Мың жылдар бойына сақталған бейне

Қола дәуірінен жеткен портрет

Портрет. Аюке/Ольга Гумирова

Қола дәуіріненiiб.д.д. 2000–800 жылдар аралығын қамтитын кезең жеткен тау-тастағы туындылардағы портрет кең таралмаған жанр. Бірақ аса танымал емес Аюке мен Желбарыстағы суреттер шоғырындағы кейіпкерлерге мұқият зер салар болсаңыз, ондағы бейнелердің классикалық портретке ұқсайтынын байқайсыз.

Аталған киелі жер Алматы облысындағы аты жоқ аса биік емес жотада орналасқан. Қазір бұл аймақты кісі аяғы көп баса бермейтін иен жер деуге болады. Өйткені жота маңайында бар-жоғы үш шаруа қожалығы тұр. Ал заманында (оған тастағы петроглифтер дәлел) бұл аймақта қайнаған тіршілік болғанға ұқсайды. Жота етегіндегі желден аман қалған сурет салынған шоқылар — ежелгі қоныстар болса керек. Бәлкім, ежелгі заманда осы аймақтан сауда керуендері өткен болуы бек-мүмкін. Өйткені жотаның шығыс бөлігінен орта ғасырлық баспаналардың іргетасы, сондай-ақ суармалы керамика мен қытай фарфорының бөлшектері табылып отыр.

1 / 2

Аталған археологиялық кешеннің орталық бөлігіндегі петроглифтер қызғылт тастарға қашалған. Сондықтан тақтатаста (тастардың түсі) күлгін реңкті байқауға болады. Әрі көк шөппен астасқан тастардағы бейнелер нағыз ғажайыпқа ұқсайды.

Портрет. Аюке/Ольга Гумирова

Портрет. Аюке/Ольга Гумирова

Аталған тас шоғырын екі мыңыңшы жылдардың басында ботаник Андрей Малик саяхаты кезінде байқап қалған. Сосын ол тарих ғылымдарының докторы А.Н. Марьяшев бастаған «Охотники за петроглифами» тобының ғылыми еріктілерін аталған аймаққа экспедиция жасауға шақырған.

Біз сөз еткелі отырған сурет қашалған тақтатас, жота етегінен көрінетін, жұрттың назарын жаулайтын киелі жердің жанында орналасқан. Аталған сурет қола дәуірінде, яғни 4–3 мың жыл бұрын қашалған, сосын бертін келе мұқият түрде бірнеше мәрте қайта жаңартылған.

Табиғат көрінісі/Ольга Гумирова

Табиғат көрінісі/Ольга Гумирова


Аталған суретте бойлары шамалас 7 антроморфты бейне салынған және олардың жан-жағында жыртқыш аңдар мен аша тұяқты жануарлар бейнеленген. Қола дәуірінде салынған бейнелердің бой шамасы өте маңызды, өйткені кейіпкердің қоғам ішіндегі беделі соған байланысты көрініс тапқан. Егер мұқият зер салар болсаңыз, суреттегі адамдар бір-біріне ұқсамайды және әрқайсының тұрысы бөлек. Біреулері, шамалар болсақ, қандай да бір затты ұстап алған. Ал екі адам — аспанға қолын созып, дұға етіп отырғанға ұқсайды.

Осы тұста: «Сонда ертедегі туындыгер-бақсы бұл туындыда кімдерді бейнелеген?» деген сауал туындайды.

Жорамалымыз бойынша бұл кейіпкерлер жай адамдар емес, тіпті Құдайлардың (кейіпкерлердің санының ежелгі заманнан бері киелі саналып келген жеті болуы көп дүниені аңғартады) я осы аймақты қоныстанған тайпа көсемдерінің бейнесі болуы да мүмкін. Бірақ кейіпкерлер көрікті жерге келіп суретке түсуге тоқтап, бейнесі мың жылдар бойына сақталып қалған қарапайым жандарға ұқсайды.

Туындының дәл осы қыры қола дәуірінен жеткен суретті бізге, 21 ғасырда өмір сүрген адамдарға ұғынықты әрі ыстық ете түседі. Дегенмен аталған бейненің түпкі мағынасын түсіну мүмкін емес. Өйткені қола дәуірінде өмір сүрген жұрттың пантеонына қандай құдайлардың кіргені әзірге ғылымға белгісіз болып отыр.

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы