың 30 тамызында Сеулде өткен «Мебиус» фильмінің тұсаукесері кезінде журналистердің сұрақтарына жауап береді. Фильм Оңтүстік Корея экрандарында 2013 жылдың 5 қыркүйегінен бастап көрсетіледі/Legion-Media

Алексей Васильев

АВТОРДЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ