Күн бейнелі арқар

Шексіз көкке саяхат

Арқар-Күн/Ольга Гумирова

Ордақұл қорымындағы бұл төбенің (Дауылбай таулары, Жетісу) жартастары негізінен қою қоңыр немесе сұр түсті болып келеді, ал олардың күнгей беті қара түске боялған. Тек оңтүстік беткейінің бір ғана жерінде қызғылт реңді ашық қоңыр түсті шағын биік жартас бар. 

Күн батқан кезде оның бір беті қанық қызыл түске боялады. Дәл осы бетінде, шамамен төрт мың жыл бұрын, қола дәуірінің көне суретші-шамандары өнер туындысына бергісіз бірегей бейнені қашап қалдырған.

Қызыл арайға боялған арқарлы жартасы/Ольга Гумирова

Бұл петроглиф 2024 жылғы қазанда, Ә. Марғұлан атындағы археология институтының жетекші ғылыми қызметкері А. Горячев басқарған және «Охотники за петроглифами» командасының ғылыми еріктілері қатысқан экспедиция барысында Дауылбай жотасын және Жетісудағы археологиялық ескерткіштерді құжаттау кезінде тіркелген. Мамандырдың бұл көріністі түсіндіріп үлгірмегендіктен, бұл суретке қатысты ғылыми негізі жоқ болжам ғана бар.

Петроглиф аңшысы Анель Айбасова төбе баурайында тапқан көрініспен/Ольга Гумирова

Болжам бойынша, Ордақұл қорымындағы жартасқа мифологиялық әлемнің көрінісі бейнеленген, оның ортасында арқар-күннің суреті бейбітшілік пен молшылықтың символы іспетті. Оның ұлылығы мен маңызын айналасындағы күн шапағы тәрізді сызықтар айқын көрсетіп тұр.

Арқар немесе таутеке (немесе қашқар деп те аталады), бұл Қазақстанның биік тауларын мекендейтін, мүйіз тұқымдас қостұяқты жануар. Сонымен қатар, ол Моңғолия, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және басқа да кейбір елде кездеседі. Бұл жануар Еуразия петроглифтерінде жиі ұшырасатын бейненің бірі және Қазақстанның ежелгі аумағында қасиетті жануарларға табыну культінің болғанының дәлелі.

Қасиетті арқар/Ольга Гумирова

Көптеген халықтарда арқар ең алдымен күнмен тең. Бұл кездейсоқ емес — мықты әрі сұлу жануар ретінде ол биік таулардың қол жетпес жартастарында өмір сүреді және барлық тіршілік иелерінен аспан мен күнге ең жақыны да осы арқар.

Ғалымдардың пікірінше, күнге табыну қола дәуірінде (б.з.д. 2000–800 жж.) кеңінен таралған. Бұл культ сақтар мен скифтер арасында да болды, мұның дәлелін жазбаша деректерден таба аласыз. Көк жүзіндегі күннің таңнан кешке дейінгі қозғалысы арқар, бұғы, бұлан немесе таутеке бейнесінде символдық түрде көрсетілген.

Қасиетті Ордақұл/Ольга Гумирова

Арқар бейнесінің қасиетті мәні бар екеніне Қазақстанның түрлі жерлеріндегі жүздеген петроглифтер, сондай-ақ қола дәуірі мен сақ қорғандарынан табылған көптеген олжа, оның ішінде «Алтын адамның» дулығасының төбесін әшекейлеп тұрған, шебер жасалған жануар мүсіні дәлел.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, Дауылбай тауларында бір кездері арқарлар мекендеген. Мүмкін, көне заманның суретшісі сол көзімен көрген арқарлардың біреуінің бейнесін алып, оны жылуы мен үміт шуағы мәңгі сарқылмас күннің символы ретінде қашап қалдырған болар.

Петроглиф салынған жотадағы қорым/Ольга Гумирова

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы

Көшірілді