Қанқұйлы жылан туралы миф
Alfa Romeo-ның эмблемасында жан түршіктірер құбыжық қалай пайда болған?
Италиялық ақсүйектер қолға үйреткен жалмауыз жыландар туралы
Атақты италиялық Alfa Romeo автомобиль маркасының эмблемасы жаңа этика өріс жайған кезеңде триггер11ТриггерiТриггер — аяқ асты адам бойынан уытты сезімдерді, психологиялық жарақаттарды оятатын оқиғалар, сөздер немесе бейнелер. Егер адамның үрейін ұшыратын, толқытатын дүниелер қозғалатын болса, триггерлер жөнінде ескерту жасау кейбір қауымдастықтарда қалыптасқан үрдіс. ретінде ескерту болмаса да, тым болмағанда түсініктеме бергенді қажет етеді.
1910 жылы аталған эмблема таңдалғанда, бұл — қалыпты дүние ретінде қабылданғаны анық. Миландық компания Милан қаласының туындағы крест бейнесі мен Милан герцогтығының туын (сөз болып отырған жыланды) біріктірген. Ал герцогтықтың туындағы баланы жұтып жатқан кесіртке, мемлекеттің алғашқы қожайындары саналатын Висконти (1277–1447 жж. Милан билеушілері) әулетінің туынан алынған және бұл геральдикада Biscione (латынның bestia — жыртқыш) ретінде белгілі бейне. Кейінірек Висконти үйінің тікелей тұқымы үзілген соң, жыланды герцогтықпен бірге әулеттің күйеу баласы саналатын Франческо Сфорц иемденіп алған. Аталған бейне миландық Сфорцтың эмблемасына осылайша енген болатын.
Висконтилердің туындағы қанқұйлы жыланның пайда болуына қатысты әртүрлі дереккөзден келіп жеткен бірнеше миф сақталған.
Бірінші миф. Павийдің билеушісі Бонифаций Милан герцогының қызы Бьянкаға үйленеді. Бонифаций сарациндермен шайқасып жатқанда, оның ұлын үлкен жылан ұрлап кетіп, жұтып қояды. Соғыстан қайтып оралған Бонифаций жыланның ізін аңдып, оны өлтіріп, ішінен алып шыққан баласы ғажайып жолмен тірі қалады.
Осы бір халық ішінде кең тараған сюжетке, бертіндегі көзі ашық жұрт күмәнмен қараған тәрізді. Сондықтан ескі геральдикалық анықтамалықтарда өзгеше баян жазылған. Аңыз бойынша, 1137 жылы Оттон Висконти кресшілер жорығында, қалқанында мазақ ретінде христиан баланы жұтып жатқан жылан бейнеленген бір сарацин жауынгерімен шайқасады. Ақырында Висконти сарацинді өлтіріп, қалқанын тартып алып, жыланды жарқын жеңісінің естелігі ретінде өз туына орналастырады.
Осы тұста аталған нұсқа, алғашқы баяннан да нанымсыз естілетінін мойындаған жөн. Теориялық тұрғыдан орта ғасырдағы жайлы климат орнаған уақытта қандай да бір есі ауысқан питон Миланға дейін жетіп, жұрт күрекпен (немесе семсермен) ұрып өлтіргенше бір баланы ұстап алып, жұтуға ұмтылуы бек-мүмкін. Бірақ еуропалықтар сарациндер деп атаған араб бәдеуилер, мұсылмандар үшін адам немесе жануарды бейнелеуге тиым салынғандықтан, қалқандарына ешқандай да туды жапсырмағаны анық.
Сондықтан аталған бейненің шығу тарихына қатысты француз тарихшысы Мишель Пастуроның «Символическая история европейского средневековья»iiОрта ғасырдағы Еуропаның символикалық тарихы деп аталатын еңбегінде ұсынылған баянды ең иланарлық нұсқа ретінде мойындауға тура келеді:
«Бастапқы кезде Висконтилер тоскандық кішігірім Ангьяриiқала атауы латын тіліндегі anguis (жылан) сөзіне ұқсайды қаласының ғана билеушілері болған. 14 ғасырдың ортасында, Висконтилер қайырымды болып көрінбеген шыққан тегі жөніндегі баянын байыта түсу үшін, туындағы бейнені асқақтатып түсіндірген қаһармандық аңызды қосқан».
Жалпы алғанда, жылан бейнесі жақсы дүниенің жаршысы емес. Айталық, Библияда ібіліс Хауаны жылан бейнесінде келіп азғырады. Бірақ бұл жалғыз ғана интерпретация емес. Жылан жұтып жатқан бала — көнеден бері келе жатқан крито-микендік және тіптен үндіеуропалық символдың бірі. Бұл символы үлкен жылан болған табиғат құдай-анаға табынған көне неолиттік культтардан тамыр тартады. Аталған бейне Гераклдың,22Сәби кезінде Геракл, Геранының бұйрығымен бесігіне толтырылып салынған екі жыланды буындырып өлтіреді. Жыландар орап алған батыр баланың бейнесі, антикалық әлемдегі ең атақты сюжеттердің бірі. Эрихтонидің,33Эрихтоний Геи Құдайдың баласы болған мифтік Афина патшасы. Афина жаңа туған баланы сандыққа салып, үш қызына қарауға береді. Сандық аузын ашпауға бұйырған Афинаның бұйрығына қарамай, олар сандықта жыланмен біте қайнасып жатқан баланы көреді. Тиымды бұзғаны үшін ханшалар жазаланып ессіз қалады, ақырында шадамай өздеріне қол салады. Лаокоонның ұлдарының44Лаокоон Афина жіберген алып жылан жаңа туған балаларымен қоса буындырып өлтірген троялық бақсы. Антикалық өнердегі кең тараған сюжет. балалық шағындағы мифтерде бірнеше мәрте қайта ой елегінен өтіп, бертін келе христиандық баяндарға да кең таралған. Сондықтан орта ғасырдағы Висконтилердің туына жылан бейнесін салуы таңғаларлық дүние емес. Бұл сол дәуірдегі еуропалықтар үшін түсінікті әрі қалыпты бейне болатын. Висконти әулетінің туының өзі 12–13 ғасырда пайда болуы мүмкін, өйткені 13 ғасырдың соңына қарай әулеттің резиденциясында аталған ту жарқырап ілініп тұрған.
НЕ ОҚУҒА БОЛАДЫ?
Мишель Пастуро, «Символическая история европейского средневековья». Симпозиум, 2019