Обаның басты тұлғасы
Әулие Себастьян жөніндегі миф
Висенте Лопес-и-Портанья. Әулие Себастьян және оған қамқор болған Әулие Ирина. 1795-1800/Wikimedia Commons
Бұл ерте христиандық кезеңнің әулиесі ережелерді құрметтегені сонша, жаза кезінде тірі қалып, өлім құшу үшін жан алғыштарға қайта барған.
Өнер әлемінен хабары бар жұрт — жауынгер, христиандарды қатты жек көретін, қартайғанда Далмацийде ештеңе болмағандай орамжапырақ егіп күнелткен Рим императоры Диоклетианның (284–305) әскерінің сапында болған Әулие Себастьянның образын жақсы біледі. Арызқой біреу Себастьянды биліктегілерге ұстап беріп, ақырында оны өлімге кескен.
Оның өлім құшқан сәті (садақпен атқан), тіптен зайырлы әлемнің өзінде де ең мәшһүр сюжеттің біріне айналды. Дегенмен жартылай жалаңаш, бағанға байланған денесін тесіп өткен жебеден азап тартқан осы бір жас жігіттің ғаламат бейнесінің секс-символға айналған нағыз парадокс.
Питер Пауль Рубенс. Әулие Себастьянға қамқор болған екі періште/Wikimedia Commons
Аталған жарақаттан Себастьянның қалайша қаза таппағанына таңданғандар жетерлік. Дегенмен оны жұрт жазаға тартқан бағаннан шешіп алғанда, хәлі мүшкіл болған көрінеді. Бірақ христиандар оның ем-домын жасап,i
Людовико Карраччи. Әулие Себастьянды Үлкен клоакаға (арыққа) лақтыру/Wikimedia Commons
Осыдан кейін Себастьянның елесі өзге бір қайырымды Луцине есімді әйелге келіп, денесін тауып, Аппий жолындағы жер асты қабіріне қою керегін жеткізген. Содан бері және қазірге дейін Әулие Себастьянның қабірі — христиандық Римнің ең ілкі әрі ең маңызды киелі мекеніне айналды.
Ежелгі уақыттарда (7 ғасырдың аяғынан бастап) Әулие Себастьянның бейнесі түрлі жұқпалы жаралардан, бірінші кезекте, обадан я қазіргі кезде біз оба деп атап жүрген аурулардан айығумен астастырылатын болған. Ежелгі pestilentia-дің, яғни дерттің неліктен эпидемияға айналып кеткені, әлбетте, түсініксіз күйінде қалып отыр.
Танцио да Варалло. Әулие Ирина мен періште Әулие Себастьянды құтқаруда. Шамамен 1620 мен 1630 жылдар аралығында/Wikimedia Commons
Мәселен, ежелгі дәуірден бері жұрт жұқпалы ауруларды жазалаушы-құдайлармен тығыз байланыстыратынi
Римде және Бенедикт1
Арнольд Боклин. Оба, 1898/Wikimedia Commons
Шамамен сол уақыттарда Әулие Себастьянның бейнесі салынған мозаика жоғарыда сөз болған Рим шіркеуіне (Микеланджелоның соққан мүйізі бар Мұсаның мүсіні тұрған шіркеуге) қойылды. Айталық, аталған мозаикадағы Себастьянның бейнесі секс-символға болуға мүлдем жарамайды: тобығынан мойнына дейін киім жабылған, қаусаған әрі басы таз шал.
Әулие Себастьян мозаикасы. 680 жыл/Wikimedia Commons