Дүниежүзілік Көшпенділер Ойындары

Қаралы хабар жеткізуші

Ат жетектеген адам неліктен қайғы-қасіреттің символына айналған?

Хабар жеткізуші/Ольга Гумирова

Ілкі кезеңде таңсық жерге тап болғанда оңай бағдар алып, мұндағы соңғы маңызды жаңалықтардан хабардар болу үшін петроглифтерді оқу жеткілікті болған. Өкінішке қарай, ата-бабамыздан жеткен мирасты толықтай ашу үшін біздің біліміміз жетпей тұр. Дегенмен кейде жұмбақтың сырын ашып қалатын жағдайлар да кездеседі.

Жетісу өлкесіндегі Арқарлы тауының оңтүстік-батыс өткелінің біріне аңғардан шатқалға қарай әбден тапталған соқпақ арқылы шығуға болады. Аталған жолмен кім және қандай мақсатта жүрген екен? «Охотники за петроглифами» ғылыми тобының еріктілері 2019 жылғы мамырда жасаған барлауы кезінде осы бір сұрақтың жауабын табуға тырысқан.

 Асудағы петроглифтер/Ольга Гумирова

Асудағы петроглифтер/Ольга Гумирова

Егер аталған шатқалмен төмен қарай соқпақпен оңтүстік-шығысқа қарай жүретін болсаңыз, түркілердің ежелгі қыстағының үстінен шығасыз. Қыстақтан қалың шөп басқан тек қирандылар мен іргетастың үйінділері ғана қалған. Бұл қыстаққа солтүстік-батыс жақтан соғатын жел жетпейтіндей ықта тұр және ілкі кезеңде суы мол, қазіргі кезде суалған өзеннің жағасында орналасқан. Соған қарағанда осы бір қыстақтың тұрғындары өткел арқылы малды айдап келгенге ұқсайды. Сондай-ақ осы қыстақ үстінен аңшылар мен керуендер жүріп өткен. Мұны соқпақ жолдың жанындағы петроглифтердің кішігірім жиынтығындағы сақталған суреттер дәлелдейді. Бірақ таста қашалған суреттер тек осы ақпарды жеткізумен ғана шектелмеген.

 Асудағы петроглифтер/Ольга Гумирова

Асудағы петроглифтер/Ольга Гумирова

Соқпақ жолдың тура жанындағы, көзге көрінетін, зең басқан тастың бетіне түркілер жиі кездесе бермейтін суретті қашап салған. Аталған суретте ерттелген атқа мініп жүйткіген, қолына байрақ ұстаған салт атты адам бейнеленген. Осы бір экспедицияға қатысқан мәдениеттанушы әрі жазушы Зира Наурызбай, бұл петроглифте рудың беделді азаматының, бәлкім, бір я бірнеше жауынгердің қайтыс болғанын естіртуге асыққан хабаршы бейнеленген деп жорамалдады. Өйткені салт атты кісінің қолына байрақ алып шабуы тегін емес.

Хабаршы/Ольга Гумирова

Хабаршы/Ольга Гумирова

Бұл жорамал шындыққа жақын, өйткені соқпақпен жоғары қарай көтерілер болсаңыз, Арқарлы тауына, Іле өзеніне және Іле Алатауына керемет көрініс ашылатын үстіртте түркілердің мазары орналасқан. Қорғандар тоналған және ауыр техникамен сүріліп тасталған. Я бұл маңда ауыл шаруашылық жұмыстары жүрген, я әскери жаттығу өткен. Қалай болмасын, өкінішке қарай, мазарлар тарихи құндылығын жоғалтқан.

Хабаршы/Ольга Гумирова

Хабаршы/Ольга Гумирова

2021 жылы Ә. Марғұлан атындағы археология институты қызметкерлері Арқарлы тауындағы ескерткіштерді тіркеу жұмыстарын жүргізуге келгенде, атты жетектеген тағы бір адамның бейнесі қашалған суретті тапты. Аталған сурет түрік қорғандарының қақ ортасында тұрған тасқа қашалған.

1 / 2

Енді біз ежелде өмір сүрген адамдардың мазарға жол нұсқайтын таңбаны қалай бейнелегенін білеміз.

Бұл үшін неліктен асыққан салт аттының бейнесі таңдалған екен?

Өйткені кісі өлімі жөніндегі хабарды естіртуге келген адам, қазақ үйдің жанына кеп аттан түсіп, атты жетектеп үйге қарай келетін дәстүр әлі де бар.

1 / 4

Анау-мынау

Адамның сұлулығы, мәдениеті және дүниетанымы туралы қызықты деректер

Тағы