Ғайыптан туған арыстан
Қола дәуіріндегі тырнақ пен жал суреттері
Қазақстаннан табылған петроглифтердің арасында арыстанның суреттері қайдан жүр? Сонда олар ежелгі заманда шынымен де осы жерді мекен етті ме?
Ертеде арыстандар Африкада ғана емес, Еуразияда да, дәлірек айтсақ, оңтүстік-шығыс Еуропадан солтүстік Үндістанға дейінгі жерлерде өмір сүргені белгілі. Қазір тұқымы жойылуы жақын еуразиялық арыстан Солтүстік Үндістанның Гуджарат штатындағы Гир орманы ұлттық саябағында ғана аман сақталған.
Бірақ қазіргі Қазақстанның оңтүстігінде арыстандардың ежелгі адамдарға жақын өмір сүргені туралы туралы жазба деректерде де, археологиятар олжасында да нақты деректер жоқ. Бірақ ғалымдар арыстандарға ұқсайтын жыртқыштар бейнеленген екі петроглиф бар.
Оның бірі Жамбыл облысы Теріс өзені бойындағы Ақтөбе ауылы маңындағы Габаевка кластерінен, екіншісі Қаратау мемлекеттік табиғи резерваты аумағындағы Қаратау тауындағы Жыңғылшық шоғырынан табылды деп тіркелген. Габаевкалық арыстанның анық салынған бейнесі бөлек жазықтықта орналасқан. Ал Жыңғылшық арыстанының суреті осы шоғырда орталық бөлігіндегі көп фигуралы композицияға енген және бұл екі бейне де негізінен Ресейдің Алтай республикасынан табылған Пазырық мәдени қорғанындағы түкті кілемде бейнеленген арыстанның бейнесімен бірдей. Кілем б.з.д 5 ғасырға жатады, ал қазақ петроглифтері кейінгі қола дәуірінің еншісінде (б.з.б. 9–8 ғасырлар).
Сақтар, кейіннен сарматтар арасында патша билігі мен дәулетінің символы болған арыстан бейнелерімен көбінесе ат әбзелдерін, қару-жарақтарын, тұрмыста қолданған заттарды сәндеген, бірақ бұл осы жыртқыш аңның Қазақстан мен Алтай даласында мекендеді деген сөз емес. Сонда бұл бейне көшпелілер мәдениетінен қалай орын алды?
Сюннуi
«Габаевка мен Жыңғылшықтан табылған арыстан бейнелері қоршаған ортадан көріп, соны жартасқа қашап түсірген суреттер емес, Қазақстан жерінде осыдан бірнеше мың жыл бұрын өмір сүрген тайпалардың философиялық және діни танымдарын жеткізетін образ» деген пікірді археологтар алға тартып отыр.