Өлім патшалығының жеуге жарамды кілті

Қол жетпес жеміс

Плутон Персефонаны өз патшалығына алып кетуде. 19 ғасыр / Alamy

Тіпті өте ертедегі адамдар да кейде әдеттегі тамаққа ұқсайтын азық, мысалы, саңырауқұлақ, тамыр, жидектің болатынын, бірақ оны жеген бойда адамның өлетінін білген. Адамдар удың табиғатын өте ерте түсіне бастады, бірақ «әлдебір тағам — өлім» деген өте ежелгі байлам улылық идеясынан тыс көптеген мифке кірігіп кеткен.

«Ерекше» тағам аруақтар әлемінің есігін ашатын кілт ретінде, билет ретінде, қасиетті рәсім ретінде қабылдана бастады, ол тірі адамға өлілер патшалығына кіруге немесе тіпті онда қалуға мүмкіндік береді.

Осы санаттағы ең танымал миф бұл әрине, Персефонаның хикаясы. Деметраның сұлу қызы жерасты патшалығының құдайы Аидке ұнап қалыпты, сөйтіп ол қызды анасынан ұрлап әкеткенде, Деметра — құнарлылық әйел-құдайы ереуіл жариялады. Дәнді дақылдар піспей қойды, егіндік жер құнарсызданды, ағаштар жеміс бермеді, елде аштық басталды, сөйтіп құдайлардың жоғарғы соты Аидтан Персефонаны қайтаруын талап етті. Бірақ бұл уақытта Персефона өлілер әлеміне жататын болды, өйткені ол тұтқын болғанда су пен тамақтан бас тартқанымен, ағаштан құлап жарылған және сола бастаған анардың жемісін көргенде шыдай алмады — бірнеше түйірінің шырынын сығып, ерніне тамшысын тигізді. Бұл кезден бастап Аид оның толыққанды иесіне айналды. Бірақ құдайлардың қысымына шыдай алмаған ол әйелін жарты жылға үйіне жіберуге келісті, бірақ қалған уақытта ол оның қапас жер астындағы патшалығында болуға тиіс деген шарт қойды — жылдың осы мезгілінде табиғатта қыс орнайды, өйткені Деметра қайтадан қызын сағынып қайғыра бастайды.

Жапонның әлемді жаратушы әйел-құдайы Идзанами Персефонаның тағдырына ұқсас жағдайға тап болды. Жалын құдайын дүниеге әкелген кезде әйел-құдай оттан қатты зардап шегіп, өлместігіне қарамастан қайтыс болды. Оның ағасы және күйеуі Идзанаки әйелін іздеп өлілер әлеміне аттанып, барлық кедергіден өтті, бірақ, өкінішіне орай, бұл уақытта Идзанами «өлілер тамағының дәмін татып», іріп-шіріген қорқынышты құбыжыққа айналды және өзінің күйеуін өлтіре жаздады, онысы әрең дегенде қашып құтылды.

Жапон құдайы Идзанаги және оның әйелі Идзанами / Alamy

Жапон құдайы Идзанаги және оның әйелі Идзанами / Alamy

Славян ертегілерінде өлілер әлеміне кіру үшін кейіпкер марқұмның жолымен жүруі керек, оны аластатылған аяқтар тіреп тұратын табытта жуады, қабір азығымен тамақтандырады да ұйықтатады, содан кейін оның алдында Навь әлеміне, елестер әлеміне жол ашылады.

Әлбетте, Ескі өсиеттегі Адам ата мен Хауана тыйым салынған жемістің дәмін татып, біздің дүниеге өлімді алып келді және ұрпақтарына өлу қабілетін мәңгілікке қалдырды.

Осы уақытқа дейін көптеген мәдениетте ата-бабаларға қайырымдылықпен сыйға тартылған тағам, мысалы, ата-ана сенбісінде қабірге әкелінген кәмпит немесе еске алатын тақталардың алдына қойылған күріш ырымшылдықпен қауіпті, сиқыры бар нәрсе, яғни білместіктен немесе біреудің жауыз ниетімен жеген адамды өлтіруі мүмкін зат болып есептеледі.

Адам мен Хауа / Alamy

Адам мен Хауа / Alamy

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы